kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балалар досты?ыны? т?рбиедегі ы?палы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Балалар досты?ыны? т?рбиеде ы?палы

Т?рі:   Т?рбие са?аты      

?дісі:   Пікірталас

?атысатындар: 8-сынып о?ушылары

Ма?саты:  «Дос», «досты?» ??ымдарыны? адамгершілік ??ндылы? ретіндегі м?нін ашу;

Міндеттері: Достар арасында?ы рухани жа?ынды?ты? м?нін ??ындыру;

                    Айнала ?орша?ан адамдар?а тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту;

                    Жауапкершілікке, сезімталды??а т?рбиелеу;

?дісі: С?ра?-жауап, пікірлесу,ситуацияны талдау, ой т?йін жасау.

Барысы:      І.  ?йымдастыру кезе?і

         1.Кіріспе с?з.

         2.С?ра?-жауап.

         3.Досты? ережесін ??ру.

         4.Ситуация.

         5.Х.Закарияновты? «Достарым» ?нін ты?дау

         6.Досты?ты? негізгі за?дарын ??ру.

         7.?орытынды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балалар досты?ыны? т?рбиедегі ы?палы »

Тақырыбы: Балалар достығының тәрбиеде ықпалы

Түрі: Тәрбие сағаты

Әдісі: Пікірталас

Қатысатындар: 8-сынып оқушылары

Мақсаты: «Дос», «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу;

Міндеттері: Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;

Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту;

Жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу;

Әдісі: Сұрақ-жауап, пікірлесу,ситуацияны талдау, ой түйін жасау.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Кіріспе сөз.

2.Сұрақ-жауап.

3.Достық ережесін құру.

4.Ситуация.

5.Х.Закарияновтың «Достарым» әнін тыңдау

6.Достықтың негізгі заңдарын құру.

7.Қорытынды.

1.Кіріспе сөз.

Дос-бір ауыз сөз айтпастан сені түсінетін,қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсетіп, қуанышыңды бөлісетін, сен үшін қуанатын жан. Адам өмірінің мәні-қарым-қатынаста десек, нағыз доссыз адам өмірі толық болмайды да. Адамдардың бір-біріне деген адал сенімі, өзара тілеулес ортақ көзқарасы достыққа ұластырады. Қазақта «Досыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтып берейін» деген сөз бар.Олай болса, бүгінгі дискуссиямызда «Баланың досының тәрбиеге ықпалы» қаншалықты маңызды екендігін талдап, ой айтып, пікір бөлісіп отырсақ деймін.

2.Сұрақ-жауап.

1.Достық деген не? Оны кім қалай түсінеді?

2.Дос сөзінің мағынасына үңіліп көрдіңіздер ме?

3.Достың көп болуы мүмкін бе?

4.Достарың жайлы не айтасыңдар?

5.Досыңның тәрбиеге ықпалы бар дегенді қалай түсінесіңдер?

6.Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едіңдер?

7.Ұлы адамдардың достығы,бір-біріне ықпалы жайлы не білеміз?

8.Достық пен жолдастықтың айырмашылығы неде?

9.Достықта нені қадірлейсің?

3.Достық ережесін құру. (Оқушылар өз ойларымен достық ережесін құрастырады)

Достық ережесі

- бір-бірін құрметтеу,қадірлеу,бағалай білу

- тең құқылық

- көмек беруге дайын болу

- ой бөлісу,түсіне білу

- адамды тыңдай білу

- берген кеңесті қабылдай білу

- ашық және шынайы болу

- өз қателігін мойындау,көре білу

- достың ісіне,әрекетіне қызығушылық таныту

- кешіре білу,құпияларды сақтай білу.

4.Ситуацияны талдау.

І.Сартай қанша әуреленсе де,есепті шығара алмай қойды.Мектепке келе сала көршісі Зейнептің дәптерін сұрап, одан көшіріп алды.Алғашқыларын көшіріп,келесі есепке келгенде,Зейнептің қатесін байқап қалды.Бірақ Сартай өз дәптеріне есептің шешуін дұрыстап жазды.Алайда ол бұл туралы Зейнепке айтқан жоқ.

ІІ.Сыныптас қыздар мереке қарсаңында би кешіне баратын болды. Олар кешке киетін көйлектері жайлы жарыса айта бастады. Айша ғана үнсіз қалды. Би кешіне асыға жеткен қыздар айна алдына жиналды. Бір-біріне қызыға қараған қыздар Айшаның жоқ екенін байқады...

ІІІ.Нұрбол Айдостың жан досы болатын. Бірде Айдостың үйіне барып қалып еді, Айдостың анасына ауыр сөздер айтып жатқан үстінен түседі. Анасы болса оған жаңа жылдық кешке ақша тауып бере алмайтынын, оған жағдай келмейтінін түсіндірумен әлек. Айдосты көрген Нұрболдың анасы ештеңені түсіндіре алмайтынын білген соң, Айдостан Нұрболға жағдайды түсіндіруге көмектесуін өтінді. (Осы жағдайлардан қалай шығуға болады?)

5.Х.Закарияновтың «Достық» әні. (Үнтаспадан тыңдау)

Толтыра көңілдің отын,достарым,

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс біліп қостадың.

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүріңдер сендер қолтықтан демеп, достарым.

Қайырмасы:

Жабыққан сәтте қас қағым,

Жаныңды ұғар басқа кім.

Жаңа бір әуен бастадым,

Сендерге арнап достарым.

Сағыныш толы кеудені кернеп жыр-көшкін,

Достықтың келдім сазына ән мен үн қосқым.

Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен,

Биіктен сайлап орынын адал, шын достың.

6. Достықтың негізгі заңдарын құру. (Оқушылар өз ойынша достықтың негізгі заңдарын құрастырады)

- Бірін-бірі құрметтеу;

- Өз қателіктерін мойындау дағдысы

- Өзара жауапкершілік

- Шыдамдылық,әділетті сын

- Адалдық сенім

- Өзара түсінушілік.

Достықты бұзатын жайттар:

- Сатқындық

- Өркөкіректік

- Немқұрайдылық

- Сенім мен құрметтің болиауы

- Егер достың жағдайы,мәселесі сені еш алаңдатпаса,онда ол достық емес.

7. Қорытынды.

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып,- демекші,достықта достасқан екі жақ та бірдей қарым-қатынасты сақтауы керек. Сондықтан дос табу үшін адам алдымен өзі дос бола білуі қажет. Нағыз доссыз адам өмірі толық болмайды да. «Достықта жоқ шекара» демекші достықта шек болмайды, бірақ мәселе – қандай дос тапқаныңда, өзіңнің қандай дос болғаныңда. Махаббатқа барлығының қол жеткізуі мүмкін, ал достық – жүректі сынау деп айтуға да болады. Ендеше, достық жібін үзіп алмай достық ережесін ескеріп, заңдылығын ұсталып, достығымыздың берік болуына әрекет жасайық.

Сейітова Алма Пернебекқызы

161 Қосүйеңкі орта мектебі

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Балалар досты?ыны? т?рбиедегі ы?палы

Автор: Сейтова Алма Пернебековна

Дата: 13.05.2015

Номер свидетельства: 210910


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства