kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жайдары күз, жарқын күз.

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Жайдары күз, жарқын күз.»

     Мұғалім: Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі, жыл мезгілінің ең тамаша мезгілі күз мерекесі құтты болсын. Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Жайдары  күз, жарқын  күз.» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

     Мына жақтан дауыстар естіледі, мүмкін қонақтарым шығар келе жатқан.
(Әуен ойналып, залға қолдарында жапырақтары бар балалар кіріп, айнала тұрады)

    Мұғалім: Балалар қараңдаршы бізге бүгін көптеген ұстаздар келіпті.Сәлемдесу әдептілік белгісі балалар, алдымен оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын ұстаздармен амандасып алайық.

Балалар: Сәлеметсіздерме!

Ал, балалар,балалар, 
Енді бері қараңдар 
Бізге қонақ келмекші 
Сендерді бір көрмекші 

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы:

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Мұғалім: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе – сары.

Бұл не?

Балалар: Жапырақ

     Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар. Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.

      Мұғалім: Әрине, қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Т.Арсен: Жайдарлы күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ен дала,
Дариядай шалқар күз.

Шахназар : Астық-жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз –мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды. 

Ақнұр ‑ Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.

Инжу ‑ Өнім үйіп тастадық 
Оқуды да бастадық
Берекелі алтын күз, 
Ашық болсын аспаның. 

Азат  ‑ Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.

Ән «Ойыншықтар»

Күз ханшайымы: Өте жақсы, жарайсыңдар! Сендерге арналған бірінші тапсырмам сұрақтар.

«Сұрақ менен, жауап сендерден» деген айдары

1-сұрақ: Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

2-сұрақ: Жылдың қай мезгіліне келіп жеттік?

3-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )

4-сұрақ: -    Күз ерекшелігі қандай?

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Енді сендердің маған көрсететін тағы қандай өнерлерің бар?

Мұғалім: Таңданайық өнерге тамсанайық

Бәріміз де қосылып ән салайық

Шабыттансын, көңіл көтерілсін

Балапандарды қошақаным әнімен қарсы алайық!

Мұғалім: Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса: Ортаға жеміс – жидектер, көкөністер шығады.

Балалар (хормен): Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз?

Анель  ‑Бидай
Нан атасы – бидаймын, 
Елге астық сыйлаймын. 
Дәнім толып піскенде, 
Қауызыма сыймаймын. 

Азат  ‑ Күріш
Күнді сүйген күрішпін, 
Күллі жұртқа ырыспын. 
Алсын деп ел мол өнім, 
Ала жаздай су іштім. 

Нұрайым Қияр

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

ИнжуҚызанақ:

Қып-қызыл боп қалғанда,

Ауызыңа салғанда.

Не жетеді шіркін-ай,

Қызанаққа жалғанда.

ЖансұлтанПияз

Асханадан шықпаймын, 
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам. 
Тұмаудан бірақ сақтаймын. 

Кәусар, ӘсемКартоп

Картоп-біздің атымыз, 
Жерастында жатырмыз. 
Бір тамырдан тараған, 
Ағайынбыз бәрімі

ІңкәрШие

Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

АқнұрҚарбыз:

Күннің нұрлы шуағы,

Шұғыла боп шылады.

Шөлің әбден қанады,

Көзің шамдай жанады.

Тамылжыған шырыны,

Таңдайымда қалады.

ЕрнұрАлмұрт

Мен алмұртпын,алмұртпын,

 Аузындамын бар жұрттың.

Арсен А.Қауын:

Жинап жатыр ауылым,

Сап-сары ала қауынын.

Алмақ едім үлкенін,

Ауырын-ай, ауырын.

Әділ‑ Жүзім:

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілген
Қызықтырам көркіммен

Арсен Т.Өрік:

Уылжыған өрікпін,

Мен бау-баққа көрікпін.

Бал татыған дәмім бар.

Көктемде ерте гүлдеймін.

Піспей тұрған кезімде,

Менен аулақ жүр деймін.

Ахмедияр: Алма

Мен алмамын,алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім

Шахназар Сәбіз

Өсіретін бойыңды 
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз, 
Сәбіздерміз жазықсыз. 

Би: «Жаңбырлы күз»

Күз ханшайымы: Өте тамаша, жарайсыңдар, балалар! Енді сендердің білімдеріңді тексерейін. Ол үшін сендерге жұмбақтар жасырамын. Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу.

Ал, балалар, ойлайық,

Ойнайық та, ойлайық!

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық!

     «Шешсең жұмбақ – сергейсің бір уақ» айдарымызда қызықты жұмбақтар шешейік.

2-тапсырма:

1.Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні. Бұл не?    (Сәбіз)

2. Жайлы, жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар

Қалай оны шешемін.

Бұл не?             (Орамжапырақ)

3. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. Бұл не?   (Пияз)

4. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)

5. Сырты жасыл қатты
    Іші қызыл тәтті.         (қарбыз)

6. Ұзын мұртты сарылар,

    Қойнында наны бар.   (бидай)

7.  Жап-жасыл, сопақ дақыл жерде жатыр,

   Дер кезінде жинамасаң,сарғйып кетер батыр.   (қияр)

8. Сырты қызыл,                                     

    Өзі тәтті

    Ол не?      (алма)

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті, жылдам. 

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!Жұмбақты да шеше аласыңдар.

Мұғалім:

Бидай, арпа, тары бар,

Сұлы, күріш бәрі бар.

Әне жырлап барады,

Әнге құлақ салыңдар.

Ән: «Жау жау жаңбыр»

Күз ханшайымы:

Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.


Байлығымды жинадым,
Барымды мен сыйладым.
Алға бастар жолым бар,
Аман –есен болыңдар.

Келгенше күз айланып

    Мұғалім: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет. Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз. Қош бол, Күз ханшайымы.

    (Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)

    Мұғалім: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. (Тақтадағы мақал-мәтелдерге назар аудару) Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерін сабақ оқу. Міне, балалар осымен «Жайдары  күз, жарқын  күз.» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.Күз баршамызға береке болсын. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жайдары күз, жарқын күз.»

«Жайдары күз, жарқын күз...»

Мұғалім: Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі, жыл мезгілінің ең тамаша мезгілі күз мерекесі құтты болсын. Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Жайдары күз, жарқын күз...» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

Мына жақтан дауыстар естіледі, мүмкін қонақтарым шығар келе жатқан.
(Әуен ойналып, залға қолдарында жапырақтары бар балалар кіріп, айнала тұрады)

Мұғалім: Балалар қараңдаршы бізге бүгін көптеген ұстаздар келіпті.Сәлемдесу әдептілік белгісі балалар, алдымен оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын ұстаздармен амандасып алайық.

Балалар: Сәлеметсіздерме!

Ал, балалар,балалар, 
Енді бері қараңдар 
Бізге қонақ келмекші 
Сендерді бір көрмекші 

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы:

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Мұғалім: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе – сары.

Бұл не?

Балалар: Жапырақ

Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.

Мұғалім: Әрине, қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Т.Арсен: Жайдарлы күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ен дала,
Дариядай шалқар күз.


Шахназар : Астық-жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз –мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды. 


Ақнұр ‑ Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.

Инжу ‑ Өнім үйіп тастадық 
Оқуды да бастадық
Берекелі алтын күз, 
Ашық болсын аспаның. 

Азат Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.

Ән «Ойыншықтар»

Күз ханшайымы: Өте жақсы, жарайсыңдар! Сендерге арналған бірінші тапсырмам сұрақтар.

«Сұрақ менен, жауап сендерден» деген айдары

1-сұрақ: Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

2-сұрақ: Жылдың қай мезгіліне келіп жеттік?

3-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )

4-сұрақ: -    Күз ерекшелігі қандай?

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Енді сендердің маған көрсететін тағы қандай өнерлерің бар?



Мұғалім: Таңданайық өнерге тамсанайық

Бәріміз де қосылып ән салайық

Шабыттансын, көңіл көтерілсін

Балапандарды қошақаным әнімен қарсы алайық!


Мұғалім: Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса: Ортаға жеміс – жидектер, көкөністер шығады.

Балалар (хормен): Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз?

Анель ‑Бидай
Нан атасы – бидаймын, 
Елге астық сыйлаймын. 
Дәнім толып піскенде, 
Қауызыма сыймаймын. 

Азат Күріш
Күнді сүйген күрішпін, 
Күллі жұртқа ырыспын. 
Алсын деп ел мол өнім, 
Ала жаздай су іштім. 


Нұрайым Қияр

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.


ИнжуҚызанақ:

Қып-қызыл боп қалғанда,

Ауызыңа салғанда.

Не жетеді шіркін-ай,

Қызанаққа жалғанда.


ЖансұлтанПияз

Асханадан шықпаймын, 
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам. 
Тұмаудан бірақ сақтаймын. 


Кәусар, ӘсемКартоп

Картоп-біздің атымыз, 
Жерастында жатырмыз. 
Бір тамырдан тараған, 
Ағайынбыз бәрімі


ІңкәрШие

Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.



АқнұрҚарбыз:

Күннің нұрлы шуағы,

Шұғыла боп шылады.

Шөлің әбден қанады,

Көзің шамдай жанады.

Тамылжыған шырыны,

Таңдайымда қалады.


ЕрнұрАлмұрт

Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.


Арсен А.Қауын:

Жинап жатыр ауылым,

Сап-сары ала қауынын.

Алмақ едім үлкенін,

Ауырын-ай, ауырын.


Әділ‑ Жүзім:

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілген
Қызықтырам көркіммен


Арсен Т.Өрік:

Уылжыған өрікпін,

Мен бау-баққа көрікпін.

Бал татыған дәмім бар.

Көктемде ерте гүлдеймін.

Піспей тұрған кезімде,

Менен аулақ жүр деймін.


Ахмедияр: Алма

Мен алмамын,алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім


Шахназар Сәбіз

Өсіретін бойыңды 
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз, 
Сәбіздерміз жазықсыз. 

Би: «Жаңбырлы күз»


Күз ханшайымы: Өте тамаша, жарайсыңдар, балалар! Енді сендердің білімдеріңді тексерейін. Ол үшін сендерге жұмбақтар жасырамын. Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу.

Ал, балалар, ойлайық,

Ойнайық та, ойлайық!

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық!

«Шешсең жұмбақ – сергейсің бір уақ» айдарымызда қызықты жұмбақтар шешейік.

2-тапсырма:

1.Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні. Бұл не? (Сәбіз)


2. Жайлы, жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар

Қалай оны шешемін.

Бұл не? (Орамжапырақ)


3. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. Бұл не? (Пияз)

4. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)

5. Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті. (қарбыз)

6. Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар. (бидай)

7.  Жап-жасыл, сопақ дақыл жерде жатыр,

Дер кезінде жинамасаң,сарғйып кетер батыр. (қияр)


8. Сырты қызыл,                                     

Өзі тәтті

Ол не? (алма)

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті, жылдам. 

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!Жұмбақты да шеше аласыңдар.

Мұғалім:

Бидай, арпа, тары бар,

Сұлы, күріш бәрі бар.

Әне жырлап барады,

Әнге құлақ салыңдар.


Ән: «Жау жау жаңбыр»


Күз ханшайымы:

Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.


Байлығымды жинадым,
Барымды мен сыйладым.
Алға бастар жолым бар,
Аман –есен болыңдар.

Келгенше күз айланып


Мұғалім: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз. Қош бол, Күз ханшайымы.

(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)


Мұғалім: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. (Тақтадағы мақал-мәтелдерге назар аудару) Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерін сабақ оқу. Міне, балалар осымен «Жайдары күз, жарқын күз..» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.Күз баршамызға береке болсын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жайдары күз, жарқын күз.

Автор: Абдыгалиева Багдат Ерболовна

Дата: 19.10.2017

Номер свидетельства: 433340

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "“Сиқырлы күз” (ертеңгілік)"
    ["seo_title"] => string(22) "sikyrly_kuz_ertengilik"
    ["file_id"] => string(6) "498102"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1549045574"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) ""Алтын к?з" мерекесі жоспары "
    ["seo_title"] => string(30) "altyn-kuz-mieriekiesi-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "219677"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1434331700"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Алтын  к?з"  ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(28) "altyn-kuz-iertien-ghilighi-3"
    ["file_id"] => string(6) "264298"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449679941"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Та?ырыбы: "Аяулы к?з - алтын к?з""
    ["seo_title"] => string(25) "takyrybyaiaulykuzaltynkuz"
    ["file_id"] => string(6) "307485"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458358189"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Алтын к?з" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(27) "altyn-kuz-t-rbiie-sag-aty-2"
    ["file_id"] => string(6) "243181"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1445656852"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства