kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ту?ан жер ке? ?лкем" Т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы :?зартыл?ан к?н тобы
Т?рбиешісі:Г.Д?йсенбаева

 

Саба?ты? та?ырыбы: «Ту?ан жер ке? ?лкем»Шал?ар ауданыныа 80 жыл
Саба?ты? ма?саты:

1. О?ушыларды Шал?ар ??іріні? тарихы, онда?ы біртуар перзенттер жайлы ж?не оларды? е?бектерін ?адірлей білуге ?йрету
2 .С?здік ?орын молайту, тіл м?дениетін, д?ниетанымын ке?ейту.
3.О?ушыларды елін, жерін, ту?ан ?лкесін с?юге, ?лтжандылы??а т?рбиелеу
Саба?ты? к?рнекілігі: Шал?ар энциклопедиясы, ту?ан жер туралы жазыл?ан кітаптар, Шал?арды? суреттері.
 

Барысы
М??алім: Шал?ар А?т?бе облысында?ы Шал?ар ауданыны? орталы?ы, ?ала ірі темір жол станциясы. Тарих?а ж?гінсек, сонау 1870 жылы ?лы??мны? о?т?стік-батыс беткейіне, Шал?ар к?ліні? жа?асына ?аза? шаруалары келіп, ?оныс тебеді.Олар б?л ??ірде мал шаруашылы?ымен айналысып, ал?аш жеркепе ?йлер сал?ан. 1901-1903 жылдары осы ?лкеде Орынбор - Ташкент темір жолыны? ??рылысы басталып, ал?аш?ы ?нерк?сіп орны - Шал?ар паравоз депосыны? іргетасы ?аланды.
Биыл Шал?ар ауданына 80 жыл толды. Осы мерекеге арнал?ан «Ш??ылалы Шал?ар» атты т?рбие са?атымызды бастайы?.
1-о?ушы:
?лтара?тай болса да,
Ата ?оныс жер ?ымбат.
Ат т?бесіндей болса да,
Туып ?скен жер ?ымбат.
2-о?ушы:
Шал?арды? ??м деп жерін ??мсынба?ыз,
??мы-??т, суы-байлы?, осында а?ыз,
Е?бекпен ба?ы жан?ан, шамы жан?ан,
Батырлар, ба?ыттылар осындамыз.
(?мбетбай Уайдин)

3-о?ушы:
Уа, Дари?а, алтын бесік – ту?ан жер!
?адірі?ді білмей келсем, кеше г?р!
Жата алмас ем топыра?ы?да тебіренбей,
А?ын болмай, тасы? болсам егер мен.
(?асым Аманжолов )
4-о?ушы:
К?л Шал?ар жас ??ра?пен к?мкерілген,
К?гі?нен зе?гір аспан т??керілген.
Серідей сегіз а??у - ??с т?ресі,
Сайрандап ба?ыт тап?ан ке? т?рі?нен.
(Зиядин ?бдуалиев)

5-о?ушы: Шал?ы?ан Шал?ар
А?айын, к?терейін жыр мерейін,
Аманат – с?з ?алдырып, ?лгерейін.
?йгілі т?л?а? болып тумасам да,
?йгілеп, Шал?ар жайын бір берейін.
6-о?ушы:
«Шал?ар» деп, жыр?а ?оссам, ?ала ма екен?!
Шектіні? ел-ж?ртына дала-мекен.
Айнадай, а??у ?он?ан, ?зен-к?лдер,
Айдынды, алпыс екі салалы екен.
7-о?ушы:
«Шал?ар» деп, жыр шы?арсам, ша?ар ма екен,
?ашаннан, ?ала, дала-?атар мекен.
?ор?а?ан Шал?ар жерін ата-баба,
?а?тардай д?шпанына ?а?арлы екен.
8-о?ушы:
Б?л Шал?ар-жазы? та екен, ?ыр?а да екен,
Б?рін де, ?нмен, жырмен шыр?ап ?тем.
Шектіні? ел ?ор?а?ан батырлары -
Шетінен Едігені? ?рпа?ы екен.

9-о?ушы:
?рпа?тар саба?тасып - ел ?сулі,
?л-?ызды? ма?дайынан жел есулі.
Шал?арды? тарихта?ы бас батыры -
Ба?тыбай – ?ран баба, Т?лес?лы.
1-о?ушы:
Б?л Шал?ар - ??мды мекен, таулы мекен
Барымта, ?арымталы даулы мекен.
А?шиді? а? ша?ылды б?йраттары -
Арыстан, К?тібарды? аулы ма екен?!

2-о?ушы: Есенбай Д?йсенбаев
Шал?ар
?ліби т?р?ан штаб - ?й,
Нар м?сін Шал?ар.
Ж?банов жаз?ан к?шті ?нім,
Армысы? Шал?ар.
3-о?ушы:
Ма?тауыма сен ?алайда,
Сыясы?, Шал?ар.
Талмайтын ?анат талай?а
?ясы?, Шал?ар
4-о?ушы:
Бойы?а ерте бекіген,
Б?л дарын, Шал?ар.
Талант боп ту?ан шетінен,
?лдары?, Шал?ар
5-о?ушы:
Елу жылда ел жа?а,
Деуші еді Шал?ар.
?айта бір ту?ан ке? дала,
Е?селі Шал?ар.

6-о?ушы:
Сынтастай сырлы таптым ой,
Сымбаттым Шал?ар.
Ая???м толы а?тылы ?ой,
?ымбат ?н –Шал?ар.
7-о?ушы:
Тірлікті а?сап ш?лдесе?,
Шипа су - Шал?ар.
А?ынны? илан, сен десем,
?й?асы, Шал?ар.
8-о?ушы:
Ай?а?ы соны? айнымас,
Осы ?ле? Шал?ар.
К?сеге? к?ктеп, жай ??лаш,
?се бер, Шал?ар.

9-о?ушы: Шал?ар ауданы А?т?бе облысыны? о?т?стігінде А?т?бе ?аласынан 363 ша?ырым жерде орналас?ан.Аудан экология?а ?олайсыз. Арал айма?ына жатады.Жерді? к?лемі 61, 2 мы? шаршы км. я?ни облыста?ы е? ірі аудан болып табылады. (Шал?ар суреттері)

1-о?ушы: Топыра?ы ашы? ?о?ыр, жылжымалы ??мды. ?сімдіктен жусан басым. Жануарлар ?лемі бай - киік, ?ас?ыр, т?лкі, ?арса?, ?оян. ??стардан - б?ркіт, к?к??тан, ?ас?алда?, а??у, ?йрек, т.б мекендейді.
(таби?атын, жануарларын, ??старын слайдпен к?рсету)

2-о?ушы: Тау-кен геофизик инженері, ?Р ??рметті геологиялы? барлаушысы Е.И.Книжникті? а?паратына с?йенсек, Шал?ар ауданы аума?ында к?птеген пайдалы ?азбалар, кен орындары бар.
«Шал?ар суы» минералды суы А?т?бе облысында Шал?ар минералды кен орнында ?ндіріледі.
3-о?ушы:
Ас т?зы:
Асханалы? - емханалы? Шал?ар минералды сулар, ??мды ал?аптарда?ы т?щы ауыз су, термальды сулар.
Емдік балшы?тар:
?рт?рлі с?ндік тастар: ж?мырсай яшмасы, Жал?ызтау а?ашы.
4-о?ушы:
Шал?арды? т?л перзенттері:
Т.Жаман?лы, И.Р.Доценко, Ж.Мекебаев, Л.Мюльгаузен, П.Ознобин, Ы.Карагулин, Ж.Д?йісов, Ж.Бек??лов, Ж.Таушанов, А.С?йрамин, А.Невский, Н.Князев, С.Ролдыгин т.б азаматтарымыз т??керілістерімізді? бел ортасында ж?рді.
1917 жылы ?лы ?азан т??керілісі де Шал?ар жерін айналып ?ткен жо?. Шал?ар жерінде а? гвардияшылармен к?ресте ?.Т.Жангелдинні? е?бегі айры?ша.

4-о?ушы: ?ан майданда кешегі ауыл м??алімі, рота порторігі сержант Ідіріс ?ргенішбаев Отан ?шін ?аза тапты. Днепр бойында?ы ерлігі ?лгі ?негесі ж?не к?рсеткен инициативасы ?шін І.?ргенішбаев?а 1644 жылы 11 ?а?тарда Ке?ес Ода?ыны? Батыры ата?ы беріліп, Ленин орденімен наградталды.
Батырды? денесі Ганель облысыны? Лаев ауданында?ы Деракичи деревнясында?ы туыс?андар бейітінде жерленген. Жерлестері оны? есімін ?астерлеп есте ?стауда. Батырды? ескерткіші ?алада орнатыл?ан. Оны? есімімен Шал?арда?ы №40 ?аза? орта мектеп, ?алалы? орталы? к?ше аталады. (Слайдпен батырлар суреті)

5-о?ушы: ?аза? ?дебиетіні? аса к?рнекті ?кілдеріні? бірі ?бдіж?міл К?рім?лы Н?рпейісов Шал?арда?ы білімні? ?ара ша?ыра?ы №1 ?аза? орта мектебін бітіргеннен кейін 1942-1945 жылдары ?лы Отан со?ысына ?атыс?ан. ?.Н?рпейісовты? к?рделі туындысы - «?ан мен тер» трилогиясы; «Ымырт» (?.Н?рпейісов суреті)
6-о?ушы:
Шал?ар к?лі
Шал?ар жо?ар?ы ж?не т?менгі Шал?ар к?лдерінен т?рады. Жо?ар?ы Шал?арды? суы т?щы 1927 жылы к?лді? екі арасына шлюз ??рылысы салынды. К?л сыйымдылы?ы - 28, 0 млн текше метр. Жыл сайын к?ктемде М??алжар тауынан ?ауылжыр ?зені ар?ылы 10, 0 млн текше метр су келіп, к?лге ??яды. (слайдпен к?рсету)

7-о?ушы: Елбасы Н.Назарбаевты? «100 мектеп, 100 аурухана» ба?дарламасы бойынша білім ша?ыра?ыны? бірі – Шал?ар ?аласында?ы №8 орта мектеп. 3 ?абатты, 1200 орынды? мектеп ?имаратыны? жалпы аума?ы 21056 шаршы метр. Кітапханада 10 мы? кітап ?оры бар.
Ауданда жа?а емхана мен аурухана бой к?терді
2007 жылы ауданды? ауруханадан денсаулы? са?тау Министрлігіні? б?йры?тарына с?йкес емхана дербес б?лінді.2007жылды? ?азан айында ауданды? емхана жа?адан салын?ан типті екі ?имарат?а к?шті; емхана ??рамында 12 д?рігерлік амбулаториялар, 12 медициналы? пункт ?арайды. Халы??а д?рігерлік медициналы? к?мек к?рсетуді? де?гейі к?терілді, жа?адан заман?а сай медициналы? ??рал-жабды?тар алынды, т?р?ындарды? емделуіне, медициналы? ?ызметкерлерге барлы? жа?дай жасалын?ан.

8-о?ушы: Аурухана 2006 жылы Ауданды? аурухана ?имараты салынып, аурухана жа?а ?имарат?а к?шірілді, б?рын?ы аурухана ?имаратына туберкулез ауруларына ?арсы жа?адан ашыл?ан 60 койкілік (т?сек) аурухана орналасты.
Та?ы бір жа?алы?ымыз — биыл Шал?ар ауданында келіп о?итын балаларды? к?птігіне байланысты, аудан орталы?ынан жергілікті ?кімшілікпен келісе отырып, жа?а Б?йішев колледжі салынды. Б?л Шал?ар мен о?ан жа?ын орналас?ан аудандарды? балалары ?шін ?лкен ?уаныш.

9-о?ушы: Б?гінде ?аламызда к?птеген жа?а ?имараттар бой к?теріп жатыр.
М. Шыман?лы мен І. ?ргенішбаев к?шелеріні? ?иылысынан 2216, 5 шаршы метр жерді алып жат?ан ел к??ілін ?уантар е?селі мешіт бой к?теруде. Б?л мешіт Ділд? ?о?анованы? демеушілігімен ж?не ?олдауымен бой к?теріп жатыр.
Б?л жерде 250 орынды? мешіт ?йі, 30 адамды? медресе, 400 адамды? ас беру орталы?ы, ер ж?не ?йел адамдар?а арнал?ан д?рет алатын орын салынуда. Мешіт ??рылысын б?рын осындай ?асиетті орындарды салып мамандан?ан, ?ыры? адамнан т?ратын ??рылыс бригадасы сапалы ж?ргізуде. Имандылы??а бет б?р?ан, адамгершілікті, адалды?ты жанына серік еткен жандар ?шін Алланы? б?л ?йі жама?ат?а ?лкен ?уаныш болды.

М??алім: Шал?ар ?аласында?ы Мырза??л Шыман?лы к?шесіні? бойынан салын?ан ?азан?ап атында?ы саз мектебіні? жа?а ?имараты пайдалану?а берілді. Б?л жа?а ?имарат та к?сіпорын демеушілігімен ж?зеге асып отыр. О?ан еліміздегі «Тетис Сервис ?аза?стан» компаниясы ?аржылай демеушілік жасаса, ??рылысын ?аламызда?ы «Ерзат» ?ндірістік кооперативі ж?ргізген. Жалпы аума?ы 418 шаршы метр болатын жа?а саз мектебіні? ішін компания толы?тай жа?а жи?аздармен жабды?та?ан. 300 бала?а арнал?ан б?л мектепте ?азір баян, домбыра, ?обыз сыныптары секілді 12 ?йірме ж?мыс істейді.

Би: ?ара жор?а
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ту?ан жер ке? ?лкем" Т?рбие са?аты »


Күні:26.09.2012
Сыныбы :Ұзартылған күн тобы
Тәрбиешісі:Г.Дүйсенбаева


Сабақтың тақырыбы: «Туған жер кең өлкем»Шалқар ауданыныа 80 жыл
Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды Шалқар өңірінің тарихы, ондағы біртуар перзенттер жайлы және олардың еңбектерін қадірлей білуге үйрету
2 .Сөздік қорын молайту, тіл мәдениетін, дүниетанымын кеңейту.
3.Оқушыларды елін, жерін, туған өлкесін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Шалқар энциклопедиясы, туған жер туралы жазылған кітаптар, Шалқардың суреттері.

Барысы
Мұғалім: Шалқар Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданының орталығы, қала ірі темір жол станциясы. Тарихқа жүгінсек, сонау 1870 жылы Ұлықұмның оңтүстік-батыс беткейіне, Шалқар көлінің жағасына қазақ шаруалары келіп, қоныс тебеді.Олар бұл өңірде мал шаруашылығымен айналысып, алғаш жеркепе үйлер салған. 1901-1903 жылдары осы өлкеде Орынбор - Ташкент темір жолының құрылысы басталып, алғашқы өнеркәсіп орны - Шалқар паравоз депосының іргетасы қаланды.
Биыл Шалқар ауданына 80 жыл толды. Осы мерекеге арналған «Шұғылалы Шалқар» атты тәрбие сағатымызды бастайық.
1-оқушы:
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбесіндей болса да,
Туып өскен жер қымбат.
2-оқушы:
Шалқардың құм деп жерін құмсынбаңыз,
Құмы-құт, суы-байлық, осында аңыз,
Еңбекпен бағы жанған, шамы жанған,
Батырлар, бақыттылар осындамыз.
(Үмбетбай Уайдин)

3-оқушы:
Уа, Дариға, алтын бесік – туған жер!
Қадіріңді білмей келсем, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам егер мен.
(Қасым Аманжолов )
4-оқушы:
Көл Шалқар жас құрақпен көмкерілген,
Көгіңнен зеңгір аспан төңкерілген.
Серідей сегіз аққу - құс төресі,
Сайрандап бақыт тапқан кең төріңнен.
(Зиядин Әбдуалиев)

5-оқушы: Шалқыған Шалқар
Ағайын, көтерейін жыр мерейін,
Аманат – сөз қалдырып, үлгерейін.
Әйгілі тұлғаң болып тумасам да,
Әйгілеп, Шалқар жайын бір берейін.
6-оқушы:
«Шалқар» деп, жырға қоссам, қала ма екен?!
Шектінің ел-жұртына дала-мекен.
Айнадай, аққу қонған, өзен-көлдер,
Айдынды, алпыс екі салалы екен.
7-оқушы:
«Шалқар» деп, жыр шығарсам, шаһар ма екен,
Қашаннан, қала, дала-қатар мекен.
Қорғаған Шалқар жерін ата-баба,
Қаңтардай дұшпанына қаһарлы екен.
8-оқушы:
Бұл Шалқар-жазық та екен, қырқа да екен,
Бәрін де, әнмен, жырмен шырқап өтем.
Шектінің ел қорғаған батырлары -
Шетінен Едігенің ұрпағы екен.

9-оқушы:
Ұрпақтар сабақтасып - ел өсулі,
Ұл-қыздың маңдайынан жел есулі.
Шалқардың тарихтағы бас батыры -
Бақтыбай – ұран баба, Төлесұлы.
1-оқушы:
Бұл Шалқар - құмды мекен, таулы мекен
Барымта, қарымталы даулы мекен.
Ақшидің ақ шағылды бұйраттары -
Арыстан, Көтібардың аулы ма екен?!

2-оқушы: Есенбай Дүйсенбаев
Шалқар
Әліби тұрған штаб - үй,
Нар мүсін Шалқар.
Жұбанов жазған күшті әнім,
Армысың Шалқар.
3-оқушы:
Мақтауыма сен қалайда,
Сыясың, Шалқар.
Талмайтын қанат талайға
Ұясың, Шалқар
4-оқушы:
Бойыңа ерте бекіген,
Бұл дарын, Шалқар.
Талант боп туған шетінен,
Ұлдарың, Шалқар
5-оқушы:
Елу жылда ел жаңа,
Деуші еді Шалқар.
Қайта бір туған кең дала,
Еңселі Шалқар.

6-оқушы:
Сынтастай сырлы таптым ой,
Сымбаттым Шалқар.
Аяққұм толы ақтылы қой,
Қымбат үн –Шалқар.
7-оқушы:
Тірлікті аңсап шөлдесең,
Шипа су - Шалқар.
Ақынның илан, сен десем,
Ұйқасы, Шалқар.
8-оқушы:
Айғағы соның айнымас,
Осы өлең Шалқар.
Көсегең көктеп, жай құлаш,
Өсе бер, Шалқар.

9-оқушы: Шалқар ауданы Ақтөбе облысының оңтүстігінде Ақтөбе қаласынан 363 шақырым жерде орналасқан.Аудан экологияға қолайсыз. Арал аймағына жатады.Жердің көлемі 61, 2 мың шаршы км. яғни облыстағы ең ірі аудан болып табылады. (Шалқар суреттері)

1-оқушы: Топырағы ашық қоңыр, жылжымалы құмды. Өсімдіктен жусан басым. Жануарлар әлемі бай - киік, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян. Құстардан - бүркіт, көкқұтан, қасқалдақ, аққу, үйрек, т.б мекендейді.
(табиғатын, жануарларын, құстарын слайдпен көрсету)

2-оқушы: Тау-кен геофизик инженері, ҚР құрметті геологиялық барлаушысы Е.И.Книжниктің ақпаратына сүйенсек, Шалқар ауданы аумағында көптеген пайдалы қазбалар, кен орындары бар.
«Шалқар суы» минералды суы Ақтөбе облысында Шалқар минералды кен орнында өндіріледі.
3-оқушы:
Ас тұзы:
Асханалық - емханалық Шалқар минералды сулар, құмды алқаптардағы тұщы ауыз су, термальды сулар.
Емдік балшықтар:
Әртүрлі сәндік тастар: жұмырсай яшмасы, Жалғызтау ағашы.
4-оқушы:
Шалқардың төл перзенттері:
Т.Жаманұлы, И.Р.Доценко, Ж.Мекебаев, Л.Мюльгаузен, П.Ознобин, Ы.Карагулин, Ж.Дүйісов, Ж.Бекқұлов, Ж.Таушанов, А.Сүйрамин, А.Невский, Н.Князев, С.Ролдыгин т.б азаматтарымыз төңкерілістеріміздің бел ортасында жүрді.
1917 жылы Ұлы Қазан төңкерілісі де Шалқар жерін айналып өткен жоқ. Шалқар жерінде ақ гвардияшылармен күресте Ә.Т.Жангелдиннің еңбегі айрықша.

4-оқушы: Қан майданда кешегі ауыл мұғалімі, рота порторігі сержант Ідіріс Үргенішбаев Отан үшін қаза тапты. Днепр бойындағы ерлігі үлгі өнегесі және көрсеткен инициативасы үшін І.Үргенішбаевқа 1644 жылы 11 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен наградталды.
Батырдың денесі Ганель облысының Лаев ауданындағы Деракичи деревнясындағы туысқандар бейітінде жерленген. Жерлестері оның есімін қастерлеп есте ұстауда. Батырдың ескерткіші қалада орнатылған. Оның есімімен Шалқардағы №40 қазақ орта мектеп, қалалық орталық көше аталады. (Слайдпен батырлар суреті)

5-оқушы: Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов Шалқардағы білімнің қара шаңырағы №1 қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ә.Нүрпейісовтың күрделі туындысы - «Қан мен тер» трилогиясы; «Ымырт» (Ә.Нүрпейісов суреті)
6-оқушы:
Шалқар көлі
Шалқар жоғарғы және төменгі Шалқар көлдерінен тұрады. Жоғарғы Шалқардың суы тұщы 1927 жылы көлдің екі арасына шлюз құрылысы салынды. Көл сыйымдылығы - 28, 0 млн текше метр. Жыл сайын көктемде Мұғалжар тауынан Қауылжыр өзені арқылы 10, 0 млн текше метр су келіп, көлге құяды. (слайдпен көрсету)

7-оқушы: Елбасы Н.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша білім шаңырағының бірі – Шалқар қаласындағы №8 орта мектеп. 3 қабатты, 1200 орындық мектеп ғимаратының жалпы аумағы 21056 шаршы метр. Кітапханада 10 мың кітап қоры бар.
Ауданда жаңа емхана мен аурухана бой көтерді
2007 жылы аудандық ауруханадан денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрықтарына сәйкес емхана дербес бөлінді.2007жылдың қазан айында аудандық емхана жаңадан салынған типті екі ғимаратқа көшті; емхана құрамында 12 дәрігерлік амбулаториялар, 12 медициналық пункт қарайды. Халыққа дәрігерлік медициналық көмек көрсетудің деңгейі көтерілді, жаңадан заманға сай медициналық құрал-жабдықтар алынды, тұрғындардың емделуіне, медициналық қызметкерлерге барлық жағдай жасалынған.

8-оқушы: Аурухана 2006 жылы Аудандық аурухана ғимараты салынып, аурухана жаңа ғимаратқа көшірілді, бұрынғы аурухана ғимаратына туберкулез ауруларына қарсы жаңадан ашылған 60 койкілік (төсек) аурухана орналасты.
Тағы бір жаңалығымыз — биыл Шалқар ауданында келіп оқитын балалардың көптігіне байланысты, аудан орталығынан жергілікті әкімшілікпен келісе отырып, жаңа Бәйішев колледжі салынды. Бұл Шалқар мен оған жақын орналасқан аудандардың балалары үшін үлкен қуаныш.

9-оқушы: Бүгінде қаламызда көптеген жаңа ғимараттар бой көтеріп жатыр.
М. Шыманұлы мен І. Үргенішбаев көшелерінің қиылысынан 2216, 5 шаршы метр жерді алып жатқан ел көңілін қуантар еңселі мешіт бой көтеруде. Бұл мешіт Ділдә Қоқанованың демеушілігімен және қолдауымен бой көтеріп жатыр.
Бұл жерде 250 орындық мешіт үйі, 30 адамдық медресе, 400 адамдық ас беру орталығы, ер және әйел адамдарға арналған дәрет алатын орын салынуда. Мешіт құрылысын бұрын осындай қасиетті орындарды салып маманданған, қырық адамнан тұратын құрылыс бригадасы сапалы жүргізуде. Имандылыққа бет бұрған, адамгершілікті, адалдықты жанына серік еткен жандар үшін Алланың бұл үйі жамағатқа үлкен қуаныш болды.

Мұғалім: Шалқар қаласындағы Мырзағұл Шыманұлы көшесінің бойынан салынған Қазанғап атындағы саз мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бұл жаңа ғимарат та кәсіпорын демеушілігімен жүзеге асып отыр. Оған еліміздегі «Тетис Сервис Қазақстан» компаниясы қаржылай демеушілік жасаса, құрылысын қаламыздағы «Ерзат» өндірістік кооперативі жүргізген. Жалпы аумағы 418 шаршы метр болатын жаңа саз мектебінің ішін компания толықтай жаңа жиһаздармен жабдықтаған. 300 балаға арналған бұл мектепте қазір баян, домбыра, қобыз сыныптары секілді 12 үйірме жұмыс істейді.

Би: Қара жорға
Ән: Туған өлкем





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ту?ан жер ке? ?лкем" Т?рбие са?аты

Автор: Д?йсенбаева Г?лжайна Амангелді?ызы

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174532


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства