kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дептілік-?демілікті? белгісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:1.Ба?даршам ж?не оны? ?ызметін, жол ережесін т?сіндіру;

                  2.О?ушыларды? белсенділігін арттыру, ойлау ?абілетін дамыту;

                  3.О?ушыларды мейірімділікке, бауырмалды??а, ??ыптылы??а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: Ба?даршам макеті,слайд.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?дептілік-?демілікті? белгісі »

Тақырыбы: Әдептілік- әдеміліктің белгісі.

Мақсаты:Оқушыларға адам бойындағы ұнамды,ұнамсыз қасиеттерді айта отырып,оларды әдемілікке, әдептілікке,кішіпейілділікке,қайырымдылыққа тәрбиелеу.

С/к:нақыл сөздер,суреттер

С/б : I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Тақырыппен таныстыру. Әдептілік- әдеміліктің белгісі.

Ой қозғау. Балалар әдептілікке,әдемілікке, қайырымдылыққа , ұқыптылыққа не жатады?

Әдептілік дегенді сендер қалай түсінесіңдер?

Әдеп дегеніміз- адамдармен қатынас барысында,әңгімелесу кезінде шамадан аспау,сыпайылық шегінен шықпау. Ата-ананың алдында әдепті болыңдар.Олармен сөйлескенде қабаттасып,әдепсіздікпен дауыстап сөйлеспе,ата-аналарың түрегеп тұрғанда сендер отырмаңдар. Ата-анаң немесебасқа үлкен кісі айтқан өнегелі сөзді зейін қоя тыңдап ұғып алуға тырыс,олар жұмсаған ісін орында,ата-анаңа көмекші бол.Адам әдептілігімен көрікті. Үлкендер отырған жерде олардың алдын орап арындап кетпей ,инабат,ізет таныта білу керек.

Әдептілік-үлкенді сыйлау,кішіге қамқорлық жасау,кез-келген жас ұрпақтың бойында қалыптасатын ерекше қасиет.Әдепті болудың алғашқы қадамы үлкенді сыйлау,басқаны сыйлай білу.

III.Әдептілік туралы өлең оқу.

1. Әдептілік дегенің- Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің- Әуре-сарсаң әлегің.

2.Атам маған әманда Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда, Мақтанбауды жөн көрем.

3.Атам маған әманда, Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем.

4.Көршілерді көргенде Сыйлап сәлем беремін.

Әдепсіз деп сөкпесін,Анама айтып өкпесін.

5.Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде, Сыйлы болмақ өзі де.

IY.Суретпен жұмыс.

Y .Сұрақ-жауап. 1.Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан үлкен кісі шықты,сен не істер едің? Үлкен кісімен амандасып,жол беремін.

2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек? Үлкендердің сөзін бұзып әңгімеге араласпаймын.

3.Автобуста бөтен адамдарды көргенде не істейсің? Үлкен кісіге орын беремін.

4.Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек? Үлкен кісімен «Сіз»деп сөйлесемін.

5.Шашы түсіп көзіне, Түсінбей нақыл сөзіне.Үлкендермен таласар,Дәлел тауып өзіне.

Ол қандай бала?/Жалқау бала/

6.Дәптер,сөмке бәрі де, Дал-дал болып жыртылған.Сия төгіп бантіне, Шимай салған сыртынан.

Ол қандай бала?/Салақ бала/

7.Сыйлап үлкен ағаны ,Сәлем берген баланы Кім дейміз?/Ұқыпты екен бұл дейміз./

8.Таудай биік талабы, Жақсы оқитын баланы Кім дейміз?/Үлгілі екен бұл дейміз. /

9.Сонда әдептілік,сәлемдесу дегеніміз не? Ол адамдардың жүріс-тұрысы,өзара қарым-қатынасының ережелері, бұған тілалғыштық,сыпайылық жатады.Егер сен бала кезіңнен әдепті болсаң ,есейгенде ата-анаңның ,өз Отаныңның мақтанышы боласың.Яғни,әдептілік адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының ,жүріс-тұрысының ,үлкенді сыйлау,кішіпейіл болу белгісі екен.

YI.Әдептілік ар-ұят,

Адамдықтың белгісі.

Тұрпайы мінез тағы жат,

Надандықтың белгісі,-дей келіп,қазақтың ырым-тыйымдарын есімізге түсірейік.

Бүйіріңді таянба. Үлкеннің алдын кеспе. Үлкеннің сөзін бөлме.

Үйге қарай жүгірме. Жалғыз ағашты кеспе. Күлді баспа.

Түнде тырнақ алма. Малды теппе.Ақты төкпе.

Босағаны керме. Кісіге қарап күлме.Нанды шашпа.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?дептілік-?демілікті? белгісі

Автор: Бекжанова Балиса Сембаевна

Дата: 17.05.2015

Номер свидетельства: 212692


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства