kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ана тілім-ажарым, асыл м?рам"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?сынылып отыр?ан т?рбие сайыс саба?ыны? жоспары, 7-сынып о?ушыларына лайы?ты етіп ??рыл?ан. ?р т?рлі сайыс т?рлері ?амтыл?ан б?л жоспар тілдер апталы?ында ?ткізуге ?те ?олайлы д?ние. Сайысты? ?р кезе?інде о?ушыларды? ой-?рісі, тіл байлы?ы дамиды. Сонымен ?атар, п?наралы? байланыс та бар. Я?ни орыс тілі, а?ылшын тілі п?ндерінен де с?ра?тар ?амтыл?ан.

Ма?саты: о?ушыларды ана тілін ??рметтеп, сыйлай білуге т?рбиелеу. Тіл байлы?тарын дамыту болып келетін б?л ж?мысты? жоспары ?ріптестеріме болаша?та к?мегі тиер деген ?міттемін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ана тілім-ажарым, асыл м?рам"»

1Егіндікөл орта мектебі.











Өткізген: Алиякбарова А.С.



2015 жыл.

Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, стенд, суреттер, гүлдер, шарлар, буклеттер.

Барысы:

Залда әсем күй орындалып тұрады.

1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, оқшылар, «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» танымдық кешіне қош келдіңіздер!

« Ана тілім өркенде, Бола бер күшті, көркем де.» «Тіл мерекесі құтты болсын.»

Кешіміз екі бөлмнен тұрады.

І бөлім: « Ана тілім – мерейім». Оқушылар тілге деген құрметін жүрекке ұялаған өлеңдермен жеткізеді.

  1. оқушы: Тілім менің – тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің?!

Өз халқына жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің.


2-оқушы: Тілім менің – қуатым, күшім менің,

Күшім кетсе не болар ісім менің?!

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

Тілімменен тірлікті мүсіндедім.


3-оқушы: Тілім менің – асылым,арым менің,

Арым кетсе не пайда барым менің?!

Бас кескендер тілімді кесе алмаған,

Тілден бұрын кетеді жаным, дедім.


4-оқушы: Тілім менің – қазынам,қасиетім,

Қасиетім бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың түрі жоқ,түбірі жоқ,

Бола көрме,ана тіл,қасіретім.





5-оқушы: Тілі өлсе болмайды тірі халық,

Бірі өліп тұра алмас, бірі қалып!

Басқа емес өз ана тілінде тек

Тіршілігін білдірер ұлы халық.




6-оқушы: Тілім менің – ғасырлардан аманат,

Аманатқа адал болсын қағанат,

Ар-намысқа келтірмейік жаманат,

Қазақ болып туылдық па,

Ендеше

Өз тіліңді өзгелерге бағалат.


2-жүргүзуші: Сүйемін туған тілді,анам тілім,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен мирутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

(Ән: «Анамның тілі – айаулы үні».)


1-жүргізуші: Қасиетің,ана тіл,аз ба сенің?!

Өзің барда ескірмес,тозбас елім.

Сен болмасан ұлы Абай ақын болып,

Мұқағали отты өлен жазбас еді.

( Абай иен Мұқағали өлендері оқылады.)


1-оқушы: « Қалың елім,қазағым,қайран жұртым»

Қайран елім, қазағым ,қайран жұртым,

Ұстарасыз аузына түсті мұртың.

Жақсыменен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп, енді екі ұртың.

Бет бергенде шырайың сондай жақсы,

Қайдан ғана бұзылды сарттша сыртың?

Ұқпайсың өз сөзіннең басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың.

Көрсе қызар келеді байлауы жоқ ,

Бір күн тыртың етеді , бір күн бұртың.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінекей бұзған жоқ па елдің сыйқын?

Өздерінді түзелер дей алиаймын,

Өз қолыңан кеткен соң енді өз ырқың.

  1. оқушы: « Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым- халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым-тілім менің,

Тас жүректі тіліменен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші- отан дегн,

Кім мықты десе біреу Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,

Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

2-жүргізуші: Ана тілін білмеген

Ардық тұтпас даласын.

Ана тілін білмеген

Сыйламайды анасын.

Ән: « Анашым».

1 – жүргізуші: Тамаша өлең таңдайға татып балдай,

Өз тіліңде жыр оқу бақыт қандай!

Жан дүниең жарқырап сала берер

Ағарып келе жатқан атып таңдай.

3 – оқушы: О, туған тіл! Дүниеде

Сен болмасаң не етер ем?

Аң мен бірге аң болып,

Шаң мен бірге шаң болып

Ұстараның қолында,

Тістегеннің аузында

Олжа болып кетер ем.

Сені берген атамнан

Сені үйреткен әжемнен

Қалай айналмаспын мен!

Сенен алған намыспен

Қырқып тьүсер қылыштай

Қалай қайралмаспын мен!

Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста мұңды жүрек түңдігін.

Тіл туралы заңым енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

4 – оқушы: Қазақ тілі- Атаң, Анаң!

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған.

Ұлтын-қасиетін,

Тартқандай талай ұлыстар бар

Тілсіздіктің қасіретін.

5-оқушы:Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері-түп қазығы,айбаны.

Туған дәстүр,салт-санасы тірегі,

Қадамын шуық шашар үнемі.

Және туған тарихы еске алу қашан да

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана-

Тағдырыңның тынысы

Төрт ана үшін болған күрес-

Күрестердің ұлысы.

6-оқушы:Әкемнің құты,шешемнің сүті

Сіңірген тұла бойыма.

Бар асылын халықтың,

Өткен ұлы тарихтың

Құйған сана,ойыма.

Туған тілім,өркенде,

Бола бер күшті,көркем де.

7-оқушы:Қазақ тілі,

Ол-менің ана тілім.

Ләззат-қуат

Сөйлессем табатынмын.

Тізілетін сөз маржан

Жазғанымда.

Білем анық,

Бағымның жанатынын.

Қазақ тілі,

Байсалды баба тілім.

Сол байлықтан

Аз емес алатыным.

Беретінім

Қанша екен? Шүбәсіз хақ

Қарыздар боп

Әйтеуір қалатыным.

Тілім менің,

Шешен де дана тілім!

Сәтін күткен

Жұлдызды сағатының.

Көмілмеген

Шыңына ғасырлардың.

Сен-үнісің

Бүгіннің, ертегінің.

Сен тілісің

Ұрпақтың талайының.

Сен тілісің

Махамбет, Мұхтарлардың.



ІІ бөлім: « Ана тілі – білімнің кілті»


( Топтар арасындағы сайыс)


2-жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

« Халық айтса қалып айтпайды»,

Әрқашанда нанымды,- дей келе сайыскерлерді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. Сайысымыз бірнеше бөлімнен тұрады.

  1. Таныстыру.

  2. Бәйге.

  3. Полиглот.

  4. тіл-өнер ( өлеңмен жалғастыру)

  5. Көрініс.

  6. Әдебиет айнасы.

  7. Топбасшылар сайысы.

1-жүргізуші: Кім білімді, өнерпаз, білейікші,

Оқушылар алғыр деп жүрейікші.

Әділқазылар алқасына тек әділдікті,

Сайыскерлерге сәттілік тілейікші,- деп сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.

Таныстыру: ( әр топтың таныстыруы тыңдалады)

  1. жүргізуші: Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білімдеген ақылшың

Қиындықтан өткізер. Келесі сайысымыз – « Бәйге».

« Бәйге» ( Әр топқа сұрақтар қойылады)

1-топқа

1) Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды? ( 1989 жылы 22- қыркүйек)

2) Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім?

( А.Байтұрсынұлы)

3) Фонетика нені зерттейді? ( Тіл дыбыстарын)

4) Түбір дегеніміз не? ( Сөздің түпкі мағыналық бөлшегі)

5) Жалғау нешеге бөлінеді? ( Төрт түрге)

6) Қазақ тілінде неше буын бар? ( Үш: ашық, бітеу, тұйық)

7) Күрделі сөздер нешеге бөлінеді? ( төрт түрге)

8) Үш жұртты ата.

9) Қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған сөздерді қалай атайды? ( архаизм)

10) Буын үндестігіне бағынбайтын септік? ( Көмектес)


2-топқа

1) Қ.Р тіл туралы заңы қашан қабылданда? ( 1997ж 11-шілде)

2) Алғаш қазақ балаларына мектеп ашқан кім? ( Жәңгір хан)

3) Әріп деген не? ( Дыбыстың жазудағы таңбасы)

4) Түбірлес сөздер дегеніміз не?

5) Қосымша нешеге бөлінеді?

6) Жұрнақ нешеге бөлінеді?

7) Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

8) Үш ғайыпты ата? ( ажал, дидар, несібе)

9) Лексикалық мағынасы жағынан қарама қарсылықты білдіретін сөз қалай аталады? ( Антоним)

10) Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? ( дара, күрделі)


Полиглот ( Мақал - мәтелдің түсіп қалған сөздерін анықтап, үш тілдегі баламасын табу керек)


1-топқа


  1. Құлақтан кірген...

Жүрекке барып мұз болар.( сөз-слово-word)


  1. Таза мінсіз асыл...

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.( тас-камень-stone)


  1. Бас кеспек болса да,

... кеспек жоқ. ( тіл-язык-language )


2-топқа


  1. Сөз анасы – құлақ,

... анасы – бұлақ. ( су-вода-water)


  1. Ілім – бұлақ

...- шырақ! ( білім-знание-knowledge)


  1. Жігіт бір сырлы,

... қырлы болсын. ( сегіз-восемь-eight)


1-жүргізуші: Ана тілім – анамның

Ақ сүтімен келген тіл.

Ана тілі – бабамның

Ақылымен өрген тіл.

Сайысымыздың келесі бөлімі – « Тіл өнері». Бұл бөлімде өлеңді жалғастырып, кімнің қандай өлеңінен екенін табу)


1-топқа

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам.

( жалғасы: Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда кім болам?)

Сұлтанмахмұт Торайғыров. « Шәкірт ойы»

2-топқа:


Білем сені, сүйем сені

Сырдың суы қарт анам.

(жалғасы: Сенсің мені әлдилеген,

Туған сенен мен балаң)

Ә. Тәжібаев. « Сырдария»


Ән орындалады.


2-жүргізуші: Бір-ақ ауыз сөзімен

Дауды әділ шешкен тіл.

Өз елін әнге бөлеп,

Әзілдескен көркем тіл.

Келесі сайысымызда « Тіл шеберлігі әзілде» тақырыбында көрініс көрсету. ( Әр топ көрініс көрсетеді)


1-жүргізуші: Алуан – алуан ғасырдың

Шежіресі болған тіл.

Небір ұлы асылдың

Шын көңілі толған тіл.

Келесі сайысымыз « Әдебиет айнасы» деп аталады. Сұрақтар әдебиет пәніне байланысты болады.


1-топқа


  1. Ауыз әдебиетінің түрлерін ата.

  2. « үш бәйтерек» деп кімдерді атаймыз?

  3. Қазақтың бас ақыны кім?

  4. Қазақ халқын әлемге танытқан шығарма қалай аталады?

  5. Жүз жасаған ақын кім?


2-топқа


  1. Ы. Алтынсарин шығармаларын ата.

  2. « Бес арыс» деп кімдерді атаймыз?

  3. Жыр құлагері атанған кім?

  4. «Ана» тақырыбына кеңінен қалам тартқан кім?

  5. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман қалай аталады?


2-жүргізуші:















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ана тілім-ажарым, асыл м?рам"

Автор: Алиякбарова Асима Сулейменовна

Дата: 04.01.2016

Номер свидетельства: 272219


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства