kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Астана-жастарды?,болаша?ты? ?аласы

Нажмите, чтобы узнать подробности

оооооооооооооооооооооооооооооомммммммммммммммммммммммкккккккккккккккккккккккккккккккиииииииииииииииииииилллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллрррррррррррррррррррррррррррррррррееееееееееееееееееееееееееееееееввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввккккккккккккккккккккккккккккккккбббббббббббббббббббббббббббббввввввввввввввввввввввввввввввввввкккккккккккккккккккккккккккккккккккккккрррррррррррррррррррррррррррррррраааааааааааааааааааааааааааииииииииииииииииииииииииииииииииииеееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееегггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггооооооооооооооооооооооооооооввввввввввввввввввввввввввввввввввв

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Астана-жастарды?,болаша?ты? ?аласы»


Кұні:3.11.2015ж

Сыныбы:8

Тақырыбы:Астана-жастардың,болашақтың қаласы

Мақсаты: Оқушылардың Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу. Астана туралы деректермен білімін дамыту. Отанға деген сүйіспеншілігі мол елжанды азамат тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: саяхат сабақ

Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың портреті, Бәйтерек бейнесі, интерактивті тақта /слайд-шоу/

Барысы:1-жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

2-жүргізуші: Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын!

1-жүргізуші: Тәуелсіз ел болу дегеніміз- кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді , әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің деп білемін. Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді.

2- жүргізуші: Ендеше, құрметі ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейлі тойымен

Екеуі бірге: шын жүректен құттықтаймыз!

1-жүргізуші: Олай болса, «Тәуелсіздіктің жиырма щыңы» – 20 жұлдызды күн деп аталатын іс – шара аясында 7 «в» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Жұлдызы қала – Астана» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2- жүргізуші: Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

1- оқушы: Отан деген от басынан басталар,

Отбасыма от салмасын басқалар.

Отан деген қасиетті, киелі,

Отан десем оянады асқақ ар!

2- оқушы: Отансыздар мына өмірде бос қалар,

Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.

Отанымды күзетеді адалдық,

Сәттерімде мүлт кетпестен қас қағар.

3- оқушы: Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі.

4- оқушы: Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

Бәрі: Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!

Хор: «Егеменді Қазақстан»

1-жүргізуші: Тарихымызда негізгі орын алатын тақырыптардың бірі-туған жер, қала, ауыл,аудан тарихын зерттеп білу. Оның тарихи тұлғаларын, қоғам қайраткерлерін, ұлы адамдарын, тарихи кезеңдерін білу жас ұрпақтың қасиетті борышы болса, Отанды, жерді, елді сүюге баулу мектептің, ата-ананың борышы. Туған жердің тарихын білу үлкен ізденісті талап етеді. Сол себепті Қазақстанның бұрынғы астаналарын еске түсіріп өтейік.

1-оқушы: Орынбор. 1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласы болды. Кейіннен ол Ресей құрамына қабылданады.

2-оқушы: Қызылорда. 1925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді. Қызылорда қаласының бұрынағы атауы Ақмешіт болатын.

3-оқушы: Алматы. Түрксіб құрылысы астананы Алматыға көшіруде басты себеп болды. Бұл заң жүзінде 1927 жылы, іс жүзінде 1929 жылы жүзеге асырылды.

2 – жүргізуші: Міне, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Біз Қазақстанның бас қаласы болған өзге қалаларды да еске түсіре отырып, Астанаға да келіп жеттік.

1-жүргізуші: Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында әлемді өзіне қаратқан жаңа қала бой көтерді. Ол біздің Елордамыз – Астана.

2-жүргізуші: Достық пейіл – татулықтың тірегі.

Біздің халық бейбіт өмір сүреді.

Бар әлемді бір өзіне қаратқан

Елордамыз – Еуразия жүрегі!

1-жүргізуші: Біз бүгінде бүкіл еліміздің игілігі болып табылатын жаңа астанаға ие болдық.

2-жүргізуші: Жаңа елорда Отанымыз үшін біздің сүйікті Қазақстанымыздың жаңа болашағының жарқын да ізгі беташары болды.

1-жүргізуші: Елбасымыз айтқандай, жана әлемдегі жаңа Қазақстанның жаңа Астанасы әрі жас Астанасы қайсымыздың болса да көкірімізде арайлы рухты оятады.

2 – жүргізуші: Міне, биыл Елорданың сағым қуған Сарыарқаның төсіне қонақтағанына – 14 жыл!

Оқушы: Тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден- ақ мекендеп келе жатқандығын аңғартады. Археологтар бүгінгі «Ақорда» резиденциясының маңынан ХІ ғасырдың Бозоқ қалашығының орнын тапты.Бірнеше ғасыр бойы бұл жерде Қараөткел транзиттік және сауда-айырбас орталығы орын алды. Уақыт өте келе ол Ақмола елді мекеніне айналды.


1832 жылы бұл жерде Ақмола приказы мен сыртқы округі ашылып, 1862 жылы округтік қала мәртебесіне ие болды. 1961 жылы Ақмола қаласының аты Целиноград болып өзгертілді және ол республикамыздың бірнеше ірі облыстары кірген Тың өлкесінің орталығына айналды.

Оқушы: Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы қалаға тарихи Ақмола атауы қайтарылып берілді. Бес жыл өткен соң, яғни 1997 жыл 10 желтоқсанда бұрынғы тыңның астанасы Ақмола қаласы күллі Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды.


















































№2 мектеп гимназиясы















Астана-жастардың,болашақтың қаласы













Өткізген:Қ.Мұрзалина

Сыныбы:8













Шалқар-2015


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Астана-жастарды?,болаша?ты? ?аласы

Автор: М?рзалина ?азыг?л Д?йсенбай?ызы

Дата: 28.02.2016

Номер свидетельства: 300301


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства