kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды жобалау" та?ырыбына коучинг жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Коучинг та?ырыбы: Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды жобалау

Коучинг ма?саты:  О?ушыны? функционалды? сауаттылы?ын дамытуда  Блум таксономиясы бойынша ??рыл?ан тапсырмалар жобалауды?  ма?ызын зерделеу.  (Блум таксономиясымен танысу ж?не тапсырмалар жобалау да?дыларын ?алыптастыру.)

Сілтеме:  МАН, 41-бет,?лестірмелі материалдар.   С.Мирсеитова «О?ыту ізденіс ретінде ж?не ізденіс о?ыту ретінде»

Асхат ?лімов «Интербелсенді ?дістемені ЖОО-да ?олдану м?селелері»

Коучинг н?тижесі:  Блум таксономиясы  туралы білім алады. Блум таксономиясы бойынша о?у тапсырмаларын жобалау да?дылары ?алыптасады.

Т?йінді идея: Сыни ойлау о?ушыны? функционалды? сауаттылы?ын ой дербестігін, белсенділігін  дамытады,  ойын д?йектеуге  ?йретеді.

Саба? ресурстары:  Плакат, стикер, маркер, «Блум таксономиясын»  сипаттайтын слайд,  А 4 ?а?азы

О?ыту ?дісі:  Топты?, ж?пты? ж?мыс, диалогтік о?ыту

Орындалатын тапсырмалар: «?н немесе би» сергіту с?тін жасау, та?ырып бойынша  берілген тапсырмалар?а постер ??ру.

Коучинг та?ырыбы: Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды жобалау

Коучинг ма?саты:  О?ушыны? функционалды? сауаттылы?ын дамытуда  Блум таксономиясы бойынша ??рыл?ан тапсырмалар жобалауды?  ма?ызын зерделеу.  (Блум таксономиясымен танысу ж?не тапсырмалар жобалау да?дыларын ?алыптастыру.)

Сілтеме:  МАН, 41-бет,?лестірмелі материалдар.   С.Мирсеитова «О?ыту ізденіс ретінде ж?не ізденіс о?ыту ретінде»

Асхат ?лімов «Интербелсенді ?дістемені ЖОО-да ?олдану м?селелері»

Коучинг н?тижесі:  Блум таксономиясы  туралы білім алады. Блум таксономиясы бойынша о?у тапсырмаларын жобалау да?дылары ?алыптасады.

Т?йінді идея: Сыни ойлау о?ушыны? функционалды? сауаттылы?ын ой дербестігін, белсенділігін  дамытады,  ойын д?йектеуге  ?йретеді.

Саба? ресурстары:  Плакат, стикер, маркер, «Блум таксономиясын»  сипаттайтын слайд,  А 4 ?а?азы

О?ыту ?дісі:  Топты?, ж?пты? ж?мыс, диалогтік о?ыту

Орындалатын тапсырмалар: «?н немесе би» сергіту с?тін жасау, та?ырып бойынша  берілген тапсырмалар?а постер ??ру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды жобалау" та?ырыбына коучинг жоспары»

Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлеріне арналған «БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬДІҢ ТИІМДІЛІГІ» тақырыбында өткен семинарда «Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ ІІ деңгейлі мұғалімдері: М.Д Джайдакбаева, З.Д.Сапаргалиевалар «Блум таксаномиясы бойынша оқу тапсырмаларын жобалау» атты коучинг жүргізді

Коучинг тақырыбы: Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды жобалау

Коучинг мақсаты: Оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуда Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар жобалаудың  маңызын зерделеу. (Блум таксономиясымен танысу және тапсырмалар жобалау дағдыларын қалыптастыру.)

Сілтеме: МАН, 41-бет,үлестірмелі материалдар. С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»

Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері»

Коучинг нәтижесі: Блум таксономиясы туралы білім алады. Блум таксономиясы бойынша оқу тапсырмаларын жобалау дағдылары қалыптасады.

Түйінді идея: Сыни ойлау оқушының функционалдық сауаттылығын ой дербестігін, белсенділігін  дамытады,  ойын дәйектеуге  үйретеді.

Сабақ ресурстары: Плакат, стикер, маркер, «Блум таксономиясын»  сипаттайтын слайд, А 4 қағазы

Оқыту әдісі: Топтық, жұптық жұмыс, диалогтік оқыту

Орындалатын тапсырмалар: «Ән немесе би» сергіту сәтін жасау, тақырып бойынша берілген тапсырмаларға постер құру.

 





Коучинг барысы.

Жұмыс кезеңдері

Коуч әрекеті 

Мұғалімдер әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2минут

1.Жағымды психологиялық ахуал туғызу-«Қарсы топқасәлем беру» тренингін ұйымдастырады.  


2.Рет саныбойынша мұғалімдерді 3 топқа бөледі.

Мұғалімдер бір-біріне қарама-қарсы, екі қатарға тұрады және берілген уақыт ішінде өзара ақылдасып, бір-біріне сәлем береді.

 

Үш топқа бөлінеді.

2. Миға шабуыл

3 минут

 «Табиғаттағы су айналым» тақырыбын оқып шығуға, топта оны талқылауға тапсырма береді.

Мұғалімдер топтасып тақырыпты оқиды, топ ішінде бір-біріне түсіндіреді

3. А)Теориялық  кезең 3 минут


Б)Блумның төменгі және орта ойлау деңгейлеріне сәйкестапсырма жасауды ұйымдастыру. 7 минут

Тапсырмаларды қорғау . Әр топқа 2 минут

Бағалау 1 минут

Әріптестерге интербелсенді тақтадан таныстырылым жасайды.

Блум таксономиясына негіздеп  тапсырмалар құрастыру үшін қажетті етістіктер, тапсырмалар мен мысалдар үлгісін ұсынады.

І. Тапсырма:

1. «Табиғаттағы су айналым» тақырыбы бойынша төменгі және орта ойлау деңгейлеріне сәйкестапсырмалар жобалауды ұсынады.



2. Топтарға тапсырмаларын қорғатады.


3. Жобалаған барлық тапсырмаларды, бір-бірімен салыстыртып,әр деңгейдің ең сәтті шыққанын тапсырмасын жасыл түсті стикермен бағалауды тапсырады.

Блум таксаномиясы теориясымен танысады.



Топтар Блумның төменгі және орта ойлау деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар жобалайды








Топтар тапсырмаларын қорғайды.


Жасыл түсті стикерлермен әр деңгейдіңең сәтті шыққан тапсырмасын бағалайды.

 Сергіту сәті. 3 минут.

«Ән немесе би»


Топтарға қызыл және көк түс таратылады, әркім бір ғана түс таңдайды. Егер көк түс таңдағандар саны көп болса, барлығы «Атамекен» әнін орындайды, қызыл түс таңдағандар саны көп болса онда барлығы би билеп, сегіту жаттығуын жасайды.

Блумның жоғарғы ойлау деңгейлеріне сәйкес тапсырма жасауды ұйымдастыру және оны қорғау

20 минут.

Бағалау 1 минут









Қорытынды.

1. Блум таксономиясына сәйкес, аталған барлық деңгейлер сын тұрғысынан ойлау үшін міндетті түрде қажет деп қаралады.

Сондықтан , талдау, жинақтау және бағалау деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру тапсырылады.

Блумның жіктеуінде сын тұрғысынан ойлау «бағалау» деген атпен ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.


2. Топтарға тапсырмаларын қорғатады.


3. Жобалаған барлық тапсырмаларды, бір-бірімен салыстыртып,

әр деңгейдің ең сәтті шыққанын тапсырмасын жасы түсті стикермен белгілеуді тапсырады.

Ең үздік деп бағаланған тапсырмаларды жинақтап блум жүйесі бойынша бір сабақ жоспарын шығару

Блум бойынша жоғары деңгей тапсырмаларын жобалайды.

Сын тұрғысынан ойлаудың ойлантудағы маңызымен және ойлаудың алты деңгейімен танысады.








Топтарға тапсырмаларын қорғайды.


Жасыл түсті стикерлермен әр деңгейдіңең сәтті шыққан тапсырмасын бағалайды.





Үздік деп бағаланған тапсырмаларды әр топ спикерлері оқып шығады.

4. Кері байланыс      

5минут.                  

І. Әріптестермен «5.5.1» әдісі бойынша кері байланыс жасалады.

 Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар жобалауды ұйымдастырғанда неге қол жеткізуге болатындығы, не үйренгендігі жөнінде мұғалімдермен ой бөлісу жүргізіледі.

Ойларын стикерге:

1.- Бес сөйлеммен.

2.- Бес сөзбен.

3.- Бір түйінді сөзбен жазады.

 

ІІ. Коучингтан алған әсерлерін, ұсыныстарын алма ағашындағы, алмаға, гүлге, жапыраққа жазады

 Әркім өз пікірін жазады.

 

 

 








Әркім коучингтен алған әсерлерін, сезімдерін алма ағашына жазады







Блум таксономиясы

Таным деңгейлері мен көрсеткіштері

Мұғалім:

Оқушы:

Тапсырмалар жобалауда қолданылатын етістіктер

Тапсырмалар түрі:

Мысалдар:

Білу. Бұл деңгей мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Белгілі бір әдісті пайдалана отырып, жаңа материалдың негізгі ұғымдарын бұрынғы білімді еске түсіре отырып береді.

Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);Нақты фактілерді біледі;Жұмыстың орындалу ретін біледі,Негізгі ұғымдарды біледі; Ережелерді, қағидаларды қайталайды.

Анықта.Қара .

Атап шық.

Сана. Цитата келтіру.

Белгіле.Санап шығу. Қайтала.Көрсет.

Еске түсір.

Кім? Не? Қашан? Қандай? Қайда? Қалай? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

- Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

- Бастауыш деген не?

- Жай бөлшектер қалай жазылады?

- Египеттiң астанасы қай қала?


Түсіну. Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: 1.Трансформация – аударма (математикалық формуланы сөзбен айтып беру; графикті оқып беру, суретті түсіндіру, өз сөзімен мазмұндау т.б.); Интерпретация – негізгі идеяны, олардың өзара байланысын анықтайды, ең негізгілерін атап көрсетеді. Мысалдар –оқулықта берілген мысалдардан басқадай мысалдар келтіру. Мәліметті, ойды дұрыс түсінгендікті көрсетеді. Анықтамалар-атау немесе түсініктің мағынасын өз сөзімен жеткізу, таныс және түсінікті сөздермен анықтама құрастырады.

Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау. т.б.


Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.


Түсіндір. Сипаттап бер. Айтып бер.

Ажырата біл.Шолу жаса. Аудар. Өз орнына қой. Ерекшелігін анықта.

Басқаша ата. Талқыла.

Суреттеп бер.

Тани біл. Суретті немесе схеманы түсіндір.

Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.

- Х пен У арасындағы айырмашылық қандай?

- Батыс және Шығыс Қазақстанның рельефiн салыстырыңыздар.

- Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;

- Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;

- Шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз. Тақырып бойынша мысал келтіріңіз.

ІІІ. Қолдану.
Оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Бұған ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді, тәжірибе мен эксперимент жасайды. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

Оқушылардың алған білімін өмірде қолдануға үйрету үшін, тапсырмалар береді. Дидактикалық құралдармен қамтамасыз етеді.


Оқушы:

- Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;

- Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

- Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.


Көрсет. Шеш.

Ойнап көрсет

Тәжірибеде қолдан.

Суреттеп (бейнелеп) бер.Қолдана біл. Бейнеле.

Рет-ретімен қой. Суретке сал.

Тапсырмалар:

Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер

Мысал:

Абайдың “Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.

Қатені тап, тақырыпқа сай сөйлем құра т.б


ІV. Талдау.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт беру.

Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтау.


Оқушы:

- Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;

- Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,

- Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

- Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.


Ерекшелігін белгіле.Талда. Бөл.Бағала. Шығар. Кері пікір айт. Сұрастыр.

Эксперимент жүргіз.Салыстыр.

Қарама-қарсы шық. Сына.

Диаграмма сыз. Бақылау жаса.

Пікірталасқа шық.

Ойлап шығар. Сыннан өткіз. Категорияға бөл



Тапсырмалар:

Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз. «Неліктен? Не себепті?»

- Теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз.

- Зейнетақы реформасының мәнi қандай?

- “Ер туған жерiне, ит тойған жерiне”деген мақалды қалай түсiнесiз?

- Президенттің желтоқсан айындағы АҚШ-қа жасаған сапарының себебi қандай?

- Жердiң сатылуы туралы мәселенiң қазiргi күнi талқылануы нелiктен?

V. Синтез (жинақтау, жүйелеу).
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұнмен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау


Оқушы:

- Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;

- Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;

- Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады.


Салыстыр. Жоспарла.

Ұсыныс жаса.

Ойлап шығар.

Ереже шығар.

Құрастыр /рет-ретімен қой/. Жина. Келтір.

Құрастыр, Шығар /жаса/ Нақтыла. Ұйымдастыр.

Дайында/даярла, әзірле/.

Тапсырмалар:

Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелеңіз, зерттеңіз.

1. Эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.

2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).

3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.


VІ. Бағалау.
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Мұнда тұжырымдар нақты талаптар (критерийлер) тұрғысынан болуы керек. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

Материалдың өзі үшін керектігін, құндылығын, керектісін анықтату, пайымдауға бағыт беру. Идеялар алмасу, мен пікір айтуды ұйымдастыру. Өзіне керектісін таңдату.


Оқушы:

- Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;

- Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;

- Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.


Ойланып шешімге кел. Өлше (өлшемге сал).

Бағалап көрсеткіштерін шығар. Салыстыр.

Қайта қарастыр.

Ретте (реттеп шық) Теріп ал (тер). Таңдап ал (таңда). Өлшеп ал (өлше).

Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз?

Сіздің ойыңызша бұл дұрыс па, бұрыс па? Маңызды ма, емес пе? Жақтайсыз ба, Қарсысыз ба? Мысалдармен дәлелдеңіз.


Әдiлетсiздiктi түзеу үшiн күш қолдану қажет пе? Пiкiрiңiздi дәлелдеңiз.

Зерттелгендердiң iшiнен қай орта сiз үшiн өмiр сүруге қолайлы? Нелiктен?























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды жобалау" та?ырыбына коучинг жоспары

Автор: Джайдакбаева Майса Даулетовна

Дата: 01.03.2016

Номер свидетельства: 300805


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства