kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЖЕЛТО?САНДА – М?ЗДА ЖАН?АН АЛАУЫМ, ЖЕЛБІРЕТТІ Т?УЕЛСІЗДІК ЖАЛАУЫН

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?аты т?уелсіздік к?ніне арнал?ан.Т?рбие са?атыны? ма?саты о?ушыларды? бойына патриотты? сезім ?ялату, Отанына деген, ту?ан жерге деген с?йіспеншілікке баулу. О?ушылар ?ле?дер о?ып, ?ндер айтып,?она?тарды? к??ілінен шы?ты. Іс- шара жо?ары де?гейде ?тті.  Тарихы тере?, ?асіреті ?атпарлы хал?ымызды? ?лденеше ?асыр б?рын арманда?ан т?уелсіздік туы бізге са?ындырып ?ана емес, зары?тырып тиді. К?нек?з тарих?а к?з жіберсек, бабалар арманы, батырлар ?анымен келген т?уелсіздік АЛЛА сыйла?ан ?лы БА?ЫТ. Оны? ?лшемі де, ба?асы да жо?. Осы жолда опат бол?ан ба?ыландарымызды? ба?асына жете білсек, тірлігімізді? баянды болары белгілі. Осы жолда талай бала жетімдік, талай ана жесірлік к?ргені барша?а аян.
Н?тижесінде елді еркіндікке жеткізген ата - баба ерлігін, е?бегін есте са?тап, жас ?рпа??а ?неге ете алса? Т?уелсіздігімізді? т??ырлы болары аны?. Ащы к?ндеріміз т?тті жылдар?а ?ласып, т?уелсіздігіміз баянды болсын.
 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЖЕЛТО?САНДА – М?ЗДА ЖАН?АН АЛАУЫМ, ЖЕЛБІРЕТТІ Т?УЕЛСІЗДІК ЖАЛАУЫН »

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған «ЖЕЛТОҚСАНДА – МҰЗДА ЖАНҒАН АЛАУЫМ, ЖЕЛБІРЕТТІ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАЛАУЫН» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тарихы терең, қасіреті қатпарлы халқымыздың әлденеше ғасыр бұрын армандаған тәуелсіздік туы бізге сағындырып ғана емес, зарықтырып тиді. Көнекөз тарихқа көз жіберсек, бабалар арманы, батырлар қанымен келген тәуелсіздік АЛЛА сыйлаған ұлы БАҚЫТ. Оның өлшемі де, бағасы да жоқ. Осы жолда опат болған бағыландарымыздың бағасына жете білсек, тірлігіміздің баянды болары белгілі. Осы жолда талай бала жетімдік, талай ана жесірлік көргені баршаға аян.
Нәтижесінде елді еркіндікке жеткізген ата - баба ерлігін, еңбегін есте сақтап, жас ұрпаққа өнеге ете алсақ Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болары анық. Ащы күндеріміз тәтті жылдарға ұласып, тәуелсіздігіміз баянды болсын.
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны
Хор. МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАН

Күй. «Көңіл толқыны»
1 жүргізуші: 1986 жыл. Желтоқсанның 17 - 18 жұлдызы. Ол жетпіс жылғы қысаң қағидаға тап - тауыр болған санаға жас толқынның қасқайып қарсы тұруы. Ол бүгінгі ой, іс - әрекет сөз бостандығының бастауы. Биыл сол желтоқсан оқиғасына 28 жыл. Алайда, әлі де болса бұл оқиғаны түрліше түсініп, басқаша топшылап, әр түрлі ойдың жетегінде жүргендер бар.

2 жүргізуші: Аса қатал қанқұйлы оқиғаның нәтижесінде 8000 адам заңсыз ұсталып, 1722 кісі жеңіл және ауыр жарақат алды. Бір топ бозбала мен қыздарды 20 градустық аязда суық жерге бірнеше сағат етпетінен жатқызды, қыздарды алаңда бұрымынан сүйреп, ұсталғандарын өлімші етіп соққылаған фактілерді кездестірдік.

1 жүргізуші: Мен қазақпын! Өз халқымды мақтан етемін. Маған оның көп қатпарлы тарихы қымбат. Ал, оның бүгінгі күні одан да қымбат. Осы бүгінгі күн үшін ол басқа халықтармен бірге революция және Кеңес өкіметін орнату жолдарынан абыроймен өтті. Халқының жартысына жуығы жұтқан қасіретті ашаршылықты басынан өткерді. Кеңес өкіметі өсіріп жеткізген жас зиялыларынан айырған 1937 - 1938 жылдардың трагедиясын бастан кешті. Одан Ұлы Отан соғысы, кешегі желтоқсан оқиғасы.

Дариға:

 Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тіліммен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте
Аңсаймын мен сенемін туады ертең,
«Қазақ болу» зор бақыт күндер тіпті.


Назира:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

2 жүргізуші: Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық әні қашанда,
Көкейін елдің тескенсің.


1 жүргізуші: Қарсыласқаны үшін түрмеде Қайратты ұрып - соғады,
намысын қорлап балағаттайды, түрменің тас қамалында отырғанмен қорлау мен азаптың қандай түріне де мойымай, демі шыққанша тұру жолдан таймайды.
Көрініс «Қайрат өмірінен»
Қайраттың анасының жоқтауы
Қаңғып келген шүрегей, көлдің суын бүлдірдің,
Бұлай болып кетерін күні бұрын кім білді.
Тұнып тұрған көл еді, бейбіт жатқан ел еді
Желтоқсанның дауылы қара бұлтты төндірді.
Сол дауылға ілесіп Қайратым да кетті ме
Жанып тұрған от еді, сол түбіне жетті ме
Қол - аяғын кісендеп оқудағы баламды,
Жала жауып жан алғыш түрмесіне жапты ма.
Жанын қинап түрмеде жалғыз оқпен атты ма
Қыл бұрауды салғанда «Анашым!»,- деп жатты ма.
Қос өкпесін езгілеп, ұрып - соғып тепкілеп,
Қайратымды жендеттер тұзақ салып асты ма.
Кім біледі, Аллам - ау, не болғанын баламның,
Жауап берер жан бар ма өліміне панамның.
Елжіреген жүрегім қан жылайды бүгінде,
Қатарлары Қайраттың келмей кетіп жүре ме.
Күліп кетіп тұрады, күнде балам түсіме,
Көнем - дағы қайтейін жаратқанның ісіне.
Желтоқсанның дауылы бүкіл елді шарпыды,
Ел бүлдірген «Шүрегей» қарғыс айтам өзіңе.



Міне, осы бір жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол Сыпатаевтардың рухына тағзым етіп, еске алу – ұлттық парызымыз.

1 минут тыныштық сәті.

1 жүргізуші: Сан тарихтың парақтарын ақтардың,
Тәуелсіздік туы көкте желбіреп.
Барлық қазақ азатпыз деп мақтанды
Жас жүрегім жалындайды елім деп.

«Атамекен» әні

1 жүргізуші: 1992 жылы Республика алаңында Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш тақта қойылды.

Ал, 1996 жылы желтоқсанда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
2 жүргізуші: Президентіміздің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз»тапсырылды.
Сәбира, Ләззат, Ерболдарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

1 жүргізуші: Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші.
2 жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы - біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
- 1991 жыл 16 желтоқсан - ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
- 1991 жыл 1 - желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті Н. Назарбаев сайланды.
- 1992 жылы 2 наурызда ҚР дүниежүзіндегі ықпалды және беделді БҰҰ - ға мүше болды.
1 жүргізуші: 1992 жыл 8 мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
- 1992 жыл 4маусымда ҚР - ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
- 1993 жылы 15 қарашада мемлекетіміздің Ұлттық валютасы «теңге» айналымға енді.
2 жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа Астанасы бой көтерді.

Бас аяғы 18 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Айтуар: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


Айгерим:Кең байтақ,

көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің



Жүргізуші: Бірлік болсын елге аман,
Тыныш болсын бұл заман.
Берекесін бере берсін,
Бейбіт жатқан бұл далам!
Осымен кешіміз тәмәм болды,
Бабаларым арман еткен, аңсаған
Тәуелсіздікті ту еткен
Ұзағынан сүйіндірсін о, жасаған!

Хор. «Көк тудың желбірегені»

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
ЖЕЛТО?САНДА – М?ЗДА ЖАН?АН АЛАУЫМ, ЖЕЛБІРЕТТІ Т?УЕЛСІЗДІК ЖАЛАУЫН

Автор: Сандыбаева Бибигуль Смагуловна

Дата: 06.02.2015

Номер свидетельства: 168375


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства