kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ту?ан к?ні?мен 1 "В" сыныбы" сыныптан тыс ж?мыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л іс-шара балаларды? арасында, ата-аналар арасында досты?, ізгілік, ?йымшылды? ?арым-?атынас орнату?а, сыныпты? арасында?ы ауызбіршілікті молайту?а, балаларды? ?лкен ортада ?здерін еркін ?стай білулеріне ?лкен к?мегін тигізеді. Б?л іс-шараны ?ткізбес б?рын ата-аналар ?здрі балаларымен біріге отырып "Таныс болайы?, б?л Мен." атты отбасылы? пара?шасын дайындаулары ?ажет. Атал?ан іс-шара бірінші сынып?а келген балаларды? бір-бірлерімен жа?ын танысып, сынып арасында?ы ауызбіршілікті орнатады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ту?ан к?ні?мен 1 "В" сыныбы" сыныптан тыс ж?мыс »

Сыныптан тыс жұмыс. Ата-анамен жұмыс.

Тақырыбы: «Туған күніңмен 1 «В» сыныбы!»

Мақсаты:

Балалардың арасында, ата-аналар арасында достық, ізгілік, ұйымшылдық қарым – қатынас орнату. Сыныптың арасындағы ауызбіршілікті молайту. Балалардың үлкен ортада өздерін еркін ұстай білуіне жетелеу.

Көрнекілігі: «Таныс болайық, бұл мен ...» сыныптың отбасылық парақшасы (ата-ана мен бала бірігіп дайындаған), шарлар, сыныптың паспорты, көбелектер, презентация, видео, ата-аналармен интервью

  • Армысыздар ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі біздің «Туған күніңмен 1 «В» сыныбы!» атты іс – шарамызға қош келдіңіздер! Құрметті 1 «В» сынбының ата-ана, әжелері туған күндеріңіз құтты болсын!

  • Олай болса, ортаға туған күн иелерін шақырайық! ( балалар екі-екіден қол ұстасып, музыканың сүйемелдеуімен сыныпқа кіреді)

  • Осы жылы әр отбасында бір өзгеріс болды. Иә. Өзгеріс. Ол өзгеріс , бәрімізді бір ортақ отбасына біріктірді. Ол қандай өзгеріс екенін білу үшін экранға назар аударайық!

  • Отбасы дегеніміз не? Отбасы ол – бірлесіп өмір сүретін, туыстық қатыныста тұратын адамдар тобы. Осы біздің «сынып » деп аталатын отбасының құрылуына ата-аналар сіздер куә болдыңыздар!

  • Ал балалар, алда бізді көп қызықтар, қиыншылықтар күтіп тұр. Біз әлі талай нәрсені үйренуіміз керек. Бір-бірімізбен дос болуды, бір-бірімізді сыйлауды , көмектесуді үйренуіміз керек.

  • Балалар , үй қалай соғылады? (іргетасы қаланады, кірпіштері қаланады) Біз де бір-бірімізбен қарым-қытнасты осы үй сияқты кірпіштен кейін кірпіш қалағандай орнатамыз. Осы үйді соғуда қандай адами қасиеттерді қосатынымызды балалар сіздер, ата-анлар сіздер шешесіздер!

Есік қағылады.

  • Ал міне, туған күнімізге қонақ келді. Бұл кім екен?

  • Почта тасушы.

  • Салем достар! Мен сендерге сәлемдеме әкелдім! Ал, мұнда не болып жатыр?

  • Бүгін біздің туған күніміз!

  • Аааа, олай болса, туған күндеріңіз құтты болсын! Сабақтарыңды жақсы оқыңдыр! Сау болыңдар!

Сынып туралы видео тамашалау.

  • Туған күн кешімізді одан ары қарай жалғастырамыз! Мен балалар сіздерге жұмбақ жасырғым келіп тұр!

Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.
/Кітап/.


Өзі арық,
Басы жарық,
Жүрген жері көп әріп.
/Қалам/.


Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.
/Сызғыш/


Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.   (Қоңырау)


Оқу-білім аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесі де бірнешеу,

Тиегі бар ашпалы.

(Сөмке)


Әр жұмбақты дұрыс шешкен балаға, кірпіш беріледі. Оны бала үйге апарып жабыстырады.


  • Жаксы! Ал балалар, таңертең сабаққа асыққанда, сендерге портфель жинауға кім көмектеседі?

  • Аналарымыз!

  • Олай болса ортаға 3 ананы шақырайық! (аналардың көздерін байлап, үстелге әр түрлі заттар қойылады. Мысалы: қалам, помада, кітап, дәптер, ойыншық, духи. )

Музыка ойналады, музыка өшкенде, тоқтатылады.

Дұрыс әрі тез жинаған анаға кірпіш беріледі.

  • Иә балалар, сендер осыдан 1,5 ай бұрын ғана метеп табалдырығын аттадыңыздар. Ол кезде сіздер мектеп тәртібін, ондағы мектептің ережесін білмейтін едіңіздер, ал бүгінде сіздер толық оқушы, 1 «В» сыныбының оқушысы деген атқа ие болдыңыздар. Осыған орай «Сырбай Мәуленов атындағы 1 «В» сыныбының паспортын» табыс етуге рұқсат етіңіздер! Паспортты табыс етуге сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы Нұрдың әжесін ортаға шақырамыз!

Нұрдың әжесі оқиды.

  • 1 «В» сыныбы

  • Барлығы : 29 оқушы

  • Оның 15-ұл, 14-қыз

  • Туылған жылы: 2014ж, 1-қыркүйек

  • Сыныптың анасы: Индира Жангелдіқызы

Қыздар:

Мадина, Даяна, Алина, Ботагөз, Аяужан, Аружан, Ақтолқын, Диана, Бекзада, Мадина, Жанбота, Сабина, Динара, Дидар

Ұлдар:

Арсен, Дарын, Ерасыл, Асылбек, Темирлан, Алдияр, Нұғман, Нұр, Ислам, Аян, Нұрдәулет, Аслан, Райымбек, Тәжімұрат, Бекарыс

Асылбек: Балдай тәтті баламыз

Ақылдымыз данамыз

Туған күнін сыныптың

Бірге қарсы аламыз !

Аружан: Мен оқушы баламын,

Кітап оқи аламын

Дәптер, қалам, сызғышты

Сөмкеме өзім саламын

Темірлан: Біздің сынып әдепті,

Бәріне көмек береді,

Біздің сынып әрқашан

Жетістікке жетеді

Динара: Бірдей біздің  ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

Бекарыс: Партаға алғаш отырдым

Бұдан асқан бақыт жоқ.

Оқушы болдым мінекей,

Ойнауға енді уақыт жоқ.

Ботагөз:

Ендігі кезек біздің сыныбымыз туралы кішігірім презентацияға назар аударайық!

Аяужан:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Аян:

Мектеп – қамқор анамыз,

Оқып білім аламыз,

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы баламыз!



Ақтолқын:

Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

Мадина А:

Мектебің — мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың.

Мадина Б:

Өсті міне бойымыз,

Өсті міне ойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз.

Нұғман:

Бірдей біздің  ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.



Ал енді ортаға сыныбымыздың әншілерін шақырайық:

«Жас дәуірдің түлегіміз» әні орындалады. (Аслан, Алдияр, Жанбота, Райымбек, Дарын, Дидар, Алина)

  • Жақсы Рахмет! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!

  • Ал енді балалар бүгін біздің Туған күніміз болғандықтан тәтті тортқа кезек берейік! Ата-аналар сіздер де келіп торттан ауыз тисеңіздер болады!

Балалар дөңгеленіп тұрады, қолдарынан ұстап айналады.

Ал енді сыныбымызға арнап біз ақ тілек айтайық:

Арсен:

Күндеріміз көңілді

Сабақтарымыз сәтті

Минуттарымыз мәнді болсын

Сабина:

Туған күнде тілерім

Көлдей көңіл

Бақытты болашақ

Керемет келешек

Ерасыл:

Туған күніміз құтты

Денсаулығымыз мықты

Жұмысымыз табысты

Істеріміз ілгері болсын


Бекзада:

Оқу жылымыз жемісті

Айларымыз арайлы

Арманымыз ажарлы болсын


Тәжімұрат:

Өміріміз ғажап

Ғұмырымыз ұзақ

Күндеріміз күлкілі болсын


1-2 ата-ана тілегін білдіреді. (Тілек айтқан адам қолына шырақ ұстайды)

  • Балалар, сіздерге үлкен рахмет! Ата-аналар сіздерге де алғысым шексіз ! Біздің туған күнімізге келіп, қуанышымызға ортақ болғандарыңыз үшін көптен-көп рақмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Ту?ан к?ні?мен 1 "В" сыныбы" сыныптан тыс ж?мыс

Автор: Иматаева Индира Жангельдиевна

Дата: 23.03.2015

Номер свидетельства: 190238


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства