kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Туберкулез - қатерлі дерт

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні:23.10.2017

Класс: 10 б

Тақырыбы: «Туберкулез- қатерлі дерт» (Туберкулезге байланысты санитарлық  эпидемиялық қызметкерлерімен кездесуге өткізілген шараның жоспары)

Мақсаты- туберкулез туралы дерек бере отырып оқушылардың өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру

Көрнекілігі- интерактивті тақта, оқушылар дайындаған денсаулық парақтары, суреттер

Сабақ кезеңдері      

Тренинг

  • Тарих қойнауынан
  • Сен не білесің?(топтық жұмыс)
  • Туберкулез туралы мәлімет.
  • Экспертиза
  • Ауырып ем іздегенше(топтық жұмыс)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Туберкулез - қатерлі дерт»

Күні:23.10.2017

Класс: 10 б

Тақырыбы: «Туберкулез- қатерлі дерт» (Туберкулезге байланысты санитарлық эпидемиялық қызметкерлерімен кездесуге өткізілген шараның жоспары)

Мақсаты- туберкулез туралы дерек бере отырып оқушылардың өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру

Көрнекілігі- интерактивті тақта, оқушылар дайындаған денсаулық парақтары, суреттер

Сабақ кезеңдері

Тренинг

  • Тарих қойнауынан

  • Сен не білесің?(топтық жұмыс)

  • Туберкулез туралы мәлімет.

  • Экспертиза

  • Ауырып ем іздегенше(топтық жұмыс)

  • Дәрігер сөзі- алтын сөз

Құрметті оқушылар қонақтар! Бүгінгі шарамыздың тақырыбы «Туберкулез- қатерлі дерт».  (Мақсаты айтылады). Сабағымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін- (интерактивті тақтаға сабақ кезеңдері жазылып қойылған). Одан кейін келген қонақтар таныстырылады.

  • Тренинг. Көңіл-күй толқыны (жайлы музыка ойнап тұрады)

Сабақты бастамас бұрын  ең әуелі қөңіл-күйімізді жақсы бір толқынға бағыттап алайық. Ол үшін бәріміз ортаға шығып, дөңгелене тұрайық, жақсы бір нәрсе ойлап отырып оң жақтағы адамның қолын қыс. Өзің ойлаған жақсылық толқын боп басқа да адамға берілді, енді сол жақтағы адамның қолын қысыңдар. Енді міне бір – бірлеріңізге жақсы энергия беріліді..Енді осы жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық. Ол үшін топтарға бөлінуіміз қажет.(Топқа бөліну мозайкалар арқылы арқылы іске асырылады)

  • Тарих қойнауынан (таныстырылым арқылы оқушы хабарлама жасайды)

Туберкулез ерте заманнан белгілі. Ол туралы Вавилон әміршісі Хаммұраттың заңдар жинағында (біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жыл), үндістердің қасиетті кітабы «Ривеграда» (біздің дәуірімізге дейінгі 1500 жыл), Гомер шығармаларында жазылған. Мысыр мумиелерінің қалдықтарын зерттегенде сүйектерден туберкулез зақымына ұқсас зақымданулар табылған. Ал аурудың барлық белгілерін Гиппократ еңбектерінен табуға болады. Туберкулездің жұқпалы екенін 1546 жылы итальян ғалымы Фрокастро анықтаған. Еуропада бұл ауруды «кедейлер ауруы» деп атаған, себебі, бұл аурумен әлеуметтік жағдайы төмен адамдар ауырған. Орыс жазушысы А.П. Чехов туберкулез ауруына шалдығып, содан қайтыс болады.1994 жылдан бастап туберкулезге қарсы өте пәрменді 5 препарат жасалған. Сонымен, бұл ертеден келе жатқан ауру қазір қайта өршіп тұр. 

  • Сен не білесің?

Енді біздің оқушылар туберкулез туралы не біледі екен, соны көрейік. Топ болып жұмыс істей отырып, туберкулез туралы білетіндеріңді постер түрінде жасаңдар. Оқушыларға қағаз беріледі. Жұмыс аяқталған соң әр топтан бір басшы шығып жұмыстары туралы айтып береді

  • Туберкулез туралы мәлімет (Презентация)

Жыл сайын туберкулезден 3 млн адам қаза болады,9-10 млн даам осы ауруды жұқтырады, 16-20 млн адам осы аурудың әртүрлі формаларымен ауырады.Бұл күнде ауру індет ретінде бүкіл әлемге таралған. Өкпе туберкулезімен ауырып, ем қабылдамаған адам жылына 10-25 сау адамға ауру жұқтырады. Аурудың қоздырғышы –Кох таяқшалары. Оны 1882 жылы неміс дәрігері Роберт Кох ашқан болатын. Бұл ұзындығы 1-4 мкм жіңішке таяқша тәрізді бактериялар. Олар қозғала алмайды, спора түзбейді.Өте өміршең. 75 0С-та 30 минут қыздыруға шыдайды, қайнатқанда 5 минуттан кейін өледі, бөлме температурасында (қараңғыда) 4 айға дейін, сәуле шашырап түсіп тұрған бөлмеде 1,5 айға дейін өмір сүре алады. Хлоры бар зарарсыздандырғыштан тез жойылады. Ағын суда 1 жылға дейін, топырақта жарты жыл, кітап беттерінде 3 ай, кеуіп қалған қақырықта 2 айға дейін сақталады.Негізгі инфекция көзі ауру адам.Кейде ауру үй жануарларынан жұғады. Олардың ішінде ірі қара, тауық, күркетауықтар туберкулезбен ауыруы мүмкін.

Аурудың таралу жолдары:

  • Ауа-тамшы арқылы таралу- түкірік тамшылары арқылы сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде;

  • Ауа- шаң арқылы;

  • Азық-түлік арқылы( ауру малдың сүті, қаймағы, ірімшігі, майы)

  • Қарым-қатынас арқылы (негізінен қасапшылар, смауыншылар, оларға ауру қоздырғышы терідегі жарақат арқылы енеді);

  • Аяғы ауру анадан шаранаға (өте сирек кездеседі)

Негізінен туберкулез өкпені зақымдайды, бірақ өкпеден басқа да мүшелерді- буындарды, сүйекті, теріні, бүйректі, лимфа түйіндерін зақымдауы мүмкін.

Туберкулездің белгілері:

  • Жөтелге қарсы дәрілермен емделмейтін 3 аптадан аса жөтелу;

  • Кеуде тұсының ауыруы;

  • Кейде қан аралас іріңді қақырықтың түсуі;

Қосалқа белгілер:

  • әлсіздік;

  • тәбеттің төмендеуі;

  • арықтау;

  • дене қызуының көтерілуі;

  • тершеңдік, әсіресе түнде.

Туберкулез- өте қауіпті ауру. Дұрыс емделмеген жағдайда адам 1 жылдың ішінде шетінеп кетеді. Ауру адамды емдеу алты айға, кейде 9 айға созылады.Туберкулез таяқшалары өте өміршең болғандықтан емдеу курсын толық өту керек. Тіпті дәрі қабылдаған  алғашқы аптадан кейін ауру өзін жақсы сезініп, емдеуді ары қарай жалғастырмайтын болса,  ауру қайта айналып келеді, онда оны жеңу оңай болмайды.

 

  • Ауырып ем іздегенше…

Осы ойды аяқтаңдаршы, әрине «ауырмаудың жолын ізде». Енді біз топпен жұмысымызды жалғастырамыз. Бір топтың тапсырмасы- аурудың алдын алу үшін не істеу керек. Екінші топтың тапсырмасы- өмірде әртүрлі жағдай болады, адам бәріне де дайын болу керек. Егер отбасында бір адам ауру жұқтырып алса, қандай сақтық шараларын қолдану керек. Үшінші топтың тапсырмасы- фломастер алып, туберкулездің алдын алу туралы үн парақ жасау. (Жұмысқа берілген уақыт аяқталған соң оқушылар жұмыстарын қорғайды)

  • Дәрігер сөзі- алтын сөз

Міне, біз аурудың алдын алу шараларын қарастырдық. Енді дәрігер сөзіне құлақ салайық. Қорытынды

Сонымен, бүгінгі сабағымыз аяқталды.  Сабақта не ұнады, қандай әсер алдың? (Оқушылар кері байланыс парақшаларын толтырады. Жамбы ату қорытындысы бойынша жеңімпаз топ марапатталады.

 



5 мектеп-лицей









«Туберкулез – қатерлі дерт»

(ашық тәрбие сағаты)





Өткізген: 10 б класс

Класс жетекшісі: Абдрахманова А.О.








Шалқар 2017




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Туберкулез - қатерлі дерт

Автор: Абдрахманова Айгерим Оразгалиевна

Дата: 24.10.2017

Номер свидетельства: 434181


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства