kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Внеклассное мероприятие «Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім!»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие «Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім!»»


«Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім!»

Тіл мерекесіне арналған кештің сценарийі
I - жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

Әнұран!

І – жүргізуші:
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

ІІ – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

І – жүргізуші:
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

ІІ – жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 21 жыл толып отыр.
(пауза жасалады).

І – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.

ІІ – жүргізуші:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.

Сахналық көрініс.
(дауыс, фон)

І – жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

І – жүргізуші:
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

І – жүргізуші:
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!

Алдарыңызға екінші және үшінші сынып оқушыларын ақын ата-апаларымыздың «тіл туралы» өлеңдерін оқуға шақырамыз!

І – жүргізуші:

Жарайсыңдар, жас өрендер!
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

ІІ – жүргізуші:
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

І – жүргізуші:
Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

ІІ – жүргізуші:
Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама.
2. Келесі кезекті әнге береміз, «Сәлем саған, туған ел!».

Орындайтын 5-сынып оқушысы Мамытқан Толғанай.


ІІ– жүргізуші:
Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ .
І – жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
ІІ– жүргізуші:
- Ал, балалар, енді "Жалғасын тап” ойынын ойнайық.

Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек.

1. Тіл - адам ойының ... (айнасы)

2. Аңдамай сөйлеген ... (ауырмай өледі)

3. Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)

4. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)

5. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)

6. Бал тамған тілден ... да тамар (у)

7. Көп сөз - ... (бос сөз)

8. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)


І – жүргізуші:

Жарайсыңдар! Көп мақал-мәтел біліңдер, шебер әңгімеші болыңдар!

(пауза)
Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!
ІІ – жүргізуші:
Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!

Тіл мерекесіне орай 5 – сынып оқушысы Тоқмырза Айдана биден шашу шашамын дейді. Қабыл алыңыздар!
І – жүргізуші:
Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!
ІІ – жүргізуші:
Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!

І – жүргізуші:
Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!
Ұлдарымыздың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар!

«Мен - қазақ» әні!


І – жүргізуші:

Қайта туды қазағымның ай – күні,

Күннен – күнге асар ма екен айбыны?

Жетпіс жылда өтті талай кешуден,

Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.


ІІ – жүргізуші:

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің.

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім.

Тіл мерекесін арналған құттықтау сөзді

Директорымыз Үмешбаев Көлбай Нурмуханбетұлына береміз!


ІІ – жүргізуші:

Кешіміздің шымылдығын әнмен жапсақ.

Ерболат Жақыпбеков ағайымыздың орындауындағы «Қазақ осы» әнін қабыл алыңыздар!


І – жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
ІІ– жүргізуші:
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!
Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.




Құлбек Алтынай Боранбекқызы

90 мамандандырылған мектеп-лицейдің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі














































Кештің реті





Кіріспе видео.

1. Әнұран

2. Сахналық көрініс.
(дауыс, фон, қобыз үні, көріністен кейінгі видео)

3. 2-3 - сынып оқушыларын ақын ата-апаларымыздың «тіл туралы» өлеңдерін оқуға шақырамыз! (ФОН)

4. Келесі кезекті әнге береміз, «Сәлем саған, туған ел!».

Орындайтын 5-сынып оқушысы Мамытқан Толғанай.

5. "Жалғасын тап” ойынын ойнайық!

Слайд қосылады.

6. Тіл мерекесіне орай 5-сынып оқушысы Тоқмырза Айдана биден шашу шашамын дейді. Қабыл алыңыздар!

7. Ұлдарымыздың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар!

«Мен - қазақ» әні!

8. Тіл мерекесін арналған құттықтау сөзді

Директорымыз Үмешбаев Көлбай Нурмуханбетұлына береміз!

9. Кешіміздің шымылдығын әнмен жапсақ.

Ерболат Жақыпбеков ағайымыздың орындауындағы «Қазақ осы» әнін қабыл алыңыздар!





















Сахналық көрініс:
І оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

Төле би:
Жасыма!
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!


ІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.
Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін...

Қазыбек би:
Налыма!
Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!

ІІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мен аямады.

Әйтеке би:
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Автор: Құлбек Алтынай Боранбекқызы

Дата: 11.04.2019

Номер свидетельства: 506808


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства