kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?аза? тілі саба?тарында интерактивті о?ыту ?дістерін ?олдану"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілі саба?тарында интерактивті о?ыту ?дістерін ?олдану

 

?аза? тілі саба?тарында интерактивті о?ыту ?дістерін ?олдану

Б?гінгі та?да жеке т?л?аны бас?ару емес, оны? даму ?дерісін бас?ару ?ажет. Оны педагогикалы? іс ?рекет ар?ылы к?рінеді. О?ушы белсенділігіні? ?серін арттыру ?шін ?олданылатын ?дістерді - интерактивті ?діс деп атайды.

Интерактивті ?дісті та?дау себебі к?біне ол о?ушылардан модельдеуді ж?не ?атысушыны? да?дысын дамыту, я?ни б?гінгі демократиялы? ?о?ам?а ?ажетті болуын талап етеді. М?нан ары ?арай "интерактивті о?ыту" терминіні? мазм?ны т?сіндіріледі, біз б?л о?ыту т?рін не ?шін, ?айда ?олдануымыз керек, сонымен бірге оны саба? барысында сенімді т?рде ж?не ?немі ?олдану керек. Атап айту керек, ?сынылып отыр?ан ?дістер кез келген саба??а, кез келген де?гейге ?атысы бар.

Интерактивті ?деріс дегеніміз - о?у ?дерісіне ?атысушыларды? ?зара ы?палдасты?ы мен бір - біріне ?зара ?серіні? ма?сат?а ба?ыттал?ан т?рдегі ?рдісі. Интерактивті ?діс о?ан ?атысушыларды? ?арым - ?атынас жасауыны? жо?ары ?ар?ындылы?ымен, ?зара ?ызмет алмасуымен, ?ызмет т?рлерін ауыстырумен ж?не т?рлендіруімен, процессуалдылы?пен (?атысушылар жа?дайыны? ?згеруімен), оларды? ?з ?ызметін ма?сат?а ба?ыттау т?ріндегі рефлекциясымен сипатталады.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?аза? тілі саба?тарында интерактивті о?ыту ?дістерін ?олдану" »





Қазақ тілі сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану

 

Қазақ тілі сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны басқару емес, оның даму үдерісін басқару қажет. Оны педагогикалық іс әрекет арқылы көрінеді. Оқушы белсенділігінің әсерін арттыру үшін қолданылатын әдістерді - интерактивті әдіс деп атайды.

Интерактивті әдісті таңдау себебі көбіне ол оқушылардан модельдеуді және қатысушының дағдысын дамыту, яғни бүгінгі демократиялық қоғамға қажетті болуын талап етеді. Мұнан ары қарай "интерактивті оқыту" терминінің мазмұны түсіндіріледі, біз бұл оқыту түрін не үшін, қайда қолдануымыз керек, сонымен бірге оны сабақ барысында сенімді түрде және үнемі қолдану керек. Атап айту керек, ұсынылып отырған әдістер кез келген сабаққа, кез келген деңгейге қатысы бар.

Интерактивті үдеріс дегеніміз - оқу үдерісіне қатысушылардың өзара ықпалдастығы мен бір - біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі. Интерактивті әдіс оған қатысушылардың қарым - қатынас жасауының жоғары қарқындылығымен, өзара қызмет алмасуымен, қызмет түрлерін ауыстырумен және түрлендіруімен, процессуалдылықпен (қатысушылар жағдайының өзгеруімен), олардың өз қызметін мақсатқа бағыттау түріндегі рефлекциясымен сипатталады.

Оқыту мен оқудағы интерактивті әдіс, бұл сабақ барысындағы оқушы - оқушы, оқушы - мұғалім арасындағы жоғары деңгейдегі өзара әрекеттер. Мұндай өзара әрекеттер көбіне, ұсынылған шешімнің қаншалықты қажеттілігіне және де мәселелердің қандай жолдармен шешілетін нұсқаларын талқылау формасында жүзеге асырылады.

Мұндағы ең бастысы, жауаптың өзінен де мәселені шешу үдерісінің маңызды немесе маңыздырақ екенін түсіну. Интерактивті әдістің мақсаты тек қана ақпарат беру ғана емес, оқушылардың өз бетімен жауап табу дағдыларын қалыптастырумен байланысты болып отыр және педагогикалық өзара ықпалдастық әрекетіне қатысушылардың мінез - құлық және қызмет үлгілерін өзгерту және жақсарту. Өз әрекетін және серіктесінің әрекетін талдай келе, әрбір қатысушы өз мінез - құлқының үлгісін өзгертеді және оны саналы түрде меңгереді.

Интерактивті үдерісті ұйымдастырудың жетекші қағидалары:
- ойлау қызметін ұйымдастыру;
- мазмұн шығарушылық қызметті ұйымдастыру;
- таңдау еркі;
- рефлекцияны ұйымдастыру.

Интерактивті әдіс өзара әрекет түрін және кең көлемдегі тапсырмаларды қамтиды. Бірақ та қандай әдістемелік тәсілдер болмасын, негізгі білім көздері оқушының өз өміріндегі тәжірибесі болып табылады. Оқыту барысында оқушылармен өзара әрекеттер болады:
- мұғаліммен ( яғни оқушы мұғалімнің сұрақтарына жауап бергенде);
- Шақырылған адамдармен (немесе сынып басқа мекемеде және адамдардан бірге);
- басқа оқушылармен (жұптық жұмыс);
- шағын топта (3 - 5 оқушы);
- үлкен топта (рөлдік ойындар/дебат, сыныптағы талдау және т. б.);
- оқушылар тобы және тұрғындар (оқушылар әлеуметтік сұрау жүргізеді);
- кейбір техниканың түрлері (мысалы, компьютермен).
Интерактивті оқыту әдісін ұйымдастырудың негізгі ережелері:

Бірінші ереже. Жұмысқа барлық оқушылар қатыстырылуы керек, осы мақсатта пікірталас әрекетіне барлық қатысушыларды тартатын технологияны таңдау маңызды.
Екінші ереже. Қатысушыларды психологиялық дайындау қажет. Мұндай жұмыс түріне барлық қатысушылар бірдей дайын болмауы мүмкін. Осыған байланысты қатысушыларды үнемі мақтап, өзін көрсетуге мүмкіндік беріп отыру керек.
Үшінші ереже. Интерактивті оқытуда қатысушылар саны көп болмау керек, 25 адамнан артпауы керек. Тек осы жағдайда ғана, аз топпен жемісті, дұрыс жұмыс жасауға болады.
Төртінші ереже. Жұмыс жасауға арналған жердің дайындығы. Оқушылар топ - топпен және жалпы түгелдей сыйуы үшін жайлылық қажет.
Бесінші ереже. Жұмыс уақытын нақты белгілеу. Бұған жұмыс басында келісіп, оны бұзбау керек. Әркімнің сөз сөйлеуге құқылы екендігін есте сақтау керек.
Алтыншы ереже. Топтарға бөлу кезінде түсіністікпен қарау керек. Бас кезінде өз еріктерімен, қалауынша бөлінуін қамтамасыз ету. Содан кейін кездейсоқ таңдауды пайдалануға болады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"?аза? тілі саба?тарында интерактивті о?ыту ?дістерін ?олдану"

Автор: Абенова Айдын Жумаканкызы

Дата: 10.01.2015

Номер свидетельства: 152763


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства