kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!» сыныптан тыс іс-шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ардагер ұстаздармен кездесу кешіне арналған әдеби кештің сценарийі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!» сыныптан тыс іс-шара»

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

атты мұғалімдер күні мерекесіне орай өткізілген ардагер ұстаздарға арналған әдеби кештің сценарийі

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»

Абай.

Мақсаты: Ардагер ұстаздардың жолын оқушыларға үлгі ету, ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.


І жүргізуші: Бұл мереке ұмытылмас ешқашан,
Қадірлі де құрметті ғой әрқашан
Жүрсін адам ұстаздарын аялап,
Жүрсін адам ұстаздарын мадақтап.

ІІ-жүргізуші: Самғатқан көктен биік қырандайын,
Жайқалтқан шыңнан биік шынардайын,
Арманға жетелеген білім беріп,
Ұстазға жүрегімнен жыр арнайын.

8- сынып оқушыларына кезек беріледі

Мәди: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған

Күндей боп жарқыраған жарықсыздар

Әнет: Тойланатын әр жыл сайын, қазан айы туғанда,

Ұстаздардың мейрамы осы, толы ән мен жырларға.

Төрдегі орын Сізге, Ұстаз, төр Сіздікі, Мұғалім!

Барлық жан да соны қалар, ұстаз көңіл тұрғанда.

Гүлдана: Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

Асем: Бала десе ойламайды өз қамын 
Көрсем дейді күнге де қол созғанын 
Шын жүректен жатса-тұрса тілейді. 
Шәкіртінің өзінен де озғанын

Нұрлан: Мұғалімдер күні бүгін, шаттық күйге кенелген,

Ұстаз жүрек сырлас әр кез білім атты өнермен.

Олар шәкірт кеуделерге білім менен нәр құйып,

Өмір жолда ізгілікті еңбегімен елеген.

Аружан: Мәрт мінез елің барда өресі кең, 
Шықпайсың қажыма, ұстаз ел есінен 
Жетіңіздер мұраттарға ұзақ жолда 
Тағдырдың толқын ұрған кемесімен

Ерасыл: Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті біздер үшін, елге еккендер

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,

Зердесін болашақтың зерлеткендер!

І жүргізуші: Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін, пайым - парасатымен, талғам - танымымен танылатын асыл жандар!

IІ жүргізуші: Ардақты ардагер ұстаздар, бүгінгі, «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты кешімізге қош келдіңіздер! Ұрпаққа үлгі-өнеге болған ардагер ұстаздар, сіздерді дастарханға шақырамыз!

І жүргізуші: Жандары ізгілік қасиетке толы, жаны жайсаң, қымбатты ұстаздар, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

IІ жүргізуші: Құйылады жыр-ағын,

Көптен дара пырағым.

Құтты болсын мерекең,

Заңғар тұлға мұғалім!-дей келе, бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз кезегі мектеп директоры Байбұлан Күнтуғанұлына беріледі.

І жүргізуші: Өткізіп өз алдыңнан талай бала, 
Бойына құйдың ақыл, ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді, 
Ақылшы, тәрбиеші, болдың дана

IІ жүргізуші: Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры.

Абдоллаева Асемнің орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!

I жүргізуші: Ұстаз – әке, шәкірттеріне қамқорлық жасайды.

II жүргізуші: Ұстаз – ана, ол шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілігін, қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды.

I жүргізуші:  Ұстаз – жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді.

II жүргізуші: Ұстаз – дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.

I жүргізуші:  Ұстаз! Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды.

II жүргізуші: Олай болса, бүгін барлығы да, ұстаздар, сіздерге арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Ендігі кезекті шәкірттердің сіздерге арнап дайындаған көрінісіне берейік! Тамашалаңыздар!

7-8 сынып оқушыларының орындауында көрініс

I жүргізуші:  Шәкірттерді сусындатқан біліммен,
Мейірімің ақ жүзіңнен білінген.
Ұмытпаймын есіміңді ұстазым,
Жүрегімнің нақ төрінде ілінген.

II жүргізуші: Біздер әлі өтелмеген парызбыз,
Сары далада сайрап жатқан сан ізбіз.
Ардагер ұстаздар, біз сіздерге
Барлығымыз мәңгілікке қарызбыз!

I жүргізуші:  Шәкірттер сіздерді айтып мақтанады,
Бейнелерің жүректерде сақталады
Біз әлі биіктерден көрінеміз
Үміт пен сенімдеріңіз ақталады!

II жүргізуші: Құрметті қонақтар, кешегі сіздер салып кеткен сара жол бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болсын деген ниетте сіздерге бірнеше сұрақтар қойсақ дейміз! Рұқсат етіңіздер! Сол бір жылдарға көз жіберіп, ұстаздық қызметте болған қимас кезеңге оралсақ.

  1. Ұстаздық қызметті таңдауыңызға не себеп болды? Әлде жүрек қалауымен таңдадыңыз ба?

  2. Ұстаздық қызмет еткен жылдардағы есіңізден кетпей, әлі күнге дейін айтып жүретін қызық оқиғаңыз болса, бізге де айтып берсеңіз!

  3. Ең алғаш сабақ берген сыныбыңыз, оқушыларыңыз есіңізде ме?

  4. Мықты ұстаздың бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсыз?

  5. Осы мектепте қанша жыл еңбек еттіңіз?

  6. Бүгінгі жас ұстаздарға , оқушыларға айтар ақыл-кеңесіңіз, жылы лебізіңіз болса, сөз кезегі өзіңізде!

I жүргізуші: Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын
Жас санаға төгіп білім шуағын
Хат танытып жол сілтеген өмірге,
Барша жанға құрметті жан мұғалім.

II жүргізуші: Нұрын төккен көк аспан күмбезіне,
Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.
Қолда болса ойланбастан сыйлар ем,
Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.

I жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады, 
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер, 
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ендігі кезекті көңілді тапқырлар отауына берейік!

II жүргізуші: Ұстазым – саф алтын, діңгегім,

Мәңгілік өзіңмен біргемін

Бүгінгі мереке күніңе

Сәл ғана құрметім бұл менің.

I жүргізуші: Ел тыныш жүріп жатсыз ортамызда

Құрметпен қол жаямыз батаңызға

«Шүкір» дейді ақ шашты ардагерлер

Айналар өмірі үлгі, аты аңызға!

II жүргізуші: Жол сілтеп қараңғыда жанған шамдай,
Адаспас білім берген таңнан талмай,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Өсірген тал-шыбығын бағбандардай.

I жүргізуші: Ұқтырған есепті де, тіліңді де,
Білдірмей қажығанын қиын күнде,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Үйреткен Отаныңды сүюге де.

II жүргізуші: Сүйреткен сөмкемізді кезімізде,
Үйреткен даналардың сөзін бізге,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Тыныштық, бақ тілеген көгімізде.

I жүргізуші: Көрмедің артық күліп, артық жүріп,
Шәкірттерді баулыдың тәртіпті ғып.
Құттықтаймыз, ардагер ұстаздарды
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып

Ән: Ұстазым (хормен)

II жүргізуші: Атағым Алатаудай болып биік, 
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп, 
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

I жүргізуші: Хан бол, мейлі қара бол,
Дарын бол, мейлің дара бол
Өтетін бәрі алдынан
Ұстаздар – бейне сара жол
Ұстаздар – ұлттың тірегі
Ұстаздар – мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен
Халықтың ұлы тірегі
Хормен: Ұстаздарға мың алғыс.

II жүргізуші: Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілей отыра, «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты кешімізді аяқтаймыз. Алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!!!!























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!» сыныптан тыс іс-шара

Автор: Орынбекова Жазира Қазбекқызы

Дата: 29.10.2017

Номер свидетельства: 435208


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства