kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтты? те?ге - ма?танышым!

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лтты? те?ге - ма?танышым!

Ма?саты: ?аза?станны? ?лтты? а?шасына к?шу тарихы, оны? ма?ызын т?сіндіру. А?шаны? пайда болу тарихы, ?з ?лтты? те?гемізді? айналым?а кіруі, ?алай, кімдер жаса?анды?ы туралы ма?л?мат беру. О?ушыларды ?аза?станны? т?уелсіз мемлекет ретінде ?ол жеткізген жетістіктеріне ма?таныш сезімін ояту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтты? те?ге - ма?танышым!»

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы

Екпетал мектеп-балабақшасының

аға тәлімгері Қырылдақова

Айгерім Жаймырзақызы

«Ұлттық теңге – мақтанышым!»

Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Мұғалім: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Ән ұранымызды, Туымызды, Төл теңгемізді басқа елдерге мақтаныш етеміз. Қазақстан Туымен- тұғырлы, Елтаңбасымен -еңселі, Әнұранымен -айбатты

Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,

Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.

Көк байрағым көкте биік желбіреп,

Бірлікке бізді шақырып жатқандай!

ӘН ҰРАН ТЫҢДАЛАДЫ

Ақша туралы түсінік. Ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. 

Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни, ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас. 

Қазіргі қолданыстағы қағаз ақша алғаш рет біздің дәуіріміздің 812 жылы Қытайда пайда болды. Әлемдегі ең алғашқы банкноттар 1661 жылы Стокгольмде басып шығарылды. Қазақстандық теңге түріктің «тамға» сөзінен шыққан, ол көпестің рулық таңбасын білдіреді. Теңгеге дейін «тиын» деп аталған тиін терілері қолданыста болған, ол тауардың құнын білдірген (құны сусар терісі). 

15- қараша Ұлттық теңге күніне орай «Ұлттық теңге – мақтанышым!» атты сайысқа қош келдіңіздер.

Сайыс бағдарламасы.

  1. «Сәлем – сөздің анасы» (таныстыру)

  2. «Алтын қазына»

  3. «Кім көп біледі?» (сұрақ - жауап)

  4. «Менің болашақ теңгем» (үй тапсырмасы.)

Ендеше 1 – кезең «Сәлем – сөздің анасы» Шарты: Әр команда өз топтарын 4 шумақ өлеңмен таныстырады.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. 

1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға еңгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді. Қазіргі таңда мынадай купюралардағы теңге, тиындар айналыста жүр: 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге, тиыннан 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңге

2-кезең «Алтын қазына» Шарты: Сандық ішінде берілген теңгелерде бейнеленген ғұламалардың есімідері мен ғұлама жайында қысқаша мәлімет айту керек.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша - асыл қазына, халық байлығы.

Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.

3- кезең «Кім жылдам» (Сұрақ – жауап)

XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

4-кезең «Менің болашақ теңгем» (үй тапсырмасы.)

Шарты: Сайыскерлер болашақта көргісі келетін ақшаның бейнесін салуы керек.

Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты.

Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот — Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета — облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

Сайысты қортындылау. Марапаттау, сыйлықтар ұсыну.
Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Ұлттық теңге – мақтанышым» атты танымдық сабағымызды аяқтаймыз. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?лтты? те?ге - ма?танышым!

Автор: ?ырылда?ова Айгерім Жаймырза?ызы

Дата: 27.05.2016

Номер свидетельства: 330687


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства