Просмотр содержимого документа
«Ұлттар достығы – фестивалі тәрбие сағаты»
Ұлттар достығы – фестивалі
Мақсаты: Оқушыларды туған елін сүюге, оны қадірлеуге, құрметтеуге баулу. Тіл құдіретін, қасиетін білуге тәрбиелеу.
Аңсар: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін «Ұлттар достастығы» фестиваліне қош келдіңіздер!
Дильназ: Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.
Аңсар: Туған тілім тірлігімнің айғағы Тілім барда айтылар сөз ойдағы Өссе тілім, мен де бірге өсемін Өшсе тілім мен де бірге өшемін,- деп Әбділдә Тәжібаев айтқандай тіл қай ұлтта қай елде болса да, қастерлі, құдыретті.
Дильназ: Бүгінгі «Ұлттар фестивалі» мерекелік кешіміздің әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар:
Аңсар: О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын Тамсанамын, қарап тұрып артыңа Шыққан балаң, қазақ деген халықтан Нәр аламын, жер - анадан алыптан.
Дильназ: Еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі екені барлығымызға аян.
Аңсар: Қазақ осы -айтатұғын елге сыр, О ағайын,халық емес ол көл-көсір. Қазақ осы –аңғал- саңғал жабусыз, Қазақ осы-ағыл тегіл,көл көсір. Қазақ осы -дала дейтін,күн дейтін, Қазақ осы -өнер алды тіл дейтін. Қазақ осы -қарасың ба,ақсың ба, Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,- деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны біздерге мәлім. Бүгінгі кешіміздің бет ашары - қазақ ұлты. Қазақ халқының өнерін тамашалаңыздар 5-6 (қыздар)сынып оқушылары
Дильназ: Ақ мақтаның мекені Көңілі болған қарлы шың Өз ағам деп еркелер Өзбек ағам армысың.
Ортаға 9 сынып оқушылары өзбек ұлтын қошеметтеп шақырамыз. Аңсар: Бейбітшілік әніміз. Бауырласпыз бәріміз Қазақстан даласында Жарасады сәніміз Ұлы Отан аясында Жадырайды жанымыз
Дильназ: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.Татулығын жырға қосам ұлттардың, Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.- дей отырып сөз кезегін Шешен ұлтына береміз. Ортаға Шешен ұлтын, яғни 10 сынып ұлдарын шақырамыз.
Аңсар: Елім менің, жарқыраған, жайнаған, Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған. Елім менің биіктігі шарайнам Қыран құсы көгінде мың самғаған
Дильназ: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде. Қайталанып, жаңарып айтылады, Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, ортаға Орыс елінен келген қонақтарымызды тамашалауға шақырамыз. Орыс ұлты 7-8 (қыздар) сынып оқушылары.
Аңсар: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
Дильназ: Ортақ бізге бір отан,Ортақ жердің байлығы.Еңбек ортақ, жыр ортақ,Ортақ бізге барлығы.
Байлықтың ең үлкені – ол халықтар достығы,- дей отырып, ендігі кезекті республикамызды тағы бір өкілі кәріс ұлтын тамашалауға шақырамыз. Ортада 10 сынып (қыздарын) оқушылары Кәріс ұлты.
Аңсар: Тілі бөлек болған менен тілек бір,Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Дильназ: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! Ендеше ортаға Тәжік ұлтының өкілдерін шақырамыз. 5-6сынып (ұлдарын)оқушыларын қарсы алайық!
Аңсар: 7-8сынып (ұлдары) Неміс халқын тамашалаңыздар Құрметті ұстаздар, кешіміздің қонақтары бүгінгі өтіп отыр-ған «Ұлттар достығы – фестивалі» атты мерекелік кешіміз аяқталуға тәмәм, әр ұлт өкілдеріне көп, көп рахмет.
Дильназ: Дүниеде Тәуелсіз Қазақстан бар Әлемде Егемен Қазақстан бар Оның көп ұлты ынтымақшыл халқы бар Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар Ел басшысы бәріннен нұрлы Бүгіннен кемел болашағы бар Көп ұлтты халықты, бір шаңырақ астында айрандай Ұйытып отырған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев бар. Биік ұш бейбітшілік көгершіні Асып өт келер мұхит, келер шыңды. Қаққанда қанатыңды бірге естілсін Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні