Тақырыбы: Жомарт көңіл, жарқын күз
Қош келіпсің алтын күз!
Мақсаты: Оқушыларға күз мезгілі байлық, тоқшылық айы екенін, піскен жемістертердің, жидектердің, көкөністердің дені сау ұрпақ тәрбиелеуге пайдасының мол және адам ағзасына маңызы зор екен-дігін айту.
Еңбекқорлыққа, әсемдікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс
Көрнекіліктері: кепкен күзгі жапырақтар, жеміс-жидектер,
көкөністер, шарлар т.б.
Барысы:
Мұғалім:
Күз айын-төрт мезгілдің ең керемет сап-сары ханшайымына теңеуге болады. Күздің кереметіне қып-қызыл алмалар,
піскен жемістер, жерде жатқан егінді жатқызуға болады.
Күз-балаларды білімге құштарлығын арттыратын уақыт, табиғатты өзгеше бояумен әспеттейтін мезгіл. Үлкендер күзді «береке айы» дейді, өйткені алтын күзде жеміс-жидек, көкөністер, дәнді-дақыл толығымен пісіп, еліміз молшылыққа кенеледі.
Мектебіміздің директоры: Мұстағұлов Серік Көкенайұлына сөз берілді.
Бүгінгі мерекеміздің сайыскерлерін ортаға шақырмамыз!
(әуен ойналады)
Ал, бастайық сайыскерлер додасын,
Жұрт танысып, қошеметтеп қолдасын.
Мәресіне жеткізер нағыз жүйрік.
Қазылар берсін әділ оның бағасын.
(Қазылар алқасын сайлау.
Сайыстың шартымен таныстыру:
1. Дайын қамырдан тәтті нан пісіру
2. Ойын «Кім жылдам?»
3. Салат дайындау
4.Үй тапсырмасы әр түрлі көкөніс, жеміс-жидектерден бұйым жасау.
I сайыс:
«Ас-адамының арқауы» деп халқымыз,
Ас талғауында биік біздің нарқымыз!
Басталады «Ас мәзірі» сайысы,
Ең дәмдісі, ең тәттісі, тәбеттісі қайсысы?
(торт, тәтті бәліш т.б.пісіру)
«Бағбаншының әні» орындайтын: ата-ана Слямова Күлән
II сайыс:
Алтын күздің тойыннда,
Кезек келер ойынға.
Үзбей аршып картопты,
Таңғалдырар бар топты.
(картопты үзбей аршу, қияр, қызанақты жіңішкелеп турау)
Көрініс: «Көкөністердің айтысы»
III сайыс:
Бұл тағамды жасауда шеберлік пе?
Дәмін оның біздерде көрелік те.
Әділ қазылар бағасын бере жатар,
Салат жасауға кезекті берелік те.
Би: бір топ оқушылар
IVсайыс:
Сұлу, әдемі көздің жауын алатын,
«Күз кереметіне» назар салып қарағын.
Сайыскерге беріліп еді тпасырма,
Көрсетіңіз алға шығып тағы да
(үй тапсырмасы көкөніс, жеміс-жидектерден бұйым жасау)
Сазды әуен ойнату
(барлық оқушылар би билеу)
Ойын: «Даналық ағашы»
Әрбір жемісте ілулі сұрақтар бар, дұрыс шешкен оқушы жемісті жейді.
Көрермендер ойын
1-сұрақ:
Қарбыздың құрамында қандай дәрумен бар?
(В дәрумені бар)
2-сұрақ:
Асқабақ дәнін қандай ағзаға ем ретінде қолдануға болады?
(асқазан)
3-сұрақ:
Жұмбақ
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астынында қызыл дәу жатыр.
(қызылша)
4-сұрақ:
Көздің көру қабілетін жақсартатын жидекті ата.
(құлпынай)
5-сұрақ:
Жұмбақ
Іші-жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті-тәтті.
(қарбыз)
6-сұрақ:
С,В дәрумені қандай көкөністе болады деп ойлайсын?
Әсіресе, тұмау, жөтелге қарсы емдейтін?
(пияз)
7-сұрақ:
Бойды өсіретін көкөністі ата.
(сәбіз)
8-сұрақ:
Жұмбақ
Ешкім де жемейді,
Тәттә екен демейді,
Сарғайып піседі,
Үзіліп түседі
9-сұрақ:
Жұмбақ
Терезе ақ моншақ ұрып жатыр.
Тиген бетте түк қалмай сынып жатыр.
(жаңбыр)
10-сұрақ:
Бойында С дәрумені бар көкөністі айтып көр.
(қызылша)
Қорытынды:
Әділ-қазылар алқасы сайыскерлерді марапаттайды.
Мұғалім:
Ал, көрермендер, бүгінгі « Жомарт көңіл, жарқын күз, Қош келіпсің, алтын күз» атты сайысымызда өз мәресіне жетті.
Сіздерге көп рахмет, қош, сау болыңыздар!