Просмотр содержимого документа
«Т?УЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ»
Тақырыбы: «Тәуелсіздік-тірегім »
Білімділік мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында жазықсыз қыршын кеткен құрбандарды қашанда құрметпен еске алу керек екендігін баяндау, оқушыларды туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерін, Отанын сүюге шақыру, қалыптасып қалған әкімшілік-әміршілдік тоталитарлық режимге қарсы бас көтерген қазақ жастарының ерлігін құрмет ету.
Дамытушылық: Оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге, тарихи фактілерді саралап олардың себеп-салдарын анықтауға, тарихи оқиғаларды есіне сақтауға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын сүюге, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Тарихи көрініс сабағы,мәнерлеп оқу сайысы
Әдісі: Сахналық көрініс көрсету,слайдтар көрсету
Көрнекіліктер:Желтоқсан оқиғасына байланысты слайд,баспасөз материалда-ры,т.б.
Іс-шараның жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) 1986 ж 16 желтоқсан оқиғасының барысы
ә) Сахналық көрініс (жастардың алаңға шығуы)
Желтоқсанда - мұзда жанған алауым,
Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!
б) Қайсар рухты қазақ баласы
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
в) Халық ұлына құрмет
3. Қорытынды бөлім
1. Кіріспе
Мұғалім сөзі: Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның бірі, дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.
Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету- исі қазақ азаматтарының игі борышы. 1-жүргізуші: Құрметті Ұстаздар , мектеп оқушылары және қонақтар!
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған
«Тәуелсіздік-тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысын бастаймыз.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік - еліміздің өз алдына шаңырақ көтеріп, ешбір елге, ешбір мемлекетке тәуелсіз, дербес Қазақстан Республикасы болып құрылуына байланысты ұғымды білдіреді.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік – теңдік, бостандық, еркіндік, бүкіл адамзат баласының қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны белгілі.
2-жүргізуші: Елге айналдың Отаным, есімі ұлы,
Аштың әлем халқыңа есігіңді.
Зорға жеткен ардақтап осы ісіңді,
Түзе, халқым, салтың мен бесігіңді.
Құлақ кесті құл емес,қазақ тіпті,
Сезінетін шақ туды азаттықты.
Отаншылдық бір айтып көтерілсін
Толқынындай теңіздің ғажап, күшті.
1-жүргізуші: Тігілген соң Ақ Орда-шаңырағың,
Тұғырыңа қонуда сан қыраның.
Отан деген оранып от құшаққа,
Кәусарыңа шөліңді қандырамын.
Сенен ғана өрбиді күш, жыр-әнім!
Қазақстан, о, менің құт тұрағым
Жер шарына қазақтың халық атын.
Бірге айтылады: Тәуелсіздік туымен ұқтырамын!
1-оқушы: Желтоқсан айы...
Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.
«Желтоқсан» десе-ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.
2-оқушы: Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадағы» «Елім-ай» секілді, әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» халық арасындағы әнұранына айналып кетті.
Сонда да, ән-әуенмен қоса, мәңгі көкірек көзінде қалған көріністер шұбырып өтуі хақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай, толқыған ызалы қыз-жігіттердің жігерлі келбеттері Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішіндер... одан кейін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт-сұрт айқасы...
Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып ыңырси құлаған қазақ бозбала...
Сөзі: М.Шаханов Әні: Ә. Тінәлиев Ән «Желтоқсан желі»
СЛАЙД № 1 «Желтоқсан 1986»
3 – оқушы: Осы кезде аяқ астынан Пленум болатындығы туралы хабар – сыбыс тез тарады. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Пленумы 1986 жылғы 16 желтоқсанда өтті. Пленумда Д.А. Қонаев жолдасты зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық пленумында бірінші хатшысы қызметінен босатты. Оның орнына сол уақытқа дейін Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.В. Колбинді сайлады.
4 -оқушы: 1986 жылы желтоқсанның 17 жұлдызында бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Бұл кеңес өкіметі тұсында бұрын – сонды кездеспеген құбылыс. «Алматыда демонстрация», «Брежнев алаңында қаптаған жұрт», «Көшеде сап түзеп бара жатқан жастар» деген лебіздер ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсіне алмай дал болды.
5-оқушы: Республика жұртшылығының өмірлік мүдделерінеқатысты мәселені шешудегі Орталықтың әділетсіз әрі өктем бұл қадамы қорланып қалған халық наразылығының жанартаудай атылып сыртқа шығуына түрткі болды.1986 жылы 17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңына халық жинала бастады.Кешке қарай жиналғандардың саны шамамен 25-30 мыңға жетті.
Жиналған көпшілік республика басшылығындағы мұндай өзгерісті Д.А. Қонаевтың өзінің келіп түсіндіруін талап етті. Орталық аландағы жағдай бірден Мәскеудегі Бас хатшыға және басқа билік орындарына баяндалды.
Өз ретінде билік алдына қатаң тарамайтындықтарын қойған бейбіт шеруге жиналушылар нанымды жауап алмайынша алаңнан тарамайтындықтарын мәлімдеді.
6-оқушы: Аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер «контрреволюционерлер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен көкейтесті мәселелері туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай-сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт – шыт болып ұшып жатыр.
Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын-1986» дейін оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.
7-оқушы: Құрамында қазақ ұлтынан ешкімде болмаған бұл штабтың жұмысын КСРО ішкі істер министрінің 1-ші орынбасары генерал полковник Б.К. Елисев басқарды. Штабтың қарауына шамамен 20-25мың адамнан тұратын Алматы гаризонының КСРО ішкі істер министрлігінің Алматы облысында, сондай-ақ Фрунзе,Ташкент, Челябі, Новосібір, Уфа, Свердловск , Тбилиси қалаларында орналасқан арнайы ұшақтармен Алматыға алдырылған әскери күштері берілді. Әскерилерге қарусыз шерушілерді қуып таратуға қажетті қару жараққа қосымша 15 БТР, 20 өрт сөндіруші машина берілді. Милиция және әскер құрамаларына саны 10-15 мың шамасында темір сойылдармен қаруланған «жасақшылар» көмектесті.
Осы кезде «Менің Қазақстаным» әні айтылады. Жастар теңселіп тұрып әнді ерекше бір шабытпен орындайды.
СЛАЙД № 2 «Жастардың алаңға шығуы»
Ақын М. Шаханов
Әр дәуірдің еркіне ай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайраты, жас өркені халқымның!
СЛАЙД № 9 «Жаса, жайна тәуелсіз Қазақстан»
Мұғалім сөзі: Алматы қаласындағы орталық алаңға тарихи Желтоқсан оқиғасының құрметіне 2006 жылы «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде «Жастарды алаңға шығуға итермелеген желтоқсандағы оқиға еліміздің тәуелсіздігінің жаршысы болды. Бұл оқиғаға ұлтшылдық сипатын беруге талпыныстар жасалды. Саяси бюроға олай емес деп түсіндіруге, соған орай қабылданған арнаулы қаулының күшін жоюға тура келді. Ұлтаралық қақтығыс деп түсіндіру пиғылдары да болды. Мүлдем олай болмағанын тарихтың өзі көрсетіп берді. Жастар бар болғаны әділеттілікті, теңдікті, тәуелсіздікті қалады», - деп Президент бұл қозғалыстың тарихи маңызын жан-жақты ашып көрсетті.
3. Қорытынды:
1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік туралы толғаныстарынан үзінді:
« Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар.Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы-бүгіннен нұрлы,бүгіннен кемел болашағы бар.Сол күнге берік сенімі бар!Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.»
2-жүргізуші: Құрметті, Ұстаздар, мектеп оқушылары және қонақтар! Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тірегім» атты іс-шарамызды аяқтаймыз.
Марапаттау:Дипломдар тапсыру.
Белес ЖОБМ балабақшасы
Мәнерлеп оқу сайысы
Тақырыбы: «Тәуелсіздік-тірегім»
( 1-4 класс )
Өткізген: Бастауыш сынып ӘБ жетекшісі: Кажгалиева М.К