kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жырлайды ж?рек" М. Ма?атаевті? шы?армашылы? кеші

Нажмите, чтобы узнать подробности

??рметті ?ріптестер,  мен б?л шы?армашылы? кешті?  жоспарын дипломалды практика  ?ту барысында, сынып жетекшісі ретінде жоспарлап, ма?ан жетекшілікке берілген сол кездегі 6-сынып о?ушыларыны? к?мегімен ?йымдастыр?ан едім. М??а?али Ма?атаевті? шы?армашылы?ы, е?бектері мені ?ана емес, барша адамзатты  ойландырып,тол?андырмай ?оймайтынына сенемін. сіздермен б?лісу ?шін ?сынып отырмын. Мен а?ылшын тілі м??алімі ж?не Б?л іс-шараны? ма?саты: о?ушыларды шы?армашылы?, м?дени, рухани жа?ынан т?рбиелеу; саба?тан тыс уа?ытын тиімді ж?мсау?а, сол ар?ылы ?зін-?зі т?рбиелей білуге  баулу; М??а?али Ма?атаевті?  шы?армашылы?ымен  таныстыру, м?н-ма?ынасын, т?рбиелік ма?ызын  ??ындыру болып табылады. Б?л іс-шара барысында о?ушылар мен к?рермендер жазушыны? ?мірбаянымен, шы?армашылы?ымен танысып ?ана ?оймай, бірнеше ?ле?дерін м?нерлеп  о?ып, ?ндерін шыр?ады. Б?л жоспар сіздерге бір пайдасын тигізер деген ниетпен  назарлары?ыз?а  ?сынамын! 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жырлайды ж?рек" М. Ма?атаевті? шы?армашылы? кеші »

«Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтің авторлық кеші!

Саян:

  • Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!

Ақнұр:

  • Қайырлы күн өнер сүйер қонақтар!

Саян:

  • Бүгінгі Мұқағали Мақатаевтің «Жырлайды жүрек» атты авторлық кешіне қош келдіңіздер!

Ақнұр:

  • Ғұмыры қамшының сабындай қысқа болса да, артынын өшпес із, сөнбес сәуле қалдырды. Биыл ақын атамыз тірі болса 81 жасқа толар еді. Хаңтәңірі етегінде Шәлкөде даласында ХХ(жиырмасыншы) ғасырдың ұлы ақыны 1931 жылы 9-ақпанда дүниеге келді. Шын аты Мұқаметқали. Мұқағали деп өзі өзгерткен.

Саян:

  • Мұқағали - сөз құдіретінің мән мағынасын терең түсініп, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелеген ақын. Өзінің естелігінде ақын «мені сөзге, жырға үйір еткен халық, сүюге тәрбиелеген әжем» дейді. Мұқағали Мақатаевтің көптеген өлеңдері әнге салынған. («Сәби болғым келеді», «Жас қайың», «Арыз жазып кетейін», «Сенің көзің»)т.б.

  • Соның бірі: Алтай Эльмираның орындауындағы «Саржайлау» әнін қабыл алыңыздар!

(ән орындалып болған соң, «Көңіл толқыны» күйі ойнап тұрады. Назира С. «Автограф» өлеңін оқиды.)

  • Көрер едің,

Шаламын ба, отпын ба,

Білер едің,

Ақынмын ба, жоқпын ба?...

Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,

Кектенетін махамбет те жоқ мұнда.


Түсінер ең,

Езбін бе, әлде ермін бе,

Байқар едің,

Артықпын ба, кеммін бе?...

Мен Спартак бола алмадым, не шара,

Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?!

Сырым да – осы,

Жырым да – осы,

Алдыңда,

Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?!

  • Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты –

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Ақнұр:

  • Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия.

( Эльмираның орындауында «Поэзия»; Диярдың орындауында «Жылап келіп өмірге...»өлеңі оқылады).

Саян: (Әлнұр Мейірбековтың етелігінен)

  • «Мұқағали адам ретінде жіберген кемшілігін де, азамат ретінде артықшылығын даақын жүрек арқылы сана саңылауынан өткізді. Оның артықшылығы сол. Ол басынан өткерген барлық тауқымет пен азапты өзімнің ғана тағдырым деп ұққан еді. Ол үшін хақына өкпелеген жоқ. Керісінше бас иіп өтті». Ол туралы ақын былау дейді: (Ақнұрдың орындауында «Елім барда» өлеңі оқылады.)

Ақнұр: (Арыз жазып кетейін әні ойналады).

  • (Ақынның жары Лашынның естелігінен.) «Мұқағали кірпігі әрең қимылдап ауруханада ақырғы сәттерін күтіп жатты. Әбден арыған, сөйлеуге шамасы жоқ, сол қалпымен жатып, ақырғы күшін жинап соңғы рет тілге келді: «Лашын, такси әкел. Одаққа барайық... балаларым жас еді. Бітпеген жұмыстарым бар еді...» деп сыбырлап әрең – әрең айтып шықты. Сөйтіп Мұқаң өзінің сүйікті Жазушылар Одағына әлдене айтқысы кеп жатып жан тәсілім етті.

Саян:

  • Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген тулайды қайшылықта.

Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,

Күнделікті тірлікке бой суытпа, - деп дарынды ақынымыз жырлағандай, өлеңдері көркем қуатымен оқырмандарының жүрегіне жол тауып жатты.

( Назира С «Қайран жандар», Манат «Ұлыма», Ерқанат «Қызыма», Райымбек «Әкеме», Шырай «Фаризаға» өлеңдері оқылады.)

Ақнұр:

  • Нұрлының орындауындағы «Сенің көзің» әнін қабыл алыңыздар!

  • Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, - деп өзі жырлағандай өлеңдері де, өзі де ешқашан өлмек емес!

(Назира Сағатовнаның орындауында «Осы мен өлмейтін шығармын», Шырай «эй, Өмір!», Әуез «Көктем де келер...», Саян «Досын саған сенемін», Ажар «Өкінбеймін», Нұрлы «Ғашықпын»өлеңдері орындалады).

Батар күн,

Келер түн,

Атар таң,

Шығар күн,

Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!

Осы мен осылай мәңгілік тұрармын,

Осы мен, сірә да, өлмейтін шығармын!

Жақындық сеземін –

Жерден де аспаннан,

Жылылық сеземін –

Мұздардан, тастардан.

Өмірі, сірә да, әріден басталған,

Әріден басталған, мәңгіге тасталған.

Осы, мен, өлмейтін шығармын,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын!

Саян:

  • Мұқағалидің балалық шағы соғыс жылдарымен сәйкес келген. Болашақ ақын 10 жасында майдандағы әкесін сағынып өлең шығарады.

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жалғыз біткен жалбыз еді.

Мінеки, 10 ай болды хабары жоқ,

Біздағы әкемізге зармыз енді.

Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын.

Дарабоз ақын жыр табалдырығын осылайша аттаған еді.

( Мұқағалидің сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді» әні Назира


Сағатовнаның орындауында.)

  • Ақынның бейнесі жылдар өткен сайын биіктеп тұлғалана түседі. Тау биіктегенімен, теңіз тереңдегенімен, дала маңғаз кеңдігімен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын жырларымен сүйікті, өлеңдерімен көрікті.

Ақнұр:

  • Ақынға ғасыр ауысқан кезде «Ғасыр ақыны» атағы берілген еді. Мұқағалидің рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын ХХІ (жиырма бірінші) ғасырдың жастары сіздер мен біздерміз. Мұқағали поэзиясы бір жылдың не бір айдың не бір кештің еншісі емес. Ол таусылмайтын қайнар бұлақ. Ол – поэзияның Хаңтәңірі. Ол – сыншыл ақын. Ол – қара өлеңнің шебері. Ол – патриот ақын. Ол – қайта өмірге келген ақын. Ол – ұстаз. Ол – драматург. Ол – сатирик. Ол – публицист. Ол – жазушы, журналист.

Саян: (барлық қатысушылар ортаға шығып бас иеді)

  • Осымен біздің «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтің авторлық кеші өз мәресіне жетті! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!!!

Ақнұр:

  • Назар салып тыңдағандарыңыз үшін көптен көп рахмет! Амандықта жүздесейік!







атты авторлық кеші.







Өткізген: Айтымова Н.С.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Жырлайды ж?рек" М. Ма?атаевті? шы?армашылы? кеші

Автор: Айтымова Назира Сагатовна

Дата: 12.01.2015

Номер свидетельства: 153859


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства