жалпы орта мектепті? 7 сыныбына арнал?ан т?рбие са?атыны? жоспары. Биыл мерейлі белестер жылы: ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы, Конституция мен Ассамблеяны? 20 жылды?ы, сонымен ?атар Т?уелсіздігімізге 24 жыл толып отыр, осы?ан байланысты ?йымдастырыл?ан. жас ?рпа?ты елімізді? ?ткенімен б?гінін танып білуге ?йрету, Отанын с?юге, елімізді? р?міздерін ?астерлеуге, бай - ?уатты ел екендігін ма?тан етуге ?йретіп, ту?ан еліне, жеріне деген с?йіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, патриотты? сезімге т?рбиелеу;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мен м??гілік ел ?рпа?ымын»
Тақырыбы: «Мен мәңгілік ел ұрпағымын!»
Мақсаты: жас ұрпақты еліміздің өткенімен бүгінін танып білуге үйрету, Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Психологиялық ахуал: Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы, Бүгін саған әлем түгел қарайды. Еліміздің бейбіт күліп тұр таңы, Мен мәңгілік ел ұрпағы!
(Өлең жолдарының 4 жолына мән беру) Оқушылар өлеңнің соңғы жолын қайталап оқиды. Тәрбие сағатының тақырыбы анықталады. Міне, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен мәңгілік ел ұрпағы!».
Ән: «Жаса Қазақстан»
Олай болса үш топқа бөлініп алайық. Биылғы 2015 жыл мерейлі белестер жылы: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституция мен Ассамблеяның 20 жылдығы, сонымен қатар Тәуелсіздігімізге 24 жыл толып отыр. Мен қазір ортаға біздің еліміздің тарихына байланысты символдарды ұсынамын, сіздер солардың ішінен өздеріңізге ұнаған белгіні аласыздар. (Еліміздің өткен тарихынан Қазақ хандығының 550 жылдығы белгісі, Ассамблеяның 20 жылдық белгісі және Мәңгілік ел белгісі). Оқушылар осылайша үш топқа бөлінеді. Қазақстанның өткені, бүгіні және болашағы. (КЕШЕ БҮГІН БОЛАШАҚ) үстелге қойылады. Топ белілері. Топ басшысын сайлау. (топ ішінен өздері бір оқушыны таңдайды)
Негізгі бөлім.
Мазмұнды конверт. Әр топқа қысқа да мазмұнды жазылған мәлімет беріледі, топ басшысы соны оқуышларға оқып таныстырады. (Қазақстан хандығының 550 жылдығы – 1 конверт, Қазақстан Халықтар Ассамблесының және Конституцияның 20 жылдығы, Тәуелсіздік күні, Тұңғыш Президент күні туралы – 2 конверт, Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол – 3 конверт) Өте жақсы, міне біздер Қазақ елінің өткені мен бүгінінен және болашаққа бағытталған жұмыстар жайында тыңдадық. Ендеше осы мәліметтерді жадымызда мәңгі сақтау үшін экранға назар аударайық. Қазақ елінің өткен кезеңдері мен болашағы жайында бейнебаянды тамашалау. 3 мин.
Шығармашылық тапсырма.
Қазақ еліне байланысты эссе құрастыру – І топ, өлең шығару – ІІ топ, қазақ елінің болашағына сурет салу – ІІІ топ. Тапсырманы орындау уақыты -7 мин.
Ойын. «Білемін Білдім Білгім келеді»
Қазақстан туралы, еліміз туралы бүгінгі күнге дейін не білдік, бүгінгі тәрбие сағатынан нені білдік және мәңгілік ел жайлы не білгіміз келеді сол туралы кестені толтыру.
Ән: «Қазақ елі осындай»
Қорытынды. «Мәңгілік ел» символы бейнеленген плакатқа бүгінгі тәрбие сағатымыздан түйгендеріңізді және тілектеріңізді жазуға болады. (стирекді Мәңгілік ел плакатына жапсыру)