|   Қ-с   |    Кезеңі   |    уақыты   |    Коучтың іс-әрекеті   |    Коучингке қатысушылардың әрекеті     |    Ресурстар   |  
  |   1.   |    «Тоғыз монета» логикалық сұрақ.     |    5 мин.   |    «Миға шабуыл»  Ой толғау   |    Жеке формада логикалық сұрақты шешу.   |    Сурет, тапсырма жазылған слайд   |  
  |   2.   |     «Жеңістің күші бірлікте» Бейнеүзінді.     |    5 мин   |    Ой толғау, топтың күшін түсіну.   |    Сұрақты топ, бірігіп шешуге кіріспекші болады.   |    Видеопроектор.   |  
  |   3.   |    Топқа бөлу.   |    5 мин   |    «Тәртіппен орналастыру» әдісін қолданамын.   |    Үш түрлі түстегі мүсінді құрастырады.   |    Кеспе түрлі түсті қағаздар.   |  
  |   4.   |    Топтық жұмыс.  «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі.   |    7 мин                 |    Тапсырма берілген слайдты ашып, топқа логикалық сұрақтың шешімін табуға уақыт беру.   |    Топ болып логикалық сұрақтың шешімін табу.     |    Слайд, қалам, дәптерлер.   |  
  |   5.   |     Ақпараттық блок: «Үш мүсін».    «Қалдырылған сұрақтар» әдісі.   |    12 мин   |    Топтарға ежелгі аңыз-әңгіме арқылы сұрақ қойылады.     |    Диалогтік оқыту мақсатымен аңыз-әңгіменің жауабын табу арқылы адамның мінез-құлқына жаңаша көзқарас қалыптастырады.   |    Слайд,  түрлі түсті қағаздар.   |  
  |   6.   |    Сын тұрғысынан оқыту, сын тұрғысынан ойлау, дәстүрлі сабақтың кемшіліктері. Баяндама.   |    21 мин   |    Бағдарламамен, модульмен, дәстүрлі сабақтың кемшіліктерімен мұғалімдерді таныстыру   |    Баяндама бойынша ойларымен бөлісіп, модуль, дәстүрлі сабақ туралы түсінік қалыптасады.       |    Слайд   |  
  |   7.   |    Сурет салу.    Формативті тәсіл бойынша бағалау.   |    15 мин   |     Оқыту үшін бағалау бойынша кішкене түсінік беру.   |    «Өзін-өзі бағалау» әдісі арқылы топтар өздерін бағалайды.   |    Слайдтар, плакаттар, кестелер.   |  
  |   8.   |    Жалған мәліметті алып тастау.  «Өзіңізді тексеріңіз» әдіс-тәсілі.   |    7 мин   |     Карточкаларды топтарға тарату.         |    Теориялық жұмыс.   |    Карточкалар     |  
  |   9.   |    Психологиялық тренинг.    Сергіту сәті.   |    8 мин   |    Ақ кеспе қағаздар таратып, тапсырманы түсіндіру. Слайдта нәтижені көрсету.   |    Ақ кеспе қағазға 1-ден 9-ға дейінгі сандарды екеуден сол қолмен жазады.   |    Слайдтар, кеспе қағаздар, қаламдар.   |  
  |   10.   |    Бағдаршам.  «Ғажайып қолданыс» жаттығу.    |    10 мин   |    Топтарға бағдаршам беріледі, затты басқа мақсаттарда қалай қолдануға болатынын анықтау туралы тапсырма беріледі. Әр топқа 10 минут уақыт беріледі. Бір-бірінің айтқандарын қайталауға болмайтынын ескерткен жөн.     |     Идеяны айтқаны үшін – 5 ұпай, ал көрсетіп бергені үшін – 10 ұпай беріледі.    Бір-бірлеріңізге қолдау көрсете алдыңыздар ма?   |    Слайд, бағдаршам суреті бар қағаздар.   |  
  |   11.   |    Р е ф л е к с и я        |    5 мин   |     Сабақ Сізге ұнады ма?      - Сабақтың ең ұтымды жерлері қандай болды?      - Сабақ тақырыбының (проблеманың) Сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?      - Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? Неліктен?      - Осы тақырып (мәселе) бойынша тағы да не білгіңіз келеді?      - Бұл проблеманы шешуде Сіздің үлесіңіз қандай болды деп есептейсіз?      - Сабақта қандай әрекеттер атқардыңыз?      - Топ жұмысы қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз?     Неліктен?         |    Слайд, стикерлер.   |