kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тренинг. Шын дос болу-ба?ыт

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Студенттер арасында жа?ымды ?арым-?атынас орнату, бір-бірін сыйлау?а, адал дос болу?а ж?не ?орша?ан ортамен дос болу?а ?йрету.

Міндеті:

1.Адам ?арым-?атынасында?ы досты? ??ымы туралы т?сінік беру.

2. Студенттерді? арасында досты? сезімдерін дамыту?а ы?пал  ету.

3. Студенттерді сыйласты??а, ?дептілікке, шынайылы??а, адалды??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тренинг. Шын дос болу-ба?ыт»

«Шын дос болу-Бақыт» тренинг

Қатысушылар: жатахана студенттері

Мақсаты: Студенттер арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.

Міндеті:

1.Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру.

2. Студенттердің арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

3. Студенттерді сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: достық туралы нақыл сөздер,тақырып,шарлар.

Өту барысы:

1. «Сәлемдесу» жаттығуы

Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу,топқа энергия беру.

Жаттығу барысы:

Шеңбер құрып, бәріміз бірге:

Сауаттылықты жақтаймын.

Денсаулықты сақтаймын.

Тұрамын ыстық жүректен

Баршаға саулық тілеп мен

Шын, жүректен, үлкен махаббатпен

Бәріңізге денсаулық тілеп

Сәлем достар дейміз!



















2. «Ми шабуылы»

Достық дегенді қалай түсінеміз?

Сауалға әркім өз ойын ауызша білдіреді.

Мысалы:

Ақниет: адамды досына қарап сына демекші, досыңның адал бол,анына не жетсін деп ойын айтып өтті.





















3. «Сиқырлы орындық» тренингі

Мақсаты: тұлғаның жағымды қасиеттерін анықтау. Ортада тұрған орындыққа бір студент отырады. Қалғандары сол студенттің ұнамды жақтарын айтады.



















4. «Менің досым»

Студенттер өзінің ең жақын досы жайлы айтып береді.





















5. Қортынды.

Тренингке қатысушылар екі қатар бойымен тұрып қалады, өзіне қарсы тұрған адамға өзінің тілегін айтады.

Тренингке қатысқандарыңызға рахмет.



























Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі











































Өткізген тәрбиеші:Шахаева Г.Т.





Орал 2015жыл

Мақсаты:

1.Студенттердің қоғамдық ортаға бейімделуі,өзара танысу, мәдениеттілікке туралы көріністер көрсету,өз өнерлерін ортаға салуға баулу.

2.Студенттерді адалдыққа, адамдыққа,жаңашылдық қасиеттерін қалыптастырып,ықшамдылықпен алғырлыққа үйрету.

3.Бұл шарада студенттердің өнерімен,тапқырлығына жол ашып бос уақытын ұтымды пайдалана білуге дамыту.

Көрнекіліктер: шарлар,тақырып,плакаттар.

Өту барысы:

1 жүргізуші:Қайырлы кеш ұстаздар мен студенттер.Бүгінгі «Жатақхана кеші көңілді» деп аталатын Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж жанындағы жатақхана тәрбиешілері мен студенттік Кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен өткелі отырған студенттермен танысу кешіне қош келдіңіздер.

2 жүргізуші:Армысыздар қадірменді халайық

Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық

Қуанышты шаттықпенен жүздесіп

Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық

1 жүргізуші:Болашақтың иесі- жас ұрпақ.Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді.Олай болса сол жауапкершілікті мойнына алып, болашақ ұстаз болатын студенттерімізге үлкен қошеметтеріңіз болса.Алдарыңызда 1курс студенті Жанболат Мейірбек«Вокзалда қауышқан

қыз» әнімен қарсы алыңыздар.

2 жүргізуші:Жоғары сапалы біліммен тал бесіктен алған тәрбиені тыңғылықты ету колледж студенттерінің басты міндеті.Алдарыңызда 3б қабаты тұрғындары флэшмоб биімен.







1 жүргізуші:1 курстаауылын аңсап, семестрдан қашып, лекцияда секіріп, емтиханда қобалжып, каникулда қыдырып, апайларға өтірік күліп қарап, колледждің ауасын жұтып, степендиядан лоторея ұтып, мәз болып жүрген студенттер тағы да қош келдіңіздер.Алдарыңызда 3 курс студенті Набиғалиев Мұратхан өз шығармасымен.Келесі тыңдайтындарыңыз 1 курс студенті Әлібеков Ерасылдың орындауында ән «Бол жанымда».



2 жүргізуші:Ия шыныменде студенттік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық.Әсіресе жатақханада.

1 жүргізуші:Біздер студент атанып, жаңа ортаға келіп, жаңа достар табамыз.Солдат-өмірді, студент-жастықты көреді демекші студенттік шақтағы достықтың орны ерекше.Алдарыңызда 1 курс студенті Мажитова Мөлдір «Кел билейік достарым» әнімен қарсы алыңыздар.Есқұлова Гүлсая үнді биімен.Ойын ойнатылады.

2жүргізуші:Басталмаған қаланың дастан әні

Бірінші жыл дала деп жас тамады

Екінші жыл ауылы естен кетпей

Үшінші жыл қимайды бұл орданы

Төртінші жыл қызартып имандырып

Біреуі үшін қуанып күйдең болып

Бірін- бірі ұзатып өз қолынан

Бірін-бірі қолынан үйлендіріп

Ой жастық ай алмайтын өлмей тыным

Ойын ойсыз өмірге көнбейтұғын

Бірге барса баратын бір топ болып

Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын.Ортада 2 курс студенттері Губашева Айжан және Аблаева Аяулым «Мерекем» әнімен қарсы алыңыздар.Келесі тамашалайтындарыңыз 1 курс студенті Темірболатова Саида үнді биімен.«Шығыс жұлдызы» күйімен Ысқақов Демесін.

1 жүргізуші:Ой жастық ай мойымас тау тасыңа

Омыртқаңды үзеді ол дау тасыма

Ортақ оның қайғысы қуанышы

Ортақ оның малтасы қалтасыда

Көктемде кім үйден безінбеген

Он ай бойы масайрап ойнағандар

Емтиханда отыз күн көз ілмеген

Ән :«Асықпа» орындайтын Гайсина Саягүл, Ковтун Анастасия.Аубакирова Фариза «Өзбек» биімен.Ән:«Мама» орындайтын 1 курс студенті Бақтығалиев Ерназар.

2 жүргізуші:Жағдаяттарды шешу:

1.Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз.Қалтаңыздағы ақша билетке жетпейді.Бірақ қалайда сабаққа үлгеру керек.Аялдамаға жеткенде достарыңыз тез түсіп кетті.Сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз.Сіздің әрекетіңіз?

2.Жатақхана.Ауылдан келген сүр етті пісіріп жатсыз.Пісті ау деп барсаңыз ыдыс жоқ, сіздің әрекетіңіз?

1 курс студенті Әлібек Ерасыл «Мені ойла» әнімен қарсы алыңыздар.

Байбақты Дәулетжан «Не пайда» термесімен.

3.Қалаға жаңа келдіңіз.Орысша мүлдем білмейсіз.Жатақханаға орналасуға келсеңіз коммендант апай орыс.Ешкімді араластырмай жағдайды қалай шешесіз.

1 курс студенті Ысқақ Самат «Тым болмаса» әнімен қарсы алыңыздар.

4.Жатақхана.Өздеріңіз білетіндей асхана ортақ.Тамақ дайындауға орын таппадыңыз.Қарныңыз ашып барады.Бөлмеге тамақ дайындауға тыйым салынғанын біле тұра амал жоқ бөлмеге тамақ дайындадыңыз.Аяқ астынан тәрбиеші келіп қалды.Сіздің әрекетіңіз.

Ән:«Сұлу қыздарға» орындайтын Жанболат Мейірбек.

1 жүргізуші:Студенттік өмірдің қызығы мен шыжығына тойып, айналаңызда достарыңыз көп болған қандай жақсы.

Кешті қорытындылау үшін сөз кезегін жатақхана меңгерушісі Ардақ Қанатқызына береміз.

2 жүргізуші:Ия қайтып келмейтін жастық шақтағы есте қалар ерекше студенттік шағымызды бағалай білейік –деген ниетпен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Бірге тамашалағандарыңызға көп көп рахмет.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тренинг. Шын дос болу-ба?ыт

Автор: Шахаева Гулбану Талгатовна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 311169


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства