kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жанажылдык шыргалан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жа?ажылды? шыр?ала?

«Happy New Year» ?уені ойнап т?рады. Балалар ?олдарына шам ?стап, шыршаны айнала отырады.

Би: вальс

1 ж?ргізуші:
Уа, халайы? жара?дар,
Айнала?а ?ара?дар!
Жа?а жылды? б?л тойын,
Салтанат?а сана?дар
?ызы? к?ріп, шат болып,
Шатты? к?ліп тара?дар,
Уа, халайы? ??рметті,
К?мейіме жыр кеп т?р
2 ж?ргізуші:
Жа?а жылды ?арсы алып,
?ткізейік д?рмекті
Уа, халайы? той б?гін
Ба?ыт, шатты? мол б?гін
?арсы алайы? Мешін жылын
?затып сап Жыл?ыны.

Хор:  Жа?а жыл (Д?рібаевтар)

Ж?ргізуші: Саламатсы?дар ма, балалар! Жа?ажылды? мерекені бастайы?! Біра? бізге на?ыз думан жасау ?шін бір н?рсе жетіспейтін сия?ты? ?рине, б?л си?ыр! Ал си?ыр жа?а жылда Аяз Атамен ж?не А?ша?армен келеді! ?асына ?ызын ерткен си?ырлы Аяз Атамыз ?айда екен? Аяз Ата! (барлы?ы Аяз Ата мен А?ша?арды ша?ырады) 
Аяз Ата мен А?ша?ар пайда болады

Аяз Ата: ?андай жар?ын ж?здері?,
                 ?андай ?сем жырлары?
                 Асаулармен алыс?ап,
                 Асау желмен жарыс?ан
                 Аталары? сендерге
                 Шаршап келді алыстан.

Амансы?дар ма, шыра?тарым! Армысы?дар, ?она?тар! Міне, А?ша?ар екеуміз сендерді? мерекелері?е де жеттік! 

А?ша?ар: Біз Аяз Ата екеуміз сендерді ?н де айта алады, би де билей алады, таппа?ты да тамаша айтады деп естідік. ?анкей, ?андай ?нерлері? бар, орта?а салы?дар, сыйлы?тар алы?дар! 

Аяз Ата:  Алдымен мына ?сем шыршамызды? шамдары? жа?айы?. 1, 2, 3.  Ооооо, енді д?рыс болды. Ал, балалар, бізді немен ?уантасы?дар? 

Ж?ргізуші: ?азір балалар сіздерге тамаша бір ?н салып береді. Солай ма, балалар? 

Балаларды? жауабы: И?! 

Аяз Ата:  ?уана ?уана ты?даймыз! 
 

А?ша?ар:  ?рине, ты?даймыз! 

Ж?ргізуші: Аяз Ата, А?ша?ар, бізді? жа?ажылды? мерекемізге келгендері?із ?шін сіздерге к?п рахмет! Бос?а т?рмай би билеп, ?н айтайы?! 
 

Хор: Жа?а

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жанажылдык шыргалан»

Жаңажылдық шырғалаң


«Happy New Year» әуені ойнап тұрады. Балалар қолдарына шам ұстап, шыршаны айнала отырады.


Би: вальс


1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр

2 жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Мешін жылын
Ұзатып сап Жылқыны.



Хор: Жаңа жыл (Дәрібаевтар)


Жүргізуші: Саламатсыңдар ма, балалар! Жаңажылдық мерекені бастайық! Бірақ бізге нағыз думан жасау үшін бір нәрсе жетіспейтін сияқты? Әрине, бұл сиқыр! Ал сиқыр жаңа жылда Аяз Атамен және Ақшақармен келеді! Қасына қызын ерткен сиқырлы Аяз Атамыз қайда екен? Аяз Ата! (барлығы Аяз Ата мен Ақшақарды шақырады) 
Аяз Ата мен Ақшақар пайда болады

Аяз Ата: Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.

Амансыңдар ма, шырақтарым! Армысыңдар, қонақтар! Міне, Ақшақар екеуміз сендердің мерекелеріңе де жеттік! 

Ақшақар: Біз Аяз Ата екеуміз сендерді ән де айта алады, би де билей алады, таппақты да тамаша айтады деп естідік. Қанкей, қандай өнерлерің бар, ортаға салыңдар, сыйлықтар алыңдар! 

Аяз Ата:  Алдымен мына әсем шыршамыздың шамдарың жағайық. 1, 2, 3. Ооооо, енді дұрыс болды. Ал, балалар, бізді немен қуантасыңдар? 

Жүргізуші: Қазір балалар сіздерге тамаша бір ән салып береді. Солай ма, балалар? 

Балалардың жауабы: Иә! 

Аяз Ата:  Қуана қуана тыңдаймыз! 


Ақшақар:  Әрине, тыңдаймыз! 

Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар, біздің жаңажылдық мерекемізге келгендеріңіз үшін сіздерге көп рахмет! Босқа тұрмай би билеп, ән айтайық! 


Хор: Жаңа


Аяз Ата: Керемет айттыңдар! Мен көптен бері мұндай тамаша ән естімеп ем! 

Ақшақар: Жарайсыңдар, балалар! 

Аяз Ата:  Ал, енді сендердің қысқа дайындықтарыңды, менің аязым мен борандарыма дайындықтарыңды тексерейін! Қане, балалар, қысқы суықта қалай жылынатындарыңды көрсете қойыңдар. 

балалар Ақшақармен бірге қолдарың уқалап, аяқтарын бір-біріне соғады, ал Аяз Ата айналып тексеріп шығады


Ақшақар: Аяз Ата көрдің бе, балалар қалай қорғана алады, олар сенің аязың мен бораныңның қандай болатынын да біледі. 

Аяз Ата:  Иә, қызым, көрдім, көзім жетті, балалардың бәрі жақсы. Осында Анель деген әнші қызым бар еді, бір шырқап жіберсе, тамаша болар еді.



Ән:



Аяз Ата:  Өркенің өссін, қызым, биіктерден көріне бер! Ал, енді, орманға оралатын кез келді! 

Ақшақар: Аяз Ата, тұра тұрыңыз, мерекелік көңіл-күй қайда, сыйлықтар қайда?! Қараңызшы, зал қалай әсем безендірілген, балалар қандай әдемі, шырша мыз қандай керемет, сиқыр керек қой! 

Аяз Ата:  Жарайды, қызым, сиқыр да болады, ертегі де болады. Ал залды алыстан тамашалау керек, барлығы тегіс көріну үшін! 

Аяз Ата мен Ақшақар есік жаққа қарай кетіп, шетті орындыққа жайғасады. 

Аяз Ата:  Міне, мына жерден барлығын жақсы көруге болады. Кел Ақшақар, мына жерде бос орындық та бар екен, отыр! 

Аяз Ата мен Ақшақар ширма жанындағы орындыққа отырады. Олар отырысымен орындықтан құлап ширманың арғы жағына кетип қалады (түсініксіз жарық, дауыс, шу) 

Жүргізуші: Ой, Аяз Ата мен Ақшақар құлап қалды-ау, орындықтар нашар болды-ау, қап ұят болды, тезірек көмектесейік. 

Жүргізушілер ширмаға жақындап барып қарайды, ал онда Аяз Ата мен Ақшақар жоқ. 
бәрі таң қалады, өйткені онда мән-жайды түсінбеген күйі Қызыл телпекті қыз бен Түймедақ отыр. 

Жүргізуші: Сендер кімсіңдер, Аяз Ата мен Ақшақар қайда?!!! 


Қызыл телпекті қыз: (үстін қағып жатып) Мен, " Қызыл телпекті қыз" ертегісіндегі Қызыл телпекті қызбын, еш алаңсыз, сол баяғы ұзын жолмен, орманмен әжеме бара жатқам … бәрі баяғысынша, артымнан аңдып қасқыр келе жатқан… баяғысынша, ертегіні өздеріңіздер де білесіздер … кенет: тарс-тұрс, шу … міне мен еденде отырмын, ал қасқыр жалғыз, бейшара ... әжеме бара жатыр, мені қанша күтер екен, ал мен мында кептеліп қалдым! 
Жүргізуші: Түсінікті, ал сен кімсің?

Түймедақ:  Мен де осылай сіздерге тап болдым. Мен - Түймедақпын, "Дымбілместің басыннан кешкендері" шығармасында жазушы Носовтың ойлап тапқан болатын, біз бәріміз жаңа ғана Айдан сәтті оралған едік, зымыраннан түсісімен, тарс-тұрс, шу … (жыламсырап) мен әлі экспедициядан соң тынығып та ұлгермедім ғой, мен қайдамын? 

Жүргізуші: Иә, қыздар, ертегі әлемінде ақау пайда болған сияқты, демек Аяз Ата мен Ақшақар сіздердің ертегілерңізге тап болды, ал сіздер олардың орнына осында. 

Түймедақ:  Иә, олай болса, Аяз Ата еріп кететін болды ғой, онда қазыр шыжыған жаз, егер, әрине, Білгір … немесе Дымбілмес бірдеңе ойлап таппаса … 

Қызыл телпекті қыз: Әй, бейшара қасқырға мұздай суық Ақшақарды жеуге тура келеді, ал ол ауырып қалса не болады? 

Жүргізуші: Иә, мұнда ... бағдарлама ақауы…а, шынымен, заманауи техниканы қоссақ қалай болады! 

Жүргізуші, Қызыл телпекті қыз, Түймедақ компьютерге жақындап, батырмаларын тарсылдатып баса бастайды. Қатты дауыс шығып, компьютерден қағаз шығады (компьютер бейнесінің арғы жағында керек кезде қағаз шығарып тұратын адам тұрады). Қағазда ірі шрифтпен жазулар жазылған, жүргізуші текстті оқиды: "Ақау, ақау, ақау, жаңажылдық әуеннің ноталары шатасқан, ертегілер шатасқан" 

Түймедақ пен Қызыл телпекті қыз (бірге): енді түсінікті болды, не істейміз, жаңажылдық әуен қандай еді? 

Жүргізуші: шынымен, қандай еді? Қазір компьютерімізден іздеп, тауып аламыз! 
картон компьютерге жақындайды, батырмаларын басады, онда тағы да қағаз шығады. 

Жүргізуші қағазды алып, оқиды: " Жаңа жыл әні үшін музыка жүйелеу нұсқаулары. Тапсырмалардың барлығын орындасаңдар, жаңажылдық әуенді тапсаңдар әуенді білесіңдер! Бірінші тапсырма – әзіл айтып, күлдіру. 

КВН: «Көңілді жігіттер»

КВН біткен соң, компьютерден қағаз шығады: "Алғашқы тапсырма сәтті аяқталды, компьютерге әуеннің алғашқы ноталары жүктелді!", барлығы қуанады.


Түймедақ компьютерде пайда болған қағазды нұсқап: Қараңдар, тағы да бірдене пайда болды.



Қызыл телпекті қыз: (Түймедақтың қолынан қағазды алып) Қане, қарайық! Қане, балалар, оқиық: "Екінші тапсырма: Жаңа жыл туралы таппақтап оқу" 

Түймедақ: (баларға қарап) Балалар, сендер жаңажылдық таппақтар білесіңдер ме? 


Балалар: "Иә!" 


Қызыл телпекті қыз: Бізге айтып беріңдерші, сондай қызық! 

(Монтаж)

1-оқушы

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып…
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!


2-оқушы

Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.
 Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде - әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.



3-оқушы

Жаңа жылдың паңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды манайды

Жаңа жылмен құттықтаймын дегенде

Қанаттана жаз алқапқа тарайды

Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жыдым келдігой

Ай жүзіндей айшықтанып арайы


4-оқушы

Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен келіп тұр!
Ойындағы бар мейірім, қуанышын
Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр.



5-оқушы

Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып
Дастарханды отырмыз саған жайып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай ел, талай халық
Келген сайын көңілді өсіресің
Ұлы болсын бастаған осы көшің
Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен
Қазақ деген халықтық несібесін!


6-оқушы

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!



7-оқушы

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілеріміз көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Жақсылықтар мол болып,

Тек биікке қонайық.

Келер жыл да біздерге,

Табысты тек жыл болсын!


8-оқушы

Тағы да бір жыл жаңа
Қадам басты, ұрлана да нұрлана
Жүректерде лүпілдейді жас үміт.
Ашылады – шашылады бүр жаңа
Кәне, достар, көтерейік иықты
Аңсайықшы қыран самғар биікті

9-оқушы

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.



10-оқушы

Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!



Таппақтар айтылып болған соң, компьютерден жазуы бар парақ шығады "Екінші тапсырма сәтті орындалды!". Барлығы тағы да қуанады. 

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! 

Түймедақ: Таппақтарыңды керемет айттыңдар! 

Қызыл телпекті қыз: Қане, балалар, нұсқаулықты әрі қарай оқимыз ба? 

Балалар кейіпкерлермен бірге: "Иә!" 

Жүргізуші компьютерден кезекті қағазды алып оқиды. 

Жүргізуші: Мында, енді би билеу керек деп жазылыпты! Қане, балалар, билей аламыз ба? 

Би:  Үнді биі

Компьютерден тағы да жазуы бар парақ шығады "Үшінші тапсырма сәтті орындалды!". Барлығы тағы да қуанады. 


Түймедақ: Қараңдар, әлі де жеткіліксіз - компьютер тағы да басып шығарып жатыр! 

Қызыл телпекті қыз компьютерден жаңа қағазды алып оқиды: мында тағы бір тапсырма бар – бұл ойын! 

Ойын ойнатылады 

Жүргізуші компьютерден қағазды алады "Барлық тапсырма орындалды, жаңажылдық әннің әуені мен ноталары түзетілді!" (әуен ойнайды)


Қызыл телпекті қыз: Ал, балалар, бұл қандай жаңажылдық ән екенін білдіңдер ме? 

Балалар: "Иә!" 

Жүргізуші: Ендеше, бәріміз бірге орындайық 

Хор: В лесу родилась ёлочка


Ән бітісімен сақнаға Аяз Ата мен Ақшақар шығады 

Аяз Ата мен Ақшақар: Балалар, енді біз дәл керек жердеміз – жаңажылдық мерекедеміз! 

Қызыл телпекті қыз бен Түймедақ: (жүгіріп келіп) Аяз Ата, Ақшақар! Қалайсыздар? Біздің ертегімізде сіздерді ешкім ренжітпеді ме? 

Ақшақар: Рахмет, мені қасқыр жегісі келген, мұздай суық маған жақындағаны сол ед, жөтеліп, түшкіріп, суық тиіп қалды. Сондықтан саған Қызыл телпекті қыз, өз ертегіңіе оралатын уақыт келді, құлпынайлы шәй беріп қасқырды емдеп жазуың керек.

Түймедақ: Ал, сіз ше Аяз Ата, менің ертегімде уақытты қалай өткіздіңіз? 

Аяз Ата: Әрине, кішкене ерідім, бірақ ештеңе етпес, түгелдей еріп үлгермедім (күліп). Ал Гүлді қаладағы сенің достарыңа зымыранға жаңа двигатель орналастыруға көмектестім, енді сендерде көпқолданбалы планетааралық аппарат бар, қазір Гүлді қаланың тұрғындағы жаңа ғарыш экспедициясын ойластырып жатыр! Ал, мында менсіз мерекені қалай тойладыңдар?

Түймедақ: Жақсы тойладық, Аяз Ата! 

Қызыл телпекті қыз: Балалар байқауларға қатысты, таппақ та айтты, би де биледі - жарайсыңдар! 
Ақшақар: Ай, қандай ақылдысыңдар! Ендеше, бір серпіліп ән айтып, билеп алсақ қайтеді.

Қызыл телпекті қыз бен Түймедақ бірге: Жарайды!!!


Ән:


Қызыл телпекті қыз бен Түймедақ: Енді біз өз ертегілерімізге оралайық. Сау болыңдар!
Қызыл телпекті қыз бен Түймедақ шығып кетеді

Аяз Ата мен Ақшақар Қызыл телпекті қыз бен Түймедаққа: Сау болыңдар! 

Аяз Ата: Иә, жарайсыңдар балалар, компьютердің барлық тапсырмаларын орындап, тәртіп орнаттыңдар және жаңажылдық мерекенің басты әнін түзеттіңдер! Ал, енді біздің де жолға шығуымыз керек!


Ақшақар: Қалай сонда, Аяз Ата? Сіз ең басты қағиданы ұмытып бара жатырсыз ғой! 

Аяз Ата: Қандай? 

Ақшақар: Балалар сыйлықсыз қала ма? 

Аяз Ата: Әй, ұмытшақ басым-ай, міне, қап шыршаның түбінде жатыр. Мына басқа ертегіге саяхат әбден шаршатты. Мен сендердей жап-жас емеспін ғой. Әл-дәрменім қалмады. Біз қаптағы сыйлықтарды мерекені жүргізуші балаға тапсырайық. Ол міндетті түрде табыстайды! 



Аяз ата мен Ақшақар ризалықтарын білдіріп, ортадан шығып кетеді.


Әуен орындалады, ортаға жаңа жыл иесі-маймыл келеді



Маймыл: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем бе деп қатты қорықтым. Мен әдейі кешіккенім жоқ. Сіздерге алыс жолдан сыйлық алып келемін деп кешіктім. (балалардың бәріне банан таратады


Жүргізуші: Жоқ, маймылжан, сен кешіккен жоқсың. Біз де сені күттік. Жаңа жыл иесінсіз мереке бола ма?! Бізбен бірге мерекені тойлауға шақырамыз.


Хор: Келші жаңа жыл


Жүргізуші: Жыл иесі маймылжан, енді балалардың жаңажылдық таппақтарын қабыл ал.


Монтаж

11-оқушы

Колокольчики звенят,
Елочка сияет,
С Новым годом Дед Мороз
Деток поздравляет.
Песни слушает, стишки,
Конкурсы проводит
И веселый хоровод
Возле елки водит.
Пусть волшебные огни
Светят ярко-ярко,
Пусть всем деткам принесет
Дед Мороз подарки.


12-оқушы

Новый Год примчался к нам,
С дедушкой Морозом,
Поздравляю я всех вас,
С этим Новым Годом.
Пусть приносит он всем нам,
Счастье и достаток,
Чтобы в семьях ваших всех,
Был всегда порядок,
Всем улыбок утренних,
С солнышка восходом,
Поздравляю я вас всех,
С этим Новым годом!.


13-оқушы

Все вокруг сияет,
Все вокруг блестит,
Новый год шагает,
В гости к нам спешит.
Возле елки главной
Кружит хоровод,
Пусть он будет славный
Этот Новый год!


14-оқушы

Новый год стучится в дверь,
Так открой же поскорей!
Дед Мороз принес подарки,
Ты встречай его скорей!
Елка, свечи, фейерверки,
Вот что значит Новый год.
Пусть лишь счастье и здоровье
В каждый дом он принесет.


15-оқушы

Вечером сегодня,
В волшебство поверь,
Новый Год тихонько,
Постучится в дверь.
Принесет подарки,
Старый — добрый дед,
Словно в сладкой сказке,
С запахом конфет.
С запахом снежинок,
Ёлки, и добра,
В Новый Год приходит,
Счастье к нам всегда


16-оқушы

A happy New Year!
The day is so clear,
The snow is so white,
The sky is so bright,
We shout with all our might:
«A happy New Year!»

17-оқушы

Bring on the new year
Celebrations in the streets.
Bring on the new year
Make sure there's lots of treats.

Bring on the new year
A time to celebrate.
Memories old and wishes new
Hopeful, the world awaits.


18-оқушы

New things to learn,
New friends to meet,

New songs to sing,
New books to read.
New things to see,
New things to hear,
New things to do
In this New Year!

19-оқушы

January opens
The box of the year
And brings out days
That are bright and clear.
And brings out days
That are cold and gray,
And shouts, «Come see
What I brought today!»

20-оқушы

It’s snowing, It’s snowing
What a lot of snow!
Let us make some snowballs
We all like to throw.
It’s snowing, it’s snowing.
Let us sledge and ski!
When I’m dashing downhill
Clear the way for me!


Жүргізуші: Алыс – алыс жерден келдің
Отыра ғой деміңді ал
Өңкей бала төңірегін
Бізбен бірге әнге сал.


Ән: Жаңа жыл


Жүргізуші: Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.- деп кезекті биге берейік.


Би: Флешмоб



Жүргізуші:

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
жаңа жылда ән айтып, би бидеп,
Қол соғып қошеметпен шаттаныңдар!


Хор: Жаңа жыл


1-жүргізуші: Қымбатты достар, қонақтар!
Міне, Жаңа 2015жыл да келді. Ал 2014 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз.

2-жүргізуші:
Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
Бірге: ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !


1-жүргізуші: Баршаңызға жақсылық тілей келе, жасыл шыршамен қоштасайық.

2-жүргізуші: Көріскенше күн жақсы болсын, ағайын! Сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жанажылдык шыргалан

Автор: Утекулова Гульзира Сабитовна

Дата: 25.12.2015

Номер свидетельства: 270358


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства