kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«???ы?ты? сауаттылы? –заман талабы» т?рбие са?атыны? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушылар?а ???ы? туралы м?лімет бере отырып, ?з ???ы?тарын жете білуге, ?з беттерімен салыстыра білуге, ?мірде ?олдана білуге ?йрету, ???ы?ты? білімдерін толы?тыру. О?ушыларды?  ???ы?ты? сауаттылы?ын арттыру. Ата за?ымыз?а деген с?йіспеншілік сезім ?алыптастырып, шыншыл да ?ділетті ж?не парасатты т?л?аны ?алыптастыру.

Дамытушылы?: Адамгершілік, адалды?, ?ділдік пен мейірімділікке баулу ар?ылы саяси саналылы?ын мен таным белсенділігін арттыру.

Т?рбиелік: Адамгершілік ізгі ?асиеттер мен ар-ождан бостанды?ына, адалды? пен мейрімділікке баулу ар?ылы ???ы?ты? т?рбие беру.

Саба?ты? т?рі: д??гелек ?стел, пікірталас.

?діс-т?сілдері: т?сіндіру, ой-?оз?ау, пікір алмасу, с?ра?-жауап.

К?рнекілігі: ?анатты с?здер, слайд, ?Р Конституциясы, ел р?міздері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««???ы?ты? сауаттылы? –заман талабы» т?рбие са?атыны? жоспары»

Тақырыбы: «Құқықтық сауаттылық –заман талабы»

Мақсаты: Оқушыларға құқық туралы мәлімет бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезім қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

Дамытушылық: Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналылығын мен таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейрімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел, пікірталас.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой-қозғау, пікір алмасу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайд, ҚР Конституциясы, ел рәміздері.

Жүргізуші: Құрметті оқытушылар, оқушылар және кеш қонақтары. Бүгінгі «Құқықтық сауаттылық –заман талабы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Оқытушы:«Құқықтық сауаттылық–заман талабы» атты ашық тәрбие сағатымыздың негізгі мақсаты оқушыларымыздың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезім қалыптастырып, шыншыл да, әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмілетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге байланысты. Колледж жасындағы балалардың құқықтық сапасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан, оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай, А-21о оқу тобының «Құқықтық сауаттылық –заман талабы» атты ашық тәрбие сағатымызды ұйымдастырып отырмыз.

Жүргізуші:

Ата заңым –айбарың,

Тағдырың мен таңдауың,

Еркіндігің теңдігің,

Сан ғасырлы арманың.

Оқушыларымыздың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстырып, жасөспірімдердің өз құқықтары мен міндеттерін қандай дәрежеде білетінін тыңдасақ.





1-оқушы: Сералы Байбол

Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оның тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқытары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

2-оқушы: Смайыл Айдос

Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР –ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы, қай ұлтқа жататындығына, тіліне, денсаулығына, ата-анасыныа қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.

3-оқушы: Ережеп Қайрат

Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

4-оқушы: Бекенов Нұрбол

Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.

5-оқушы: Наурызбаев Еркебұлан (тақпағын оқиды) Конститутция елдің тірегі.

Жүргізуші: Оқушыларға құқық туралы мәлімет бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге, үйретуге, өз пікірін білдіруге колледж инспекторы Қуандықов Алан ағайымыз келіп отыр. Бүгінгі тақырыпқа өз пікіріңізді білдіріп, оқушыларымыздың сұрақтарына жауап бере кетсеңіз.

1-оқушы:

Жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?

2-оқушы:

Қылмыстық кодекс дегеніміз не?

3-оқушы:

Кәмілетке толмағандар қандай жағдайларда жауапқа тартылады?

4-оқушы:

Жасөспірімдер арасында кездескен құқық бұзушылық жөнінде айта кетсеңіз?

5-оқушы:

Колледж оқушыларына қандай ақыл кеңес бере едіңіз?

Жүргізуші:

Рақмет ағай! Ертеңгі ұлт болашағы болатын жастар бүгін немен айналысып жүр? Неге қоғамда жасөспірімдер қылмысы деген тіркес жиі айтылады? Осы мақсатқа қойылған «Тығырықтан шығар жол қайсы» атты оқушыларымыздың көрінісіне кезек берсек. (көрініс көрсетіледі)

Жүргізуші:

Құқықтық тәрбие-азаматтық, адамгершілік тәрбиенің бір саласы. ХХІ ғасырдың лайықты азаматы етіп, қалыптастыру оқытушылар мен қатар ата-аналардың да жауапкершілігін талап етеді. Ұрпағымыздың саналы болып өсуі, көркейген отанымызға байланысты. Осы көрініске байланысты колледж психологына сөз кезегін беріп, сұрақтар қойсақ.

1-оқушы:

Оқушыларымыздың мінез құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді?

2-оқушы:

Кәмілетке толмаған колледждегі қиын балалар туралы не айтар едіңіз?

3-оқушы:

Дивиантты балалар дегеніміз кімдер?

Жүргізуші: Қазақта әнші көп, бірақта Шәмші жоқ дегендей, бұл күнде биші көп . Қазақ мәдениетінің мәйекті өнері санала бастаған «Қара жорға» биі. (оқушылар билейді)

Жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында құқықтық тәрбие беру жолдары мен оның қауіпсіздігіне ерекше мән берген. колледж, отбасы және қоғам жұртшылығының құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының бірі оқушылар арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын-алу шараларын жүргізуге кең жол ашады. Міне, бүгінгі біздің «Құқықтық сауаттылық –заман талабы» атты ашық тәрбие сағатымызға орай түсірген бейне сюджетімізге көңіл бөлсек. (көрсетіледі)

Жүргізуші: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп, Б.Момышұлы атамыз айтқандай колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сайдулла Бауыржан ағайымызға сөз беріп, сауалдар қойсақ.

1-оқушы:

Колледждің ішкі ережесіне түсінік бере кетсеңіз?

2-оқушы:

Оқушыларымыздың колледж ішкі ережесін қай деңгейде сақтап жүр?

Жүргізуші: Рахмет ағай. Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз.

Ақыл-адамды аздырмайтын ем.

Білім таусылмайтын-кен.

Адамның басшысы-ақыл

Жетекшісі-талап.

Шолушысы ой – деп, жұмбақ жасырып көрсек.( Жұмбақтар қойылады.)

  1. Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,
    Ондайлар отаныма өте керек.
    Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
    Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.
    (Жеті жарғы)

  2. Еліме білім керек, ғылым керек,
    Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.
    Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,
    Жазған екен болашаққа көзін тігіп.
    (Қазақстан – 2030)

3. Жақсы ел шығарып заң игілікті,
Депутат заң шығарып билік қыпты.
Парламент палатасы нешеу екен,
Таба алсаң бұл жауапты игі екен.
(екі)

Жүргізуші:

Тау суындай гүрілдеп,

Айбынды алаш елім дер,

Алтын арқа жерім дер,

Мен жастарға сенемін! деп, Абдрахман Ерланды __________________ әнімен ортаға шақырамыз.

Оқытушы: (қорытынды сөз)

Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ» деп мұңайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, оқытушыларымызға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік. Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып «Құқықтық сауаттылық –заман талабы» атты ашық тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз.

Жүргізуші: Бүгінгі «Құқықтық сауаттылық–заман талабы» атты ашық тәрбие сағатымызды бірге бөліскендеріңізге рахмет!

Алаш айбынды ұраны,

Қасиетті құраны

Алаштың олар құрбаны

Мен жастарға сенемін!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«???ы?ты? сауаттылы? –заман талабы» т?рбие са?атыны? жоспары

Автор: М?сабекова Г?лдана ?алм?рат?ызы

Дата: 23.01.2016

Номер свидетельства: 281386


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства