kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен мартта?ы найза?ай к?ркірімін"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Мен мартта?ы найза?ай  к?ркірімін"  А?ын Т?леген Айбергеновті?  ?мірі мен шы?армашылы?ына арнал?ан поэзия кеші

Ма?саты:а?ынны?  ?мірі  мен  шы?армашылы?ын таныстыру, о?ушыларды ?дебиетті с?юге, шы?армашылы??а, к?ркем ойлау?а т?рбиелеу

?тілу т?рі: поэзия кеші

К?рнекілігі: суреттер, на?ыл с?здер, кітап- журналдар, слайд

Поэзия  кешіне  5-9-класс  о?ушылары ?атысты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен мартта?ы найза?ай к?ркірімін" »

Сүлейменова Гүлжан Қайымқызы

Нарқызыл негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы


Тақырыбы: «Мен марттағы найзағай күркірімін»

Мақсаты: Төлеген Айбергеновтың оқушыларға ақынның шығармашылығымен таныстыру.

1-жүргізуші:

О,адамдар,біргемін мен сендермен

Ықыласыңа еш нәрсені теңгермен

Сендер менің бақытымның бұлағы,

Сендер менің дарыныма жол берген.

Қазақ әдебиетінде,қала берді қазақ қоғамында ХХ ғасырда да,күні бүгінде де,ертең де өзіндік дара орны бар ақын Төлеген Айбергеновтың 8-наурыз туған күніне орай өткізгелі отырған «Мен марттағы найзағай күркірімін!» атты поэзия сағатына хош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Біз сонау өткен жырдың 60-жылдарындағы қазақ поэзия әлемінің көңіл көкжиегіне көз жіберіп,ой жүгіртсек,бірнеше талантты ақындар тобы асқақтай көрінеді.Олар Мұқағали,Төлеген,Меңдекеш,Марат сияқты ақындар.Бұл ақындардың әрқайысысы өлең өнеріне өз ерекшелігімен келген жандар.Солардың бірі-Төлеген Айбергенов.

Оқушы: Ақын Төлеген Айбергенов 1937 жылы туысқан Қарақалпақстан елінің Қоңырат ауданында дүниеге келген.Болашақ таланттың туған күні-табиғаттың тамаша мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз,яғни ақын көгілдір көктем күнінде дүние есігін ашқан.Сондықтан да жүрегінде сағыныш саздар асқақ арманмен ұласып жатқандығын көре аламыз.

Оқушы: Төлеген 1959жылы Ташкенттегі Низами атындағы педагогика инстиутының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп,кейін мұғалімдік қызмет пен мерзімді баспасөздерде қызмет атқарады.

1-жүргізуші: Төлеген есейе келе көңілі атамекен Қазақстанға ауа берді.Оның арманы-Қазақстан жерінің гүлденуі,халқының болашағы,қуанышы мен шаттығын көру болды.Төлегеннің туған елге деген ыстық ықыласы,іңкәр сезімі,сағыныш сазға толы жүрегі «Қазақстан» деп соқты.Ақыры ер жеткен соң бұл сезімдердің күші Атамекенге алып келді.

«Аруана-бауыр дүние», «Туған еліме» , «Менің Республикам» өлеңдері оқылады.

«Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің,қарағым,

Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның......»дей отырып естеліктерге кезек берейік.

Естеліктері:

1).Т.Айбергеновтың досы,Қарақалпақ топырағындағы тағдырласы Айладыр Өтәлиев:

1965жылдың басында Ақтөбеге келіп едік,ұзақ аялдамай,Гурьевке тарттық.Себебі,бұл жер үй бермеді.Қолымда шешем,бала-шаға жас.Гурьевте ескілеу бір бөлмелі пәтер берді.Қысылып-қымтырылып тұрып жатырмыз.Мен Гурьевтің облыстық театрында режиссермін.Оғанда шүкір.Елге оралдық деп мәзбіз.Кешкілік жұмыстан оралсам,үйге қонақ келді деді Хадиша алдымнан шығып.Төргі бөлмеде 3-4 адам отыр екен.Ортасында Төлеген!Тілім байланып қалды.Ол ұшып тұрып:

Қайда да,жүрсің,аппағым,

Ташкенттен кеттің таппадым.

Қиналсам сені жоқтадым,

Талайда жерге тоқтадым,

Талайда суға батпадым,

Қайда да,жүрсің,аппағым?-деп салмасы барма?!

Екі көзімнен жас парлап кетті.Бір-бірімізді көрмегенімізге екі жыл.Қонақтарын таныстырды.Біреуі-Гурьевтің милиция бастығы,екіншісі-институт оқытушысы.Ортада жымпиған сары.Даусы да шықпайды. «Мына 20-шы ғасырдың данышпаны-Шәмші Қалдаяқов,-деді Төлеген.-Қолынан сүй!».Шәкең домбыра тартпайды,мандолинада ойнайды.Шәмші айтты: «мен 18минутта ән шығардым.Ал Айбергенов соған екі шумақ өлеңді екі күн жазды.»

Төлеген Нөкістің ортасындағы Шорша қорымында жерленген.Басына бұрын «Көрмеймін деген жоқ ем мен,Жеткізбей кетті-ау сан қырлар»деп жазылған ақ мәрмәр тас қойылды.1997жылы ақынның 60жылдығында,аумағы граниттен үлкен суреті басылған құлыптас қойдық.Оған өз сөзін жаздырдым:

«Өле берсін күншілдер күйігінде

Өз ғасырым өзімнің иінімде

Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты

Мен өлемін өзімнің биігімде»

2).Енді А.Өтәлиевпен кездескен мектеп мұғалімі Н.Аманжоловқа сөз кезегін берейік:

3).Әйелі Үрнисаның айтқандарынан естеліктерінен үзінді.Мектеп мұғалімі Сүлейменова Гүлжан апайға сөз берейік.

2-жүргізуші: Ақынның асқақ арманы орындалып Қазақстанға келген соң шабыты шалқып,арманы тасып Атырау мен Алтай арасына туған елінің келбетін көруге сапарға шықты.Оның «Маңғыстау саздары» деген өлеңдер циклі сол сапарларда туған еді.

«Мұнаралар» «Атамекен» өлеңдері оқылады.

1-жүргізуші:Небәрі 30-ақ жасында тамаша туындылармен оқырман ойынан шығып,қысқа ғұмырында мәңгілік жыр қалдырған ақын өлеңдері өміршеңдігін жоймақ емес.Оған дәлел күнделікті өмірде,мереке,жиын-тойларда айтылатын ақын туындылары.

«Бір тойым бар», «Көктем» өлеңдері оқылады.

2-жүргізуші:Ана..! Дүниедегі ең қасиетті ұғым.Ақын көктем мезгілінде, аналар мерекесінде дүниеге келгендіктен де ана тақырыбында жырламауы мүмкін емес.Анаға Төлегендей теңеу беріп,суреттей алған ақын өмірде сирек кездесетіні анық.

«Ана»,«Апаларым» өлеңдері оқылады.

1-жүргізуші: Тума талантты ақын асыл армандарын,асқақ жырларын толық жаза алмай 1967жылы Қарақалпақстан астанасы Нөкіс қаласында көз жұмды.Аяулы ақынның қабірі қаланың іргесіндегі «Сарша» деген қорымда,басына ескерткіш белгі қойылған.Ұлы ақын өмірден өткенімен оның өлеңдері болашақ ұрпақтың жадында сақталумен қатар кейінгі буын ақындарға үлгі-өнеге болды.

2-жүргізуші:Қаламгерге деген туған халқының ыстық ықыласымен оның шығармаларына берген бағалары осал емес.Бұл күнде Төлегеннің баспа беттерінен әр жылдары жарық көрген оқырман қауым іздеп жүріп оқиды.Төлеген тек поэзия жанрында ғана емес проза жанрында да қалам тербеген.

1-жүргізуші: Ақынның өміршең өлеңдері мен оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі күннің биік өнер сахнасынан түспей талғампаз тыңдармандар көңілін лайықты орын алып келеді.Өнердің қос таланты Ш.Қалдаяқовпен Т.Айбергенов Атырау мен Маңғыстау даласына жасаған арман сапарларында туған «Жаңарған Маңғыстау», «Ақерке Ақжайық» өлеңдері қазақ даласында мәңгі шырқалып келеді.Төлеген мен Шәмшінің Атырауға 1965 жылы желтоқсанда барып 1966жылдың қаңтарында оралған сапарлары сәтті болды. «Ақ ерке Ақжайық» деген ән тексті дүниеге келді.

.Ән: «Ақерке Ақжайық»

2-жүргізуші:Қазақ әдебиетінде өзіндік талантымен танылған ақын өлең құрылысына да ерекше құбылыс әкелді.Қазақ өлеңдері көбінесе 7,8 және 11буынды болып келсе,Төлеген 18-19 буынды өлеңдер жазған.Сонымен қатар Төлеген өз жырларын басынан аяғына дейін,соңынан басына дейін жатқа айтатын болған.Бұл да дарындылықтың белгісі емеспе.

1-жүргізуші: Төлегенді жатқа білмейтін қазақ кемде-кем.

«Бір тойым болатыны анық менің...Мәңгілік тарқамауы мүмкін оның» деген ақынның сезімтал түйсігінің сұңғылалығына таңғалмасқа лажымыз жоқ.Отызға жетер-жетпес қана ғұмыр кешіп,қазақ поэзиясын өлмес жыр мұрасымен байытқан Төлеген ақынның өлеңдері қазақ бар жерде жасай бермек.

2-жүргізуші:Иә Төлеген Айбергенов жүз жылда,тіпті мың жылда бір туатын дарын,көркем сөздің құдіретті иесі.Олай болса Төлеген өлеңдері болашақ ұрпақ санасында ұмытылмақ емес.Ақынның өзі айтпақшы

«Мен марттағы найзағай күркірімін» деп ол нөсер жырларын өз ғұмырында ұрпақ ғұмырына да жетерліктей төгіп кеткен жан.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Мен мартта?ы найза?ай к?ркірімін"

Автор: С?лейменова Г?лжан ?айым?ызы

Дата: 12.06.2015

Номер свидетельства: 219242


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства