Просмотр содержимого документа
«АНА ТІЛІМ-АРДА?ЫМ»
Сыныбы:9
Күні:20.10.2012ж
Тақырыбы:Ана тілім-ардағым.
Мақсаты: 1. Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу.
2. Ой-өрісін дамыта отырып, оқу дағдысын қалыптастыру.
3. Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер,.
Барысы: 1.Ұйымдастыру.2.Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі-оның ана тілі,ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдында мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін,мәдениетін,ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез-келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін,ана тілін айрықша қорғайды. Ал,біздің Қазақстан Республикасында қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілімізді дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз-біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп,туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.
Тіл халық тарихы,тіл ұлттық қазына, тіл –біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.
1-оқушы Қазақ тілі –өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым,дара тілім.
2-оқушы: Қазақ тілім-саялаған нұр бағым.
Қазақ тілі-ана тілім,ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
Жан сырларым,тілегім,бар арманы
1. Бәйге.
2. 2. Полиглот (қазақша,орысша)
3. «Мақал сөздің мәйегі» (мақалдың жалғасын тап)
4. Мақалдар сайысы.
Бәйге 1-топ «Тапқырлар»
1. Өнер алды не?(қызыл тіл)
2. Ең бірінші бақытым ..(халқым).
3. Үш биді ата (Әйтеке,Төле,Қазбек)
4. Тілдің ең негізгі қызметі (сөйлеу,қарым-қатыныс жасау)
5. Ашу дұшпан -...(ақыл дос)
6. Тіл туралы заң қашан қабылданды?(1997 ж 11 шілде)
2-топ «Алғырлар»
1. Сөз анасы...(құлақ)
2. Ал екінші бақытым (тілім менің)
3. Құрғақ сөзінің антонимы(ылғал)
4. Мұсылмандардың қасиетті үйі (мешіт)
5. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды (бәйге)
6. Мұсылман дінінің қасиетті кітабы(құран)
Полиглот 1-топ. 1.Тілі бар үні жоқ,
Өзіне адам түсінген,
Жүрегі бар да,қаны бар,
Сөйлеп тұрған үні жоқ. (кітап,книга)
2. Көз қорқақ не батыр? (қол,рука)
2-топ 1.Адамды адам еткен не? (еңбек,труд)
2. Аяғы біреу,қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам,ручка)
«Мақал сөздің мәйегі»
1-топ 1.Жеті рет өлшеп,...(бір рет кес)
2. Тіл тас жарады,..(тас жармаса бас жарады)
3. Тіл-жұтылмас....(байлық)
4. Көп тыңда...(аз сөйле)
2-топ 1.Өнер көзі-...(халықта)
2. Ана тіліңді ұмытқаның ....(өз ұлтыңды құртқаның)
3. Ақыл азбайды...(білім тозбайды)
4. Өнер ....(өрге жүзеді)
Оқушы:
Ана тілі-күш қуатың,
Ана тілі-кәусар-суатың.
Ана тілі-бағыт-бағдарың,
Ана тілі-арман-мұратың.
Әділқазылар қорытындысы,марапаттау. Жеңген жеткен «Тапқырлар» тобы.