kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Внеклассное мероприятие "Наурыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                           Наурыз мейрамы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие "Наурыз"»

Сценарий тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!

Сценарий мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сценарий көрнекілігі: нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.


Сценарий барысы: Кіріспе. Өлеңмен ашылады (Гарифулла Алишер «Жарық күн» Фариза Оңғарсынова).


1 – жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

2 – жүрзізуші: Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп. Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. Кешті бастай берейік, Қыдыр атамыз келіп қалар.

2 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!


Хор: «Қанатым менің»


1 – жүргізуші: Бәрекелді! Бәрі де жезтаңдай әншілер екен.

2-жүргізуші: Бізде Біржан мен Сараның өнерпаз ізбасарлары да бар. Ортаға шақырайық. Қыз бен жігіт айтысын қабыл алыңыздар! (ортаға қолдарына домбыра алған екі оқушы шығады, артынан тағы басқа оқушылар шығады)

Қыз бен жігіт айтысы

(Кирилл, Махидиль, Вадим, Әмина, Санжар, Людмила, Алексей, Дана, Малика, Эльнур, Ярослав)

1 – жүргізуші:

Салт-дәстүрмен жарасса

Қайта құрып жаңаша

Жарыса өнер көрсетіп

Той тойлайық тамаша!

2 – жүргізуші:

Ұл –қызымыз жайнап тұр,

Өнерлерін сайлап тұр!. Құрметті көрермендер, ортаға 4 «Г» сынып оқушыларын «Наурыз» биімен шақырамыз!


1 - жүргізуші: Бәркелді, жарайсындар балалар !

Жыл басы – Наурыз, мереке!

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

2 – жүргізуші.

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – мереке.

Наурыз тойы – жыр – аңыз,

Қызық думан құрамыз. Думанды сахнаға 5 «Б» сынып оқушысы Мамытқан Толғанайды «Қош келдің, Наурыз!» әнімен шақырамыз. Қабыл алыңыздар!

1 – жүргізуші: Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі

Наурызкөже пісірді.

Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды.

2 – жүргізуші:

Әжем наурызкөжеге

Жеті түрлі ас салды.

Бидай, күріш, тары бар,

Бар сүт ет пен шұжығы.

Ащы құрты тағы бар,

Көже – елдің ырзығы… - дей келе келесі кезекті көрініске (Наурыз көже дайындау) береміз.


1 – жүрзізуші: Бәрекелді, Наурыздың асымен таныстық, дәмін таттық.

2 – жүргізуші: Келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. 5 В сынып қыздарының орындауында «Қазақ биі». Қабыл алыңыздар!




1-жүргізуші: Жарайсыңдар, қыздар!

Несібелі жыл болсын, ағайын!

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, мен ше сүй – деп Абай Құнанбаев жырлағандай, сахнаға күйші жіттерді шақырамыз. Ибрагимов Салим және Қыстықбаев Аңсар, «Балбырауын» күйі.


2 – жүргізуші. Жарайсыңдар, азаматтар. Өнерлерің өрге жүзсін!

Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға Алаш деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

1 – жүргізуші.

Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған,

Келесі біздің бишілер,

Көрінген көштің басынан.

Алдарыңызға 5 «Б» сынып оқушыларын «Біздің жігіттер» биімен шақырамын!


1 – жүргізуші. Бәрекелді, жігіттер!

Айдана, білесің бе, орыстың белгілі ғалымы Григорий Неколаевич Потанин: «Маған қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген екен.

2 – жүргізуші. Қандай керемет сөз. Олай болса, сол көрініске куә болайық.

Алдарыңызға 5 «В» сынып оқушысы Бурибаева Аминаны «Наурыз думан» әнімен шақырамыз.


1 – жүргізуші. Өнерің өрге жүзе берсін!

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

2 – жүргізуші.

Ұлы күнде іс бастасаң,

Сол тірлігің оң болар.

Назарларыңызға көрініс. Бесікке салу рәсімі.


1 - жүргізуші:

Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!


2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!


1- жүргізуші: Айдана, қарашы жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария келе жатыр.

2 – жүргізуші: Иә, Алишер, бұл Қыдыр ата ғой. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ. Уа, халайық, қараңдар, Қыдыр ата келе жатыр.

Баяу әуен ойнап тұрады.

Қыдыр атаның батасы

(Арыстан 5 «А» сынып)


Бірге:

Құттықтау сөз директорымыз Умешбаев Көлбай Нұрмұхамбетұлына беріледі!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Внеклассное мероприятие "Наурыз"

Автор: Құлбек Алтынай Боранбекқызы

Дата: 11.04.2019

Номер свидетельства: 506807

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Внеклассное мероприятие "Наурыз мейрамы""
    ["seo_title"] => string(44) "vnieklassnoie_mieropriiatiie_nauryz_mieiramy"
    ["file_id"] => string(6) "406267"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491240002"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "внеклассное мероприятие "Наурыз" "
    ["seo_title"] => string(35) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-nauryz"
    ["file_id"] => string(6) "155161"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421248508"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Презентация к внеклассному мероприятию "Наурыз""
    ["seo_title"] => string(53) "priezientatsiia_k_vnieklassnomu_mieropriiatiiu_nauryz"
    ["file_id"] => string(6) "442743"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1512623817"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "Разработка сценария внеклассного мероприятия по теме "Наурыз - той" "
    ["seo_title"] => string(73) "razrabotka-stsienariia-vnieklassnogho-mieropriiatiia-po-tiemie-nauryz-toi"
    ["file_id"] => string(6) "146932"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1419273397"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Внеклассное мероприятие "Наурыз-мейрамы""
    ["seo_title"] => string(44) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-nauryz-mieiramy"
    ["file_id"] => string(6) "281200"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453481063"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства