kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жыл басы - Наурыз, мол болсын д?м-т?з

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие жоспары 5 сынып о?ушыларына арнал?ан. О?ушыларды? ?лтжандылы? патриотты? т?рбиесіне негізгі назар аударылуы ?ажет. ?аза? хал?ыны? Наурыз мерекесіндегі салт-д?ст?рлері, ырым-ілімдері ашылып к?рсетілген. О?ушылар?а Наурыз - жыл басы, я?ни дін мейрамы емес, ?лт мейрамы екендігін, тарихи ма?ызын т?сіндіру. ?ле?, ма?ал-м?телдер ар?ылы тілдік ?орларын дамыту. ?аза? хал?ыны? тілін, дінін,?дет-??рпын са?тау?а, ?астерлеуге т?рбиелеу керек екендігі аны? к?рсетілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жыл басы - Наурыз, мол болсын д?м-т?з»

Жыл басы – НАУРЫЗ, мол болсын дәм-тұз!


Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Наурыз – жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін, тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру;

Дамушылық: өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру;

Тәрбиелік: ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін біріктіру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, қима қағаздар, Қазақтың киіз үйі, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, көрме т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.

Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң,

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал

Пайда аларсың үйренуге тоймасаң

Қандай мерекелер білесіңдер?

Ұлттық мереке, мемлекеттік мереке, діни мереке, кәсіптік мереке

(Наурыз туралы айту)

1-жүргізуші: Уа халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні, ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.

2-жүргізуші: Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.

1-жүргізуші: «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жыл болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын.

2-жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғатта тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.


1-оқушы

Сәлем, ата-аналар!

Айналайын, балалар!

Халқым менің аман ба?

Жаса жайлы заманда

2-оқушы

Армысыздар ағайын!

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық!

Досқа құшақ ашайық,

Өлең жырға басайық,

Қазақтың бір салты деп,

Тойға шашу шашайық.

Наурыз келсе,

Құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.

3-оқушы

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша

Табиғатта тамаша

Тамылжып тұр тамаша

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

4-оқушы

Жаңғырар дәстүр-салтымның,

Көзелсін бұлақ жалғасы.

Қастерлі менің халқымның,

Мереке Наурыз – жыл басы.

Нұр Наурыз шырай беріп тірлігіме,

Айналдың бар қызықтың тірлігіне.

Сен келсең талым көктеп, тұма тұнып,

Тазарып жүре берер бұл дүние.

Мұғалім:

Шұбат дегеніміз не?

Жеті қазынаны ата

Жеті атаны ата

Үш тәтті дегеніміз не?

Бес қаруды ата

Жауаптары:

Сүт тағамдарының ішіндегі қымыздан кейінгі бағалы сусын – шұбат. Оны түйе сүтінен жасайды. Ол да қымыз сияқты ашытылып, тері, ағаш, қыш ыдыстарға құйылады. Шұбат – қымызға қарағанда дәмді, жұмсақ, майлы, әрі қоюлау болады.

Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, құмай тазы.

Жеті ата: бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата

Үш тәтті: жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті

Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.

5-оқушы

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз!

Наурыз, наурыз күн игі,

Күн игі жердің түрі игі.

Бауыры жылып, науат қар,

Бабымен ғана жібиді.

Мұғалім:

Мұсылман ұғымы бойынша 21 наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой-арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.

(Қыдыр ата келеді)

Хормен: Қош келдің, Қыдыр ата!

Қыдыр атаның батасы:

Ұрпақтардың бағы болсын,

Арайланған таңы болсын,

Ақ батамен қол жайғанның,

Тілегінің бәрі болсын,

Жасқа ізет, кәріге құрмет болсын.

Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Әумин.


НАУРЫЗ КӨЖЕ рәсімі:

Мұғалім: Наурыз көже әрбір үйде болуы тиіс. Барлық үйге ойын қоюшылар және басқа адамдар да кіріп-шығып көже ішеді. Сонда айтылатын тілектер мынадай:

6-оқушы

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле-жала жерге енсін!

АЛЛАҺУ АКБАР!

7-оқушы

Ұлыс күні кәрі-жас,

Құщақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өбіскен.

Шалдар бата беріскен,

«Сақтай көр деп терістен».

«Кел, таза бақ, кел десіп»,

Ием тілек бер десіп,

Бір Аллаға сеніскен

8-оқушы

Ашық болсын қас-қабақ,

Таспен атқанды аспен ат!

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай, тары бар.

Қатық, малта, ағы бар.

Ішілетін, жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар.

Ошақта шоқ көп әлі,

Астың ауыр обалы.

Астан үлкен ешкім жоқ,

Қазан аузы жоғары.


БАСТАУШЫ:

Көже, көже көлкілдек,

Көже суы мөлтілдек.

Құйып жібер көжеңді,

Тоңып кеттім селкілдеп.


Көже қуюшы айтады; -

Бидай көже салғаным,

Бәрі де бар жарманың.

Тойғаныңша ішіңдер,

Өкпелеме қалғаның.

Көже – ұлттық асымыз,

Ішсін кәрі-жасымыз,

Ұлыстың ұлы күнінде,

Аман болсын басымыз!


9-оқушы

Наурыз тойы құтты болсын,

Ел ырысы құтқа толсын

Бақыт әкеп ұлыс күні,

Бұзылмай ел тыныштығы

Бақыт құсы басқа қонсын!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жыл басы - Наурыз, мол болсын д?м-т?з

Автор: Алибекова Алтынгуль Куанышбековна

Дата: 31.03.2016

Номер свидетельства: 312976


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства