kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

2-4 сынып о?ушылары арасында?ы "Білімділер" сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

2-4 сынып о?ушыларына арнал?ан "Білімділер"  сайысыны? ма?саты о?ушыларды? білімге, білуге деген ??штарлы?ын арттыру, д?ниетанымын ке?ейту, ойлау ?абілеттерін дамыту. Тап?ырлы??а, шапша?ды??а, шешендікке баулу. Б?л сайыс бастауыш сыныпта о?ытылатын ана тілі, ?аза? тілі, математика, д?ниетану, е?бек, бейнелеу п?ндеріне арнал?ан   ба?дарламалары  негізінде ??рыл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«2-4 сынып о?ушылары арасында?ы "Білімділер" сайысы »

«Білімділер» сайысы

( 2-4 сынып оқушылары арасындағы білім сайысы)

Өткізілетін орны: мультимедия кабинеті

Күні: 20- қараша 2014 жыл

Мақсаты: Оқушылардың білімге, білуге деген құштарлығын арттыру,

дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, шешендікке баулу.

Қатысушылар : бастауыш сынып мұғалімдері және 2-4 сынып оқушылары

Сайыстың өткізілу барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар!

Сырлары көп білімнің,

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің,

Керек екен бәріне.

Ал, келіңдер, келіңдер.

Біріңе –бірің еріңдер.

Білімдеріңді тексеріп,

Жарысып бір көріңдер!- деп, бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілгелі отырған «Білімділер» сайысына қош келдіңіздер!

Ортаға ойыншыларымызды шақырамыз:



2-сынып оқушылары: Зайтын Аңсаған, Омар Рамазан



3-сынып оқушылары: Досжанов Мейірлан, Аманбек Сауле



4-сынып оқушылары: Ақан Ақиқат, Асылбекова Қарақат



Сайыс шарттары:

1-бөлім: «Бәйге» ( 12 сұрақ )

2-бөлім : « Тіл – өнер»

3-бөлім «Ғажайып сандық»

4-бөлім: «Тұлғаларды таны»

5-бөлім: « Жорға»

6-бөлім: « Мен елімнің азаматымын...»

Енді әділ-қазылармен таныс болыңыздар:

Мектеп директоры: Мұстағұлов Серік Көкенайұлы

Оқу ісінің меңгерушісі: Мұқанова Қорлан Сониятқызы

Тәрбие жөніндегі орынбасар: Сахимова Надежда Зинатоллаевна

Бірінші айналым : «Бәйге»

Шарты: Жалпылама 12 сұрақ оқылады. Кім бірінші әрі дұрыс жауап береді,сол оқушы 10 ұпайға ие болады.

  1. Күз айларын ата? (қыркүйек,қазан, қараша)

  2. 16-желтоқсан – қандай күн? ( Тәуелсіздік күні)

  3. Эссе деген не? (шағын шығарма)

  4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? ( айырманың мәні)

  5. Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты?( топырақ)

  6. Құрлықтағы алып жануар? ( піл)

  7. Асхана сөзінде неше буын бар? (үш)

  8. Аудандық газетіміз қалай аталады? (Қарқаралы)

  9. Көру мүшесі?( көз)

  10. Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)

  11. Бір жылда неше маусым бар? (4)

  12. Аптаның үшінші күні? (сәрсенбі)



  • Әділ қазылар ойыншылардың ұпай сандарын айтып өтеді.



Екінші айналым : « Тіл – өнер»

Бұл кезеңде сайыскерлерге жұмбақ жасырылады. Жұмбақтың шешуіне байланысты мақал-мәтел айту тапсырылады. Толық жауап берсе 20 ұпай саналады.

1.Түк білмей барасың,

Тәлімін аласың.

Есейіп кетсең де,

Қарыз боп қаласың

(мектеп) «Мектеп – кеме, білім –теңіз»

2. Көлемі шағын, қыры көп,

Қолдан қолға өтеді.

Өмірдің ұшан сыры көп,

Ішіне сыйып кетеді.

( кітап) «Кітап-білім бұлағы, білім – өмір шырағы»

3. Жарықта жағалайды,

Қараңғыда жоламайды

(көлеңке) «Жаман дос – көлеңке»

4. Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен.

(Су) « Су бар жерде өмір бар»

5. Сүйексіз қып жаратқан,

Жұртты аузына қаратқан

( тіл ) «Тіл тас жарады, тас жармаса,бас жарады»

6. Желден желігеді
Судан шегінеді.

(От) «Отан оттан да ыстық»



  • Екі айналымнан кейін ұпайы аз екі ойыншы ойынан шығарылады.

Үшінші айналым : «Ғажайып сандық»



10


Қазақ тілі


10


Математика

10


Әдебиеттік оқу

20


Математика


20


Дүниетану

20


Еңбек

30


Әдебиеттік оқу


30


Математика

30


Қазақ тілі


Қазақ тілі 10 ұпай

2-сын. Қ/т неше дауысты дыбыс бар? /12

3-сын.Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді? /3

4-сын.Дыбыс үндестігі деген не? / Дау-з дыб. Бір-біріне ықпал етіп, өзара үнд.



Математика 10 ұпай

2-сын.8 бен 10 санының қосындысынан 2-ні азайт / 16

3-сын. Зинат 5-ші қабатта, ал Ғани сол үйде бірақ екі есе биік қаб.-та тұрады. Сонда

Ғани қай қабатта тұрады? / 10 –шы қабатта

4-сын.1ғас.50 жыл неше жылға тең? / 150 жыл



Әдебиеттік оқу 10 ұпай

2-сын.Төрт түліктің пірін ата/ ойсыл қара, сексек ат,қамбар ата,зеңгі баба

3-сын. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім? / м.Шаханов.

4-сын. Ер Тарғынның тұлпары қалай аталады?





Математика 20 ұпай

2-сын. а-8, мұнд. а=30 – бұл қандай өрнек? / санды өрнек

3-сын. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті / көбейт-ң орнын ауыст.көбейт мәні

Өзгермейді

4-сын.1362-санын разрядтық қосылғыштарға жікте./1онд.3жүзд.6онд.2бірл.

Дүниетану 20 ұпай

2-сын. Табиғат дег.не? / қоршаған орта

3-сын.Жер бетінің кішір.бейнесі? / карта

4-сын. Алтын қандай металл? / түсті металл







Еңбек 20 ұпай

2-сын. Материал дегеніміз не? / бұйым жасайтын зат

3-сын.Мозаика деп нені атаймыз?/бір н/е одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен

жасалған сурет

4-сын.Сема деген не? / суретпен бейнеленетін бір нәрсенің жасалу реті



Әдебиеттік оқу 30 ұпай

2-сын.Абай атамыз айтқан бес асыл іс?

3-сын.Мемлекеттік рәміздерді ата /

4-сын.Әсірелеу деген не?/ бір нәрс. н/е оқиғаны күшейтіп,үлкейтіп айту



Математика 30 ұпай

2-сын.онд.саны 1-ге тең екі таңбалы сандарды ата/ 11,12,13,14,15,16,17,18,19

3-сын.100 санының 4/1 бөлігі нешеге тең?/ 25

4-сын. 15м 26 см неше см-ге тең? / 1526см



Қазақ тілі 30 ұпай

2-сын.Мәтіннің түрлерін ата. / әңгімелеу,пайымдау,сипаттау

3-сын.Даурен үшінші сыныпта оқиды. Айтылу мақсатына қарай қандай сөйл.

түріне жатады?/ хабарлы сөйлем

4-сын.Қараша – күздің соңғы ай. Сөйл-гі тұрл-лы мүшел-ді ата / қараша-баст.

айы –баян.



Төртінші айналым : «Тұлғаларды таны»

Бұл бөлімде ойыншылар сандар артына жасырылған белгілі тұлғалар туралы мәліметтер айтады.

1.Бұл кім?

2. Сен ол тұлға туралы не білесің?

3.Жауап : 20 ұпай көлемінде беріледі.









Мұхтар Әуезов – ұлы жазушы,ғұлама ғалым, қоғам қайраткері. Ол Семей обл. Абай ауданында 1897жылы 28-қыркүйекте дүниеге келген. Абай атамыз туралы «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған.







Шәкәрім Құдайбердіұлы – 1858 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абайдың немере інісі.Ол бірнеше тілді өз бетінше меңгерген. (араб,парсы,түрік,орыс)1905 -1906 жылдары Меккеге барып, мұсылмандық жолды мұрат еткен. Ол – ақын, ұлы ойшыл, кемеңгер адам.



Ахмет Байтұрсынов – ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым,аудармашы, ағартушы. Ол 1873 жылы 15-қаңтарда Қостанай обл. Жангелдин ауд. дүниеге келген.1913 жылы тұңғыш «Қазақ» газетін шығарды.

Қазақ әліпбиінің негізін салушы.



Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ҚР тұңғыш Президенті. Ол 1940 жылы 6-шілдеде Алматы обл. Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын Қарағанды металлургия зауытында бастаған. Ұлт мақтанышына айналған еліміздің басшысы.



  • Осы айналымнан кейін ұпай саны аз екі ойыншы ойыннан шығарылады.



!!! Ұпай сандары тең болып қалған жағдайда ойыншыларға берілетін тапсырмалар:

« Сандар сыры»

Берілген сандардың еліміздегі мерекелік атаулы күндермен сәйкестігін атайсыздар.



1, 8, 9 , 15, 16, 22, 30



Бесінші айналым: «Жорға»

А нұсқасы

  1. Тұңғыш Президент? / Н.Ә.Назарбаев

  2. Абайдың әжесі?/Зере

  3. Сен тұратын елді-мекен?/Бүркітті

  4. Аң патшасы? / арыстан

  5. Діни мереке? / айт

  6. Жазу құралы / қалам

  7. Бір аптада неше күн бар? / 7

  8. Ас атасы-? / нан

  9. Қағаз неден жасалады?/ағаштан

  10. Күй атасы-? /Құрманғазы

Б нұсқасы

  1. Елбасы -?/ Н.Ә.Назарбаев

  2. Абайдың анасы-? /Ұлжан

  3. Сен тұратын аудан? / Қарқаралы

  4. Қорқақ аң?/қоян

  5. Мұсылмандық мереке?/айт

  6. Есту мүшесі?/құлақ

  7. Бір айда неше күн бар?/30

  8. Аспаз кім? / тамақ пісіретін адам

  9. Компьтерлік қағаз?/ А4

  10. Күй анасы-? / Дина













Алтыншы айналым: «Менің елім ...»

Бұл бөлімде оқушылардың шығармашылық, шешендік өнерлері сарапқа салынады.

Жоғарғы ұпай - 30



!!! Ұпай сандары тең болып қалған жағдайда ойыншыларға берілетін тапсырмалар:

«Дұрыс па, бұрыс па?» немесе «иә» , «жоқ»

  1. Қымыз – түйенің сүті / жоқ

  2. Бұзау – сыиырдың төлі / иә

  3. Алма жерде өседі / жоқ

  4. 8-наурыз – Жеңіс мерекесі / жоқ

  5. Біз – оқушымыз / иә

  6. Қайық аспанда ұшады / жоқ

  7. Қыста боран болады / иә

  8. Екі – жақсы баға / жоқ

  9. Тас жұмсақ болады / жоқ

  10. Ұзын- қысқа мағынасы бірдей сөздер / жоқ

  11. Гүлдер әр түрлі болады / иә

  12. Қоян батыр болады / жоқ

  13. Оныншы ай – желтоқсан / жоқ

!!! «Жалғасын тап!»

  1. Көп сөз көмір, ....................................

  2. Қына тасқа бітеді, ............................................

  3. Тіл тас жарады, ......................................................

  4. Әдепті бала арлы бала, ....................................................

  5. Әке көрген оқ жонар, ..................................................................





Қорытынды: Әділ-қазылар сайысты қорытындылып, жеңімпазды

марапаттайды.







Жумагулова Назым

Бүркітті ауылы

20 орта мектептің тәлімгері




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
2-4 сынып о?ушылары арасында?ы "Білімділер" сайысы

Автор: Жумагулова Назым Ахтановна

Дата: 06.02.2015

Номер свидетельства: 168278


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства