kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жалындап т?рып,?ртеніп кетсе?,жо? арман!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

?деби-музыкалы? ашы? т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Жалындап т?рып,?ртеніп кетсе?,жо? арман!»

                                                ?арасаз, ?арашал?ын ?ле?де ?стім, 
                                                      Жыр жазсам, о?ан ж?ртым еле?десті?. 
                                          ?лсе ?лер М??а?али Ма?атаев, 
                                                     ?лтіре алмайды, алайда ?ле?ді ешкім.                                                   

 

 

Ма?саты:?деби-музыкалы? т?рбие са?атыны? ма?саты а?ын ?мірімен,шы?армашылы?ынан м?лімет бере отырып,?аза?ты? ?ара ?ле?іні? ??діреті бол?анын т?сіндіру.М.Ма?атаев поэзиясыны? халы??а ке? таралуыны? сыры неде екенін таныту,сезіндіру.

К?рнекілігі:а?ынны? ?мірі мен шы?армашылы?ына арнал?ан бейнеролик,а?ын?а арнал?ан о?ушылар шы?армашылы?ынан к?рме,а?ын?а арнал?ан суреттер, алтын ?орда са?тал?ан а?ын ?ле?дері (?з дауысы) эсселер,слайдтар.

1-ж?ргізуші:

Армысыздар,??рметті ?она?тар мен о?ушылар! А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаевты? ?мірі мен шы?армашылы?ына арнал?ан «Жалындап т?рып,?ртеніп кетсе?,жо? арман!» атты ?деби-музыкалы? ашы? т?рбие са?атымызды ашу?а р??сат еті?іздер!

?лем-дархан,саяла?дар,

Б?рі?е де орын бар,

?ор?ан емес,салтанатты

С?нді сарай со?ы?дар.

Ей,адамдар,сендер тату,

Сендер тату болы?дар!-деп жырлап ?ткен а?ынды бір с?т естен шы?ару м?мкін емес.

«М??ым елді? м?збала?ы» бейнероликті к?ріп,тамашалау.

2-ж?ргізуші:

?уат алып Абайды? тіл-к?шінен,

Жыр жазамын Абайды? ?лгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып т??ілем бір кісіден,-деп жырла?ан М??а?али Ма?атаев биыл к?зі тірі болса 84 жас?а келер еді.А?ын м?расы жары? ж?лдызды? ?ара??ы ?ойнауынан ??пия с?улесін шаш?андай жар?ырай,?ркендей ?сіп,айшы?тала т?суде. Абай ?ндес М??а?алидай ?айталанбас перзенті бар халы?-шынымен ба?ытты халы?.

«Мені? анкетам»?ле?і к?рініс т?рінде к?рсетіледі.

Д?рігер:

№17 палатада?ы М??а?али жолдас,бері келі?із,анкета толтырамыз.

Д?рігер: Ту?ан жері?із?

А?ын:?ланымын. ?арасаз деп аталатын ауылды?.

Д?рігер:Ту?ан жылы?ыз?

А?ын:1931.??рдасымын Ш?мілді?.

Д?рігер:Шы??ан тегі?із?

А?ын:Шаруамын.Бар тірліктен ба?алы оны санаймын.

Д?рігер:Білімі? ше?

А?ын:Орташа ?ой.Алайда оны жо?ары?а балаймын.

Д?рігер:Ана тілі??

А?ын:?аза?ша.?ысыл?анда орысша да,немісше де та?ы бар.

Д?рігер:?айда істейсі??

А?ын:Мынау е?бек кітапшамнан тауып ал.О?ыма?ан дипломсыз демесе?,бір бойымнан бар маманды? табылар.

Д?рігер:Міндеттісі? бе ?скерге?

А?ын:Міндеттімін.Бізді? ?лі жас кеуде.Жауынгерді? ?лымын ?ой,жанын ?и?ан М?скеуде.

Д?рігер:Шет елдерде болды? ба?

А?ын:Бол?ам жо?.Олар ма?ан т?р?ан да жо? ?ол б?л?ап.?алсам болды,?лсем болды жайыммен,осы т?р?ан орнымда-а?.

Д?рігер:Мекен-ж?йі??

А?ын:Мекен-ж?йім-жер мені?.Жерде ж?рген а?ын деген пендемін.?алам,?а?аз,уа?ыт бер тек азда?ан,мен ?мірді жырлау ?шін келгемін.

Д?рігер:М??а?али жолдас,сіз ?лі ?аралып,д?рі ішуі?із керек.

А?ын:Керегі жо?,керегі жо?,керегі жо? б?ріні?.Инені? де керегі жо?.керегі жо? д?ріні?.

Д?рігер:Сіз ?аралып емделіп шы?асыз,сіздей адам бізге ?ажет,ты?дап к?рейін,?лі-а? жазылып кетесіз.

1-ж?ргізуші:

Поэзия!

Менімен егіз бе еді??

Сен мені сезесі? бе,неге іздедім?

Алауырт?ан та?дардан сені іздедім,

?арауыт?ан таулардан сені іздедім,-дейтін М??а?али заманымызда?ы ?ажайып а?ындарды? бірі.

2-ж?ргізуші:

?йткені ол шынында да алауырт?ан та?дардан,?арауыт?ан таулардан т?йсік алатын,бізге к?рінбейтін си?ыр бояулардан,бізге естілмейтін ??пия дыбыстардан тоят алатын.Ол ас?ар Алатау?а ке? Сарыар?аны ?оса ??ша?тау?а ??лаш аш?ан еді.

1-ж?ргізуші:

Таби?ат!

Жанымды алса?,алшы мені?,

Бір ?зік жерге т?скен тамшы? едім.

М??а?али жо?алса не істер дейсі?,

Артымда ?алсын елім,?алсын жерім.

2-ж?ргізуші:

М??а?али ?ойнауына талай сыр б?ккен сайын дала?а,оны? сылдырап а??ан суына,самал желіне,ма?пал т?ніне бала кезден-а? ?ашы? болып ?ссе керек.Алдары?ызда а?ынны? жеріне деген ?ле?дерінен ?зінді.

1-о?ушы: «?арасаз»

2-о?ушы: «Мен таулы?пын»

3-о?ушы:С?йемін,?скен Отаным!»

?н. «?арасазды? шыбы?ы» Орындайтын:Мукажанов М

1-ж?ргізуші:

... Махаббат б?гін ж?не ?арамады, 
?арамады... 
Жанымды жаралады. 
Ш?міл-ау, 
Білесі? бе? 
Шын махаббат – 
Осылай ?арамаудан жаралады! И?, н?зік жанды а?ынны? ж?регіні? шынайы і?к?рлік сезімі махаббат?а ?ласады.

2-ж?ргізуші

М??а?али да осы махаббат та?ырыбына молынан ?алам ал?ан екен.Б??ан тек м??нан тізілген монша?ты жырлар ?ана емес «?ош, махаббат» драмасы да д?лел бола алады.?ле? ?нер, ?ле? дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант ?ана д?ниеге ?келеді, ж?рек пен сезімні? отына орап а? ?а?аз?а т?сіреді. Сол а? ?а?азды? иесін тап?ан ?рбір с?з ж?ректерге ?н болып жетіп те жатыр емес пе?

4-5-о?ушы:«Махаббат диалогы»,

-??с боп ?шып жо?алсам,не етер еді??

-Сені іздеумен м??гілік ?тер едім.

-От?а т?сіп ?ртенсем,не етер еді??

-К?л боп бірге со?ы?нан кетер едім.

-Б?лдырасам са?ымдай не етер еді??

-Жел боп ?уып,а?ыры жетер едім.

-?ай?ы ?келсем басы?а не етер еді??

-?ойшы,с?улем,б?рін де к?теремін.

    6-о?ушы: «О,махаббат,Сен ?лі тірі ме еді?»,

    М??алім:« Саба?ы ?лсіз сары г?л»

?н: «Сені? к?зі?» Орындайтын: Есберген А

1-ж?ргізуші:

Жапыра? – ж?рек, жас ?айы?, 
Жанымды айырбастайын. 
Сен адам бола бастаса?, 
Мен ?айы? бола бастайын. 
Келісесі? бе, жас ?айы?? – деп, а? ?айы?мен тілдескен а?ын ана-таби?атты? ж?пар иісін а??ытып, с?лулы? ?леміне бойлайды.

7 -о?ушы «Жапыра? ж?рек жас ?айы?!

 

8-о?ушы: «Бабаларым,рахмет сендерге!»

?н: «К?ре? к?з» Орындайтындар: Мейіржан,Али,Алишер.

9-о?ушы: «А?ын к?нделігінен ?зінді»

-С?йікті балаларым мені?! –А?ылсыз болма?дар!?мір тола ?ауіп,абай болы?дар!?мірді? ?рбір ??былысына байыппен,а?ылмен ?ара?дар!Ж?ні жо? мейірбан,ж?мса? болма?дар,?мір бар да жауызды? та бар

Мейірбанды?пен,ж?мса?ты?пен жауызды?ты же?уге болмайды.....

Бір с?збен айт?анда,с?йе де,жек к?ре де білі?дер,біра? ?р?ашанда адам ?алыптары?да ?алы?дар.?рдайым са? болы?дар!?рдайым ?здері?ді ?ор?ай білі?дер! Балаларым мені?! Балаларым мені?! Егер сендер т?сінсе?дер ?ой мені......

2-ж?ргізуші:

- Алтын ?орда а?ынны? ?з даусымен айтыл?ан біраз ?ле?дері са?талып ?алыпты. Б?л оны? радиода ж?мыс жасап ж?рген кезі болса керек. Кезекті М??а?ны? ?з даусымен айт?ан ?ле?деріне береміз. ?ле?дер.

10-о?ушы: «Шеше,сен ба?ыттысы?!» 7 «А»сынып о?ушысы: Чайк?зова А

11-о?ушы: «Ба?ыт деген...» 7»А» сынып о?ушысы: ??рман?лі Д

2-ж?ргізуші:

Рас,мен енді ?лмеймін,

«Жа?ынды?ты сеземін-

Жерден де аспаннан,

Жылулы? сезінем-

М?здардан,тастардан.

?мірім сір? да,Арыдан бастал?ан,

?ріден басталып,м??гіге тастал?ан.

Осы мен

?лмеймін,?лмейтін шы?армын,

С?л ?ана мыз?ып-ап,?айтадан т?рармын»-деген жолдарды о?ы?анда,сол с?здерді «не дер екен»-деп,сынау ?шін айт?ан сия?танады да т?рады.?йткені б?л к?нде «с?л ?ана мыз?ып-ап»?айтадан т?р?анына» б?ріміз ку?міз.Болаша? ?рпа?тар да ку? бола бермек. ?з шы?армаларынан:

12-о?ушы: Бота

13-о?ушы:Айша

?н: «К?неміз ?ой» Орындайтындар: Мейіржан,Али,Алишер.

«К?кейде ж?рген сауал» ?она?тармен ж?ргізіледі.

1.М??а?али а?ынны? ту?ан к?ні, айы, жылы. Ту?ан жерінде болмады?ыз ба? 1931ж 9 а?пан
 

 

                                             2. М??а?алиды? ?кесіні? аты?С?леймен

 

3. А?ынны? ?жесі кім? Тиын
 

 

 

 

                             4. А?ынны? азан ша?ырылып ?ой?ан аты кім?
                                                                         М??амет?али

 

 

 

                                                        5. А?ынны? а?ын досы кім?          

                                                                                                Ш?міл

6. М??а?алиды? с?зіне жазыл?ан ?ндерді ата?ыз? Орындап бере                            

аласыз ба?
 

7. А?ынны? жары кім бол?ан? Лашын ?зімжанова
 
 

                                            8. М??а?алиды? поэмаларын ата?ыздар
  9. А?ынны? прозалы? шы?армасын ата?ыздар. Шы?арманы  театрда  к?рді?із бе? «?ош махаббат»
 

 

                                             10. А?ынны? шешесіні? аты
11.М??а?али жырларын о?ы?анда а?ын болуды армандамады?ыз ба?

1-ж?ргізуші:

?арасаз, ?арашал?ын ?ле?де ?стім. 
Жыр жазсам, о?ан ж?ртым еле?десті? 
?лсе ?лер М??а?али Ма?атаев 
?лтіре алмайды, алайда ?ле?ді ешкім. 
2-ж?ргізуші 
Сен ?аза?ты? ?аза?ты?ын жырлады?, 
Ашып айтты? ?аза?ымны? м??-зарын. 
Сол да??ы?ды ?рпа?ы?а жеткізген, 
?ара ?ле?нен – жалында?ан жырлары?. 
Зулап к?ндер, жылдар аунап барады, 
Жырлары?нан ?аза? ба?ыт табады. 
?адірі?ді с?л кешірек білсек те, 
М??гі есімі? жадымызда ?алады. 
?н: Хор: «Сарыжайлау»

??рметті ?она?тар,о?ушылар!

?аза?ты? а?иы? а?ыны М??а?али Ма?атаевты? рухына арнал?ан «Жалындап т?рып,?ртеніп кетсе?,жо? арман!»атты ?деби-сазды  ашы? т?рбие са?атымызды осымен ая?таймыз.

2-ж?ргізуші:

К??іл ?ойып ты?да?андары?ыз?а к?п-к?п рахмет!

1-ж?ргізуші:

Жыр к?шінде та?ы кездескенше аман-сау болы?ыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жалындап т?рып,?ртеніп кетсе?,жо? арман!» »

Әдеби-музыкалық ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Жалындап тұрып,өртеніп кетсең,жоқ арман!»

Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім, 
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің. 
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, 
Өлтіре алмайды, алайда өлеңді ешкім. 


Мақсаты:Әдеби-музыкалық тәрбие сағатының мақсаты ақын өмірімен,шығармашылығынан мәлімет бере отырып,қазақтың қара өлеңінің құдіреті болғанын түсіндіру.М.Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының сыры неде екенін таныту,сезіндіру.

Көрнекілігі:ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик,ақынға арналған оқушылар шығармашылығынан көрме,ақынға арналған суреттер, алтын қорда сақталған ақын өлеңдері (өз дауысы) эсселер,слайдтар.

1-жүргізуші:

Армысыздар,құрметті қонақтар мен оқушылар! Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жалындап тұрып,өртеніп кетсең,жоқ арман!» атты әдеби-музыкалық ашық тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер!

Әлем-дархан,саялаңдар,

Бәріңе де орын бар,

Қорған емес,салтанатты

Сәнді сарай соғыңдар.

Ей,адамдар,сендер тату,

Сендер тату болыңдар!-деп жырлап өткен ақынды бір сәт естен шығару мүмкін емес.

«Мұқым елдің мұзбалағы» бейнероликті көріп,тамашалау.

2-жүргізуші:

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлаған Мұқағали Мақатаев биыл көзі тірі болса 84 жасқа келер еді.Ақын мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай,өркендей өсіп,айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай қайталанбас перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

«Менің анкетам»өлеңі көрініс түрінде көрсетіледі.

Дәрігер:

№17 палатадағы Мұқағали жолдас,бері келіңіз,анкета толтырамыз.

Дәрігер: Туған жеріңіз?

Ақын:Ұланымын. Қарасаз деп аталатын ауылдың.

Дәрігер:Туған жылыңыз?

Ақын:1931.Құрдасымын Шәмілдің.

Дәрігер:Шыққан тегіңіз?

Ақын:Шаруамын.Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

Дәрігер:Білімің ше?

Ақын:Орташа ғой.Алайда оны жоғарыға балаймын.

Дәрігер:Ана тілің?

Ақын:Қазақша.Қысылғанда орысша да,немісше де тағы бар.

Дәрігер:Қайда істейсің?

Ақын:Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал.Оқымаған дипломсыз демесең,бір бойымнан бар мамандық табылар.

Дәрігер:Міндеттісің бе әскерге?

Ақын:Міндеттімін.Біздің әлі жас кеуде.Жауынгердің ұлымын ғой,жанын қиған Мәскеуде.

Дәрігер:Шет елдерде болдың ба?

Ақын:Болғам жоқ.Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.Қалсам болды,өлсем болды жайыммен,осы тұрған орнымда-ақ.

Дәрігер:Мекен-жәйің?

Ақын:Мекен-жәйім-жер менің.Жерде жүрген ақын деген пендемін.Қалам,қағаз,уақыт бер тек аздаған,мен өмірді жырлау үшін келгемін.

Дәрігер:Мұқағали жолдас,сіз әлі қаралып,дәрі ішуіңіз керек.

Ақын:Керегі жоқ,керегі жоқ,керегі жоқ бәрінің.Иненің де керегі жоқ.керегі жоқ дәрінің.

Дәрігер:Сіз қаралып емделіп шығасыз,сіздей адам бізге қажет,тыңдап көрейін,әлі-ақ жазылып кетесіз.

1-жүргізуші:

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе,неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім,-дейтін Мұқағали заманымыздағы ғажайып ақындардың бірі.

2-жүргізуші:

Өйткені ол шынында да алауыртқан таңдардан,қарауытқан таулардан түйсік алатын,бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан,бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын.Ол асқар Алатауға кең Сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан еді.

1-жүргізуші:

Табиғат!

Жанымды алсаң,алшы менің,

Бір үзік жерге түскен тамшың едім.

Мұқағали жоғалса не істер дейсің,

Артымда қалсын елім,қалсын жерім.

2-жүргізуші:

Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға,оның сылдырап аққан суына,самал желіне,мақпал түніне бала кезден-ақ ғашық болып өссе керек.Алдарыңызда ақынның жеріне деген өлеңдерінен үзінді.

1-оқушы: «Қарасаз»

2-оқушы: «Мен таулықпын»

3-оқушы:Сүйемін,өскен Отаным!»

Ән. «Қарасаздың шыбығы» Орындайтын:Мукажанов М

1-жүргізуші:

... Махаббат бүгін және қарамады, 
Қарамады... 
Жанымды жаралады. 
Шәміл-ау, 
Білесің бе? 
Шын махаббат – 
Осылай қарамаудан жаралады! Иә, нәзік жанды ақынның жүрегінің шынайы іңкәрлік сезімі махаббатқа ұласады.

2-жүргізуші

Мұқағали да осы махаббат тақырыбына молынан қалам алған екен.Бұған тек мұңнан тізілген моншақты жырлар ғана емес «Қош, махаббат» драмасы да дәлел бола алады.Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді. Сол ақ қағаздың иесін тапқан әрбір сөз жүректерге ән болып жетіп те жатыр емес пе?

4-5-оқушы:«Махаббат диалогы»,

-Құс боп ұшып жоғалсам,не етер едің?

-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

-Отқа түсіп өртенсем,не етер едің?

-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

-Жел боп қуып,ақыры жетер едім.

-Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

-Қойшы,сәулем,бәрін де көтеремін.

6-оқушы: «О,махаббат,Сен әлі тірі ме едің»,

Мұғалім:« Сабағы әлсіз сары гүл»

Ән: «Сенің көзің» Орындайтын: Есберген А

1-жүргізуші:

Жапырақ – жүрек, жас қайың, 
Жанымды айырбастайын. 
Сен адам бола бастасаң, 
Мен қайың бола бастайын. 
Келісесің бе, жас қайың? – деп, ақ қайыңмен тілдескен ақын ана-табиғаттың жұпар иісін аңқытып, сұлулық әлеміне бойлайды.

7 -оқушы «Жапырақ жүрек жас қайың!


8-оқушы: «Бабаларым,рахмет сендерге!»

Ән: «Күрең күз» Орындайтындар: Мейіржан,Али,Алишер.

9-оқушы: «Ақын күнделігінен үзінді»

-Сүйікті балаларым менің! –Ақылсыз болмаңдар!Өмір тола қауіп,абай болыңдар!Өмірдің әрбір құбылысына байыппен,ақылмен қараңдар!Жөні жоқ мейірбан,жұмсақ болмаңдар,өмір бар да жауыздық та бар

Мейірбандықпен,жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды.....

Бір сөзбен айтқанда,сүйе де,жек көре де біліңдер,бірақ әрқашанда адам қалыптарыңда қалыңдар.Әрдайым сақ болыңдар!Әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер! Балаларым менің! Балаларым менің! Егер сендер түсінсеңдер ғой мені......

2-жүргізуші:

- Алтын қорда ақынның өз даусымен айтылған біраз өлеңдері сақталып қалыпты. Бұл оның радиода жұмыс жасап жүрген кезі болса керек. Кезекті Мұқаңның өз даусымен айтқан өлеңдеріне береміз. Өлеңдер.

10-оқушы: «Шеше,сен бақыттысың!» 7 «А»сынып оқушысы: Чайкөзова А

11-оқушы: «Бақыт деген...» 7»А» сынып оқушысы: Құрманәлі Д

2-жүргізуші:

Рас,мен енді өлмеймін,

«Жақындықты сеземін-

Жерден де аспаннан,

Жылулық сезінем-

Мұздардан,тастардан.

Өмірім сірә да,Арыдан басталған,

Әріден басталып,мәңгіге тасталған.

Осы мен

Өлмеймін,өлмейтін шығармын,

Сәл ғана мызғып-ап,қайтадан тұрармын»-деген жолдарды оқығанда,сол сөздерді «не дер екен»-деп,сынау үшін айтқан сияқтанады да тұрады.Өйткені бұл күнде «сәл ғана мызғып-ап»қайтадан тұрғанына» бәріміз куәміз.Болашақ ұрпақтар да куә бола бермек. Өз шығармаларынан:

12-оқушы: Бота

13-оқушы:Айша

Ән: «Көнеміз ғой» Орындайтындар: Мейіржан,Али,Алишер.

«Көкейде жүрген сауал» қонақтармен жүргізіледі.

1.Мұқағали ақынның туған күні, айы, жылы. Туған жерінде болмадыңыз ба? 1931ж 9 ақпан


2. Мұқағалидың әкесінің аты?Сүлеймен

3. Ақынның әжесі кім? Тиын




4. Ақынның азан шақырылып қойған аты кім?
Мұқаметқали




5. Ақынның ақын досы кім?

Шәміл

6. Мұқағалидың сөзіне жазылған әндерді атаңыз? Орындап бере

аласыз ба?

7. Ақынның жары кім болған? Лашын Әзімжанова


8. Мұқағалидың поэмаларын атаңыздар
9. Ақынның прозалық шығармасын атаңыздар. Шығарманы театрда көрдіңіз бе? «Қош махаббат»


10. Ақынның шешесінің аты
11.Мұқағали жырларын оқығанда ақын болуды армандамадыңыз ба?

1-жүргізуші:

Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім. 
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің 
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев 
Өлтіре алмайды, алайда өлеңді ешкім. 
2-жүргізуші 
Сен қазақтың қазақтығын жырладың, 
Ашып айттың қазағымның мұң-зарын. 
Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген, 
Қара өлеңнен – жалындаған жырларың. 
Зулап күндер, жылдар аунап барады, 
Жырларыңнан қазақ бақыт табады. 
Қадіріңді сәл кешірек білсек те, 
Мәңгі есімің жадымызда қалады. 
Ән: Хор: «Сарыжайлау»

Құрметті қонақтар,оқушылар!

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың рухына арналған «Жалындап тұрып,өртеніп кетсең,жоқ арман!»атты әдеби-сазды ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.

2-жүргізуші:

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

1-жүргізуші:

Жыр көшінде тағы кездескенше аман-сау болыңыздар!



Сабағы әлсіз сары гүл
Жартаста жалғыз тұр өсіп.
Жауын ба, жел ме – бәрі бір,
Өзінше ол да күресіп,
Жартаста жалғыз тұр өсіп.

Дәнеңе де атпай желігіп,
Олжасыз қалған бір мерген
Отырған сәтте ерігіп,
Жартастан жалғыз гүл көрген.

Паналап төсін көненің,
Жыл сайын осы гүл өсер.
Көрсетпек болып өнерін,
Көздеді оны бір есер.

Бір есер отыр сүйініп,
Есерді қостап жаңағы.
Үкілі қыздай иіліп,
Қйылды гүлдің сабағы.

Тамыры терең көмілген,
Жартасқа жаңа гүл өсер.
Өткінші мынау өмірмен
Өзінше ол да күресер.


















Мен сонда жылап қалғам.

Сен сезбедің. Кетті ұшып жыраққа арман.

Мұның бәрі неліктен? Білесің сен -

өзіңді ұнатқаннан;

сосын, сосын жүргеннен ұмыта алмай

алып-ұшып жеткенде жырақтардан

кездеріңді алдымда құлап-талған;

өліп-өшіп өртенген кезеңдерің,

сосын... түк болмағандай безергенің -

осыларға түсінбей мұң ақтарғам,

басым қатып шешілмес сұрақтардан.

Сезіміңнің мұншалық жалғандығы,

сен үшін бір сәт екен арман құны.

.. .Мен сонда жылап қалғам

өзіңді жек көргеннен және де... ұнатқаннан.

1975














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
«Жалындап т?рып,?ртеніп кетсе?,жо? арман!»

Автор: Ордабаева Айша

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171350


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства