Просмотр содержимого документа
«"Же?іс туын желбіреткен!" мерекелік шара »
Ұлы Жеңіске – 70 жыл! 9 – мамыр жеңіс күнін мерекелеуге арналған жиынның сценарийі
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Құрметті ауыл тұрғындары, тыл еңбеккерлері! Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер! 2 жүргізуші: 9 мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі құтты болсын! 1 жүргізуші: Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына биыл 70 жыл. 2 жүргізуші: 70 бейбіт көктем таң атқалы. 70 шуақты күн таратты әнін. 70 көктемде содан бері, Ашылды жеңіс күннің парақтары. 1 жүргізуші: Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетейік. 2 жүргізуші: Ардагерлер - атамекен айбыны. Сақтады олар елін - жерін, намысын, Ақтады олар азаматтық борышын. Сол үшін де қолтығынан демейік, Ардагерге, майдангерге Барлық жерде басымызды иейік. 1 жүргізуші: Фашистік Германияны жеңуде басты күш халық бірлігінде еді. Ол соғысқа тартылмаған жан, отбасы жоқ. Осы соғыста Кеңес Одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамына 1 млн. 870 мың қазақстандықтар болған.Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлердің рухын үнсіздікпен еске алайық. (1 минут үнсіздік) 2 жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Кусниязов Төлеген Қалжанұлына береміз. 1 жүргізуші: Жаңғыртып ән мен аспан кеңістігін Халқымыз қуанышта тегіс бүгін. Жауды жаншып, Отанды азат еткен Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін. 2 жүргізуші: Мерекелік сөз кезегі Новый селолық округінің бас маманы Жакупов Сергей Сетаманұлына береміз.
1 жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі. Көктем шуақ – Тоғызыншы май күні. Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі Кездейсоқ па көктемге сай келуі. 2 жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп, Көңілдерге шұғыласын төккен көп. Сонау жылы Тоғызыншы май күні Алмастырған қуанышқа қайғыны. Хор, « Ден победы» орындайтын мектеп ұжымы. 2 жүргізуші: Саған құрмет бейбітшілік сақшысы Сен тұрғанда қуырылар жауапшысы Саған миллион жүректердің салюты Саған сөздің шырайлысы жақсысы. Ән «Аманат» , орындайтын 8 класс оқушысы Тұрсын Дарын 1 жүргізуші: 1941 жылы 22 маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.Көрініс «Қоршауда қалған Ленинград». 2 жүргізуші:1941 жылдың 10 шілдесінен 1944 жылдың 9 тамызына дейін 900 күн қоршауда қалды. Бұл сұрапыл соғыстың зардабы халықты қан қақсатты. Сол кезде халыққа берілген нанның мөлшері 250 грамнан 150 грамға дейін төмендеді.
Ән «Ана туралы баллада» , орындайтын 10класс оқушысы Серікқали Мархаббат .Қошеметтеріңіз!
1 жүргізуші: Батыр ұл есімдері ақталады Жыр болып жүректерде сақталады. Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп, Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
Людмила Михаиловна
2 жүргізуші:
Жазылған жоқ өткен күн жоралары, Сиреп кетті – ау қарттардың аралары. Бабам жауға бермеген туған жерді Қорғайды әлі баламның балалары.
Би «Катюша», 7 класс оқушылары.
1 жүргізуші:
Әлия Казачиха деревниясы үшін болған ұрыста асқан батылдық көрсетеді. Әлия өзі жараланғанына қарамастан «Алға!» деп атой салып, жау траншеясына басып кіреді. Осы ұрыста Әлия оққа ұшады. Ол кезде Әлия 19 жасқа толмаған кез еді. Әлияның денесі осы селоға батыр, жауынгер зиратына қойылған. Сол жерге ескерткіш орнатылған. Өзі оқыған мектепте Әлияға арналған арнайы бөлме бар.Сөйтіп, Әлия, Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным», «елім» деп соққан жүрегін мирас етті.
Ән «Әлия», орындайтын Серікқали Мархаббат. Қарсы алыңыздар!
1 жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
2 жүргізуші: Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көбейе берсін ырыс-береке
Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар» , орындайтын 4 класс оқушылары Аманжан Амина мен Хамзин Саясат
2 жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 70 көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы Жеңістің 71 жылдығында кездесейік. 1 жүргізуші: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды. 2 жүргізуші: Ардагерлерге мың тағзым! 1 жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбіресін! 2 жүргізуші: Жер үстінің шуағы тарқамасын! 1 жүргізуші: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау болыңыздар!