Внеклассное мероприятие по казахскому языку "Алтын санды?"
Внеклассное мероприятие по казахскому языку "Алтын санды?"
Внеклассное мероприятие "Золотой сундук" предназначено для параллели четвертых классов по казахскому языку. В разработке 7 туров. В первом "Белый сундук" - представление команды, во втором-"Синий сундук" - продолжить пословицу, начатую учителем, третий тур - "Красный сундук" - ответить за одну минуту на наибольшее количество вопросов, четвертый тур "Зеленый сундук" - составить как можно больше слов из предложенного слова, пятый тур "Коричневый сундук"- перевести с казахского на русский язык, шестой тур "Сербрянный сундук" - разгадать загадки, седьмой тур "Золотой сундук" - решить кроссворд. По итогам игры команда победительница получает сладкие призы и грамоту, ткже грамоты получают самые активные учащиеся.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Алтын сандық» деп аталатын сайыс түріндегі сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!
Елбасымыз Н: Ә. Назарбаевөзінің халқына жолдаған жолдауында «Мемлекеттік тілді игеру – әрбір азаматтың ізгілікті борышы» деп айтқан болатын. Сол себепті орыс тілімен қатар мемлекеттік тіл- қазақ тілін игеру – бүгінгі заманның басты талабы.
Сыныптан тыс шарамызды бастамас бұрын, оқушыларды әділ бағалайтын әділқазылар алқасын ортаға шақырайық.
Директордың ғылыми- әдістемелік жөніндегі орынбасары: Малыхина Флюра Ахматовна
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері: Жалалова Камила Мақсутовна, Джусипова Гульмира Сериковна
Жарыстың сарапшысы: Абилханова Айжан Бурахановна
Ендігі кезекте ортаға сайыскер оқушыларды шақырайық:
І топ 4 «А» сыныбы «Тапқырлар» тобын шақырамыз. (Аружан, Сережа, Нұрсұлтан)
ІІ топ 4 «Б» сыныбы «Ойшылдар» тобын шақырамыз. (Мұрат, Амина, Бекнұр)
ІІІ топ 4 «В» сыныбы «Білгірлер» тобын шақырамыз. (Әлішер, Виктория, Расул)
Бұл сыныптан тыс шарамызды Абай атамыздың мына өлең жолдарымен бастауға рұқсат етіңіздер.
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап
Әуре етеді ішнен құлық сақтап
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап –
Деп, әр топ , әр оқушы өзінің еңбегі мен ақылына сүйене отырып, бүгінгі сайысымызда, «Жүзден- жүйрік, мыңнан – тұлпар атанып» өзін көрсету қажет.
Сонымен сайысымызды бастаймыз.
Бүгінгі сайыста бағалайтын әділқазылар: 3,4,5 деген ұпай мен бағалайды.
Сарапшы уақытты есептейді, қай топ дұрыс жауап бергенін айтып отырады.
Ойын 7 турдан тұрады. Үш топтың қайсысы көбірек ұпай жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.
І тур. «Ақ сандық» (Оқушылар өздерін таныстырады)
4 «А» сыныбы Топтың аты: «Тапқырлар».
Топтың ұраны: «Ата салтын сақтаймыз, ел үмітін ақтаймыз».
4 «Б» сыныбы топтың аты: «Ойшылдар»
Топтың ұраны: «Атадан бала туады, Ата жолын қуады».
4 «В» сыныбы топтың аты: «Білгірлер»
Топтың ұраны: «Кім көп білсе, сол мықты, Қарсыласын ол жықты».
Сарапшыға сөз беріледі. Әділқазылар әр топты бағалайды.
ІІ тур «Көк сандық».
Топтарға мақал- мәтелдер беріледі.
Бірінші жолы айтылады, екінші жолын топ мүшелері табады.
Отанды сүю отбасынан басталады.
Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білесің.
Жері байдың – елі бай.
Көлдің көркі – құрақ
Таудың көркі – бұлақ
Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жауады.
Ақыл көкке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Ер – елінде,
Гүл – жерінде.
Отансыз адам
Ормансыз бұлбұл.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Кітап – білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.
Сарапшыға сөз беріледі (әр топ қанша мақалды дұрыс айтқанын айтады).әділқазылар бағалайды.
ІІІ тур. «Қызыл сандық».
Әр топ бір минутта қойылған сұраққа дұрыс, тез, көп жауап берсе сол жеңімпаз атанады. Әр топқа он бес сұрақ беріледі.
І топ «Тапқырлар»
Біз қайда тұрамыз?
Қазақстан Республикасының президенті кім?
«Биік» сөзінің антонимі?
Жеңіс күні қашан тойланады?
Сынып жетекшінің аты- жөні кім?
Қазақ тілі аптасына неше рет болады?
Қауын – қарбыз қашан піседі?
Бір минутта неше секунд бар?
Жаз айларын ата?
Отыз жетіден кейінгі санды ата?
Аюдың баласын қалай атайды?
Заттың іс – қимылын білдіретін сөз табын ата?
«Бәйтерек» қай қалада орналасқан?
«Біз жеңеміз!» сөзінің аудармасы
Көптік жалғауларын ата?
ІІ топ «Ойшылдар».
Сен тұратын қала?
Қазақстан Республикасының астанасы?
«Әдемі» сөзінің антонимі?
Тұңғыш Президент күні?
Сынып жетекшіңнің аты- жөні?
Қар қашан жауады?
Асхана нешінші қабатта орналасқан?
Бір сағатта неше минут бар?
Көктем айларын ата?
Жиырма бірден кейінгі сан?
Түйенің төлін (баласын) қалай атайды?
Заттың атын, ұғымын, құбылысын білдіретін сөз табын ата?
Мемлекеттік туымыздың түсі?
«Тек қана, алға!» сөзінің аудармасы?
Тәуелдік жалғаудың неше жағы бар?
ІІІ топ «Білгірлер»
Мектебің қай қалада орналасқан?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі?
«Суық» сөзінің антонимі?
Қазақстан жаңа жылы?
Сынып жетекшіңнің аты- жөні?
Бәйшешек қашан гүлдейді?
Қазақстан Республикасының ақшасы?
Бір жылда неше ай бар?
Қыс айларын ата?
Отыз үштен кейінгі сан?
Сиырдың төлін (баласын) қалай атайды?
Заттың санын, ретін білдіретін сөз табы?
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
«Білімді жеңеді» сөзінің аудармасы?
Жіктік жалғаудың неше жағы бар?
Сарапшы бір минутта неше сұраққа жауап бергенін айтады? Әділқазылар бағалайды.
ІVтур. «Жасыл сандық»
Әр топқа «Сөз» беріледі. Сол сөзден, көптеген сөздер құрайды.қай топ көп құраса, сол топ жеңімпаз болады. Әр топқа 3 минут беріледі. Бір сөзде он бір әріп бар (санау). Әділқазыларға көрсету (плакат).
І топ «Тапқырлар» .
Қазақстанда (қазақ, қаз, тана, сана, ана, нан, сан, зат, Қанат, дақ, ақ, таз, аз, дана, аса, аза, Зада).
ІІ топ «Ойшылдар».
Қарлығаштар (қар, ағаш, қарға, тар,тары, лақ, рақат, шатыр, шатақ, ал, ар, тар, тал, қал, аш, қара, ат, аша, шара, ара).
Сонымен, оқушылар «Алтын сандық» ойынына негізделген сайысымыз да аяқталуға жақын. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда, тұлпардан тұлпар озар шабысқанда», дегендей, бүгінде қос тілді еркін игеріп өзінің білімі мен ой- өрісінтаныта білген жеңімпаз ойыншыларымызды анықтайық.
Олай болса, алтын сандықты ашайық. Оқушыларға сыйлық береміз.
Әділқазыларға сөз береміз. Сайыскерлер мақтау қағазымен марапатталады.
Осы жеңістерімен құттықтай отырып, Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілін құрметтеп, оны үйреніп, білуіміз қажет. Сыныптан тыс бұл шараны мына өлең шумағымен аяқтайық.