мұғалімі Исабекова А.Т.
Коучинг тақырыбы | «Диалогтік оқыту» |
Коучинг мақсаты | Өз әріптестеріме Қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуын, жеті модуль мәнмәтінінде әдістемелік жұмыстың тиімділігін қолдана отырып, іс-тәжірибесін жетілдіру мақсатында оқыту. |
Жалпы мағлұмат | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін жұмыстар жүргізу арқылы ойлау арқылы ойлануға жетелеу |
Оқу нәтижесі | Әрбір мұғалімнің жеке қажеттіліктерімен байланысты проблемаларды шешуде кеңес беру әдістемесі бойынша терең білім алу; -Оқыту әдістемесінде уақтылы, қажетті, сындарлы кері байланыс ұсыну. -Топпен бірлесіп отырып берілген тақырыптар бойынша пікір алмасуға қатынасу. |
Түйінді идеялар | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерін ұйымдастыру арқылы оқудың сапасын одан ары арттыру |
Сабақта қолданылатын материалдар | Үлестірмелі материалдар, суреттер, А3,А4 қағаздары, стикер, плакат |
Бөлімдері | Коучтің іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу /5 мин/ | Дөңгелене тұрып, бойымыздағы жағымсыз қасиетімізді жазып, ортаға тастаймыз да, қолымызды бір-біріміздің иығымызға қойып, бірлесіп аяғымызбен басып, жағымсыз қасиеттерімізден тазарамыз. | Жағымсыз қасиеттерден тазарады |
Теориямен жұмыс | Диалогтік оқыту туралы таныстырылымын көрсету | |
Топқа бөлу (5 мин) | «Мозайка құрастыру» әдісі Мақсаты: Әріптестерді шағын топтарға бөлу,бірлесе жұмыс істеу. Қатысушыларға «Жүрек», «Бас», «Қол» суреттерін қиындыларын бөліп, тарату. | -Суреттердің қиындыларын құрастырып, шағын топтарға топтасу. -Суреттер бойынша ой түйіндеу |
1- тапсырма 20 минут | Диалогтік тәсіл қандай мақсаттарға жетуге бағытталған? /Топпен талқылап, ортақ ойды тұжырымдап, постер дайындайды/ | Жеке және топпен жұмыс жүргізеді. |
3 –тапсырма 20 минут | І топ. «Мұғалім- сабақ иесі,оқушы - бақылаушы» (Жетістіктері мен кемшілігі) ІІ топ «Мұғалім- бағыттаушы, оқушы сабақ иесі» (Жетістіктері мен кемшілігі) ІІІ топ «ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болуы керек» | Топ болып жұмыс жүргізеді. Постер қорғау. |
Ертегілер әлемі 15 мин | Ертегінің суреттері бойынша диалог құрастыру және рөлдерге бөліп ойнау мультфильмдерді сөйлету, диалогқа түсу. | |
Кері байланыс
| Кері байланыс парағы таратылады 1. Сіз үшін өткізген коучинг маңыздылығы қандай болды? А) Өте маңызды В) Орташа 2. Сіздің ойыңызша осы коучингтің сізге пайдасы болды ма? А) Ия 2) Жоқ 3. Өз тәжірибеңізде осы модульді пайдаланасыз ба? А) Ия 2) Жоқ | |
Қорытынды 2 минут | Коучинг «Оқытуда тиімді әдісті қолдана білу өз қолымызда» деген сөзбен қорытындыланады. | |