kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?липпе-білім анасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ліппе-білім анасы

 Ма?саты:О?ушыларды? ?ліппеден ал?ан білімдерін тияна?тау. ?р о?ушыны? іс-?рекеттері ар?ылы икемділігін, ?абілеттерін к?рсету, шы?армашылы? м?мкіндіктерін ашу;

   Ата-аналар?а балаларды? 3-4 айда ?андай білім игергенін іс ж?зінде к?рсету. Жа?а о?улы?пен таныстыру, ?ызы?ушылы?ын  арттыру.                О?ушыларды? ата-ана, Отан, ел, болаша? алдында?ы борышын сезінуге, елін, Отанын с?юге, оны ?ор?ай білуге т?рбиелеу.

К?рнекілігі: ?аза? ?ліпбиі, суреттер, на?ыл с?здер, «?ліппе», «Ана тілі», «Математика» о?улы?тарыны? м??абасы, шарлар.

Кешті? ?ту барысы

Ж?ргізуші: С?леметсіз бе, халайы?! Армысыздар, ?она?тар! Б?гін 1 сынып б?лдіршіндері ?те ?уанышты. Себебі, ал?аш  сауат  аш?ан жа?ын досымыз ?ліппемен ?оштаспа?.

Ты?да?ыздар, ты?да?ыздар!

Естімеген есті?іздер!

Ты?дама?ан ты?да?ыздар!

?азір бізде «?ліппе тойы» басталады.

Н?рлы ?міт ар?ала?ан ар?а?а

Жан с?улесін тарататын барша?а

Шын пейілмен ??рметті біз к?рсетіп,

Б?лдіршіндерді ша?ырайы? орта?а.

Алдары?ызда 1Е сынып о?ушылары сынып жетекшілері   ----бірге.     (?ошеметпен 1 сынып о?ушылары м??алімдерімен орта?а кіреді.)

Би: «Вальс»

Ж?ргізуші:

?сті міне бойлары?,

?сті а?ыл-ойлары?.

?уаныш?а орта?пын,

??тты болсын тойлары?!

Бар ?ылымны? бастауы,

Бар білімні? бастауы

Жас бала?а н?р шаш?ан

?ліппе кітап  тіл аш?ан.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?липпе-білім анасы»

Әліппе-білім анасы

Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, шарлар.

Кештің өту барысы

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, халайық! Армысыздар, қонақтар! Бүгін 1 сынып бүлдіршіндері өте қуанышты. Себебі, алғаш сауат ашқан жақын досымыз Әліппемен қоштаспақ.

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Естімеген естіңіздер!

Тыңдамаған тыңдаңыздар!

Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.

Нұрлы үміт арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын пейілмен құрметті біз көрсетіп,

Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.

Алдарыңызда 1Е сынып оқушылары сынып жетекшілері -----------------бірге. (Қошеметпен 1 сынып оқушылары мұғалімдерімен ортаға кіреді.)

Би: «Вальс»

Жүргізуші:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Бар ғылымның бастауы,

Бар білімнің бастауы

Жас балаға нұр шашқан

Әліппе кітап тіл ашқан.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, қонақтар! Бала-біздің болашағымыз. Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын себу, білім шуағын беру-ұстаздың міндеті. Бүгін менің шәкірттерім барлық білімның бастауы, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз Әліппемен қоштасқалы отыр.

Әліппені бітірді балаларым

Әліппеден нәр алған даналарым

Өзі жазып оқитын халге жетті

Құтты болсын қадамы балалардың!

Ендеше, «Әліппемен қоштасу» кешімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ,

Өсті білім, бойларың.

Құтты болсын тойларың!

Армысыңдар, аналар!

Бармысыңдар, балалар!

Сөзіме құлақ салыңдар,

Бір серпіліп қалыңыз!
Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр-әніміз!



Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хормен: Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті – Әліппе!

Жүргізуші: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе!

Әліппе: Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаңа.

Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер, балғындар!

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

1-оқушы

Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

Ұстазым оның кілтін алып берді.

2-оқушы

А әрпінен есімім

Айтсам сөздің кесімін

Алтынбекпін баламын

Алып азамат боламын.

3-оқушы

Д әрпін білу керек пе

Мен ендеше Даяна

Даярланам сабаққа

Мектепке келем жәй ғана.

4-оқушы

Зұлхарнаева Әсел деген есімді

Білесіздер кесімді

З әрпі бар ішінде

Тыңдаңыздар шешімді.

5-оқушы

Әділмін мен әдепті

Ә-ні оқу қажетті.

Әліппені оқып ап

Барлық бала ер жетті.

6-оқушы

Б әрпінен басталған

Ботагөзбін балғынмын

Балалармен достасып

Біріншіге барғанмын.

7-оқушы

Е дегенің Ерасыл

Оқудан басқа жоқ асыл

Жалқаулықпен қоштасам

Кітаппенен достасам.

8-оқушы

Исмагулова Аружан

И-ден мен де басталғам

Жақсы оқысам сабақты

Озат болу-басты арман.

9-оқушы

Г-дегенің Гарифуллин

Ернұр деген мен бала

Жақсы оқысам сабақты

Одан артық жоқ шара.

10-оқушы

Ж әрпінен басталатын Жанеркемін

Отбасында ата-анама әлі еркемін.

Болашақта жақсы оқып сабақты

Жанар апамдай әнші болып өсемін.

11-оқушы

Т-дегенің Тамирлан

Темірдеймін жаралған.

Талаптыға жол ашқан

Мектеп менің ақ ордам.

12-оқушы

Айдай сұлу Айдана

Қыздарыңыз алдыңда

Есімім сондай ерекше

Қысқа й де бар мұнда.

13-оқушы

Нұрболатов Ернұрды сіз білесіз

Көңілге түйіп жүресіз.

Н әрпі де атымда

Мені танып жүресіз.

14-оқушы

Каринамын кәдімгі

Кітаппен дос боп келемін

К әрпі бар кітапта

Аламын білім тереңін.

15-оқушы

Р-ны білгің келсе егер

Руланмын, дарамын

Әліппеге риза боп

Рахмет айтсам жарадым.

16-оқушы

Айсұлу қызың алдыңда

Ұқыптымын, ұяңмын

Ұ-ны оқып үйреткен

Ұстазым бар қасымда.

17-оқушы

Я әрпі кездеспейді бекерге,

Есімдерден іздесеңіз егерде.

Мадияр деген есімім

Білсеңіз осы шешімім.

18-оқушы

Жібекпін менің атымнан

І әрпі де табылған.

Інжу-маржан іздеп жұрт

Мектепке қарай ағылған.

19-оқушы

М дегенің Меңлібаев Ерболат

Менде жоқ басқа талап

Жақсы оқысам сабақты

Әкеме болам қолғанат.

Хормен: Әліпбиді жаттадық

Зердемізде сақтадық

Ән: «Әліппе»

Әліппе: Рахмет, балалар!

1-оқушы

Әліппем, менің Әліппем,

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

2-оқушы

Әліппе- білім анасы,

Әліппе- кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?!

3-оқушы

Ашыла берді алдымнан,

Кең дүниенің есігі.

Соғылған сандар алтыннан,

Әліппе – білім бесігі.

4-оқушы

Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа.

5-оқушы

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тойладық.

6-оқушы

Білім алып мектепте,

Талай пәнді оқимыз.

Мұғалімнің айтқанын

Зердемізге тоқимыз.

7-оқушы

Тәрбиесі жақсы – игі,

Аяулы менің мектебім.

Шәкірт деп соққан жүрегі,

Ұстаздарым көп менің.

8-оқушы

Білімнің көзі – мектебім,

Жарқыраған күнмен тең.

Сыңғырлаған қоңырау,

Сиқырлы, сырлы үнмен тең.

Ән: «Сәлем саған, мектебім»

Әліппе: -Балалар! Мені оқып қанша әріппен таныстыңдар?

Хормен: 42 әріппен таныстық.

Әліппе: Қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбысты білесіздер?

Хормен:15 дауысты, 25 дауыссыз дыбыс.

Мұғалім: Балалар, мына буындардан сөз құрайық! /слайд бойынша сөз құрайды, сөйлемдерді оқиды/.

Әліппе: Рахмет, балалар! Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым Ана тілі де келіп қалыпты. Қарсы алыңдар!

Бәрі: Сәлеметсіз бе, Ана тілі?

Ана тілі: Сәлеметсіз бе, менің жас достарым? Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыздар. Сонда сендер көп нәрсені үйренесіздер.

Бәрі: Оқимыз, оқимыз.

Ана тілі:

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілідің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

Ал, балалар! Сендер көп нәрсені үйрендіңдер. Осының бәрін кім үйретті?

Бәрі: -Мектеп! -Әліппе! -Мұғалім! -Ата-ана!

Ана тілі:

Барша жұртқа сыйлаған

Ілім білім мұратын.

Өмірдегі сыйлы адам,

Бес әріптен тұратын.Ол кім?

Бәрі: Жаны шуақ, мейірлі

Ұстазды кім білмейді.

9-оқушы

Дәнекер боп дамыл таппай арада

Әліппені ұялатқан санаға

Ұстазымыз сізге алғыс айтамыз

Үйретуден жалықпаған балаға

10-оқушы

Достастырған өзіңмен,

Ұстазыма мың алғыс.

Білім берген біздерге

Әліппеге мың алғыс.

11-оқушы

Арналады ұстаздарға,

Құрмет деген, төр деген.

Біздің елде адам бар ма,

Ұстаз алдын көрмеген?

12-оқушы

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп.

Ән: «Мұғалім - ол біздің

Әліппе: Балалар! Сендер менімен достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Ал енді ортаға Математиканы шақырайық.

Математика:

Сәлемет пе, достарым,

Сабағы боп жоспардың

4 амалды қолданған

Математика достарың.

-Кәне, қайсың жүйріксің?

Пышақтың жүзі нешеу? /біреу/

Сағаттың тілі нешеу? /екеу/

Бағдаршам көзі нешеу? /үшеу/

Бағытымыз нешеу? /төртеу/

Әр қолдағы саусағың санағанда нешеу? /бесеу/

Қайта сана жаңылмай,

Бестен кейін нешеу? /алтау/

Апта күні нешеу?/жетеу/ -Дұрыс, балалар! Математика - ғылымдардың атасы деген. Мен сендерге санауды, есептеуді үйретемін. Сендер санауды жақсы игердіңдер ме?

(Санамақ айтқызу)

  • Ән: «Қошақаным» (Даяна, Әсел, Әділ, Ернұр, Ботагөз, Айсұлу )

  • Математика: Рахмет. Балалар, менің сендерге арнаған жұмбақ есептерім бар. Қане, кім есепке жүйрік, байқап көрелік.

Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады енді нешеуі,

Қане кімдер шешеді? /бесеуі/


Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналған-ды бес есек.

Үшеуі ұйықтап отырды,

Ынталысы неше есек? /екеу/

Табақта үш алма,

Қолымда екі алма.

Қосқанда барлығын,

Болады неше алма? /бесеу/


Бір алма атама,

Бір алма апама.

Нешеуін алады,

Нешеуі қалады? /екеуін алады, үшеуі қалады/

Математика:

Балалар! Мына сұрақты мұқият тыңдаңыздар.

-Қарағайдың басында он алма өсіп тұр еді. Екеуін үзіп алдым. Қанша алма қалды? /қарағайда алма өспейді./

Жарайсыңдар, балалар! Сендерге рахмет! Сабақты жақсы оқитын оқушы болыңдар.

Ән: «Ертегілер»

Әліппе: Ал, мен енді сендермен қоштасамын.

13- оқушы

Қош бол құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

14 оқушы

Әр бетіңнен күнде алып сабақты

Сен арқылы адам болдық сауатты

Алыстағы дос-туысқа хат жазып

Оларға да жаза аламыз жауапты

15 оқушы

Таныстырып 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті Әліппем.

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім.

16 оқушы

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреттің оны Әліппе.

Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке,

Ырза боп саған жүреміз,

Бәрі: Хош бол, сүйікті «Әліппе»!

Әліппе: Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! (Әліппе кетеді)

Жүргізуші:

Әліппемен қош айтысып қаласыз,

Енді қолға Ана тілін аласыз.

Ана-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Ән: «Достық»

17- оқушы

Әліппенің тойында

Әркім құштар ойынға

Балалар жыр шашайық

Қане, биге басайық.

Би: «Қаражорға»

Жүргізуші: Қымбатты балалар! Әліппе тек әріптермен таныстырып қана қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережесін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Ата-анамызды және ұстаздарымызды құрметтеуге үйретті.

-Сыйлап үлкен ағаны, сәлем берген баланы кім дейміз?

Хормен: Әдепті екен бұл дейміз.

Жүргізуші: -Кітап, дәптер, қаламы, кір шалмаған баланы кім дейміз?

Хормен:Ұқыпты екен бұл дейміз.

Жүргізуші: -Таудай биік талабы, жақсы оқитын баланы кім дейміз?

Хормен:Үлгілі екен бұл дейміз.

Жүргізуші: Жарайсыздар, балалар! Біз әр сабақта жақсы сөздермен танысамыз. Әдептілікке үйренеміз. Егер сендер осы күннен әдепті болып өссеңдер, есейгенде ата-аналарыңның, өз Отаныңның мақтанышына айналасыңдар.

Жүргізуші: -Балалар, енді сендердің достарың Ана тілі, Математика және басқа оқулықтар. Оларды жақсы оқып, таза ұстауға ант бересіңдер ме?

Хормен:- Иә.

-Кітапты ұқыпты таза ұстауға -Ант береміз!

-Ішіндегі білімді маржандай теруге -Ант береміз!

-Сабақты жақсы оқуға -Ант береміз!

-Мектеп ережесін сақтауға -Ант береміз!

Бәрі бірге:

Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Жүргізуші:

Жеміске құты тола ма,

Бір-бірлеп теріп алмасақ.

Әп-сәтте шыға қоя ма,

Еккен дәнің ойласаң.

Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың,

Басы болар «Әліппе» - деп ақын Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай, бұл білімнің, ғылымның алғашқы жолы ғана. Ендеше, балалардың алдағы қадамдары құтты болсын дей келе құттықтау сөзді _______________________________

береміз.

Ата-аналардың құттықтау сөзі.

Оқушыларға сыйлықтар табыс ету.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?липпе-білім анасы

Автор: Кусманова Нурсулу Заривна

Дата: 21.01.2016

Номер свидетельства: 280257


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства