kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?лылар ?ндестігі" сыныптан тыс шарасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кеш та?ырыбы: ?лылар ?ндестігі.

         Ма?саты: Шо?ан У?лиханов пен Абай ??нанбаев ?мірі шы?армашылы?ы жайында жа?а деректер, ?осымша м?ліметтер табу,о?ушыларды ?зіндік ізденіске ?йрету.

Т?рі: «Брэйн -ринг», «Не? ?айда? ?ашан?» ойыны

   ?дісі:  к?рнекілік, с?ра? ?ою, топты? ж?мыс.

   К?рнекілігі: Слайд, кітаптар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?лылар ?ндестігі" сыныптан тыс шарасы »

Сыныптан тас шара.

«Брэйн -ринг», «Не? Қайда? Қашан?» ойыны

Адилова Гүлфарам Амантайқызы

Мәжит Жүнісов атындағы негізгі жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ибрашева Светлана Жауынгерқызы

Мәжит Жүнісов атындағы негізгі жалпы білім беретін мектептің география, биология пәнінің мұғалімі

БҚО Казталов ауданы

Кеш тақырыбы: Ұлылар үндестігі.

Мақсаты: Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбаев өмірі шығармашылығы жайында жаңа деректер, қосымша мәліметтер табу,оқушыларды өзіндік ізденіске үйрету.

Түрі: «Брэйн -ринг», «Не? Қайда? Қашан?» ойыны

Әдісі: көрнекілік, сұрақ қою, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: Слайд, кітаптар.

Кештің жүру барысы:

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Оқушылар 7 не 8-ден өз қалауларымен 2 топ құрады. Әр топ Шоқан, Абай өмірі мен шығармашылық жолдары туралы мәліметтер жинап, өз беттерімен оқып ізденеді, қарсы топқа 10 сұрақ дайындайды. Сұрақтары қайталанып келмес үшін мұғалім алдын-ала тексереді. Сұрақтың нақты болуы да ескерілу қажет.

1-бөлім «Брэйн ринг» 2 топ өз орындарына жайғасып, сұрақтарын кезек-кезек қояды. Есепші әр жауапты белгілеп, ұпайын шығарады.



2-бөлім. «Не? Қайда? Қашан?» Ұпайы жоғары топ ойын алаңында қалады. Бұл топқа мұғалімдер, көрермендер дайындаған сұрақтар қойылады.

1-бейне сұрақ. Бейнелеу өнері пәні мұғалімінің сұрағы.



2-сұрақ. Биология пәні мұғалімінің сұрағы. Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,

Бас ұрып қара жерге сұлағанын.

Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,

Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?

Мен көрдім ойнап жүрген қызыл киік,

Кеудесіне мылтықтың оғы тиіп.

Қалжырап, қансыраған, қабақ түскен,

Кімге батар ол байғұс тартқан күйік?

Мен көрдім сынық қанат көбелекті,

Ол да білер өмірді іздемекті.

Күн шуаққа жылынар қалт-құлт етіп,

Одан ғибрат алар жан бір бөлек-ті.

- Осы өлеңде қазіргі қоршаған ортаның қай проблемасы сипатталған?

(Экология)

3-сұрақ. Қазақ әдебиеті пәні мұғалімінің сұрағы:

Қарауыл өзені бойындағы

Сүйіндік ауылына келіп, өзінің

сүйіктісімен дидарласып қайтарында

қыз ағалары сезіп қалып,

ол жүйрік атпен зорға құтылған.

Кімдер туралы айтылып тұр? Яғни суретте кімдер бейнеленген?

(Абай мен Тоғжан) Осы кезде «Сап-сап, көңілім, сап көңілім» өлеңін шығаратынын айту.

4-сұрақ.

Шоқанның інісі Мақы өте дарынды суретші болған. Бірақ оның суреттері аз, сақталмаған. Ол салған сурет қағаздарда патшаның мөрі болған. Сақталмау себебі не?

(Патша мөрі болғандықтан Кеңес дәуірінде жойылып кеткен ) Елтаңба авторы Шота-Аман Уәлиханов осы Мақының немересі. 5-сұрақ. География пәні мұғалімі

Көріп-білуге болатын 4 элемент деп Абай нені меңзеген?

(жер, су, от, ауа)

6-сұрақ. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес

Ол бірақ қайтып келіп ойнап -күлмес,»

деген ойының мәнін қай өлеңінде ашып көрсетеді?

(«Өлді деуге сия ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.») 7-сұрақ. Орыс әдебиеті пәні мұғалімінің сұрағы: Оның өмір сүрген дәуірі декабристер қозғалысының басылып, Ресейде патшалық кертартпа күштердің өктемдік алған кезі болатын. Соған орай ұлы ақынның шығармалары өз қоғамы мен оның әкімдеріне деген ашу-ызаға, кекке толы келеді. Оның шығармашылығындағы осы сарын Абайға тым жақын еді. Абай ол ақыннан 27 шығарма аударған.

Бұл ақын кім? (М. Ю. Лермонтов)

8-сұрақ тарих пәні мұғалімінің сұрағы:

ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда деп аталуының себебі киіз үйге байланысты екендігін кім дәлелдеді?

(Шоқан Уәлиханов)

9-сұрақ. Қара жәшік ортаға әкелінеді. Осы сұрақтың жауабы жәшіктің ішінде жасырулы.

Шоқанның сүйікті досы Г.Н.Потаниннің айтуынша, әр сыныптың өз басшысы болыпты. Шоқанмен сыныптас басшы баланың көп ақылы болмаса керек, ол кадеттерден сұрап алған бұл нәрселерді сатумен айналысқан. Шоқан оған қарсылық білдіріп : “Нағыз кадет-менің соңымнан ергендер, өзгелері бізден алған нәрсені сатып, саудамен күнін көргендер”,- дегенде кадеттің бәрі Шоқанға еріпті.

Балалардан тартып алып, сатып жүрген нәрсе не? (кәмпит)

10- сұрақ.

Абай өлеңіндегі толық адам бейнесі қандай? Яғни,

«.......................................................................

Сонда толық боласың елден бөлек.»

(Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек) 11- сұрақ.

« Адамның қайырлысы адамдарға жақсылық етер,

Адамның жаманы қасірет етер.»

Кімнің сөзі? (Шоқан)

12-бейне сұрақ.







Көрермендерге сұрақ.

1. Жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін дәлелді суреттейтін “Ескендір” поэмасында символ ретінде Абай нені пайдаланды? (бассүйек)

2. Еуропалықтарға жабық болып есептелетін Қашқария билеушісі Уәлихан төре Шоқаннан 1 жыл бұрын Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Шлагинтвейттің басын алған болатын. Экспедиция ұйымдастырған Гасфорт айрықша Сібір корпусында Шоқан Уәлихановтан басқа офицердің экспедицияны басқара алмайтынын ескерткен. Неге?(Азиялық әрі мұсылман)

Есепші білгірлер мен көрермендердің ұпайын қорытындылайды.Дұрыс жауап берілсе білгірлерге ұпай қосылады да, жауап берілмесе, ұпай көрермендерге есептеледі.

Қорытынды. Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі мен география пәні мұғалімі Шоқан мен Абай үндестігі жайында слайд арқылы қорытынды жасайды.

Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан
мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында
тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауына,әсіресе,
мәдени мұраны меңгеру,дамыту,оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Бұл Абай мен Шоқанның ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жас кезінен санаға сіңіріп, өшпес тағылым алуынан да, небір шешендер мен ақындардың тапқыр сөздерін естіп өсуінен де, арғы түбі шығыс елдерінен таралған, араб, парсы, түркі тілдеріндегі қисса, дастан, аңыз, әпсана, ғазел мүлкін өздігінше ізденіп оқып, білімін байытуынан да, орыс және Еуропа кітаптары, соның ішіндегі олардағы фольклорлық нұсқалармен терең таныстығынан да көрінеді. Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеудің құралы санады. Абай осы мақсатты көздеп, өзінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланады.
Абайдың халық өлеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, жоқтау, жұбату секілді фольклордық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді.
Шоқан мен Абайдың қазақ тарихы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Шоқан секілді Абай да шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды бірі ғалым сипатында, екіншісі суреткер көзімен бағалап отырғанымен, бұрынғы замандардың қалдырған сабақтары мен мүддесіне тарату мұраттары жақын халықты ғасырлар бойында тұмшалап келген қараңғылық тұманынан арылтып өркениеттің даңғыл жолына түсіру қажеттіктері мәселелерінде екеуінің ойлары өте орайлас шығады. Шоқан өзінің тарихи - этнографиялық, фольклорлық еңбектерінде қазақ халқын көркейтудің амалы оқу-білім жүйесін жақсартуда деп көрсетсе, бұл бар Абай шығармаларының өзекті жемісіне айналған. Түрік халықтарының генетикалық, мәдени бірлігін, тарихи тағдырластығын айтқанда ұлы ойшылдар үні бірдей шығады. Мұның бәрін Шоқан мен Абай өмір кешкен дәуірдің тарихи-әлеуметтік мұқтаждары мен сауаптарының сабақтастығынан туындаған құбылыстар деп те қарауға болады.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?лылар ?ндестігі" сыныптан тыс шарасы

Автор: Ибрашева Светлана Жауынгеровна

Дата: 26.03.2015

Номер свидетельства: 191798


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства