Өткізген: қазақ тілі мұғалімі Ибадуллаева Аккенже Жакипбековна |
Коучинг тақырыбы: | «Лессон стади — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» |
Сілтеме: | Lesson study әдісі (1 деңгей мұғаліміне арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар, интернет ресурстары) |
Жалпы мақсаты: | Пікір алмасу барысындағы тең құқылы, ынтымақты серіктестік құру. Білім алу сапасын арттыруда Lesson study әдісінің тиімділігі айқындалады және тәжірибеге енгізуге бағыт-бағдар беріледі. |
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: | Нақты мақсат қоя алады Оқушыларды зерттей алады; Бағалауды практикада қолдана алады; Lesson study әдісі бойынша топтастыру немесе презентация жасай алады. |
Коучингта туындаған негізгі идеялар: | 1. Білім алу сапасын арттыруда Lesson study әдісінің тиімділігін түсінеді. 2.Мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастырады, ойлау үдерісін жүзеге асырады. |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату | «Сағат тілімен жүретін достар» | 3 минут |
Топтарға бөлу | Бүгінгі ауа-райын анықтайтын сын есімдер бойынша топқа бөліну. | 3 минут |
Кіріспе тапсырмалар: | Кіріспені презентация «PowerPoint» арқылы көрсету. Lesson study сабақтарын жоспарлау кезеңі | 5 минут |
Ой шақыру: | «Пікірлер себеті» Қойылатын сұрақтар: 1. Lesson study туралы не білесіздер? 2. «Лессон стади — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» қалай түсінесіздер? | 5минут |
Негізгі түйінді идеялар: | Lesson Study тәсілімен «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісін іске асыру; Бағалаудың түрлерін қолдану. | |
1 тапсырма (топтық жұмыс) | Lesson study-ді қалай ұйымдастыруға болады және күтілетін нәтижелер» (постер дайындау) | 7 мин |
Бағалау | Өзара бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» | 3 минут |
Сергіту сәті | «Қызыл өрік» музыкасымен билеу | 2 минут |
2 тапсырма (топтық жұмыс) | Lesson study кезеңдерін көрініс ретінде көрсету 1 топ: жоспарлау кезеңі 2 топ : зерттеу сабағының кезеңі 3 топ: талдау, жүйелеу кезеңі Тақырыпты өздері таңдап алып, жұмыстарын қорғайды. | 15 минут |
Бағалау | Өзара бағалау | 3 минут |
3 тапсырма | «Бұрыштар әдісі» 1 топ — Lesson study сабақтарын өткізуді жақтайды, 2 топ – қарсы, 3 топ — саралайды | 10 минут |
Қорытынды рефлексия | Өз сезімдерің қалай? Бүгінгі тренинг ұнады ма? Дөңгеленіп тұрып, бір- біріне «рахмет» айту, тіліктер айту. Коучингіден алған әсерлерін ауызша талдайды. Өз ой – пікірлерін стикерлерге жазып бағалайды. Соңынан сауалнама алынады. | 5 минут |
Ресурстар | Бейнефильмдер, презентациялар, маркерлер, постерлар, стикерлер. | |