kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Же?істі? ба?асы

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ылыми зерттеу ж?мыстары о?ушыларды ізденушілікке баулып, ?з бетімен білім алу?а жетелейді. Осы ретте Хисметов Аятты? ж?мысында Бисен ауылыны? ?лы Отан со?ысы жылдарында?ы елді? т?рмысы к?рсетілген. О?ушы ?з атасыны? естеліктері ар?ылы елді? т?рмысын баяндайды. О?ушыларды ?з бетімен ізденуге баулу, зерттеушілікке тарту  м??алім ретіндегі мені? негізгі ма?сатым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Же?істі? ба?асы»

Жеңістің бағасы

Соғыс салған жараны,

Кімдер, қайтіп жазады?


«Фашистік Германия бізге тұтқиылдан шабуыл жасағанда, мен небәрі 14 жаста едім. Сұм соғыстың не екенін білмесем де, атының суық естілгенінен бір сұмдықтың болғанын сездім. Оның үстіне үлкен анам үйге аңырап кірді. Үлкен анам деп отырғаным әкемнің ағасының әйелі. Қасындағы Сәуле атты қызын құшақтап, жылай берді. Бұл жылаудың басы ғана екен, кейіннен ауыл болып, жылап- сықтап, атқа мінер азаматарды, кәмелетке толған жастарды ел қорғауға, Отан алдындағы борышын өтеуге майданға әкетті. Бұл сұрқия қара бұлт, біздің шаңырағымызға да төнді. Әкем Имаш соғыс басталған алғашқы айларда – ақ ағасы Ихсан екеуі өз еріктерімен соғысқа кетті. Кішкентай қызы Сәуле үлкен анам екеуі біздің шаңыраққа келді. Кейін туған ағам Қиса да соғысқа Камышин қаласынан алынды. Біз үшін қиын күндер басталды. Әкемнің інілері Қуанышқали, Лұқпан да көп кешікпей майдан даласына кетті. Олардың қыздары менің қарындастарым Ғалия, Қалила, Ғайни кіші анаммен бәріміз бірге тұрып жаттық. Анам Зәбира оларды өз баласындай бағып қақты. Үш анам бір сөзге келмей, біздер бір үйдің баласындай қоңырқай ауыр күндерді бастан кешіп жаттық. Аналарымыз таң бозарып атқанда, егіс даласына кететін де, қас қарая түннің бір уағында келетін. Келе ас әзірлеп, ас болғанда қара бидайды суға пісіріп, бір – бір тілім нанды біздерге уйлестіріп, өздері қара су ішіп отыратын. Сол кездегі көженің дәмі әлі аузымнан кетер емес. Тамақтанып болған соң, үстел басына отыра қалып, шамның жарығымен майдан даласындағы азаматтарына қолғап, шұлық тоқитын. Бізде бала болып, ойнамай, шуламай, аналарымыздың қас – қабағына қарап жатып ұйықтап кететінбіз. Сол кезден бастап мен ерте есейдім. Себебі біздің шаңырақта қалған ер азамат мен ғана. Азаннан тұрып, аналарыма еріп, егіс басына барып, масақ теріп, шөп жинап, әл – қуатым жеткенше үлкендерге көмектесетінмін. 15 жасымда егін салып, бұзау бақтым, холхоздың жұмыс істеп, коселкамен пішен шаптым. 1941 – 1945 жылдары аралығында колхоздастыру кезеңінде тылдағы жолдастармен, соғыстағы жауынгерлер үшін, Отанға, еліме, жеріме адал еңбек еттім. Өгізбен жер жырттық. Ауыл шаруашылық жұмысына қаршадайымнан араластым. Жалаң аяқ, жалаң бас жүргеніме қарамай, адал еңбек еттім.1942 жылы ауылдан түйемен Нижный Баскунчакқа бидай тасып кетіп бара жатқанда қасымызға түскен бомбадан өлген балалар да болды. Мен жұмысты қаншалықты көп істесем, көкем және ағаларым тез келетіндей көрінетін. Осы үміт менің жүрегіме жылу ұялатып, жақсы армандарға жетелейтін. Әкемнен келген үш бұрышты бума хатты анамнан сұрап алып, қайта – қайта оқитынмын. Кейін үш бұрышты хат келуін тоқтатты. Бірақ мен олардың оралатынына сенімді болдым. Өйткені, басқа үйлерге келіп жатқан төртбұрышты қаралы қағаз бізге келмеді. Алды 8 – де, соңы 3 жастағы төрт қарындасыма қамқор болуға бар күшімді салдым. Біз тұрған Шоңай стансасын жау самолеты бомбылағанда, жертөлеге тығылып, қарындастарымды құшақтап жататынмын. Қарындастарымның амандығына мен тікелей жауапты едім. Сұм соғыс салған зобалаң жылдардың ауыртпалығын, қиындығын мен қалай ұмытайын. Аш – жалаңаш жүрген күндер, қорқынышты ұйқысыз түндер, соғыс жалмаған балалық, иыққа түскен қара жұмыс, жесірлердің, жетімдердің көз жасы мені қатал өмірге ширатты. Қиын қыстау уақытта анамыз екеуміз оты сөнген екі шаңырақтыңадамдарын ықыласпен бауырымызға бастық. Ағамның көзі деп,қарындастарымды, шаңырақтың ұйытқысы деп, үлкен – кіші аналарымды құрмет тұттым. Әке орнына әке, аға орнына аға болдым. Осы жасқа келе отырып, Отанымыздың жеңісіне, сонымен бірге заманымыздың өркендеуіне өз үлесімді қостым. Бұл соғыс кімді жылатпады? Осы жасқа келгенше жүрегімде «ақ дақ» болып қалған бір – ақ нәрсе ол әкемнің және ағаларымның із – туссіз кетуі, майдан даласынан оралмауы. Талай шаңырақты шайқалтқан сұм соғыстың зардабын тек мен ғана емес барлық Совет Одағының тұрғындары тартты. Өкінішім әкемнің, ағаларының еш хабарсыз кетуі. Әкеме туған елдің бір уыс топырағының бұйырмауы. Әкемнің басына бір белгіні орната алмауым. Кейін көп іздедім. Бірақ еш хабар алмадым. Солай....» -, деп атам жасаураған көзін алақанымен сүртті. Балаша жылаған атамды қатты аяп кеттім. Мен атамды мақтан етемін.

Менің атам Хисмет Имашұлы Мөкешев 1927 жылы 25 қаңтарда Сайқын ауылының «Шоңай »елді – мекенінде дүниеге келген. Атам өз құрбылары сияқты, балалықпен ерте қоштасыпты. Сол шақта атам майданнан оралмаған әкенің, ағаларының орнын басып, аналары мен қарындастарын алып, Сайқынға көшіп келеді. 1943 жылы Сайқын орта мектебін бітіргеннен кейін, Шоңайдағы тракторшылар курсынан өтіп, трактор руліне отырады. Төрт жылдан соң МТС (машина – трактор станциясы) басшылары оны Орал қаласындағы механизация мектебіне оқуға жібереді. Курсты тамадаған соң, туған жерге оралып, тракторшылар бригадасының бригадирі болады. 1951 жылы өмірлік серігі, марқұм әжем Әминамен отау құрған екен. 1960 жылы Орда МТС – ына бригадир болып тағайындалды. Техника тілін жетік меңгеруі, еңбекқорлығы арқасында 1962 жылы «Орда» машина – трактор станциясына (Бисен ауылы) механик қызметіне ауыстырылады. Өз саласының білгір маманы 1963 жылы жаңадан машина – трактор шеберханасы (МТШ) жасакталғанда, меңгерушілігіне ұсынылады. Ол осы қызметті 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанша абыроймен атқарып, ұжымның құрметіне бөленді. Үйдегі бума – бума мақтау қағаздары, ауылдық, аудандық кеңестің депутаттығына сайланғандығын растайтын куәліктер соның айғағы. Сұм соғыстың кесірінен әкеден қалған жазғыз тұяқ қазір мәуелі бәйтерек секілді. Әжем екеуі дүниеге 5 ұл, 4 қыз әкеліп, тәрбиелеп өсірді. Қазір олар жан – жақта жеке – жеке шаңырақ құрып, тіршілік етуде. Ұл мен қыздан 15 немере, 10 жиен, 6 жиеншар, 6 шөбере көріп отыр. Біздің шаңырақ үлкен шаңырақ болып есептеледі. Мерекелерде әсіресе, атамның туған күнінде, әжемнің туған, тіпті қайтқан күндерінде барлық отбасы бас қосады.

Атамның бауырында өскен бауырларым оның аңызға бергісіз әңгімелерін, шежірелерін әлі күнге дейін ұйып тыңдаймыз. Айта қалса әр сөзі – нақыл, әңгімесі – шежіре, тірі тарих куәгері. Орден – медальдары сыңғырлап, 90 – ға жақындап қалса да таяқсыз жүретін, газет – журналдарды өзі оқитын, кейде қора – қопсы оңдап, төбеге шығып шөп үйетін, жеміс ағаштарын отырғызып, күтіп – баптайтын, бойынан күш қуаты сарқылмаған атамызды мақтан етеміз. Елге сыйлы , шаңырақтың берекесі – атамыз әрдайым ортамызда күліп – ойнап жүрсе екен, біздің қызығымызды көріп, 100 жасаса екен деп тілейміз.

Өткен күндер ұмытылмайды, тарих болып қалады десек, онда сол кезеңнің адамдары тірі тарих емес пе? Өңірінде медальдар сыңғыр қаққан, сексеннің тоғызына аяқ басса да, еңсесі биік, шалт қимылды атамның әр әңгімесінің өзі – бір тарих.

Хисмет Аят

Бөкей ордасы ауданы

Бисен ауылы Б.Жаникешев

атындағы ЖОББМ 4 «ә» сынып оқушысы














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Же?істі? ба?асы

Автор: ?уанова Жупар Кенжегуловна

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301287


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства