kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жігіт с?лтаны" сайысы 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Привет друзья! Я желаю Вам в этом году много счастья и крепкого здоровья! И чтобы ваши  желания исполнились, в семье благополучия, в работе достижения! В нашей школе дружный коллектив в которой хорошо работать. Желаю коллективу крепкого здоровья. В моей семье 6 детей и я желаю им крепкого здоровья. Много счастья, исемейного благополучия. С приветом Балжан

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жігіт с?лтаны" сайысы 4 сынып»

Ембергенова Балжан Амангельдиевна ОҚО Мақтарал ауданы Игілік ауылы

«Т. Аубакиров жом»

Тақырыбы: «12 сәуір – Ғарыш күні» «Жігіт сұлтаны» сайысы

Мақсаты: Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағының және ғарышкер мерекесіне орай Кеңес үкіметінің және қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру

1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ғарышкерлер мерекесіне арналған «12 сәуір – Ғарыш күні» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Бүгін дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Осыдан тура 52 жыл бұрын алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды. Араға 30 жыл салып, Қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров көкке самғады. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды.

1 жүргізуші: 1957 жылы Ғарышқа жол 4-қазанда ашылды.

Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағында жердің жасанды серігі ұшырылды. Жер спутнигімен «Лайка» атты ит ұшырылды.

2 жүргізуші: 1959 жылы: 12-қыркүйекте Айға қарай зымыран ұшырылды.

1 жүргізуші: 1961 жылы: Москва уақыты бойынша 12 сағатта бұрынғы Одақтық барлық радиостанциялар өз хабарын тоқтатып адамның ғарышқа ұшу сапарын ойдағыдай аяқталғанын хабарлады.

Ғарышқа бірінші рет Россия азаматы Юрий Гагарин Байқоңыр космодромынан 9 сағат 7 минутта ұшырылды. 108 минут өткеннен кейін «Восток» кемесі қонды. Ағаш ұстаның баласы Юрий Гагарин сол кезде 27 жаста екен. 12 сәуір күні Гагарин бірінші жерден ұшуын "Восток" ғарыш кемесінде бастады. Осы ғарышқа алғаш ұшу оған Кеңес Одағының Батыры атағын алып келді. 1962 жылдың 12 сәуірінен бастап 12 сәуір – ғарышкерлер мерекесі болып жарияланды. 1964 жылы Кеңес ғарыш әскерлерінің командирі болып бекіді.
1968 жылы 27 наурызда Киржачск ауданының Новоселово ауылының маңындағы жаттығу кезінде қайтыс болды. Кремлевск жарындағы Қызыл алаңда жерленген.


2 жүргізуші: 1963 жылы: 16 шілдеде тұңғыш әйел ғарышкер- орыс қызы Валентина Терешкова ұшты.

Ғарыш кемесі ұшатын ғарыш айдағы Қазақстанның Байқоңыр жерінде орналасқан.


«Туған жер»өлеңін қабыл алыңыздар!

(4а-сынып оқушыларының тақпағы)

1 жүргізуші:

- Сүрінген бабам сан рет,

Космосқа қарай барам деп.


Қойынында мылқау тірліктің,

Қандай сыр барың білем деп.

Адами қиял осылай, аспанға ұшып , әрі ұшты,

Қазақтың жері ақыры – қақпасы болды ғарыштың.

2 жүргізуші:

- Иә, қазақтың жері ғарыштың қақпасы болды, ғарыш десе көңілге туған жер топырағы төсіндегі Байқоңыр келеді. Қазақстандағы Байқоңыр космодромнан ғарышқа самғап ұшқан халық батырлары - содан бері ғарышкерлер ғарышта болып қайтты.

1 жүргізуші:

- Сазарып жатса Сарыарқа ,

Бетпаққа оны балама.

Шындарға жарық космосын,

Жақын боп шықты далама.

Өкпелей бермей өткенге,

Ұғып қой ұрпақ бақытты.

Түн болса бабаң ғарышқа,

Түнектен қарап жатыпты.

2 жүргізуші:

Бірге өсіп, ел жайлаған ұл менен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,- дей отыра мектебіміздің биші қыздарын шақырайық.

1 жүргізуші:Тоқтар Әубәкіров ұшқыш болуды армандаған. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынады. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия , медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылым зерттейтін жұмыстарын жүргізді. 1991 жылы 10 қазанда жерге оралды.

Әубәкіров Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, Отандық қарулы күштердің әскери даярлығын жетілдіруге , әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.

2 жүргізуші: Талғат Мұсабаев "125 тәулікке созылған өзінің алғашқы ғарышқа ұшу сапарын "Союз ТМ-19" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының бортинженері ретінде 1994 жылдың 1 шілдесінен 4 қарашасы аралығында жасады. Ол екінші ұшу сапарын "Союз ТМ-27" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының командирі ретінде 1998 жылдың 29 қаңтары мен 25 тамызы аралығында жасады. Үшінші сапар 2001 жылдың 28 сәуірі мен 6 мамыры аралығында өтті. Ол кезде Т. Мұсабаев "Союз ТМ-32" жүк кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясына алғашқы ресейлік келіп-кету экспедициясының командирі болған.
Оқушалардың орындауында тақпақтар



ІІ бөлім: «Жігіт сұлтаны» атты байқауды тамашалауды ұсынамыз.

1 – жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2 – жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!

1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)
2 – жүргізуші:
Әділдікпен баға берер жігітке,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Алқасын қазылардың біз сайлайық,
Нағыз жігітті талдап бүгін алуға - деп бүгінгі «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1 – жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
ІІІ бөлім «Көркіне ақылы сай» салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы.
ІV бөлім «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы.
V бөлім «Тұғырыққа тірелгенде» түйме қадау.

2 – жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

1 – жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.

2 – жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.

1 – жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көріне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Оқып жүрген пәндері бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл.

1 – кеспе қағаз.
1. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? )барлық қабырғаларын қосамыз немесе ені мен ұзындығын қосып, 2-ге көбейтеміз)
2. Қазақ тілінде неше септік бар? (7 септік бар. Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)
3. Қазақтың үш биін ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
2– кеспе қағаз.
1. 3 санының кубы нешеге тең?( 27)
4. Кітапқа, оқушыға сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы? (Барыс септік)
5. Түйе пірі? (Ойсылқара)
3– кеспе қағаз.
1. 8 санының квадраты нешеге тең?( 64)
2. Кітаптан, оқушыдан сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы? (Шығыс септік)
3. Қой пірі? (Шопан ата)
4– кеспе қағаз.
1. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (Ұзындығы мен енін көбейтеміз )
2. Кітаппен, оқушымен сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы? (Көмектес септік)
3. Сиыр пірі? (Зеңгібаба)
5– кеспе қағаз.
1. Кез келген санды 1-ге көбейткенде ...шығады.
2. Кітаптың, оқушының сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы? (Ілік септік)
3. Жылқы пірі? (Қамбарата)
6– кеспе қағаз.
1. «Кел, балалар,оқылық!» өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин)
2. 2 санының квадраты нешеге тең? (8)
3. Мен, сен, сіз, ол, біз қандай сөз табына жатады? (есімдік)
7– кеспе қағаз.
1. Екі немесе бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлеулері не деп аталады? (Диалог)
2. Мәтін түрлерін ата? (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау)
3. Кез келген санға 0 – ді қосқанда ...шығады. (сол санның өзі)
8– кеспе қағаз.
1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы? (Абай Құнанбаев)
2. Сөйлем түрлерін ата? (лепті сөйлем, хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем)
3. 3 * 4 көбейтіндінің мәні нешеге тең? (12)

2 – жүргізуші:
Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі» өткізіледі.

1 – жүргізуші.
Мықты болсаң тығырықтан шыға біл
Келді кезек тапқырлықты танытар
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп, «сайысымыздың келесі бөлімі «Тығырыққа тірелгенде» деп аталады. Жігіттеріміздің бұл тығырықтан қалай шығатындарын тамашалайық.

2 – жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, класымыздың аруы Мұхит Әсемнің орындауында «Қаражорға» әнін тыңдасақ. Қарсы алыңыздар.

1 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

2 – жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:
1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»
2. «Дарынды жігіт»
3. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
4. «Өнерпаз жігіт»
5. «Парасатты жігіт»
6. «Алғыр жігіт».
7. «Шымыр жігіт».
8. «Шешен жігіт»
1– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Жігіт с?лтаны" сайысы 4 сынып

Автор: Ембергенова Балжан Амангельдиевна

Дата: 12.01.2016

Номер свидетельства: 275443


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства