Просмотр содержимого документа
««Ж?лдызды с?т» «?анат ?а?ып, біз биікке сам?аймыз» атты интеллектуалды ойынны? жоспары»
«Қостанай қаласы әкімдігінің Ғ. Қайырбеков атындағы
№9 орта мектебі» ММ
«Жұлдызды сәт»
«Қанат қағып, біз биікке самғаймыз» атты интеллектуалды ойын
Мурзатаева К.Н.
Қостанай қаласы
Мұғалімнің аты – жөні: Мурзатаева Куляш Нартаевна
Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі
Білімі: жоғары
Санаты: жоғары.
Еңбек өтілі: 38 ж.
Сынып: 2 «в»
Қостанай қаласы Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі.
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» «Қанат қағып, біз биікке самғаймыз» атты интеллектуалды ойын
Мақсаты: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру, Жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын арттыру, қиыннан мүдірмей тез шешім тауып шыға білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбек адамдарын сыйлау білуге, қасиетті тағамымызды, яғни нанды қастерлеуге үйрету. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд – шоу, мақал- мәтел, жұмбақтар,
Түрі: пәнаралас. Сайыстың барысы: Мұғалімінің кіріспе сөзі: Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды болашаққа білімді ұрпақ бастап барады»,- деген сөзін алға қоя отырып,«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет»,- демекші әрбір жұлдыз өмірден лайықты өз орнын таба білуі тиіс. Ендеше көкте жұлдыз болып жарқырауларыңа сәттілік тілейік.
Ойынның ұраны:
Біз кішкентай жұлдызбыз
Өнегелі ұл-қызбыз.
Жарқыраймыз жанамыз,
Бар өнерді саламыз
Жүргізуші: — Қош келдіңіздер құрметті оқушылар мен ұстаздар! Қазір сіздердің алдарыңызға «Жұлдызды сәт» «Қанат қағып, біз биікке самғаймыз » атты интелектуалдық ойынның қатысушыларын 2 «а», 2«ә», 2 «б», 2 «в»шақырамыз.Қошемет етіңіздер
(Қатысушылар өздерің таныстырады.)
Әділ қазы ақ қазыға бер сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, -дей отырып, әділқазылар алқасымен таныстырайық!
Жүргізуші:Бүгінгі сайыс бес турдан тұрады.
1 тур Бәйге
2тур Дода
3 тур Көкпар
4тур Жорға
5 тур. Анаграмма.
1 тур. «Бәйге»׃ Ауызша сұрақтарға жауап беру. (2слайд)
Ойында барлықтарыңа сәттілік тілей отырып, 1 тур Бәйгені бастаймыз.
Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі) (3слайд)
2. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз) (4слайд)
3. Екі тәулікте неше сағат бар? (48 сағат) (5слайд)
4. «Сұлба» деген не? (6слайд)
5. Орман дәрігері? (7слайд)
6. Көкжиектің негізгі тұстарын ата? (8слайд)
7. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қай кезде аталып өтеді? ( 1 - желтоқсан) (9слайд)
8. Бәйтерек монументінің биіктігі неше метр? ( 97м) (10слайд)
9. Н. Ә. Назарбаевтың сүйікті спорт түрі ( теннис) (11слайд)
10. Бір заттың өлшемін кішірейтетін не?( масштаб) (12слайд)
11. Ақ алтын ( мақта) (13слайд)
12. ҚР-ның валютасы? ( теңге) (14слайд)
2тур. « Дода» Логикалық есептер. (15слайд)
1 топ. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (16слайд)
2 топ. Ағаш үстінде 100торғай отыр. Аңшы 10 торғайды атып қалды. Неше торғай қалды?(10 торғай) (17слайд)
3 топ. Үстел үстінде үш стақан шие тұр.Марат бір стақан шиені жеп қойды.Неше стақан қалды? (жауабы:3 стақан) (18слайд)
4 топ. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы тұр.Бірінші не жағасыз?(жауабы: шырпы) (19слайд)
3 тур. «Көкпар» Мақалды жалғастыр: (20 слайд)
Топ. Қоныс көркі – там, Дастархан көркі – (21 слайд)
топ. Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса ......... . (22 слайд)
топ. Нан болса, .. болады. (23 слайд)
топ. .... – тамақтың атасы.
Ынтымақ – көптің батасы (24 слайд)
4 тур. «Жорға» (25 слайд)
Ойынның шарты былай: 1минуттың ішінде берілген сөзден негұрлым көп сөз құрастыру керек. Әріптер екі рет қайталамбайды. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі.
Балдырған (26 слайд)
Қызғалдақ
Қазақстан
Орамжапырақ
5. тур. Анаграмма. Берілген әріптерден сөз құраңыз. (27 слайд)
пьюромтек, елтофен, оирдртке, льтфлмуми
Мұғалімнің қорытынды сөзі: (28 слайд) Білдім деме, балам, Білмейтінің көп шығар. Бәрін білген адам, Дүниеде жоқ шығар. Көп білуге ұмтылған, Көз жұмғанша оқиды. Көз жұмғанша оқыған, Көп нәрсені тоқиды,- деп Өтебай Тұрманжанов ағамыз жырлағандай оқып, білім алудан ешқашан жалықпайы