kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?ыл с?з,на?ыл с?з

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:  хал?ымызды?  ата  заманнан  келе  жат?ан  ?лтты?  салт–д?ст?рі  негізінде  адамгершілікке , имандылы??а ,инабаттылы??а  т?рбиелеу;?лтты?   д?ниетаным   негіздерін  ?алыптастыру,бабалардан   ?ал?ан  ?ла?атты , ?ибрат  аларлы?   с?здерді   балалар?а  ??ындыру,сол   с?здерден  ?неге  алу?а  баулу.

К?рнекілігі:   ?анатты   с?здер , ма?ал – м?телдер ,с?зж?мба? , ребус , «Бой  жазу»  т.б.      ойындар.

                                      Барысы.

?йымдастыру  кезе?і

1-ж?ргізуші:Сен  білесі?  бе? Бізді?  кезекті  сынып  са?атымыз  ?алай  аталады  екен?

2

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?ыл с?з,на?ыл с?з »

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш қаласы

«№5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебі»

мемлекеттік мекемесі






Ашық тәрбие

сағаты



Тақырыбы: «Ақыл сөз , нақыл сөз»











Бастауыш сынып мұғалімі:Бостанова Гульмара







Мақсаты: халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық салт–дәстүрі негізінде адамгершілікке , имандылыққа ,инабаттылыққа тәрбиелеу;ұлттық дүниетаным негіздерін қалыптастыру,бабалардан қалған ұлағатты , ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру,сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер , мақал – мәтелдер ,сөзжұмбақ , ребус , «Бой жазу» т.б. ойындар.

Барысы.

Ұйымдастыру кезеңі

1-жүргізуші:Сен білесің бе? Біздің кезекті сынып сағатымыз қалай аталады екен?

2-жүргізуші:Кел , «Сиқырлы кітабымызды» ашып көрейік!

Ой , кітап ашылмады ғой!

1-жүргізуші:Онда біздің сабағымызға үлкен қария қонаққа келмекші.Міне , сол кісі бүгінгі сынып сағатының қай тақырыпта өтілетінін айта келмекші.

2-жүргізуші:Қайда екен ол кісі?Қарсы алайықшы.

Екеуі бірге:

Ассалаумағалейкум әже!

Әже: Амансындар ма, балалар !Мен сонау алыстан ат терлетіп сендердің сабақтарыңа асығып келдім.

1-жүргізуші:Ақсақал , бүгінгі сабағымыз сіздің келуіңізге байланысты болып тұр.Сабақты қай тақырыпта өткізген дұрыс деп ойлайсыз?

Әже:Әй,балаларым–ай! Қазір қиын заман болып тұр ғой!Кішкентай балалар өнегелі болып өсуі үшін нақыл сөздерді үйретсек қайтеді?

2-жүргізуші:Онда бүгінгі сабағымызды «Ақыл сөз ,нақыл сөз» деп алғанымыз дұрыс болар.

1-жүргізуші:Әже бұл сабағымыз мәнді болу үшін қалай , неден бастағанымыз дұрыс?

Әже:Қане , балаларым ,бәріміз алдымен тәрбие ауылына барайық.

Тәрбие ауылы(Көріністер)

1-көрініс

Әкесі газет оқып отыр ,баласы келеді. Екі қолын бүйіріне таянады.

–Әке , доп ойнап келсем қайтеді?

–Бара ғой , балам!

Балам, мына тұрысың не ,екі қолыңды бүйіріңе таянғаның не ?

Белді таянуға болмайды.Бұл жаман ырым.

–Жарайды , әке , енді қайталамаймын!

–Дұрыс.

Балалар белді таянған жаман ырым.

2-көрініс

Анасы киім тігіп отыр .Қызы жүгіріп келеді.

–Анашым , сіздің қасыңызға отыруға бола ма?

–Келе ғой , күнім!

Қызы тізесін құшақтайды.

–Қызым , тізеңді құшақтама ,бұл жаман ырым.Бұрынғы кезде ері қайтқан әйелдер тізесін құшақтап жылаған.Енді бұлай істеуші болма!

–Жарайды , апа!

Әже:Қандай тәрбиелі , өнегелі балалар!

2-жүргізуші:Әже, енді осы балалардың тыйым сөздерді қаншалықты білетіндігін байқасақ қайтеді?

Ернұр:Отқа су құйма , түкірме, от – өмір , тіршілік көзі.

Алтынай:Қазақ түнде мал , адам санамайды , себебі басың кемиді деп есептеген.

Әсілбек:Пышақтың жүзін жалама, пышаққа кезенбе , себебі пышақ ұзарып кетеді.

Нұрлыбек:Үйге қарай , үйді айналып жүгірме.

Сая:Айға қарай қолыңды шошайтпа

Ғалымжан : Күлді , тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады .

Сұлтан : Жағыңды, беліңді таянба , тізеңді құшақтама .Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады .

Бейбарыс : Бас киімді лақтырма , теппе, басың ауырады .

Асхат : Итті теппе , итке су шашпа , ит те жеті қазынаның бірі .



«Ата толғауы» күйі ойнап тұрады.

1 – оқушы:

Ата салты – ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

2 – оқушы:

Көп жасаған қария –

Ақылы теңіз –дария

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ , өзі нәр.

1-жүргізуші:Арман деген не?

3 – оқушы:

Арман деген – ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді,қыз көрікті болсам дейді,жігіт бақытты болсам дейді.Қарт жүзге жетсем дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді.Арманына адаспаған жетеді , ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді.

2-жүргізуші:Бақытты болу оңай ма ?

4 – оқушы:

Ақыл басыңда болса , бақыт жаныңіда боладды. Ақыл адамды азаптан да , мазақтан да құтқарады.Өмірде шын бақытты боласмын десең , ақылдықты үйрен.

1-жүргізуші: Дос табу оңай ма?

5 – оқушы:

Өмірде ақылдыға дос табу қиын , ақымаққа оңай . Ақылдының досы аз , қасы көп , ақымақттың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады.

2-жүргізуші: Өмірде не жетім?

6 – оқушы:

Өмірде тоғыз жетім бар.

Халқына сенімсіз болса – хан жетім

Ханы ақылсыз болса – халқы жетім.

Кеңесшісі ақылсыз болса – әкім жетім.

Суы жоқ құдық –жетім

Ұлы жоқ әке –жетім.

Қызы жетесіз болса – ана жетім.

Досы жоқ жігіт – жетім.

Шәкіртсіз ұстаз –жетім.

Ата-анасы жоқ бала –жетім.

1-жүргізуші:Үйде кім ,елде кім қадірлі?

7-оқушы: Үйде қонақ , қарт, бала қадірлі.

Елде хан, әкім , ұстаз қадірлі.

2-жүргізуші:Жоқты бар , ашты тоқ ететін кім?

8-оқушы: Әке қанша мейірімді болса да , ананың жөні бөлек.Жоқты бар ,ашты тоқ ететін –ана.Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.

1-жүргізуші: Елді кім , үйді кім бүлдіреді?

9-оқушы:Елді өсекші бүлдіреді,үйді ақылсыз бала бүлдіреді.

Әкім ақылсыз болса – ел тозады, өсек әкімді өсірмейді.

2-жүргізуші: Үйдегі алтын қазық кім?

10-оқушы:Үйдегі алтын қазық – ана.Ана ақылды болса , бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың , әке – қамқоршың.

1-жүргізуші:Өмір сүру үшін не қажет?

11-оқушы: Адамның өмір сүруі үшін су , от, тұз,ақыл қажет.Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді,тұз астың дәмін келтіреді,ақыл мәнін береді.Адам ақылмен ағайынды табады, ақылсыз адам ағайыннан безеді.

«Испан» биі

2-жүргізуші:Шындықты не бұзады?

12-оқушы:Тіл бұзады.Шындықты тіл бұзса , өсекші көбейеді , не өсек көбейеді.Адал адам шындыққа ие болса ,ақылы артады.Ақымақ адам шындықты білсе , өсек қылады.Өсек ерді бұзады.

1-жүргізуші:Адамға ақыл беретін кімдер?

13-оқушы: Ата – ана, ұстаз, дос. Ата – ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Адал дос – ақылшың , ақылшы дос - жақының. Досы көптің табысы көп , табысы көптің жақыны көп.

2-жүргізуші: Адамның ақылы қайда ?

14-оқушы: Ханның ақылы тағында .

Әкімнің ақылы жанында.

Ғалымның ақылы басында .

Ананың ақылы жасында.

Жігіттің ақылы жақсылығында.

Ақымықтың ақылы қім көрінгеннің қалтасында.

«Үнді» биі

1-жүргізуші: Достықты нығайтатын не ?

15-оқушы: Достық пен жолдастықты нығайтатын - ынтымақ, бірлік , теңдік , бауырмалдық. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі , кешіре білген рахмет те айта біледі .Жөн сөз көңіліңді көтереді , жөнсіз сөз өміріңді өшіреді .

2-жүргізуші:Жерден ауыр не?

1-жүргізуші:Алты алаш деген не?

2-жүргізуші:Дүниеде не жетім?

1-жүргізуші:Дүниеде не қымбат?

2-жүргізуші: Мақал – мәтелдер айтысы

Бану:Сәлеметсіз бе? «Көрген жерде ауыл бар» ,- деп келіп қалдық.

Тоғжан: «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» ,- демекші , қалыңыз қалай?

Жанель: «Алыстан сәлем береді , әдепті елдің баласы» ,- дегендей, қандай әдепті баласыңдар!

Әсілбек: «Келгенше қонақ ұялады , келген соң үй иесі ұялады» ,- деуші еді,келіңіздер , төрге шығыңыздар ,қонақ болып кетіңіздер.

Ернұр: «Жат асына қарайды,дос басына қарайды» ,- деуші еді аталарымыз , қысылмаңыз.

Алтынай: «Қонағын сыйласа ,төрге шық» ,- дегендей төрге шығайық.

Асхат: «Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше» ,- демекші таныса отырайық.

Бану: «Мыңның түсін танығанша ,бірдің атын біл» ,- деген ,есіміңіз кім болады.

Гүлназ: «Ас– адамның арқауы» ,-деген , ас алып отырайық.

Мехрибан: «Досыңның асы қасыңдай іш!» ,- демекші ,Алла риза болсын.

Нұржан:Көңілмен берсе , қара суда бал татыр.»

Мадина: Иә, «Досы жоқ адам,тұзы жоқ тағам» ,- демекші,досың көп болғанға не жетсін.

Ғалымжан:Халқымызда «Қонақ кәде» деген болушы еді. «Өнерлі өрге жүзер» ,- дегендей , өнерлеріңіз болса, көрсете отырыңыздар.

Рақила: Алдымен ауылдың алты ауызы айтылмаушы ма еді?

Ән Гүлназдың орындауында

Би:Ролли –Полли

1-жүргізуші: «Құтты қонақ келсе ,қой егіз табады» ,- дегендей , ауылымызда той болып жатыр. Тәрбие сағаты өтіп жатыр.

Азиза: «Бір ауылда мың туысың болғанша , әр ауылда бір туысың болсын» ,- деген.

Аружан: «Қырықтың бірі –Қыдыр»,-деген келіп тұрыңыздар.

Сая: «Тойған жерге тоғыз кел» ,- демекші тағы келіп тұрармыз.

Сабина: «Қонағыңнан алтын алма , алғыс ал» ,- деген, кәне бір бата беріп жібер.

Сұлтан: Жүйрік тілді ақын бол! Атам кітап , мен дәптер,

Жақсыларға жақын бол! Ақыл толы сөзіне

Достарыңмен тату бол! Қызығам да әлбетте

Дұшпаныңа қату бол! Көшіремін өзіме

Ұсақ болма ,ірі бол!

Өз ортаңның гүлі бол! Еш дүкенде сатылмас

Ата–анаңның көзінің Тегін кітап – атамыз.

Сөнбейтұғын нұры бол! Қанша оқысаң сарқылмас,

Кім болсаң да әйтеуір Өмір кітап – атамыз.

Азаматтың бірі бол! Беттері ашық ұдайы,

Туған елдің ұлы бол! Оқылатын кітап ол.

16-оқушы:Біз гүлдерді жұлмаймыз, Сырын ашып ұдайы,

Торғайларды қумаймыз. Тоқылатын кітап ол.

Айтқан сөзді тыңдаймыз,

Ата–әжені сыйлаймыз.

2-жүргізуші:Әкемізге еркелеп , анамызды тыңдаймыз,әжем айтар ертек көп , атамызға сыйламыз.

Ән «Ертегі әлемінде»

Хор «Қазақстаным болашағым»

Қорытындылау. Ата–аналарға сөз кезегі беріледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
А?ыл с?з,на?ыл с?з

Автор: Бостанова Гульмара Нураковна

Дата: 24.11.2014

Номер свидетельства: 135025


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства