kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Зерде" интеллектуалды?-танымды? ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыны? білімге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, тез ж?не д?рыс шешім ?абылдау?а баулу,  о?ушыларды? білімдерін сайыс?а т?сіріп, білімді, жан-жа?ты болу?а, логикалы? ойлауларын ?алыптастыру. Ойын 8 кезе?нен т?рады. Ойын?а 3 топ ?атысады. Сайысты? тапсырмалары математика, д?ниетану, ?аза? тілі п?ндерін ?амтиды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Зерде" интеллектуалды?-танымды? ойын »

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Игілік ауылы

«Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгүлдің сынып жетекшілер апталығында 1 «Ә» сынып оқушылары арасында өткен «ЗЕРДЕ» интеллектуалдық-танымдық ойыны

Мақсаты: Біріншіден, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Екіншіден, оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісін жемісті аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Сонымен бірге өзіндік жұмыс оқушы бойындағы жауапкершілікті оятады. Үшіншіден, жауапкершілікті сезіне отырып, оқушының ізденімпаздығы, шығармашылығы дамиды.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, математика.

Құрылымы:  интеллектуалды ойынға 6 оқушыдан құралған 3 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны -18. Ойын 8 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды.Сегізінші кезеңнен кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. 

  • Мұғалім:Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған математиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің 1 «ә» сыныбында өтетін «Зерде» атты интеллектуалдық-танымдық ойынға қош келдіңіздер! Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.

«Достық» тобы. Ұраны: Достығымыз берік болсын,

Білім,өнер серік болсын

«Болашақ» тобы.Ұраны: Болашақтың ұл-қызымыз,

Көркейтеміз елді біз.

«Қыран»тобы. Ұраны: Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

Әділ–қазы алқасымен таныс болыңыздар:

Бүгінгі сайысқа «Достық» ,«Болашақ» және «Қыран» топтары қатысады.
Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді, - дей келе ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Біздің ойынымыз мынандай кезеңдерден тұрады.

I кезең Таныстыру

II кезең «Бәйге»

III кезең «Сиқырлы әріптер»

Iv кезең «Сиқырлы шаршы»

V кезең «Кім жүйрік?»

VI кезең Логикалық тапсырмалар

VII кезең «Дода» топ басшылар сайысы

VIII кезең «Білімпаз»

Сайыскерлерге сәттілік тілейік! I кезең Таныстыру

Әр топ мүшелері өздерін таныстырады.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, Шәкірттерге әділ шешім беріңіз. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар, Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.- дей келе II кезең Бәйгені бастаймыз - Сұрақтарға ауызша жауап береді.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Әр топқа 6 сұрақтан қойылады.«Достық» тобына

  1. Аптадағы күндерді ата

  2. Қыс айларын ата.

  3. 3+5

  4. Тірі табиғатты ата

  5. 1 жылда неше мезгіл бар?

  6. Түйенің төлін ата

«Болашақ» тобына

  1. Үй жануарларын ата.

  2. Үй құстарын ата

  3. Өлі табиғатқа не жатады?

  4. Сиырдың төлін не дейді?

  5. Көктем айларын ата

  6. 8 наурыз –қандай мереке?

«Қыран» тобына

1.4 қабырғадан тұратын фигураны ата

    1. санын 7-ге арттыр

3.9санын 4-ке кеміт

4. 10-7

5.Табиғат нешеге бөлінеді?

6. Қойдың иесін ата.

III кезең «Сиқырлы әріптер» қазақ алфавитінен кез келген 1 әріпті таңдайды. Сол әріптен басталатын сөз жазады.Адамның аты мен қала аттары жазылмау керек. Нәтижесінде қанша сөз жазса сонша ұпай беріледі. Уақыт 3минут беріледі.

IV кезең Сиқырлы шаршы с айысын бастаймыз - 10, 20, 30 ұяшықтарын таңдап, сол ұяшықтардың сұрақтарына жауап береді. Әр топ 3 рет таңдайды. Ұпай аз сайыскерден бастаймыз. Жауап бере алмаса, дайын оқушы жауап береді. Ұпай сол жауап берген топтың еншісінде. Жауап берген оқушы ұяшық таңдайды.

10 20 30

30 10 20

20 30 10

Жоғарыдағы 10 Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

Жоғарыдағы 20 Дауыссыз дыбыстарды ата.

Жоғарыдағы 30 Әліппенің атасы кім?

Ортадағы 10 Дауысты дыбыстарды ата

Ортадағы 20 Төрт түліктің төлдерін атап бер.

Ортадағы 30 Қосудың компоненттерін ата

Төмендегі 10 Төрт түлікті ата

Төмендегі 20 Дыбыстар нешеге бөлінеді? Атап бер.

Төмендегі 30 Азайтудың компоненттерін атап бер.

Vкезең Кім жүйрік? - бір минуттың ішінде математикалық амалдарды барынша дұрыс шешу. Барынша көп математикалық есеп шешкен топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді.«Достық» тобына «Болашақ» тобына « Қыран» тобына

10-3 8-6 10-7 3+6 10-8 7+3

5+4 2+7 2+6 9-3 4+5 3+5

9-7 6+4 3+5 5+2 7+0 8-8

1+8 7+2 5-4 6-5 8-6 2+7

8+0 3-3 5-5 6+0 1+8 5+4

VI кезең Логикалық тапсырмаларФигураларда қанша үшбұрыш бар? Көрсетіп санап бер.VII кезең «Дода» Топ басшылар сайысы

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген

Қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күші бар

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар деп келесі ойынымызды бастаймыз.

Тақтаға есептер ілінеді. Топ басшысы есепті таңдап өзі шығарады. Топқа ұпай қосады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай

VIII кезең «Білімпаз» Үш топқа да бір тапсырма беріледі.3 минут уақыт беріледі. Қас сөзінің бір әрпін өзгертіп жаңа сөз жасау.(жас,бас тас,қос,құс,қар,қат,қаш,қақ,қап,қал) Қанша дұрыс сөз жазылса,сонша сан ұпайға қосылады.

Қорытындылау:

Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.

Әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытынды шығару.

Жеңген топты марапаттау.

Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.

Абдубайтова Фарида апайдың Файзулла Арнұр «Достық» тобының топ басшысын марапаттау сәті.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Зерде" интеллектуалды?-танымды? ойын

Автор: Полатова Айгуль Жамантаевна

Дата: 23.10.2015

Номер свидетельства: 243042


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства