Мақсаты:Оқушылардың тапқырлық,дарындылық,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: Суреттер,білім туралы нақыл сөздер,шарлар.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, қазақ тілі.
Сайыстың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері
Мұғалім: Сіздерді алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бұл күндері Қазақстан Тәуелсіздігінің 25жылдығы республика көлемінде мерекеленуде.Біз де ұлы мерекемізге өз үлесімізді қосуда оқушылардың дарындылығын,белсенділігін,шығармашылық қасиеттерін дамыту мақсатында «Жұлдызды сәт» интеллектуалды сайысын ұйымдастырып отырмыз. Себебі,білімді ұрпақ Қазақстанның болашағы.Ендеше Қазақстанның болашағын көркейтер білімді де талапты оқушыларымыздыортаға шақырайық.
1.Елдес Альбина
2.Жүсіп Айша
3.Мұстафа Ырысты
4.Түлеулен Жазира
Бүгін біз сабақты интеллектуалды ойын түрінде өткіземіз. Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Ойынның аты: «Жұлдызды сәт»
1 кезең: «Ширату»
2 кезең: «Білім еліне саяхат»
3 кезең: «Суреттер сөйлейді»
4 кезең: «Сиқырлы қалам»
5кезең: «Ұшқыр ой"
Сайыскерлерге әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныс болыңыздар:
«Балтасап негізгі мектебі»КММ-нің директоры Адамов Х.Б.
Бастауыш сынып ӘБ жетекшісі Кажмагамбетова Р.Ж.
Ендеше сайыс ержелерімен таныстыра өтейін:
Бұл сайыста берілген сұрақтарға жауапты тез, толық және нақты жауап берулерің керек. Бір-бірлеріңе бөгет жасамай, қарсыласың жауап беріп жатқанда тыныштық сақтау керек!
Ал,біз бастаймыз!
Білмеймін деп қысылма,
Талабың бар бойыңда.
Біліміңнің ырысы,
Жарқырап жатыр бойыңда,-деп оқушыларыма сәттілік тілеймін.
Сайсымыздың 1-кезеңі «Ширату» . Сұрақтарға «ия» , «жоқ» деген жауап жазады
1.Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді +
2.Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады. +
3.40 пен 25тің қосындысы 55-ке тең –
4.Қосудың компанентері: қосылғыш, қосылғыш, айырманың мәні-
5.Табиғаттағы денелер өлі және тірі болып бөлінеді.+
1.Әріптерді көреміз және жазамыз.+
2.і дауысты, жуан дыбыс-
3.30 бен 10ның айырмасы 20ға тең+
4.Азайтудың компаненттері: азайғыш азайтқыш, қосындының мәні-
5.Тірі денелер адамдар,жануарлар,өсімдіктер.+
1.Сөйлем сөздерден құралады.+
2. б ұяң дауыссыз дыбыс+
3.25пен 20ның қосындысы 55-ке тең –
4. Ең кіші ұзындық өлшем бірлігі-дм.-
5. Өлі табиғат өседі,өледі.-
1. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 3-ке бөлінеді.+
2. дауыссыз дыбыстан басталып,дауысты дыбысқа аяқталатын буын-бітеу буын –
3.70 пен 60-тың айырмасы 20-ға тең -
4. Тіктөртбұрыштың қарама қарсы қабырғалары тең.+
5.Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал құбылнама деп аталады.+
Жарысымыздың 2-кезеңі « Білім еліне саяхат» деп аталады. Таңдаған ұяшықтан пәндер бойынша сұрақтарға жауап береді.
«Математика» ауылы.
Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата ата .10ұпай
Сұйықтықтың өлшем бірлігі. ( литр) 10ұпай
1м-де неше см бар? (100см)10ұпай
Тік бұрыштан үлкен бұрыш қалай аталады? (доғал)10ұпай
«Дүниетану» ауылы.
1.Көкжиек дегеніміз не?/Маңайдағы көз жететін кеңістік/20ұпай.
2.Табиғат дегеніміз не? /Бізді қоршаған орта/20ұпай
3.Ауаның қасиеттерін ата. /түссіз,мөлдір,пішінсіз,иіссіз,жанғыш/20ұпай.
4.Судың неше күйі бар? Атау.20ұпай.
«Тәуелсіздік» ауылы.
1.ҚР.рәміздерін ата.30 ұпай
2.ҚР. туының авторы. 30 ұпай
3.Елтаңбаның авторы30 ұпай
4.Әнұранның авторлары. 30 ұпай
3 кезең «Суреттер сөйлейді» Суретті тану.Не білетінін айту.
1.Абай
2.Қыс
3.Бәйтерек
4.Мектеп
4кезең Сиқырлы қалам
Тәуелсіздік тақырыбына өлең немесе эссе жазу.
5кезең «Ұшқыр ой»
Қара жәшіктегі затты табу.
1.Жасырылған зат «асық» Интеллектуалды ойын.Ұлттық ойын.Жануарлардың мүшесі.Көбінде төрт түлік малдыкін пайдаланады.
2. Жасырылған зат «Киіз үй» Баспана.Көшіп-қонғанда ыңғайлы.Ағаш пен киізден жасалған.
3. Жасырылған зат «Бесік»Төсек. Ағаштан жасалған.Ана мен баланы байланыстыратын зат.
4. Жасырылған зат «Жүзік» Әшекей бұйым.Қымбат,бағалы зат.алтын мен күмістен жасалған.
Ал енді сайысымыз өз мәресіне жетті сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашан да осы отты сөндірмей,
Білімменен шарықтаңдар әрдайым!
Ұлы мерекеміз құтты болсынІ
Елімізден береке,бірлік кетпесін!
Ширатудың сұрақтары.
Сұрақтар | ия | жоқ |
Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді | | |
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады. | | |
40 пен 25тің қосындысы 55-ке тең | | |
Қосудың компанентері: қосылғыш, қосылғыш, айырманың мәні | | |
Табиғаттағы денелер өлі және тірі болып бөлінеді | | |
Сұрақтар | ия | жоқ |
Әріптерді көреміз және жазамыз. | | |
і дауысты, жуан дыбыс | | |
30 бен 10ның айырмасы 20ға тең | | |
Азайтудың компаненттері: азайғыш азайтқыш, қосындының мәні | | |
Тірі денелер адамдар,жануарлар,өсімдіктер. | | |
Сұрақтар | ия | жоқ |
Сөйлем сөздерден құралады. | | |
б ұяң дауыссыз дыбыс | | |
25пен 20ның қосындысы 55-ке тең | | |
Ең кіші ұзындық өлшем бірлігі-дм. | | |
Өлі табиғат өседі,өледі. | | |
Сұрақтар | ия | жоқ |
Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 3-ке бөлінеді. | | |
Дауыссыз дыбыстан басталып,дауысты дыбысқа аяқталатын буын-бітеу буын | | |
70 пен 60-тың айырмасы 20-ға тең | | |
Тіктөртбұрыштың қарама қарсы қабырғалары тең. | | |
Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал құбылнама деп аталады. | | |
Бағалау парағы
№ | Тапсырмалар | Оқушы | Оқушы | Оқушы | Оқушы | Оқушы |
1 | Ширату Сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап жазады. Әр дұрыс жауап 1ұпай Барлығы 5сұрақ | | | | | |
2 | Білім еліне саяхат.Пәндер бойынша сұрақтарға жауап береді.Ұпай саны таңдаған ұяшықтағы ұпайға байланысты.Дұрыс жауапқа ұпай толық беріледі. | | | | | |
3 | Суреттер сөйлейді.Суреттегі не екенін немесе кім екенін айтады.Сол сурет бойынша білетінін айтады. Жоғарғы ұпай 5 балл | | | | | |
4 | Сиқырлы қалам.Эссе немесе өлең жазады. 1.Сауаттылығы.2.Мазмұны.3.Дәптер ережесі. Жоғарғы ұпай 5 балл. | | | | | |
5 | Ұшқыр ой.Логикалық ойлау қабілетін шыңдап көмекші сөздер арқылы жәшіктегі затты табады.Нақты дұрыс жауап 5ұпай. | | | | | |