kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?МЫТЫЛМАС ЕРЛІК-?ШПЕС ДА??!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.                     Пролог. Та?тадан со?ыс та?ырыбында?ы слайд к?рсетіліп т?рады. Сахна?а Айдана. Айс?лу. Айбол. М?хаммедали шы?ады. Со?ыс жайлы ?ле? о?ылады.

2.                     ?н. Ана туралы баллада. Ер??ланбек. 8А.

3.        Ж?ргізуші. Б?гінгі ?аза? еліні? ?рбір арайлап ат?ан к?німен ты?ыз байланыста ?ндесіп жат?ан ХХ ?.ды? 30-50-ші жылдарды? ?асіретті о?и?алары к?н ?ткен сайын бізден алыстап бара жат?ан сы?ылды. Десек те, с?рапыл ?мір ?ткен мен б?гінді, б?гін мен ерте?ді байланыстырушы буын болып табылады емес пе? Биыл міне, ?лы Отан со?ысыны? же?іспен ая?тал?анына да – 70 жыл. Б?л – аз уа?ыт емес. ?аншама та?дырды? ауыр кезе?дері тарихты? ?ойнауына ты?ылып, сі?іп кетіп жатыр. Б?л к?н -  сол кездегі ке?ес хал?ыны? ерж?ректілігі мен т?зімділігін, е?бекс?йгіштігін паш ететін, тарихта м??гілік ?алатын к?н. Б?л к?нде со?ысты? ал?ы шептерінде ?айсарлы?пен шай?ас ж?ргізіп, ерлікті? ерен ?лгісін к?рсеткен майдангерлерге ??рмет еш?ашан толастамайтыны белгілі. 

4.        ?н. Жойылсын жал?ыз с?з со?ыс деген. Ш??ыла. 5 А.

5.        Ж?ргізуші. Со?ыста Ке?ес Ода?ымен  бірге бізді? ?Р-да жан аямай шай?асты. Да??ты ?арулы к?штерді? ж?не е?бек армиясыны? ??рамында мол ?аза?станды?тар болды. Ат ауызды?ы мен су ішкен, ер етегімен су кешкен с?рпалы со?ыста ерлермен бірге ?олдарына ?ару алып, ?лы Отан  со?ысына ?атыс?ан батырларымыз: Бауыржан Момыш?лы, М?нш?к М?метова, ?лия Молда??лова, М?лік ?абдулин, Тал?ат Бигелдинов, ?асым ?айсенов, Са?адат Н?рма?анбетов сынды а?аларымыз ел алдында?ы борыштарын ?теп, елімізді? аманды?ын, жерімізді? т?тасты?ын ?ор?ап ?алды. Ендеше, сол а?а, апаларымыз жайлы о?ушыларымызды? дайында?ан туындыларына назар салайы?: орта?а батырларды? бір бір сурет ?ста?ан о?ушылар шы?ады.

6.        Еске алу. Бауыржан Момыш?лы. Абай. 8 А.

7.        Батыр а?ам Бауыржан. Н?рлан 6 А.

8.        Ж?ргізуші. «Б?рі де же?іс ?шін, б?рі де майдан ?шін» деген ?ранмен жігерленген ж?рт к?нді т?нге, т?нді та??а ?ластырып ж?мыс жасады. Б?гінгі жас буын ?кілдері сол з?лмат жылдарды? ??рбандары бол?ан ел азаматтарына ??рметпен та?зым етіп, ?рдайым жадымыз?а жа?ын ?стаймыз.

9.        Са?адат Н?рма?анбетов. Еркінжан. 8 А.

10.      ?н. С?ттіг?л. Атамекен. 9 А.

11.      ?лия Молда??лова. Наздана 8 А.

12.      ?лияны? к?нделігінен. А?с???ар 7 А.

13.      ?асым ?айсенов. Рамазан. 5 А.

14.      ?н. ?лия. Айдана. 8 А.

15.    Ж?ргізуші. Олар елімізді? жар?ы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?МЫТЫЛМАС ЕРЛІК-?ШПЕС ДА??!" »

Ұмытылмас ерлік,

Өшпес даңқ.


  1. Пролог. Тақтадан соғыс тақырыбындағы слайд көрсетіліп тұрады. Сахнаға Айдана. Айсұлу. Айбол. Мұхаммедали шығады. Соғыс жайлы өлең оқылады.

  2. Ән. Ана туралы баллада. Ерғұланбек. 8А.

3. Жүргізуші. Бүгінгі қазақ елінің әрбір арайлап атқан күнімен тығыз байланыста үндесіп жатқан ХХ ғ.дың 30-50-ші жылдардың қасіретті оқиғалары күн өткен сайын бізден алыстап бара жатқан сықылды. Десек те, сұрапыл өмір өткен мен бүгінді, бүгін мен ертеңді байланыстырушы буын болып табылады емес пе? Биыл міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да – 70 жыл. Бұл – аз уақыт емес. Қаншама тағдырдың ауыр кезеңдері тарихтың қойнауына тығылып, сіңіп кетіп жатыр. Бұл күн - сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін, еңбексүйгіштігін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнде соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен майдангерлерге құрмет ешқашан толастамайтыны белгілі.

4. Ән. Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген. Шұғыла. 5 А.

5. Жүргізуші. Соғыста Кеңес Одағымен бірге біздің ҚР-да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында мол қазақстандықтар болды. Ат ауыздығы мен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрпалы соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдулин, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Сағадат Нұрмағанбетов сынды ағаларымыз ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалды. Ендеше, сол аға, апаларымыз жайлы оқушыларымыздың дайындаған туындыларына назар салайық: ортаға батырлардың бір бір сурет ұстаған оқушылар шығады.

6. Еске алу. Бауыржан Момышұлы. Абай. 8 А.

7. Батыр ағам Бауыржан. Нұрлан 6 А.

8. Жүргізуші. «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін» деген ұранмен жігерленген жұрт күнді түнге, түнді таңға ұластырып жұмыс жасады. Бүгінгі жас буын өкілдері сол зұлмат жылдардың құрбандары болған ел азаматтарына құрметпен тағзым етіп, әрдайым жадымызға жақын ұстаймыз.

9. Сағадат Нұрмағанбетов. Еркінжан. 8 А.

10. Ән. Сәттігүл. Атамекен. 9 А.

11. Әлия Молдағұлова. Наздана 8 А.

12. Әлияның күнделігінен. Ақсұңқар 7 А.

13. Қасым Қайсенов. Рамазан. 5 А.

14. Ән. Әлия. Айдана. 8 А.

15. Жүргізуші. Олар еліміздің жарқын болашығы жас ұрпақтардың өмірін, бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Қазір сол соғысқа қатысқан ағаларымыздың өзі де саусақпен санарлықтай ғана қалып отыр. Ардагерлеріміздің ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің арқасы.

16. Мәншүк Мәметова. Сандуғаш. 8 А.

17. Өлең. Мәншүк. Айтгүл. 7А.

18. Талғат Бигелдинов. Арайлым. 7 А.

19. Ән. Егемен ел. Кенжебек.

20. Рахымжан Қошқарбаевқа. Батыр ағай. Камила. 6А.

21. Ән. Финал. Көк тудың желбірегені. Асылбек.

22. Жүргізуші. Сөзімізді Мұхтар Әуезов ағамыздың сөзімен түйіндейік: Біз күреспен алған бостандығымызды, еңбек сіңірген жерімізді, өзіміз орнатқан бақытты өмірімізді, озғын мәдениетімізді бүкіл езілген жанның көзін тіккен шаруашылығындай ұлы Отанымызды аянбай қорғаймыз.

Әділет біздің жақта. Жау аптығы тез басылады. Жеңетін біз, жеңеміз! Ұлы Отан соғысының туы жеңеді! -деген екен. Сол айтқандай бүгінгі таңда еңсесі биік, тұғырлы, әлемге аты әйгілі елміз.

Енді, соғыс болмасын. Біз ағаларымыз сияқты соғысқа қатысып батыр болмай ақ қояйық. Біздер – бейбіт күннің батырлары болайық!


Сырбай Мәуленов

Батыр ағам Бауыржанға


Кешіп өтіп кешегі от жалыннан,

Дүниеге ерлігімен танылған.

Кең жауырынды, Талғардай тік иықты,

Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.


Қалтыраған атынан жау ордасы,

Панфиловтың жорықтағы жолдасы.

Даңқ туын майдандарда көтерген,

Гвардия бөлімінің қолбасы.


Шежіресін жазып соғыс кезінің,

Бүгін сенің жырға айналды сезімің.

Бүгін тағы естіледі әлемге,

Айқастарда атой салған өз үнің.


Ел аузында ерлігі – аңыз, аты – жыр,

Халқымыздың мақтанышы батыр ұл.

Мерекелі мүшеліңді құттықтап,

Сырбайыңның жазған сәлем хаты бұл.


Қайрат күшін қан майдандар сынаған,

Сенсің менің ардақтайтын бір ағам!

Ескерткіш боп тұрып қалмай бір жерде,

Алшаң басып жүргеніңе қуанам –

иә, осындай жыр жолдарымен еске алыпты Сырбай ағамыз.


  1. Ендеше, Бауыржан ағамызға арналған әнге құлақ түріп отырыңыздар. Сәттігүлдің орындауында «Елдің ері – Бауыржан».



Әлияның күнделігінен


Бұлт көшіп, жел кеулеп,

Күз түсіп келеді...

Кеп-кеше... келгенде –

Достарым көп еді.


Көбісі...бөктерде...

Көбісі жаралы...

Күздегі шөптердей

Азайып барады...


Бәрі бір – бұ жақта

Азбысың көппісің...

Белгісіз – бір аттап...

Бармысың, жоқпысың!


Қайтпаспын – кім білген –

Мен де бір жорықтан,

Қайтпаған бір мен бе,

Одан да қорықпан!


Тұр аңдып айнала,

Жақыннан, жырақтан...

Қиындау...сәл ғана

Кеткенім бір оқтан.


Қиындау расында

Бір оқтан...теп-тегін.

Он тоғыз жасымда

Оп-оңай кеткенім!


Әзірге тірімін!

Мен оған көнбеспін,

Оп-оңай бүгіліп...

Оп-оңай өлмеспін!


Төзермін бәріне,

Алдыма жау келсін!

Көрермін әлі де...

Саусағым сау болсын!

-деген өз өлең жолдарынан үзінде тыңдадыңыздар.

9. Әрі қарай Сайм Айдананың орындауында «Әлия» әнін қабыл алыңыздар.


10. Мәншүк туралы өлең.

Сәду Машақов

Мәншүк


Сілкінтіп зеңбіріктер жердің жүзін,

Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.


Қолындағы пулеметі «Максим» оның,

Бойында күш жігері тасқын оның.

Ерлермен тізе қосып атакада,

Оғымен қырғын майдан ашты жолын.


Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған,

Жауына қаһар тігіп қатуланған.

Отан үшін шайқасқан ауыр күнде,

Төнсе де өлім қаупі, жасымаған.


Батыр қыз оққа кекті байлап атты,

Өлігі фашистердің жайрап жатты.

Кезінде жараланған жолбарыстай,

Ызамен түйдек-түйдек оқ боратты.


Қыр қызы орындатты берген антты,

Отанға адал болу ердің салты.

Елі үшін қасық қанын аямаған,

Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.





12. Сөзімізді Мұхтар Әуезов ағамыздың сөзімен түйіндейік: Біз күреспен алған бостандығымызды, еңбек сіңірген жерімізді, өзіміз орнатқан бақытты өмірімізді, озғын мәдениетімізді бүкіл езілген жанның көзін тіккен шаруашылығындай ұлы Отанымызды аянбай қорғаймыз.

Әділет біздің жақта. Жау аптығы тез басылады. Жеңетін біз, жеңеміз! Ұлы Отан соғысының туы жеңеді! -деген екен. Сол айтқандай бүгінгі таңда еңсесі биік, тұғырлы, әлемге аты әйгілі елміз.

Енді, соғыс болмасын. Біз ағаларымыз сияқты соғысқа қатысып батыр болмай ақ қояйық. Біздер – бейбіт күннің батырлары болайық!


Мұқағали Мақатаев

Менен сұра

Мен соғысты көргенім жоқ,

Көргім де жоқ, көрмедім.

Соғыс ойнын ойнайтынмын,

(балалардың ермегі).

Қару алып, қан майданда,

Қас жауыма төнбедім,

Көрдім, бірақ, жесірлердің, жетімдердің еңіреуін.


Мен соғыста болғаным жоқ,

Қатыспадым, бармадым,

Батыр ойнын ойнайтынмын,

(батыр болу – арманым)

Білем, бірақ, шымылдықтар түсірілмей қалғанын,

Бесік жыры болғандығын қатындардың зарлары.


...Соғыс деген қайдан шықты?!

Авторы кім алғашқы!

Есіл Адам,

Есі кетіп, оған несін жармасты?!

Бір дәуірден бір дәуірге неге үзілмей жалғасты,

Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?


Менен сұра, соғыстың тастап кеткен зардабын,

Ауыл қайтіп көтереді қан майданның салмағын,

Менен сұра, жас бала қайтіп әйел алғанын,

Менен сұра, жас қыздың қайтіп шалға барғанын.



Соғыс дегенде


«Соғыс. Соғыс» дегенде,

Қақ жарылып көк құлап,

«Аһ» ұрған жұрт тегінде

Вулкан болды атқылап.


Қарбаласқан халық – сел,

Қайда бармақ, не тынбақ?

Бейбіт күнгі қалыпты ел

Оқ боп жауға атылмақ.


Жап-жас едім.

Жас бала

Нені аңғарып, не білсін.

Келгендей бір масқара,

Болмады бұл тегін сын.


Қалтырады қол ұшы,

Жиырылды ақ маңдай.

Жүрегімнің соғысы,

Жер сілкініп жатқандай.


Әкем қабақ түйіп тұр,

Шешем боздап жылайды.

Өзегім өрт – күйіп тұр,

Сұр бұлт басып шырайды.


Кейін бәрін аңғардым,

Соғыс деген сұм екен.

Отанын сүйген жандардың,

От кешіп өтер сыны екен.

Жеңіс дегенде


«Жеңіс! Жеңіс!» дегенде,

Аспан кетті алаулап,

Бақыт құсы төбемде

Шалқып жүрді жалаулап.


Қуаныш пен қорқыныш

Екі басы безбеннің.

Қуаныш жеңді.

Зор тыныс

Күткені еді төзгеннің.


Жеңістің жасы көздерге

Жақұт болып сыйланды.

Қанат бітіп сөздерге

Асқақтатты күй жанды.


Көңілдер тасып көктемдей,

Шұғыла қонды жүздерге.

Күлкі нөсер төккендей,

Жалт ойнады көздерде.


Төрт жыл бізді түлетті,

Төрт жыл бізді қақтады.

Төрт ғасырлық сын өтті,

Төрт жыл жанды таптады.


Есейіп қалдық не керек,

Ағаларға жалғаса.

Бәрібір біз жеңер ек,

Әкелерге болмаса.


Өйткені біздің ел үстем,

Шапағы шалқар таралған.

Октябрьлік жеңістен,

Мәңгілікке жаралған.



Сырбай Мәуленов

Барлаушы бала


Күнбатыста күркіреп,

Қызған кезі соғыстың.

Зеңбіріктер зіркілдеп,

Ұрып жатыр жол үстін.


Жол бойында шатырлап,

Жанған орман от түсіп.

Өртенген үй лапылдап,

Өлген ана оққа ұшып.


Өлген ана қансырап,

Өртенген үй – баспана.

Көзінен жас тамшылап,

Тұр егіліп жас бала.


Баратұғын ертемен

Қайда кеткен мектебі?

Бәрін де жау өртеген,

Ұйтқып соққан от демі.


Тастап мұны барлығы,

Кетті ме алыс аулаққа?

Не болады тағдыры,

Жаутаңдайды жан-жаққа.


  1. Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Ол – жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады. Бауыржан соғыс тарихында болмаған 27 тактикалық жаңалық жасады. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.


Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіледі. Молдавия, Украинаның Закарпатье бөлігі, Чехословакия және Румыния жеріндегі ұрыстарға қатысады. Әскери мұрағаттар Қасым Қайсенов туралы маңызды тарихи оқиғаларға толы. Қасым Қайсенов ІІ дәрежелі «Богдан Хмельницкий» орденімен, І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» екі орденімен, «Чехословакия партизандары», екі І дәрежелі «Отан соғысы партизанына» медалімен және Кеңес Одағының тағы басқа он бес медалімен, үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Украин КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және ІІ және ІІІ дәрежелі «За заслуги» орденімен марапатталған. Оған Қазақстан Халық батыры (Халық Қахарманы), «Отан» ордені, Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы сыйлығы берілген, А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.


Мәншүк Мәметова Жеңсікәліқызы (Жиенғалиқызы) 1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болды да, бес жасар баланы оның тәтесі Әмина Мәметова бауырына басады. Мәншүктің балалық шағы Алматыда өтті.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1942 жылдың авгусында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да, майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады. 1944 жылдың 1 мартында СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен аға сержант Мәншүк Мәметова Жиенғалиқызына қаза тапқаннан кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді. Батырдың туған жерінде мемориалдық музей, Орал қаласында да музей ашылды. Невель Орал, Алматы қалаларында ескерткіш орнатылып, Алматыдағы 28-орта мектеп пен медициналық институт алдында ескерткіш тақта қойылған. Қазақстанның ақын жазушылары Мәншүк Мәметова туралы көптеген өлең, поэмалар жазды.



Әлияның балалық шағы. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында Нұрмұхамбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келді. Жастайынан әскери ұшқыш болуды армандаған Әлия Вятскідегі мектептің 7 класын бітіріп, Рыбинскідегі авиация техникумына оқуға түседі. 1942 ж желтоқсан- 1943 ж. шілде - Әлия Молдағұлова Москвадағы Орталық мерген қыздар даярлайтын мектептің курсанткасы. 1943 ж.шілде- 1944 ж.қаңтар - Солтүстік-Батыс майданның 54-атқыштар дивизиясының 4 батальонның мергені. 1944 жылы қаңтар айында дивизия Псков бағытында шешуші шайқасқа шықты. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының Казачиха деревнясын жаудан азат ету кезінде Әлия ерлікпен қаза тапты. СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен 1944 жылы 4 маусымда Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы 1924 жылы 5 мамырда Ақмола облысы, Ақкөл ауданында дүниеге келген, даңқты сардар, Кеңестер Одағының батыры, №1 Халық Қаһарманы, қазақтан шыққан тұңғыш армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Қорғаныс министрі. 1924 жылы дүние есігін ашқан адамның алдында қандай азапты кезеңнің күтіп тұрғанын өзі білмесе де, біздер оны бүгінде бәріміз білеміз. Оның үстіне қатал тағдыр мұны тумай жатып сынағысы келгендей өмірге келуіне бір ай қалғанда аяулы әкесі Қожахметке ауыз салады. Бұл да аз болғандай, арада алты жыл өткенде қос қарашығын бір құдайға табыстап, әке соңынан бақилық дүниеге жан анасы Айса да аттанады. Сондай-ақ бала Сағадат батырлар жайындағы әңгімелерді туыс атасы Әлжан ақсақалдан да көп еститін. Әсіресе Қобыланды, Алпамыс секілді батырлардың жауларын ылғи күйрете жеңетінін естігенде ашу-ызаға булығып қалатын. Жалғыз тірегі де, сүйеніші де Сағит ағасын майданға аттандырған Сағадат та басқа өзі құралпы жасөспірімдер секілді майданға сұранумен болған. Өйткені олар да өз елінің патриоттары болып өскен еді. Сөйтіп жүргенде мына жалғандағы ең жақын адамы Сағиттан суық хабар жетіп, төрткіл дүние теңселіп сала берді. Сол түнді көз ілмей отырған ол меселін қайта-қайта қайтара берген әскери комиссариатқа тағы келеді. Бірақ бұл жолы оның жүзін өрт сөндіргендей, көкірегін ашу-ыза керней келді. Ағасы үшін кек алмай, ештеңеден тайынар емес. Әскери комиссар сұңғыла кісі еді, мұны бірден байқады. Сөйтіп, балаң жігіт Сағадат Нұрмағамбетов 1943 жылы сәуірде Кушка қаласындағы Түркістан пулемет училищесін бітіргеннен кейін майданға жіберіледі. Солтүстік Кавказ, Украин және Беларусь майдандарында взвод, рота және батальон командирі болып, Польша жерінде Пилица өзенінің сол жағалауындағы плацдарм үшін болған ұрыста ерекше ерлік көрсетті.

Сағадат Қожахметұлы Ленин, 2 Қызыл Жұлдыз, 1,2- дәрежелі Отан Соғысы, Қызыл Ту, “Құрмет белгісі”, Октябрь революциясы, “Отан” ордендерімен, медальдармен, шетелдердің орден, медальдарымен марапатталған.



«ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІ ҚЫРАНЫ» - Талғат Бигелдиновтің еншісіне осындай ұлы атақ бірге айтылып жүргенін біреуіміз білсек те, біреуіміз білмеспіз. Жеті қат көкте жаумен қисапсыз жағаласқанда жүрегі әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұланы Талғат Бигелдинов даңқының, соны сүйіншілеп қуанған халық мерейінің биігі екі дүркін Кеңес Одағы Батыры атағын иеленген жұлдыздарының сөнбес жарығымен дараланады. Сонау қаһарлы соғыс жылдарында Сталиннің жарлығы бойынша 80 жауынгерлік ұшуды табысты орындаған ұшқышқа Батыр атағы берілетін болып белгіленген екен. Ал біздің Талғат ағамыз болса, 305 мәрте жауынгерлік тапсырмамен ұшып шығып, жауға соншама рет ойран салып шайқасқан, соншама рет өліммен беттесіп, арпалысып айқасқан. Шабуылдағы қазақ сұңқарының айла-тәсілі, қабілет-қарымы, ұшақты қапысыз меңгеруі, ұрыстағы ұрымталдығы, өжеттігі өзгелерден оқ бойы озық болып дараланғанын да сарғайған құжаттар, ескірмес естеліктер жырдай қып жеткізген. Осылайша жердегі жаяу әскердің жортуыл-жорықтарында ғана емес, қазақ аты аспандағы айқастарда да бірден-бір Бигелдиновтің арқасында айдай әлемге әйгілене танылып, туған халқына мерей-мақтаныштың кенен олжасын асқан бір дарқандықпен молынан салғанына алғыс-рахметіміз де әрқашан айтыла беруі керек-ақ...

Бүгінде Талғат Жақыпбекұлы тәуелсіз елінің өркендеріне қуанулы. Халық құрметіне бөленген. Елбасы да ілтипатынан әсте қалдырмайды. Егемен елінің де марапаттарынан кенде емес. “Отан”, І дәрежелі Даңқ ордендерімен мерейленуі соның айғағы. Ақтөбе Жоғары азаматтық авиация ұшқыштар институты мен Қарағанды республикалық авиациялық училищесіне екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің есімі берілген. Бірнеше қалалардың құрметті азаматы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"?МЫТЫЛМАС ЕРЛІК-?ШПЕС ДА??!"

Автор: Базар Индира

Дата: 24.04.2015

Номер свидетельства: 205461


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства