kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ЛДАН ?ЛА?АТ, ?ЫЗДАН ИНАБАТ» т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «?лдан ?ла?ат, ?ыздан инабат»

Саба?ты? эпиграфы:

?л т?рбиелеп отырып, жер иесін т?рбиелейміз,

?ызды т?рбиелей отырып, ?лтты т?рбиелеиміз.

Платон.

Саба?ты? ма?саты:

а) О?ушыларды имандылы??а, ?дептілікке, кішіпейілділікке т?рбиелеу.

?) О?ушы бойында?ы тап?ырлы?, шы?армашылы? ?абілетін дамыту.

Іс-шараны? ?ткізу т?рі: сайыс

?діс-т?сілі: С?ра?-жауап ?дісі, ?ле?дер о?у, к?рініс.

Саба?ты? к?рнекілігі: Имандылы??а байланысты ма?ал-м?телдер, на?ыл с?здер, ойын шарттары, слайд ар?ылы дайындал?ан материалдар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ЛДАН ?ЛА?АТ, ?ЫЗДАН ИНАБАТ» т?рбие са?аты»


ҚазақстанРеспубликасынынБілімжәнеғылымминистрлігі

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК











Комплексті тәрбие берудің

Эстетикалық тәрбиелік бағытын іске

асыру бойынша

«ҰЛДАН ҰЛАҒАТ, ҚЫЗДАН ИНАБАТ»

тақырыбындағы топ сағатының

әдістемелік әзірленімі









Дайындаған: 1 негізгі ИС

тобының топ жетекшісі

Дүйсембекова А.Н.

Искусствовед: Таныпова Мәлике
















2015-2016 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: «Ұлдан ұлағат, қыздан инабат»


Сабақтың эпиграфы:

Ұл тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз,

Қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелеиміз.

Платон.


Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларды имандылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

ә) Оқушы бойындағы тапқырлық, шығармашылық қабілетін дамыту.

Іс-шараның өткізу түрі: сайыс

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап әдісі, өлеңдер оқу, көрініс.

Сабақтың көрнекілігі: Имандылыққа байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ойын шарттары, слайд арқылы дайындалған материалдар.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Оқытушы тәрбиелік іс-шараны эпиграфты оқып бастайды.

Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыз

Бүгінгі іс-шарамызды "Зейінділер сайысы" деп атадық. Іс-шарамыздың шартын салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, имандылыққа байланысты ойындар мен қызықты сұрақтар, көрініс көрсету, тақырып бойынша слайд-шау құрайды. Іс-шараға белсене қатысып отырыңыздар. Ендігі сөзді іс-шарамыздың жүргізушілеріне берейін.

1-жүргізуші: Армысыздар қоңақтар мен оқытушылар, оқушылар! Бүгінгі "Ұлдан ұлағат, қыздан инабат "атты тәрбиелік іс-шарамызға арналған «Зейінділер сайысы» бастауға рұхсат етіңіздер.

2-жүргізуші: "Зейінділер сайысының" шарттарымен таныстырып өтейік. Біздің іс-шарамызға 2 қысқартылған ПО және ВТ топтарының ұлдар және қыздар тобы қатысып отыр. Сіздерге сәттілік тілейміз!

1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  • ___________________________

  • ___________________________

  • ___________________________


1,2-жүргізуші:

" Зейінділер сайысының " шарттары:

1. "Сәлем—сөздің анасы" (топтар өздерінің сәлемдесуін айтады)

2. "Мақал—сөздің мәйегі" (Екі топ бір-бірімен мақал айтудан сайысады)

3. "Дәстүріңді сақтай біл" (салт-дәстүр туралы екі топқа сұрақтар қояды.)

4. "Қазіргі заман жастары" (сын-көзбен қарау, яғни екі топ қазіргі заман жастарының деңгейін анықтау, олардың тәрбиелік деңгейі мен мәдениетін қандай екенін бағалау. Слайд арқылы көрсету).

5. "Салт-дәстүрімізді бағалайық" (Үйге берілген тапсырмалар бойынша көрініс құрастыру)

1-жүргізуші:Қазақ отбасында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі үлкен. Сондықтан өз ұлыңа бар өнерін, естіген – білгенін түгел үйретуге тырысқан. Әр ұл өз тарапынан ағаға, әкеге еліктеген.

2-жүргізуші:Қыз бала анасының тәрбиесінде болған, Қыз қылығы түзде демекші той – томалақ, көп адам жиналған жерде көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, сергек – сезімталдық ептілігімен, сөзге ұсталғымен көзге түсіп, жұртты тамсандырған.



1-жүргізуші:

Имандылық жарасады ұл-қызға,

Бұл тақырып толы екен мазмұнға.

Насихаттап имандылық бастауын,

Өнегелі тәлім берер ұл-қызға.

Ал, балалар, сайысты біз бастайық,

Өлең оқып, ән айтудан қашпайық!

"Әдептілік әліппесін ардақтап,

Иманды бол деп ұран тастайық. –дей отырып, сайсымыздың бірінші кезеңін бастайық.


Ең алдымен топтардың кімнен кейін кім екенін анықтап алайық (ортаға асықтар салынған қоржын әкелінеді. Әр асықта нөмір берілген әр топтан бір-бір оқушы шығып асықтарды алады, қай топқа қандай нөмір түссе сол кезекпен іс-шараға қатысады).

1,2-жүргізуші:

Қыздар тобы: «___________________» сөз кезегін берейік.

Ұлдар тобы: «___________________» сөз кезегін берейік.

Қыздар тобы: «___________________» сөз кезегін берейік.

Ұлдар тобы: «___________________» сөз кезегін берейік.


1-жүргізуші: Жарайсыңдар! Топтарыңның аттары өздеріңе жарасымды екен.

Біздің халқымыздың ауыз әдебиеті - өте бай мұра. Тоқсан ауыз сөздің айтар тобықтай түйінін бір-екі сөйлемге сыйғыза білген ата-бабамыз қандай дана еді! Ата-баба мұрасын жалғастыру—біздің ұрпақ алдындағы міндетіміз. Олай болса, сендердің бұл міндетті қалай орындап жүргендіктеріңді байқаймыз.

2-жүргізуші:

Ата дәстүр абырой көтергенде,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

(Оқушылар әдептілік, имандылық жайлы мақал-мәтелдер айтудан сайысады)

1,2-жүргізуші:

"қыздар" тобы:

1. Ұлың өссе,ұяттымен ауылдас бол.

Қызың өссе, қылықтымен ауылдас бол.

2. Бала тәрбиесі—бесіктен.

3. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.

4.Ақылды қыз білімге жүгірер,

Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

5. Қырсыққан қыз бай таппас,

Қырсыз жігіт мал таппас.

6. Бар, барын жейді,

Ұятсыз арын жейді.

7. Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.

8. Қыз өссе елдің көркі.

Гүл өссе жердің көркі.

9. Қыздың құны қырық жеті.

''Ұлдар" тобы:

  1. Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді,

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

2.Ұят жүрген жерде.

Абырой төгілмейді.

Абырой бар жерде,

Ар шапан сөгілмейді.

  1. Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

4. Ар қайда болса,Ұят сонда.

5. Әдептің не екенін,

Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

6. Әкесіне қарап ұлын, Шешесіне қарап қызын таны.

7. Әдептілік, ар, ұят- адамдықтың белгісі.

8.Ер бір өледі, ез мың өледі.

9.Ер қанаты – ат.

Осымен мақал-мәтел сайысы аяқталды.

2 –жүргізуші:

Ата салтын –асыл мұрам, ардағым.

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Қткенімді бүгінменен жалғадым.


1 –жүргізуші:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Сат-дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.


2 –жүргізуші: Халқымыз бала тәрбиесіне жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, өзінін салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы мол өнеге бере білген. Сайысымыздың ендігі шартында мен сендерге ретімен сұрақтар беремін, сендер жауап бересіңдер.

1-сұрақ «Қыздар» тобына:

"Шілдехана" деген қандай дәстүр? Толық жауап- беріңдер.

ЖАУАБЫ: Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын алғашқы тойды шілдехана тойы деп айтайды.

1 –жүргізуші:

2-сұрақ: «Ұлдар» тобына:

"Тұсаукесер" деген қандай дәстүр?

ЖАУАБЫ: Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын гұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді.

Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді.

Балаға шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін берсді.

2 –жүргізуші:

3-сұрақ «Қыздар» тобына:

"Бастаңғы" деген дәстүрдің мағынасын түсіндіріңдер.

ЖАУАБЫ: Жастар "Бастапғы» деп аталатын тамақ пісіріп жейді.

"Бастаңғы" жастардың ата-анасы үйде жоқ кезінде өзінің қатарын шақырып, жегізетін тамағы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде, ауыл жастары сол үйге жиылып, "жолаушыларды" жолда басы ауырмасын деп, бастаңғы жасататын болған. Ән айтылып, ойын сауық құрған.

1 –жүргізуші:

4-сұрақ «Ұлдар» тобына:

"Байғазы деген қандай дәстүр?

ЖАУАБЫ: «Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.


2 –жүргізуші:

Өлең—сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы,- деп Абай атамыз айтқандай, сөз өнері—өнердің ең құдіреттісі.

1 –жүргізуші:

Қазіргі заман қыз тәрбмесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз», – деп бекер айтпаса керек. Халқымыздың ерте кезден-ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қызғы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған үлгі-өнеге көрген қыз бала қайда болса да келін болғанда да көргенлігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған үлгі-өнеге көрген ұлдар өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласы, үлкенге де, кішіге де қамқор болады. Әдептілік, инабаттылық, сыйлау жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Бір өкініштісі уақыт өткен сайын, асыл қасиеттерімізден айырылып бара жатқандығымыз. Ұлттың ізгі дәстүрімізді ескіліктін қалдығы деп ойламай, осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл болайық.


2 –жүргізуші:

"Қазіргі заман жастары" кезеңімізді бастйық. (сын-көзбен қарау, яғни екі топ қазіргі заман жастарының деңгейін анықтау, олардың тәрбиелік деңгейі мен мәдениетін қандай екенін бағалау. Слайд арқылы көрсету).

Сөз кезегін «_____________» берейік (слайд №1)

Сөз кезегін «_____________» берейік (слайд №2)

Сөз кезегін «_____________» берейік (слайд №3)

Сөз кезегін «_____________» берейік (слайд №4)


(көрермендердің де ойларын біле кетсек)

1 –жүргізуші:

«Ата-балаға сыншы» демекші, әке өз балаларының жеке ерекшеліктерін қандай іске өнеге бейімділігін ерте аңғарып, шамасы келгенше баласының бойындағы табиғи қасиеттерін дамытуға күш салған.


2 –жүргізуші

Ұл бала – қазақта шағырақ иесі, ер азамат, ата-ананың түтінін түтетуші. Ер бала өз ата-анасына, іні-қарындастарына қамқоршы, ел қорғаны болып саналады.


1 –жүргізуші

Парасатты әке балаларына ата-балаларының іс-әрекетінің үлгі боларлық өнерін айтып, ағайынның туыстық жақындық қатынасын түсіндіріп ататегі туралы айтып отыруды парыз санаған.


2 –жүргізуші

Қызға қырық үйден тыйу дегендей қыз баланы тәрбиелеуде тәртіпті өте қатты ұстанып отырған. Әсіресе ырым-тыйымдарды қатаң ұстанған.


(көрермендермен ойын)

1 –жүргізуші

"Салт-дәстүрімізді бағалайық" (Үйге берілген тапсырмалар бойынша көрініс құрастыру) атты кезеңімізге де келдік. Көріністерін тамашалауға бірінші топтың оқушыларын шақырамыз.

«2 қысқартылған ПО» тобының оқушыларының көрінісін тамашалайық.

Көрініс №1


2 –жүргізуші

Тамаша! Ал енді «2 қысқартылған ВТ» тобының оқушыларының көрісін тамашалайық.

Көрініс №2

1 –жүргізуші

Кемшіліксіз адам жоқ. Алдымен адам өзін жақсы білу қажет. Ол үшін өзіңді –өзің мұқият тексер, толық зертте. Осыдан барып өзіңді-өзің тәрбиелеу, өзіңді дамыту, өзіңді-өзің жетілдіру басталады. Өзіңе – өзің баға беруге әркімнің батылы жетпейді. Кейбіреуі өзіне өте жоғары баға береді, ал өте төмен баға беру – санасының төмендігін, өзіне сенбейтіндігі.

2 –жүргізуші

Наңыз адамға тән қасиеттер:

  1. Ұғымды, ойлы ететін зерде – зейінің,

  2. Сені өрге сүйрейтін – өнер-өрісің.

  3. Тек ілгері бастайтын – талабың.

  4. Ешқашан алдамайтын – тапқырлығың,

  5. Қиындықта сыналатын – қайратың,

  6. Бәрінен де күшті – БІЛІМІҢ.

Осындай қасиеттерінді жоғалтпай, өнерлі де талабы мол, берік қайтатты, талапбы да талаңтты, жоғары білім иесі болындар.


1 –жүргізуші

«Ер жігіттің» айнымас серіктері: өмірлік жарың, міңген атың-пырағың, парасатты-ақылың.

Жігіттің жолын кесіп аяғына тұсау болатын жаулары:

  1. Жалқаулық

  2. Аңқаулық

  3. Жасқаншақтық

  4. Пасықтық

  5. Су жұқпас сұйықтық

  6. Өсекшілік

  7. Мылжынды


2 –жүргізуші

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйген, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болып, «иманды қыз бен ұлағатты ұл» болатындарына сенімдімін.


Сайысты қорытындылау үшін сөз кезегі әділ-қазылар алқасында


Қорытындылау сөз: Сайыста ұлдар, қыздар тобы болып қатыстыңыздар, өз білгендеріңізді ортаға салып, білмегендеріңізді бойларыңызға сіңірдіңіздер деп ойлаймын.


МАРАПАТТАУ


Көрермендермен ойынның сұрақтары:

2 –жүргізуші

Бүгінгі іс-шарасыз қызықты өту үшін келесі кезекті көрермендермен ойынға берейік.


Ойын жүргізушісі:

1-сұрақ: Он атаны таратып беріңіз (әке, бала, немере, шөбере, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат).

2-сұрақ: Үш мақсатты ата (жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту)

3-сұрақ: Үш арсыз (ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)

4-сұрақ: Үш алыс (кәрі мен жас, жақсы мен жаман, аыс пен жақын)

5-сұрақ: Үш биді атаңыз (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

6-сұрақ: Үш жүзді атаңыз (Ұлы жүз, кіші жүз, орта жүз)

7-сұрақ: Үш даусыз (мінез, кәрілік, ажал)

8-сұрақ: Жігіттің үш жұрты (аңайын жұрт, қайын жұрт, нағашы жұрт)

9-сұрақ: Үш арыс (Сәкен Сейфуллин, Бейінбет Майлин, Ілияс Жансүгіров)

10-сұрақ:Үш сауап (шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш екен)

11-сұрақ: Үш байлық (денсаулықғ ақ жаулық, он саулық)

12-сұрақ: Үш тәтті (жан тәтті, мал тәттә, жар тәтті)

13-сұрақ: Төрт қонақ (арнайы қонақ, құдай қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)

14-сұрақ: Төрт түліктің пірі (түйе-Ойсыл қара, жылқы –Қамбар ата, сиыр –Зеңгір баба, қой – Шопан ата, ешкі – Шекшек ата)

15-сұрақ: Төрт қымбат не? (алтын ұлы отан қымбат, құт-береке атаң қымбат. Мейірімді анаң қымбат, бәріненде ұятпенен ары қымбат)

16-сұрақ: Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еркіншек, бекер мал шашпақ)

17-сұрақ: Бес асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

18-сұрақ: Бес байлық (әуелі байлық –денсаулық, екінші байлық –еркіндік, үшінді байлық –тіл байлық, төртінші байлық –қайрат, күш, ақ жаулық, бесінші байлық –балаңыз)

19-сұрақ: Бес қару (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)

20-сұрақ: Бес қатер (от, жау, борыш, сөз, ауру)

21-сұрақ: Бес жақын (тату болса – ағайың жақын, ақылшы болса – апайың жақын, байырмал болса – інің жақын, инабатты болса –келіңін жақын, алдына тартқан –адал асын, қимас жақын –қарыңдасын)

22-сұрақ: Алты алаш деген кімдер (алаш ханның балалары: қазақ, ақарақалпақ, қығыз, өзбек, түркімен, жайылхан)

23-сұрақ: Алты қиынды атаңыз (ардан шыққан жау қиын, таусылмайтын дау киын, шаңы шыққылаған сөз қиын, жазылмаған дерт қиын, іске аспаған –серт ұиын, ақылынан адасып, өзін түскен өрт қиын, не істерінді біле алмай ашиды болса бас миың)

24-сұрақ: жеті жұрт (құрғақшылық, мал жұтау, оба, қрт, соғыс, жер сілкіну, сел (тасқын))

25-сұрақ: жеті күн (бүгін-дүйсенбі, ертен – сейсенбі, бүрсігүні – сәрсенбі, арғы күні – бейсенбі, ауыр күн – жұма, соңғы күн –сенбі, азына –жексенбі)

26-сұрақ: жеті қазына атаңыз (ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыраң бүркіт, берең мылтық)

27-сұрақ: Жеті атаңы айтыңыз (әке, бала, немере, жөбере, жөпшек, немене, туажат)

28-сұрақ: Жеті жетімге не жатады (тыңдаусыз қалған сөз жетім, киюсіз қалған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу –қазсыз көл жетім, елінен айырылған ер жетім, замандасы қалмаса бәріненде сол жетім)



Оқытушы: Дүйсембекова А.Н.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?ЛДАН ?ЛА?АТ, ?ЫЗДАН ИНАБАТ» т?рбие са?аты

Автор: Д?йсембекова Арайлым Н?ргелді?ызы

Дата: 13.01.2016

Номер свидетельства: 276369


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства