kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Диалогтік о?ыту ?дістерін саба?тарда ?олдану"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?та диалогтік ?арым-?атынас орнатылса білім сапасы артып, о?ушыларды?  білімге деген ?ызы?ушылы?ы оянады. Диалог  ар?ылы о?ыту ?й тапсырмасын с?ра?ан кезде де, жа?а саба?ты? ма?ынаны тану кезе?інде де, ?й тапсырмасын ?ортындыла?ан кезде де ?те тиімді Диалог  ар?ылы  білім алуда  ?лкен жетістікке жететінін  бірнеше ?алымдар зерттеу барысында аны?та?ан. Мысалы: а?ылшын еліні?  ?алымы Барнс сыныпта тіл ?аншалы?ты к?бірек ?олданылса, о?ушыларды? білім сапасы соншалы?ты артатынды?ын,  м??алімдерді тек ?ана ты?да?анда емес, вербалды ??ралдарды ?олдану н?тижесінде, я?ни с?йлесу, талдау, д?лелдеу барысында ж?зеге асатынды?ын айтып ?ткен.  Ал Александр білім берудегі ?арым-?атынас жасауды? бір сарынды ?дерісі емес, керісінше идеялар екі жа?ты ж?ргенде о?ушыны?  білімі жо?арылайтынын айт?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Диалогтік о?ыту ?дістерін саба?тарда ?олдану"»

Диалогтік оқыту әдістерін сабақтарда қолдану

Елбасының тапсырмасы бо­йын­­ша  оқу­шы­лардың функционалдық са­уат­­тылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлт­тық іс-қимыл  жоспар қабылданды. Бұл – Елбасының білім са­ла­сын жаңарту туралы бас­тама­ларын іске асырудағы  ма­ңызды тетіктердің бірі.

Әлемдік білім берудің нә­ти­желілігіне қарағанда Қазақ­стан бірден 21 орынға жо­ғары көтерілген. Мұндай өсу еш елде бір жылда болған емес. Демек,  біздің еліміздің Білім және ғылым саласындағы осындай жетістіктеге жетуіміз ұстаздарымыздың өл­­­шеу­­­сіз қа­жы­мас еңбегінің  нәтижесі деп білеміз.Ел Президенті білім са­ла­сына үнемі көңіл бөліп, қамқорлық жасап келеді.  Әсіре­се, соңғы екі жылда болып жат­қан білім саласын жаңарту ісіне назары айрықша болғаны белгілі. Елбасы бастамасымен  өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Оның негізгі мақсаты – оқу­шылардың білімдерін өмір­де тиімді қолдануға үйрету. Со­нымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбе­гейлі өзгертудің негізі болып табылады.

«Әлемде  екі қиын іс бар, ол мемлекет басқару және бала тәрбиесі»деген аталы сөз бар, сондай-ақ теориялық мәселелерге сүйенсек , баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады, біріншісі-биологиялық фактор, екіншісі-әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие.

Қазіргі заман талабына сай білім ордаларында  оқушыларға тиімді сабақ барысын  ұйымдастыра білетін жаңашыл ұстаз болу – барша мұғалімдердің  басты мақсаты деп білеміз.  Сабақ қызықты да  мазмұнды болып өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Егер де мұғалім күнделікті  өтілетін сабағын өз дәрежесінде өткісі келсе, жаңа заманның талабына сай инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен тиімді қолдана алуы шарт.  Сонда ғана оқушы  сапалы білім алып,  өз бетімен ізденіп, диалогтік қарым-қатынас арқылы өзін-өзі реттеп, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы түрде  тәрбиеленіп,  елімізге өз үлесін қосатын ұлт перзенті болып  қалыптасып шығады.

1934 жылы Л.Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екенін тілге тиек еткен.Л.Выготский танымдық дамудың оқушылар өздерінің «Жақын даму аймағында» ( (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен.

Зона ближайшего развития - понятие, введенное Л.С. Выготским.Характеризует процесс подтягивания психического развития вслед за обучением. Эта зона определяется содержанием таких задач, которые ребенок может решить лишь с помощью 

взрослого, но после приобретения опыта совместной деятельности он становится способным к самостоятельному решению аналогичных задач.

ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді.

«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн» Г. Галилей. Сабақта диалогтік қарым-қатынас орнатылса білім сапасы артып, оқушылардың  білім Диалог  арқылы оқыту үй тапсырмасын сұраған кезде де, жаңа сабақтың мағынаны тану кезеңінде де, үй тапсырмасын қортындылаған кезде де өте тиімді ге деген қызығушылығы оянады. Диалог  арқылы  білім алуда  үлкен жетістікке жететінін  бірнеше ғалымдар зерттеу барысында анықтаған. Мысалы: ағылшын елінің  ғалымы Барнс сыныпта тіл қаншалықты көбірек қолданылса, оқушылардың білім сапасы соншалықты артатындығын,  мұғалімдерді тек қана тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау, дәлелдеу барысында жүзеге асатындығын айтып өткен.  Ал Александр білім берудегі қарым-қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты жүргенде оқушының  білімі жоғарылайтынын айтқан.

Выготский  ЖАДА арқылы бір-бірлеріне көмек бергенде, көпіршелер құрылғанда, оқушының білімі артатынын, алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін оларды қолдап, бағыт-бағдар беріп мадақтап отыру керектігін айтқан.

Психолог  Жан  Пиаже  когнитивті  дамуды зерттеген кезде, бала өз бетінше айналадағы заттарды зерттеу арқылы дамитынын айтқан. Яғни бала зерттеу жұмыстарын өз бетінше көбірек жүргізсе, өзінің іздеп тапқан материалы есінде мәңгі сақталатынын  түсінікті болды.

Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат- К.Д.Ушинский дегендей. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады. Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады. Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді.

Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір — бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті.

Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы. Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.

Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады.

Ендеше, мұғалімдердің міндеті-жаңаша ізденіс, жаңаша көзқараста жас ұрпақты білім алудағы үлкен жетістіктерге жетелейтіндей сабақтар ұйымдастыру.

Болашағыңның өзгеруін  қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.

 

                                                                                                 Махатма Ганди.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама "Диалогтік о?ыту ?дістерін саба?тарда ?олдану"

Автор: Акашева Рабига Байшаловна

Дата: 03.02.2016

Номер свидетельства: 287821


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства