kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?а?арман ардагерлерге та?зым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:1.Ба?даршам ж?не оны? ?ызметін, жол ережесін т?сіндіру;

                  2.О?ушыларды? белсенділігін арттыру, ойлау ?абілетін дамыту;

                  3.О?ушыларды мейірімділікке, бауырмалды??а, ??ыптылы??а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: Ба?даршам макеті,слайд.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?а?арман ардагерлерге та?зым »

Тақырыбы: Қаһарман ардагерлерге тағзым!

Мақсаты: оқушыларға Ұлы Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру. Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін қорғауға, оны сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімге баулу, оқушы бойына ұялату.

Көрнекілігі: шарлар, жалаулар .

Барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

Армысыздар, бүгінгі кештің қадірлі қонақтары. 2 сынып оқушыларының " Қаһарман ардагерлерге тағзым!" атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл көмей,Абзал досым, мүгедекті жүр демей!

Ел дегенде еңіреп туған ерлерді, Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.Бүгінгі күн -көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 70-жылдық көктемі де келіп жетті.Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.

Оқушылар Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске алайық. Келген қонаққа сөз беру.

1.Шайхолла Т. Алтын тулар желмен ойнап, Қуанышты ұлғайтамыз.

Жеңіс күнін жылда тойлап, Жеңіс әнін жылда айтамыз.

Бабалардың айбынды үнін Тыңдаймыз біз мақтанышпен

Тоғызыншы майдың күні Тойдың күні тоқаш піскен.

2.Барасова Р. Елге қауіп төнбесін Егескен адам өлмесін!

Жойыңдар атом бомбасын Жойқынды қырғын болмасын!

Шайқалмасын шаңырақ , Жай қалмасын қаңырап

Қайғы жасын ел төгіп, Қайғырмасын аңырап.

3.Дүйсенбай М.Жалғызын айырыпты анасынан Әкесінен айырыпты баланы

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы.

4.Садыхов Р.Соғыс жалмап аға,іні бауырды, Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

5.Төкен А. Жетім боп ана мен балалар Ойран боп отбасы қалмасын.

Жол берме соғысқа адамзат Сен ғана тыныштық қорғаны.



6.Сайын Д. Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып, Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып.

Жауды жойып батырлар елге оралды, Ата-анамен қауышты құшақ ашып.

7.Жангүлім. Жеңіс күні бар әлемге әйгілі Көктем шуақ - тоғызыншы май күні.

Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

Біздің ұлы Жеңісіміз көктем боп, Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы Тоғызыншы май күні Алмастырған қуанышқа сайғыны.

8. Аяжан. 70 жыл бейбіт көктем таң атқалы, 70 жыл шуақты күн таратты әнін

70 рет көктемде содан бері, Ашылды жеңіс күннің парақтары.

9.Ельсияр. Туған жердің әр тасы, Маған ыстық қашанда.

Бұйраланған аршасы, Қорғайтын - ер боламын.

Тапталмайтын түнгі ізі Ұланы болам Отанның.

Жарқырап жанған жұлдызы Жалғаймын жолын Ағаның!

10. Күш қайраттың бойында тасқыны бар, Мұқалмайтын төзімді достығы бар.

Талай тарих таңғалып куә болған Елімнің ерлік деген дәстүрі бар.

11 .Әділеттің жолында біз күресейік, Бүгінгідей ұлы күнге жеткенбіз.

Мерейіміз сондықтан да тұр өсіп, Жеңіс туын көтереміз көкке біз.

Мұғалім: Елдің жырын жырлаған, Қайғысын да толғаған.

Домбырасыз ешқашан, Жүрекке ем қонбаған.

Ән: Жаса, Қазақстан!

12. Жер бетінде тыныштық! Жер бетінде туыстық!

Баянды бақыт Адамға! Орнатуғы Далаға! Ант етеміз таза көңілмен!

13.Қарақат. Тыныштық болсын әлемде, Тартпасын халық қайғы шері.

Тіршілік болсын жердегі, Көрмесін енді жамандық.

Мұғалім: Балалардың тілеймін күлгендерін, Күн бетінде ешбір дақ тұрмасын деп.

Планета ең ғажап гүлдеп жерім, Мәңгі үстінде Бейбіт күн орнасын деп.

Ән: Қазақстан бақыты.

Би:

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңісіміз достықты шыңдаған, бірлікті жырлаған, ер намысы болып аталған, ел дауысы болып шақырған Жеңіс! Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары Отанымыздың байтақ жерін қорғады, айдын көлін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, пәк күлкі шашқан баласын қорғады, парасатты данасын қорғады. Елдің болашағы да, өркені де бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан әр бала өз Отанын сүюі керек. Өз Отанын , өз елін, өз дінін, тілін қастерлеп сүюі керек. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ сендерсіңдер. »Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» деген Абай атамыздың өсиетін есімізге мықтап ұстайық.

Н.Ә. Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зорығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілеріне де ерекше қадірлеуіміз , қастерлеуіміз керек» деген сөзін қазақ елінде тұратын және өз Отаным деп білетін әрбір адам жүрегінің терең түкпірінде сақтап,қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

Ән: Ақ көгершін.

Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған ертеңгілігімізді жабық деп жариялаймыз.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?а?арман ардагерлерге та?зым

Автор: Бекжанова Балиса Сембаевна

Дата: 17.05.2015

Номер свидетельства: 212688


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства