kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ынтыма?ты отбасы» отбасылы? сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ынтыма?ты отбасы» отбасылы? сайысы
Ма?саты: Ата - аналар мен балаларды сайыс?а ?атыстыра отырып, оларды? халы? ауыз ?дебиеті, салт - д?ст?рі туралы білімдерін бай?ау. ?н - би, ?ол?нер т?різді халы?ты? ?нерден хабардарлы?ын аны?тау. Отбасы - Отанны? бір б?лшегі екендігін ??ындырып, о?ушыларды ынтыма? пен бірлікке, татулы? пен ?йымшылды??а т?рбиелеу

Т?рі: Ата - аналар мен балалардан ??рал?ан командалар арасында?ы сайыс т?рінде ?теді.

К?рнекілігі: Отан, отбасы, ынтыма? - бірлік туралы ма?ал - м?телдер, ?р отбасына арнал?ан слайд - шоу

Барысы:
Ж?ргізуші:
Атамыз ?аза? «Бала - адамны? бауыр еті», «балалы ?й - базар» дейді. ?йткені бала - ?мірді? жал?асы, отбасыны? жеміс берер г?лі. Отбасы – б?л ?о?амны? негізі. Баланы? болаша?та жа?сы азамат болып ?суі ?шін, жан - жа?ты т?рбиелі болуы отбасында берілетін т?рбиеге тікелей байланысты. Б?гінгі бізді? сыныбымызда ?йымдастырылып отыр?ан «Ынтыма?ты отбасы» атты сайыс ?ткелі отыр. Олай болса, осы сайысымыз?а ?атысушы отбасыларымызды орта?а ша?ырайы?.
Жа?сы адам кімге болсын болар пана,
Мол оны? тал бойында а?ыл сана
К?ркіне а?ылы да сай келетін
Тілеубаевтар отбасы ортамызда.

Жігітке а?ыл, білім жарасады
На?ыз ер хал?ыменен санасады
Сайыс?а бар к?шімді саламын деп
 Т?лешовтер отбасы таласады.
 

Т?тіні т?зу шы??ан отбасы к?п

Тіл к?зден Аллам ?зі са?тасын деп

?арсы алайы?   Башеновтер отбасын

Тілеген барлы?ына с?тілік тек


Сайыс кезе?дерімен таныстыру
1. ?нер сайысы
2. Ма?ал - м?тел сайысы
3. Аспаздар  сайысы
4.Ситуациялы? с?ра?тар


Ж?ргізуші: Келді міне б?гін сынау?а
Сыналып ?лкендерден ?лгі алу?а
Салты бар ?нерлі осы ортада
Берер деп ?діл?азы ?діл ба?а, - деп ?діл ?азыларды таныстырып ?ту.

І кезе?
Кедеймін деп ?ысылма
?нері? болса ?олы?да
?нерліні? ырысы
Жар?ырап жатар жолында - демекші ата - ана мен бала арасында?ы ?з ?нерлерін тамашалайы?.
?рбір отбасы ?з ?нерлерін к?рсетеді
ІІ кезе?
Шебер болса?, тіл байып,
Шешендіктер бір ?айып.
Ма?ал - м?тел ?йреніп,
Тілімізді шы?дайы?, - деп кезекті отбасыларымызды? ма?ал - м?тел айту, я?ни оны жал?астыру сайысына кезек берейік.

1. Бала?а бай?ап с?йлесе?, (а?ылы?а к?нер.)
2. ?з білмегені?ді кісіден с?ра (?лкен жо? болса, кішіден с?ра)
3. ?дептілік белгісі (Иіліп с?лем бергені)
4. Балалы ?й базар (Баласыз ?й ?у мазар)
5.  Ата?а не ?ылса? (Алды?а сол келер)
6. Ер жігіт ел ?шін туады, (ел ?шін ?леді)
7. ?ара?ай?а ?арап тал ?сер (?атарына ?арап бала ?сер)
8. ?ке к?рген о? жонар (Шеше к?рген тон пішер)
9. Отан- (отбасынан басталады)

ІІІ кезе? Сайыс «К??ілді аспаздар» деп аталады. Б?л кезе?де аналарымызды? ас дайындау шеберлігін сынайтын боламыз.


ІVкезе?

Ситуациялы? с?ра?тар
Ана - бала, бала - ана бір ??ым
Бір - бірінсіз жо? оларды? ба?ыты
Омырт?аны? ?збеу ?шін ж?лынын
Екеуіні? ?тсін бірге уа?ыты- дей келе сайысымызды? келесі кезегін ситуациялы? с?ра?тар?а береміз.

1-с?ра?.  Бала?ыз сыныпта ?лгілі о?ушы. Жыл сайын ма?тау ?а?азын алады. Бала?ызды? жа?сы білім алуына бар жа?дайды жасау ма?сатында о?ан сый?а компьютер алып ?аламтор орнатты?ыз. Бала?ыз саба?тан келгеннен кейін бар уа?ытын компьютер алдында ?ткізеді. Кейінгі кезде сынып жетекшісі саба?ыны? нашарла?анын, мінезіні? ?атты ?згергенін, сыныптастарымен м?лде ?осылмайтынын ескертті. Сіз ?андай шара ?олданасыз?

2- с?ра?.  Сізді? бала?ыз кішкентайынан д?рігер бол?анды армандайды. Ал сіз бала?ызды? ?нер жолын та?дап танымал бол?анын ?алайсыз, сонды?тан оны ?нер ?йірмесіне берді?із.  Бала?ыз сізді ренжітпеу ?шін ?йірмеге барады. Ол ?йірме жетекшісіне ?нерді ?натпайтынын д?рігер бол?ысы келетінін айтты ж?не м??алімі сізге баяндады. Сізді? ?рі ?арай?ы іс- ?рекеті?із.

3-с?ра?.  Сізді? бала?ыз  ?йді? кенжесі ерке бала. Саба? о?ы?аннан г?рі ойынды жа?сы к?реді. Ол математика п?нінен   1 ай бойына ?й ж?мысын орындамай 2 деген ба?а алды. П?н м??аліміне ?кпелеп  ?олын ?дейі жара?аттап ?йге бар?асын ол ?олын п?н м??аліміні? жара?атта?анын айтты. Сіз ашуланып мектеп директорына барды?ыз.Бар жа?дай?абала?ыз кін?лі екенін білді?із.Сізді? іс-?рекеті?із  ?андай?

Сайысты ?орытындылап же?імпаз отбасын мада?тама ж?не ба?алы сыйлы?тармен марапаттаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ынтыма?ты отбасы» отбасылы? сайысы »

«Ынтымақты отбасы» отбасылық сайысы
Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Түрі: Ата - аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ - бірлік туралы мақал - мәтелдер, әр отбасына арналған слайд - шоу

Барысы:
Жүргізуші:
Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің сыныбымызда ұйымдастырылып отырған «Ынтымақты отбасы» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.
Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Тілеубаевтар отбасы ортамызда.

Жігітке ақыл, білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Төлешовтер отбасы таласады.

Түтіні түзу шыққан отбасы көп

Тіл көзден Аллам өзі сақтасын деп

Қарсы алайық Башеновтер отбасын

Тілеген барлығына сәтілік тек


Сайыс кезеңдерімен таныстыру
1. Өнер сайысы
2. Мақал - мәтел сайысы
3. Аспаздар сайысы
4.Ситуациялық сұрақтар


Жүргізуші: Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға, - деп әділ қазыларды таныстырып өту.

І кезең
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында - демекші ата - ана мен бала арасындағы өз өнерлерін тамашалайық.
Әрбір отбасы өз өнерлерін көрсетеді
ІІ кезең
Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Мақал - мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық, - деп кезекті отбасыларымыздың мақал - мәтел айту, яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.

1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер.)
2. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)
3. Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)
4. Балалы үй базар (Баласыз үй қу мазар)
5. Атаңа не қылсаң (Алдыңа сол келер)
6. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
7. Қарағайға қарап тал өсер (Қатарына қарап бала өсер)
8. Әке көрген оқ жонар (Шеше көрген тон пішер)
9. Отан- (отбасынан басталады)

ІІІ кезең Сайыс «Көңілді аспаздар» деп аталады. Бұл кезеңде аналарымыздың ас дайындау шеберлігін сынайтын боламыз.


ІVкезең

Ситуациялық сұрақтар
Ана - бала, бала - ана бір ұғым
Бір - бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің өтсін бірге уақыты- дей келе сайысымыздың келесі кезегін ситуациялық сұрақтарға береміз.

1-сұрақ. Балаңыз сыныпта үлгілі оқушы. Жыл сайын мақтау қағазын алады. Балаңыздың жақсы білім алуына бар жағдайды жасау мақсатында оған сыйға компьютер алып ғаламтор орнаттыңыз. Балаңыз сабақтан келгеннен кейін бар уақытын компьютер алдында өткізеді. Кейінгі кезде сынып жетекшісі сабағының нашарлағанын, мінезінің қатты өзгергенін, сыныптастарымен мүлде қосылмайтынын ескертті. Сіз қандай шара қолданасыз?

2- сұрақ. Сіздің балаңыз кішкентайынан дәрігер болғанды армандайды. Ал сіз балаңыздың өнер жолын таңдап танымал болғанын қалайсыз, сондықтан оны өнер үйірмесіне бердіңіз. Балаңыз сізді ренжітпеу үшін үйірмеге барады. Ол үйірме жетекшісіне өнерді ұнатпайтынын дәрігер болғысы келетінін айтты және мұғалімі сізге баяндады. Сіздің әрі қарайғы іс- әрекетіңіз.

3-сұрақ. Сіздің балаңыз үйдің кенжесі ерке бала. Сабақ оқығаннан гөрі ойынды жақсы көреді. Ол математика пәнінен 1 ай бойына үй жұмысын орындамай 2 деген баға алды. Пән мұғаліміне өкпелеп қолын әдейі жарақаттап үйге барғасын ол қолын пән мұғалімінің жарақаттағанын айтты. Сіз ашуланып мектеп директорына бардыңыз.Бар жағдайғабалаңыз кінәлі екенін білдіңіз.Сіздің іс-әрекетіңіз қандай?

Сайысты қорытындылап жеңімпаз отбасын мадақтама және бағалы сыйлықтармен марапаттаймыз.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Ынтыма?ты отбасы» отбасылы? сайысы

Автор: Томакова Тажигул

Дата: 29.10.2015

Номер свидетельства: 245275


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства