kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?уелсіздік та?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып са?аты: «Т?уелсіздік та?ы »

 Ма?саты:  

         1.  О?ушыларды ?з ана тілінде  таза с?йлеуге ?йрету, ?лы ?алымдар ілімін  д?ріптеуге да?дыландыру.

         2. О?ушыларды? с?йлеу тілін дамыту ар?ылы с?здік ?орларын молайту, ой - ?рісін ке?ейту, дамыту.

         3.Жас ?рпа?ты  елін, жерін с?юге, ??рметтеуге т?рбиелеу.

  ?олданылатын к?рнекіліктер: Карточкалар,суреттер, тірек – сызба н?с?алар, кеспе ?а?аздар, на?ыл с?здер, ?лы адамдар айт?ан ?ла?атты с?здер, кітап к?рмесі.

Саба?ты? эпиграфы:  Тілі жо?ал?ан халы?ты? ?зі де жо?алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіздік та?ы"»

Сынып сағаты: «Тәуелсіздік таңы »

 Мақсаты:  

1. Оқушыларды өз ана тілінде  таза сөйлеуге үйрету, ұлы ғалымдар ілімін  дәріптеуге дағдыландыру.

2. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой - өрісін кеңейту, дамыту.

3.Жас ұрпақты  елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

  

Қолданылатын көрнекіліктер: Карточкалар,суреттер, тірек – сызба нұсқалар, кеспе қағаздар, нақыл сөздер, ұлы адамдар айтқан ұлағатты сөздер, кітап көрмесі.

 

Сабақтың эпиграфы:  Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады.

(А. Байтұрсынов)

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:  

Музыка ойнап тұрады.

Мұғалім:

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

Тәуелсізбін,егеменмін, дербеспін.

1-оқушы. Тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді , әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің деп білемін.

Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді.

Мұғалім:

Ендеше, кұрметті оқушылар, қонақтар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік таңы» атты сынып сағатын өткізбекпіз.

1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұлдарымыз жайлы сыр шертпекпіз. Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.

Мұғалім:

Колбинге неге қарсы шықты?

Ø Қазақстанда қазақ мектептері мен бала бақшалары азая бастады. Қазақтар өз ана тілін ұмыта бастады.

Колбин қайдан келген?

Ø Колбин Ресейден келген болатын.

Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?

Ø Өз алдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай, ішкі – сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды – тәуелсіз мемлекет дейміз.

Тәуелсіз мемлекет атануымызға кімдердің еңбегі сіңді?

Ø Қайрат Рысқұлбеков, Ербол сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты үлкен азаматтардың.

v Дұрыс балалар! Бүгін бір сәт осы аты аталған азаматтарды еске ала отырып, олардың ерлігін, не үшін алаңға шыққандығын көпшілік алдында айта кетсек артық болмас.

 

(Оқушылар қолдарында «Қазақстан – қазақтардікі!», «Дербестік талап етеміз!», «Ресейге қайт!», «Долой, Колбина!» деп жазылған транспаранттар.)

 

Оқушылар 1:                                                                     

Желтоқсан айы естесің,                          

Дауыл боп бұрқап ескенсің.

Азаттық күйі қашаннан,      

Көкейін елдің тескенсің.

  Оқушылар 2:

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең – жырымыз.

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз?

 

Оқушылар 3:

Тарылып жатса даламыз,

Қайтып біз тыныс аламыз?

Қақымыз да жоқ айтуға

әділет қайдан табамыз?

 

Оқушылар 4:

Жібердік еркін ат басын,

Қиянат жанға батпасын.

Тоқырау таңын күйреттік,

Деп: «Теңдік күні батпасын!»

 

 

Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

  (Көрініс)

  Екі – үш милиция, жасақшылар ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады. «Ұлтшылдар!», «Бұзақылар!», «Тәртіпсіздер!» деп ортадан қуа бастайды.

Алаңдағы қозғалысты бейнелеген оқушылар бір сәт қозғалмай тұрып қалады.

  (Музыка әуені естіледі)

 

Мұғалім: Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез – келген тұсынан ұсталған қазақ жастарын ұрып – соғып, өлімше халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген, оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар.

 

Оқушы милиционер:

-         Ұстаңдар,бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!

-         Савицкийді өлтірген сен бе?

-         Жоқ, мен емес.

-         Сен өлтірген! Мойныңа ал!

-         Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар.

(Қайратты ұрып соға бастайды)

Қайрат:

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең атыңдар.

Милиционер: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, бұзақы!

Қайрат:

Шыңғырдым да, шындықты айтып жаңғырдым,

Кете бардым жетегінде тағдырдың.

Бірге өткізген студенттік шақтарды,

Хош аман бол,

Оралам ба, жан құрбым?!

Мұғалім:

    1986 жылғы желтоқсан жанғырығы Өскемен қаласындағы жастар қозғалысына әсер еткені шындық. Өскемен педучилищесінің студенті Сәбира Мұхамеджанова мен мұғалімнің арасында түсінбеушілік болып Сәбираның анасын шақыртады.  

Сынып жетекшісі: Сен барлық қыздар үшін жауап берем деп едің ғой. Соны шешеңе қайталап айтшы.  

Сәбира: Өзіңіз ауылдың мұғалімі емессіз, осы сөзді қалада тұрып қалай айтасыз ауыл мұғаліміне?  

Шешесі: Менің балам, сүт кенжем, өзімнен де ауыр сөз естімеп еді.        

Сынып жетекшісі: Иә, солай ма? Енді бұлардың училищиде оқу – оқымауын директор шешеді! (Осылай деп мұғалім шығып кетеді. Осы кезде бір бала жүгіріп келеді).  

Бала: Шолпан апай, бесінші қабаттан құлап, қызыңыз өліп қалды!  

Шешесі: Не? Менің Сәбирам ба? (Осыны айтып жылап шығып кетеді).  



Алға Қайрат, Сәбира, Ляззат, Ерболдардың суретін ұстаған оқушылар шығады.  

Қайраттың суретін ұстаған оқушы: Ол әділеттің, шындықтың жеңетіне іштей сенді. Қайрат орысша – қазақшаға бірдей, өте сауатты, өз ойын ашық айтатын жігерлі, отты жігіт еді. Қайраттан қорыққан Колбин мен оның қолшоқпарлары одан тез құтылу үшін «Атылсын!» деп үкім шығарды.

1987 жылдың 16 маусымдағы үкімімен Қайрат Рыссқұлбеков қылмыстық істер кодексінің 60-бабы бойынша қылмысты деп тауып, ең жоғарғы жаза өлім жазасына кесті. Кейін Қ.Рысқұлбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды.Өкінішке орай, 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасты.

  Ляззаттың суретін ұстаған оқушы: Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық уч-ще жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған.

Сәбираның суретін ұстаған оқушы: . 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісін қуаттап 22 желтоқсанда Өскемен қаласында бірге оқитын студент жастармен бірге наразылыққа шығады. Студент қыздардың бұл әрекеттері барып тұрған ұлтшылдық деп бағаланып, сол күні кештен бастап партия, кеңес, комсомол, мемлекеттік қауіпсіздік, құқыққорғау орындары тарапынан тергеу, олардан жауап алу басталады. Нәтижесінде  орынсыз қорлау мен жала жабу мен тергеуге шыдай алмаған Сәбира Мұхамеджанова барлығын ұйымдастырған мен деп мәлімдеп, жатахананың бесінші қабатынан секіріп, мерт болады. Сөйтіп ол Желтоқсан құрбаны, батырына айналды.

Ерболдың суретін ұстаған оқушы: 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады

Мұғалім : сол кездегі қуғын сүргінді, Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінің қатыгездігін өз көзімізбен көрелік. ( Видео «Желтоқсан желі»)

1986ж Желтоқсанда отты оқиға болды.

Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула,лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.


Тәуелсіздік құрбандарын 1 минут еске алу .



Мұғалім: Міне, осылайша алаңға шыққан қазақ жастары қорлық көріп, жәбір шекті. Оладың бірқатары түрмеге жабылып, сотталды, бірқатары оқудан шығарылып, қызметтерінен айырылды, қатаң сөгістер алды, ішкі істер қызметкерлерінің үнемі назарында болды. Қаншама қазақ жастары денсаулықтарынан айрылып, мүгедек болып қалды. Дегенмен, қазақтың өр Рухы өлмеді.

Тарихтың беті айналып, 1991 жылы көп аңсап, арман еткен тәуелсіздігімізді алдық.

Тәуелсіздік шежіресі.

1991ж. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.

1992ж. Мемлекеттік Рәміздер бекітілді. Қазан айында тұңғыш ғарышкерТ.Әубакіров ғарышқа самғады.

1993ж Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді.

1994ж. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда ұшқыш Т.Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.

1995ж. 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды.

1996ж. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

1997ж. Елорда Астанаға көшірілді. Қазақстан-2030 жолдауының шығуы. Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.

1998ж. Халықтар тұтастығы мен тарих жылы.

1999ж. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

2000ж. Мәдениетті қолдау жылы.

2001ж. Қазақстандағы Ресей жылы.

2002ж. Денсаулық жылы.

2003-2005ж. Ауыл жылдары.

2006ж. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.

2007ж. Қазақ тілін қолдау жылы.

2008ж. Астанаға 10 жыл

2009ж. Қазақстанның Украинадағы жылы

2010ж. ЕҚЫҰ самммиті

2011 ж Азияның қысқы олимпиадасы болды

2012 ж Лондон олимпиадасында биік шыңдардан көріндік.

2013 ж ЕХРО 2017 ұтып алдық.

Әр оқушыда параққа жылдар жызылып, тәуелсіздік шежіресі айтылған соң, парақтың екінші жағында ТЕК ҚАНА АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН ! деген ұранды сөз шығады.

Ән «Жаса Қазақстан» 

 

Сабақтың қорытындысы:

 

   Міне, балалар, Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің жалауымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар.  Егеменді Қазақстанымыз тәуелсіздік алғанына биыл 22 жыл толып отыр. Бұл елеулі мереке. Осы мерекені жақсы оқумен, үлгілі тәртіппен қарсы алайық! Өз еліміз бен жерімізді көркейтіп, Қазақстаннның намысын қорғайтын келешек ұрпақ- сендерсіңдер. Сәт сапар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Т?уелсіздік та?ы"

Автор: Бесжанова Нуржамал Каменовна

Дата: 02.01.2016

Номер свидетельства: 271731

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Мені? тілім – ?аза? тілі"
    ["seo_title"] => string(20) "mienintilimkazaktili"
    ["file_id"] => string(6) "281374"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453525221"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства