kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тренинг-сабақ "Өмір бір-ақ рет беріледі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

оқушыларда кездесетін суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу, ата-анаға жаднамалармен таныстыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тренинг-сабақ "Өмір бір-ақ рет беріледі"»


Сабақтың тақырыбы: Өмір бір-ақ рет беріледі.

Мақсаты: оқушыларда кездесетін суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу , ата-анаға жаднамалармен таныстыру

Армысыздар, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі «Өмір бір-ақ рет беріледі» атты психологиялық тренингке қош келдіңіздер!

Пай, пай Өмір!

Өтесің-ау бір күні.

Тиясың-ау қуанышты күлкіні, Өмір деген бір жарқ еткен найзағай

Өмір деген көк аспанның күркірі.

Пай, пай Өмір!

Өтесің-ау бір күні.

1. «Танысу» тренингі

Мақсаты: ата-аналарды бір –бірімен таныстыру.

Нұсқау: ата-аналар ортаға шығып , шеңбер құрып тұрады. Олар өз есімдерін айта отырып, қолдарына берілген жіпті келесі ата-анаға лақтыра отырып өз балаларына жақсы жылы лебіздерін, тілектерін айтады. Сөйтіп олардың арасында бізге анық көрінбейтін өрмекші торы пайда болады.

Психолог: Міне ата-аналар көрдіңіздер ме? Біздің арамызда өзімізге анық көрінбейтін өрмекші торы пайда болды. Бұл дегеніміздің өзі бір-бірімізді танығаннан кейін арамызда осындай тығыз байланыс болды деген сөз. Яғни осы тығыз байланыс әрқашан ажырамасын деп барлығымыз бірге айтайық. Енді барлығымыз орнымызға отырайық.

Ұлы Абай атамыздың фәни өмір мен бақи өмір туралы ой қорытындылары әркімнің жадында сақтаулы.Өмір-өмір суру үшін беріледі.Сондықтан да фани өмірде дұрыс жүріп-тұрғанға , сыйласқанға , қоғамға өз үлесіңді қосып, дүниенің бір кірпіші болып қаланғанға не жетсін?!

Тағдырдың жазуымен алланың ақ өлімі бұйыртса, оған еш өкпе жоқ.Ал сол өмірдің тәтті дәмін , үлбіреген гүлін өз қолымен үзген адамға не деуге болады?Өмірден кімдер өткен жоқ.Елін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батыр да өтті.Ызғарлы әмірін екі етпей орындатқан патша мен бай да өтті.Салиқалы жасқа жетіп, өмірден көргені көп дана да өтті.

2.Қызығушылықты ояту, ата-аналарға сұрақтар беріледі.

1.Өмір дегеніміз не?

2.Сіз үшін өмір сурудің мағынасы неде?

3. Өз-өзіне қол жұмсаудың басты себебі неде деп ойлайсыз?

4.Сіздің басыңызда өз-өзіңізге қол жұмсауға итермелеген жағдайлар болды ма?

Жауаптарыңызға рахмет!

3. Мағынаны тану, ата-аналарға ситуациялық сұрақтар беріледі.

1- жағдаят. Арманның әкесі жақсы азаматтардың бірі еді.Не істесе де бір жолы болмаған әке қиындықтарға шыдай алмай өшін арақтан алардай ішеді.Күннен күнге өршелене ішкен әке арақ сұрап, ақша сұрап анасына тиісіп, уйде дені түзу жихаз, ыдыс, не киерге дұрыс киім қалдырмай түгел сатып бітірді.Әжептеуір сабағы жақсы Арманның да берекетін алып уйде отырғызбады.Бейнеттеніп жүріп бір азғантай малының сүтін сатып тауып жүрген анасының ақшасы ас, суынан ауыспайтын.Сонда да ана байғұс мойымай армандап күткен жалғыз Арманы үшін өмір сүрді.Оның үлкен азамат болып, оны қиындықтардың бәрін ұмыттыратынын ойлады. Ал Арман болса отбасында болып жатқан жайттарды ойлайтын да ызаланатын.Әкесінің қылығына арланатын, сыныптастарынан арланатын...

Арманның әкесінің ісі дұрыс па?

Анасы жайлы не айтар едіңідер?

Арман енді не істеуі керек деп ойлайсыздар?

Ал, Арман «бұл қорлыққа төзгенше өлгенім артық» деп өз өмірін қыршындай қиды...

Бұл сұрақтарға өз пікірлерін әр ата-ана білдіреді.

4.«Мектеп бітіруші ұбт жағдайында»

Мектеп бітірушілер ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Асхат ұбт-дан өз ойындағыдай ұпай жинай алмады. Көңілсіз куйде үйіне оралып, келе жатты. Асхаттың небір ойлар келді. Ойлаған мақсаттарына балта шабылғандай күй кешті.

«Ата-анам ренжитін болды ғой.Енді немен айналысамын, ақылы оқуға әке-шешемнің қаражаты жетпейді», - деп ойланып келе жатып, үйіне кеш оралғанын да байқамай қалды.

Топқа сұрақ: осыдан кейін Асхаттың әрекеті қандай болмақ?

Сіздің жақын досыңыздың басына осындай жағдай өтсе қалай көмек берер едіңіз?

Суицидке негіз болатын көңіл күй бұзылуының белгілері:

      • Тәбеттің бұзылуы немесе қомағайлық;

      • Ұйқысыздық немесе соңғы күндері ұйқысының келе беруі;

      • Өзін-өзі нашар сезінетіні туралы жиі шағымдануы

      • Өзінің сыртқы келбетіне айрықша менсінбей қарауы;

      • Үнемі жалғыздықты қалауы,уайымшыл,кінәлі,қайғылы

      • Істеген жұмысының сапасына көңіл аудармау;

  • Өлім туралы жиі ойлауы;

  • Болашаққа жоспар құрмауы;

  • Болмашы нәрсе үшін тез әрі қатты ашулануы;

  • Қарым-қатынастан,байланыстан қашу,достары мен отбасынан аулақ жүру

Жасөспірімнің суицидке бой ұруына қарсы тұрушы факторлар

  • Мінездің жұмсақтығы,кез келген нәрсеге тез бейімделіп кету қасиеті,психикалық ауыртпалықтарды еңсере алу қабілеті;

  • Діни сенімінің деңгейі, өзіне-өзі қол жұмсау күнәсінен қорқу;

  • Өмірге деген құштарлық,жарқын болашаққа жоспары болуы

Жасөспірімдер депрессиясының алдын алудағы ата-ана міндеті

  • Жағымды сипатта әңгімелесе отырып, баланың жағдайын сұрау;

  • Түрлі сұрақтар қоя отырып, болашаққа жоспар құруға көмектесу;

  • Балаңызды жаңа істерге жетелеу;

  • Үйдегі міндеттерді орындаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу

  • Баланың күн тәртібін қадағалау

  • Үнемі қозғалыстағы спорт түрлеріне қатыстыру

  • Маманның –психологтың,психотерапевтің кеңесіне жүгіну

Ата-аналар мен ұстаздар балаларға көмек көрсету үшін не істеу керек?

  • Суицид шешімінің кілтін іздеу

  • Суицидентке тұлға ретінде қарау

  • Жылы,мейірімге толы қарым-қатынас орнатыңыз

  • Мұқият тыңдаушы бола біліңіз

  • Сөзге таласпаңыз

  • Сауалдар қойыңыз

  • Үміт шоғын сыйлаңыз

  • Суицид қаупінің дәрежесін анықтаңыз

  • Жоғары суицидтік қауіпте адамды жалғыз тастауға болмайды.

  • Мамандар көмегіне жүгініңіздер

  • Мейірім мен көмекті көрсетудің маңыздылығы

Мұғалімдер мен ата-аналар үшін балаға түсіндіруге қажетті ақпараттар

  • Суицид ұрпақтан-ұрпаққа таралмайды.

  • Суицидке барушылар негізінде психикалық жағынан сау адамдар

  • Суицид жайлы көп айтқан көбіне осы әрекетке барады

  • Суицид -тек қана өзіне назар аударту әдісі емес

  • Ең бастысы – Дос адам әрқашан суицидтің алдын ала алады

Қазақтың басынан не өтпеді? Қандай нәубат болмады? Ашаршылық кезінде, репрессия кезінде, Ұлы Отан соғысы жылдарында, желтоқсан көтерілісі кезінде бәрі, бәрі өмірдің тәттілігі мен қызықтығын ұзартуға бағытталған оқиғалар болатын.Сол кездері адамадар қаншама қиындықты бастан кешірді.Мың өліп, мың тірілген қазақ сонда еш мойымаған. Он екі мүшесі сау адам ғана емес, кемтар адамдардың да өмірге құштарлығын ауызбен айтып жеткізу қиын. Өзіміз теледидардан көріп жүрген « Аялы алақан» бағдарламасы осының мысалы.

Әрбір адам өмір суруге құқылы. Олай болса неге арамызда өз өлімінен бұрын өмірден озатын адамадар кездеседі?Қиыншылыққа төзбей өмірден өте салу оңай.Бірақ, артында аңырап қалған ата-анасын, жарын, баласын кім жұбатады?Сондықтан мұндай нәрседен аулақ болайық.

Өмірдің қайғысы мен қуанышы, бейнеті мен зейнеті бірге жүреді. Өмір сонысымен қызық, сонысымен тәтті.Сондықтан қайғының артында қуаныш бар, бейнеттің артында зейнет бар деп , келер күнге үмітпен қарап өмір сүру керек.

Төзімді, тәрбиелі, білімді болуымыз керек. Біз қай кезде де сабырлы , шыдамды болсақ қана ойлаған мұратымызға жетеміз. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Сол өмірді мәнсіз өткізбейтіндей өмір сүре білуді балаға ата-ана тарапынан жеткізе білуді өз міндетіміз деп білейік.

Ата-ана өткен сабақтан қандай әсер алғанын жазып тапсырады.

Тау суы тыныш ешқашан жаймен ақпаған,

Сонда да мәңгі мөлдірлігін ол сақтаған.

Аз үлес тисе арзандап кетіп жүрмегін,

Адалдығыңды, арыңды әр кез сақта адам.

Дарияларды қаншама дауыл шайқаған?

Бәрібір тұнық болды ма кезің байқаған?

Езіле көрме, еңсеңді көтер қайтадан!-деп біз сіздермен қоштасамыз!


































Қарауылкелді орта мектебі

















Тақырыбы: Өмір бір-ақ рет беріледі.

Ата-аналарға арналған суицидтің алдын-алуға бағытталған сабақ

11 класс ата-аналарымен жүргізілді.









Өткізген: Шамбаева Б.К















2011-2012 оқу жылы





1.Өмір дегеніміз не?

2.Сіз үшін өмір сурудің мағынасы неде?

3. Өз-өзіне қол жұмсаудың басты себебі неде деп ойлайсыз?












4.Сіздің басыңызда өз-өзіңізге қол жұмсауға итермелеген жағдайлар болды ма?

5. Басыңызға қиын сәттер түскенде тығырықтан қалай шығар едіңіз?














6.Өз-өзіне қол жұмсағысы келген адамға қандай көмек берер едіңіз?

7. Сіздің ойыңызша суицид қай жерлерде көп кездеседі?

8.Суицидтің алдын-алу мақсатында қоғамда қандай іс-шаралар өту керек деп ойлайсыз?







































Ата-аналарға психологиялық кеңес

"Үш-ақ нәрсе - адамныц қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,
жылы жүрек"
АБАЙ.
Адам баласы — өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіп-ті жоғары оқу орындары мен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.
Психологаялық көмектің бағыттары.
Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін, бұны аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе, үлкендер тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр.
Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары — осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады. 
Екінші бағыт — тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасының мән-жәйі туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын — кітаптардан, кино-фильмдерден, арнайы жасалынған оқулық фильмдерден — терендей талдап көрсету арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.
Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң да жедел күресетін мезгіл жеткен сияқты. Сөз жоқ, мұндай жағдайды ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек. 
Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек; бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы, "Сен ойнай білмейсің", "сен дұрыс сөйлей алмайсың" деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор.
Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне теріс те, зілді баға берумен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, "Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың" деудің әсерімен, баланың бүкіл жан-дүниесін терең жаралауға әбден болады. Сондықтан да, балалардың іс-әрекеттерін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігінен де жиренері хақ. Оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды.
Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегіміз келеді.

Скачать



Ата- аналарға психологиялық кеңес


-Баланы ерте бастан өзін -өзі басқара білуге, өзбеттілікке үйретіңіз

-6-7 жастағы баланың өз іс әрекеттерін өз бетінше жүзеге асырулары сирек кездеседі: күнделікті жұмыс кестесін құрып және алда жасалатын жұмыстарын жазбаша және ауызша жадынама жасап көмектесіп отырыңыз. Бұл баланы алда жоспар жасай білуге,уақытын тиміді пайдалана білуіне көмектеседі.

-Балаңыз сізге үй шаруасына көмектессін (гүлге су құю, дастархан әзірлеу, қоқыс төгу, дүкеннен нан әкелу),бірітіндеп оның өзі жауап бере алатындай үйдегі жұмыстарды тапсырыңыз.

-Баланы өз ісіне,өзі жауап бере алатындай болуға мүмкіндік беріңіз.

-Өз ойыншықтарын жинау, киіну және мектепке сөмкесін жинау т.б.балаңызға жүктелген міндеттер оның жасына сай болуы керек. Балаңыздың өзі жасай алатын ісін, сіз жасамауға тырысыңыз. Келешекте бала соған үйреніп, сіздің бірнеше ескертпелеріңізден кейін өзіңіздің жасайтыныңызды біліп, сіздің сөздеріңізге мән бермейтін болады.

-Балаңызды жиі бірлескен жоспарларыңызды талқылауға шақырыңыз, айтқандарын тыңдап, пікіріне назар аударыңыз.

-Егер балаңыз жұмыс істей бастаса, сіз де өз ісіңізбен айналысыңыз, әрдайым қайта қайта қадағалап, ескерту бере бермей, істеген ісін жай ғана бақылаңыз. Қажет болған жағдайда ғана бағыт беруіңізге болады.

-Балаңыздың қойған сұрақтарына бүге- шүгесіне дейін жауап бермей, өзі ойланып түсінуіне бағыт беріңіз. Түсініксіз сөздердің синонимін мысалға келтіре отырып, балаңызбен бірге сөздіктен қараңыз, бұл бір жағынан әрекетті ауыстыруға, көмектеседі.







Психологиялық кеңес және оны ұйымдастыру

Психологиялық кеңес дегеніміз рухани жағынан көмекке мұқтаж адамдарға ақыл- кеңес беру, жол көрсету. Психологиялық кеңес арнайы жабдықталған орында, бөгде адамдардан оңашаланған жерде өткізіледі, кеңесті өткізуге арнайы уақыт белгіленеді.

Психологтың кеңес алушымен алғашқы кездесу кезіндегі әңгімесі.

10 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кеңес алушы адам психологқа өзі туралы, өзін мазалап жүрген мәселесі туралы толық айтуы керек. Психолог зейін қоя тыңдайды. Психологиялық кеңес адамдарға психологиялық көмек берудің ең күрделі түрі. Кеңес алушы адамға өз проблемасын психологтың көмегінсіз шеше алатындай болғанға дейін беріледі.

Психологиялық кеңес:

1.Туындаған мәселенің күрделілігіне байланысты 1-2 рет немесе оданда да көп кеңес берілуі мүмкін.

2.Кеңес алушының бір ғана мәселесі емес жеке жеке кеңесті талап ететін бірнеше мәселелері болуы мүмкін.

3.Мәселе бірден шешілуі мүмкін. Тек ғана кеңес алушыға қосымша қолдау, қолпаштау, ерік, жігер қажет болған жағдайда психологиялық кеңес қысқа уақыт мерзімді қамтиды.


Психологиялық кеңестің мақсаты мен міндеттері

Кеңес алушының туындаған мәселесін тез арада шешуге көмек жасау.мәселен, бала мәселесіне байланысты ата ананың ренжісіп қалуы, екі адамның бір біріне ренжуі т.б.

Бір мәселе қайталана берсе, онда кеңес алушыны психопрофилактикаға шақыру қажет. Мұнда шешімін таба алмай жүрген мәселелерді өздері шешуге талпынады.

Адамдардың психологиялық білімдерін жетілдіру үшін пайдалы психологиялық кеңестер беріп отыру керек.

Кеңес алушы бірден табысқа жетпеуі мүмкін, бірнеше рет кеңес алудың нәтижесінде қол жеткізетіндігін түсіндіру.

Кеіес алушының алғаш келген кездей ойы мен кеіес алғаннан кейінгі ойын салыстыру. Кейбір жағдайда психологтың ойы мен кеңес алушының ойы бір бірімен сәйкес келіп жатады, ал кей кезде мүлдем алшақ болуы мүмкін.

Кеіес алушының туындаған мәселесіне жеңіл қарамай, оған шын мән беріп шешу керектігіне көз жеткіз.

Асырап алушы ата-анамен сұхбат

(анкета баланың асырап алушы отбасында тұрған кезеңін сұхбаттауға арналған)

Асырап алушы ата-ананың аты-жөні

Асыраушы ана _______________________________________________________________________

Асыраушы әке _______________________________________________________________________

Асыранды баланың атыжөні,жасы _______________________________________________________

Сұхбат мерзімі _______________________________________________________________________

Сұхбат алушы ________________________________________________________________________

Сұхбат

-Асырап алушы ата-ананың екеуімен де

-Асырап алушы анамен

-Асырап алушы әкемен

Асырап алушы отбасында тұру жөнінде сұрақтар

Бала қандай себептерден асырап алушы отбасына келді?____________________________________

_____________________________________________________________________________________

Асырап алушы отбасына келмей тұрғанда бала қандай еді?__________________________________

_____________________________________________________________________________________

Осы жерге көшіп келмей тұрғанда не сезінетін, қазір не сезеді?_______________________________

_____________________________________________________________________________________

Асырап алушы отбасында тұрған кезде көмек көрсетуді қажет ететін мәселелер болды ма? _____________________________________________________________________________________ Отбасы бюджетін таратуға бала/жеткіншек қатысады ма?___________________________________

Балаға жеміс-жидек, заттар алғанда оның мүддесі саналады ма?______________________________

_____________________________________________________________________________________

Оқу/жұмыс

Баланың мектепте жағдайы қандай?______________________________________________________

Үлгерім, сабаққа дайындық жағдайы қандай?Оқу қиыншылықтары, егер бар болған жағдайда?____________________________________________________________________________

Бала мектебін ұнатады ма?_____________________________________________________________

Мұғалімдермен, құрдастарымен қарым-қатынасы қандай?___________________________________

_____________________________________________________________________________________

Оқу біткен кезде немен айналысады?_____________________________________________________

Қарым -қатынасы

Бала өзінің туған ата-анасымен жиі көріседі ме?___________________________________________

Оның туған ата-анасымен қарым-қатынасына сіз қалай қарайсыз?____________________________

_____________________________________________________________________________________

Оның қатынаста болып жүрген басқа да туысқандары бар ма?________________________________

Сіздің оның туған ата-анасымен/туысқандарымен қарым- қатынастарыңыз қалай?______________

_____________________________________________________________________________________

Оның сіздің отбасыңыздағы басқа балалармен қарым-қатынасы қандай?_______________________

_____________________________________________________________________________________

Сіздің ойыңызша оған осы жерде тұрған ұнайды ма?_______________________________________

Бала /жеткіншек сипаты

Балаңыз туралы айтып бере аласыз ба?Ол қандай адам?_____________________________________

_____________________________________________________________________________________

Қандай күшті және әлсіз жақтары бар?___________________________________________________

Денсаулығы қандай?___________________________________________________________________

Адамдар арасында оның өзін-өзі ұстау үлгілерін сипаттап бере аласыз ба, мысалы сөйлеу,сырт көрінісі және т.б______________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

Өзінің сезімдерін қалай көрсетеді, мысалы, қуаныш, реніш, ыза?_____________________________

_____________________________________________________________________________________

Айналасындағылармен қарым- қатынасқа түсе білу қабілеті қалай?___________________________

_____________________________________________________________________________________

Оның асырап алушы ата-анасы ретінде өзіңізді қалай сезінесіз?_____________________________

Баламен қарым-қатынаста нені өзгерткіңіз келеді?_________________________________________

Ата -анамен жұмыс,тренинг жаттығулар.

«Баланы ата-ана тәрбиелейді. Ата-ананы кім тәрбиелейді?» әдістемесі.

Мақсаты:отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау.

Орындау ережесі.Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз.Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз.Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.

Жауап варианттар мына төменгі әріптермен белгілейді:

«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» А-З балл

«Иә,бірақ барлық кезде емес» Ә-2 балл

«Жоқ,бұлай істей алмаймын» Б-1 балл


Тапсырмалар

Сіз:

1.Кез- келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?

2.Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаға жіберген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?

4.Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?

5.Балаңыздың әрекеті сізді қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба,салқынқандық сақтай білесіз бе?

6.Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?

7.Еш болмаса 1минутқа өзіңізді мейірімді перзент ретінде сезіне аласыз ба?

8.Балаңызды жаралайтындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?

9.Жақсы қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?

10.Балаңыз ойына келгенді істегісі келсе және өзін қалай ұстағысы келсе оның әрекеттеріне еркіндік беріп,тірлігіне ешқандай араласпайтын бір күн бере аласыз ба?

11.Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса,негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?

12.Балаңыздың өтініші мен жылауына егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласыз ба?


Бағалау шкаласы

1. «А» жауапқа -3 балл

2. «Б» жауапқа - 2 балл

3. «В» жауапқа -1 балл

Нәтижесін талдау.

30-39 балл жинасаңыз,бала-сіздің өміріңіздегі ең құнды адам.Сіз оны тек түсініп қана қоймай,оған құрметпен қарайсыз.Сіз тәрбиеде прогрессивті принциптерді қолданасыз.Жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге ешқандай күмәндануға себеп жоқ.

16-30 балл жиналса,балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірініші маңызды жұмыс,сіздің қамқорлығыңыз гиперқамқоршылықпен ұштасып тұр.

Диагностикалық кезеңде осы кітаптың 6-шы тарауында берілген және екінші,үшінші кітаптардағы әдістемелерді кеңінен пайдалануға болады.

Диагностикалық кезеңнен кейін тренинг басталады.Оның негізгі ретінде ересек пен баланың өзара қызметтесуі болып табылады,сол себепті де оның басты мақсаты-ата-ана мен баланың серіктестік қарым-қатынасы мен қызметтестігінің қалыптастыру және дамыту болып табылады.Бағдарлануда Т.Гордонның,К.Роджерстің,Я.Адлердің,Р.Дрейкустің,Е.В.Сидоренконның,Е.И.Лебедеваның,Г.И.Исуртнканың т.б.психологтар ұсынған жаттығуларды кеңінен қолданылады.

Тренингтің міндеттері:

    1. өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;

    2. баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;

    3. баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;

    4. отбасындағы коммуникацияны белсендіру;

Көп жағдайда тренинг бағдарламасы мектепке дейінгі балалар мен кіші мектеп балаларына қолайлы.Осында сипатталған нұсқа ата-ана және балалар мен 12сабақты болжайды;аптасына 2 рет 2-3 сағаттан,яғни курс ұзақтылығы 1,5-2 ай.

Тренингті танысу жаттығуларынан бастаған дұрыс.Оның варианттары топтағылардың ерекшеліктеріне байланыста анықтап алу керек.Бұл жерде оның тағы бір вариантын ұсынамыз.

Танысу

1.Психолог қатысушыларды тренинг мақсаттары және міндеттерімен топтастырады.Жұмыстың тәртібі және шарттары ойластырылады,топтық жұмыстың ережелері ендіріледі.Психолог коррекция барысы қандай формада жүргізілетіні және қандай негізгі тақырыптарға негізделінетіні жайлы айтады.Сонымен қатар,қатысушыға балалармен қатынас пен өзара әрекет ерекшеліктерінің құралу философиясын түсіндіреді:бала тұлғасын қолдау және онымен қызметтестік қатынаста болуға ұмтылу.

2.Танысу барысы:қатысушылар өзін таныстырып өтеді және болашақ жұмыс істеудегі өз қауіптенулері мен үміттенулерін белгілейді.Топтағы жұмысты жеңілдету үшін бейдж қолдану ыңғайлы,әр қатысушы оған өз есімін,немесе ойдан шығарылған есімін жазып қояды.

3.Психогимнастикалық жаттығу:барлық қатысушылар шеңбер бойынша тұрып өз аттарын атап өтеді,сонан соң олар қандай да бір қасиеттері бойынша орнын ауыстырып тұрады,мысалы,шашының түсіне қарай немесе бойына қарай.Қатысушылардың әрқайсысы өзінен бастап солға қарай барлық қатысушылардың атын атап,оларға бір жылы сөз айтуы керек.

4.Психолог қатысушыларға өз-өзін және түсіне білу өте маңызды екенін айтып,ата-аналарға бірнеше сұрақтарға жауап беруді ұсынады.Ата-аналарды тренинг барысында күнделік жүргізу керек екендігіне назар аударады,психолог күнделік туралы ерекше айтып өтуі жөн.Күнделіктер

дің жүргізілу ерекшеліктері мен үй тапсырмасын орындаудың маңыздылығы жайлы нақтылап айтып өту қажет.Үй тапсырмасын келесі күнге коррекция барысындағы талқылау жүргізілетіні жайлы ескертіп қою қажет.

1. «Мен кіммін?»

Бұл жаттығуды бірінші кездесуде өткізген өте тиімді болады.Әр адамға бір парақ қағаз бен қалам беріледі.Жетекші: «1саннан 10 ға дейін баған бойынша реттік сандарды жазып шығыңыз.Әр санның тұсына «Мен кіммін» деген бір сұраққа жауаптарыңызды жазып шығасыздар.Жауап жазғанда өзіңізді ақиқатқа сай бағалап барлық оң және теріс қасиеттеріңізді шын көңілмен бағалаңыз.Осы парақты көкірегіңізге түйіп алып бөлме ішінде жайлап жүріп,өзгелердің өздеріне берген мінездемелерімен танысыңыз,ал оларға өзіңіздің жазған мінездемелік «тізіміңізді» оқуға мүмкіндік беріңіз.Қатысушылардың біреуі мысал ретінде өз «тізімін» дауыстап,топтағылардың барлығы еститіндей етіп,оқып беруіне болады.Кездесудің соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөліседі.


2. «Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы.

Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау ұсынылады.

Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз,түрлі-түсті газеттер,журналдар,ашық хаттар,жарнамалық қағаздар,ескі кітаптар.Әдетте жеткіншектерге коллаж жасаған ұнайды,бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады.Жеткіншек өзін жалғызбын деп сезінуі мүмкін.Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді.Бұл жағдайда жетекші жеткіншекке қолдау көрсетіп,оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылуы қажет.

Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстарымен топтағыларды таныстырып,оның мазмұнын әңгімелеп береді.

Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады «Біздің отбасы» тақырыбына жаттығу барысында топтық қатынас барысында шек тастап құрылған отбасы мүшелері бірігі отырып коллаж жасайды.

Отбасын құру үшін кім отағасы болатыны туралы жазылған қағаздарды ширатып бір ыдысқа,ол отбасындағы аналық рөлін атқаратындарға арналған шектер екінші ыдысқа,балаларының рөлін бөлу жребийлері үшінші ыдысқа салынады.Қатысушылар өз рөлдеріне сай ыдыстан алған қағаздарына «Ормановтар», «Жыл құстары» т.с.с. отбасының белгілері бойынша бір-бірін тауып алып,осы кездесудің аяғына дейін олар бір отбасының мүшелері ретінде өз қызметтерін атқарады.

3. «Отбасы мүсіні» жаттығуы.

Жаттығуды орындау үшін отбасында кездесетін әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау керек.Ол үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлмеде жүргізілген ойынды қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Әр қатысушы кезекпен мүсіншіге айналады.Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды.Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап,бөлмеге орналастырады.Идеал ретінде мүсінші өзінің рөліндегі басқа адамды да таңдайды.Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса,мүсінші өз рөлін өзі ойнайды.Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды.Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты.Бұл кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыруды ұсынады.Мүсінші барлық қатысушыларды сол ретпен отырғызады.


4. «Отбасы оқиғалары» жаттығуы.

Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.

Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де,екі отбасылық естеліктің суретін салады-бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын жағдайлары бейнеленеді.Сурет салып болғаннан кейін әр қатысушы топқа өз суретін көрсетіп,онда салынған оқиғаны түсіндіріп береді.


5. «Отбасын ойнайық» жаттығуы.

Топ «отбасыларға» бөлінеді.Кіші топтар бөлменің әртүрлі бөліктерінде орналасады.Қатысушылар міндет- «отбасы» құрамын,отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін,отбасылық рөлдерді анықтайды.Әр қатысушы немен айналысатынын,қайда қызмет атқаратынын,қандай киім киеді,таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты мәселелердің барлығын ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай өткізетінін,отбасы міндеттерін қалай бөлетіні,қарым-қатынастары қандай екені,отбасының мәселелерін бір-бірінің пікірімен санаса отырып шешетіні,немесе отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді.Отбасы өз тегін ойлап табады. «Отбасы» өз елтаңбасын жасап,девизін құрастырады,сонымен қатар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады.Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазылып және суреттер түрінде тіркеледі.Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке дара немесе жалпы орындалатыны туралы әр кіші топтың өзі шешеді.

Егер топқа консультанттан басқа тағы да бір психолог болса,онда олар әртүрлі «отбасы» мүшелері болып тарайды.Олар кіші балалардың рөлдерін алуы қажет.Бұл жағдайда қатысушылар өзбетінше әрекет етіп,психологқа онша алаңдамастан өз мәселелерін өзбетімен және шығармашылықпен орындауға тырысады.

Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір кіші топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады,содан соң «отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.

Бір маңыздысы,қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы,толық емес отбасы,отбасында балалар бар ма.Қатысушылардың басым көпшілігі жеткіншектер болса,әдетте,отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды.Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай болады.Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар,қатынастары жақсы,бір-бірімен ұрыспайды.Жеткіншектердің отбасылық проблемалары туралы түсініктері таяз болғандықтан оларға,жетекші көмектеседі.Көптеген ұсыныстардан қатысушылар бас тартады,тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі.Мысалы,ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады,келесі жылы көреді.Ал науқастану,алкоголизм,кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады.

Жаттығуды орындап болғаннан кейін,бірден келесі ойынды жүргізу қажет.Өйткені отбасы қандай да бір ұзақ уақыт ішінде «өмір сүрді».


6. «Идеалды отбасы» жаттығуы.

Жеткіншек жастағы балалар идеалды отбасын қалай елестетеді?Онда ата-аналар қандай қызмет атқарады?Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай?Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес,сурет түрінде бейнелеуге болады.

Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді.Олардың пікірінше,махаббат дегеніміз баланың қалағанын сатып әперуде,ештеңеге қарсылық көрсетпеуден тұрады.Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды,айтқан нәрсенің барлығын істейді.Ата-аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.


7. «Идеалды отбасы өмірі» жаттығуы.

Топқа қатысушылар отбасының өміріндегі қуанышты немесе қайғылы оқиғаларды таңдап сахнада ойнайды.Қатысушылардың біреуі басқалардың арасынан рөлдерді орындайтын адамдарды таңдап алады да,идеалды отбасы өмірінен үзіндіні сахнада ойнайды.Қалған қатысушылар -көрермендер.Көрініс біткеннен кейін көрермендер көрген қойылымы туралы өз пікірлерін айтады.Содан соң көріністі басқа адамдар ұйымдастырады,ал бірінші қойылымға қатысқандар көрермен болады.Бұл жаттығу отбасына шын мәнінде не қажет екені туралы,қатынастар ерекшеліктері және отбасы мәселелері,отбасының дамуы туралы өз ойларын айтып талқылауға негіз болады.


8. «Өзіңе қолайлы жағдай жаса» жаттығуы.

Жаттығу қатысушылардың бір-бірімен вербалды емес формада қатынас жасауды қажет етеді,бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып табылады.Қатысушылар жұптарға бөлініп,бір-біріне арқасын қаратып орналасады.Дене босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай тауып алу қажет.Жұптағылар екі жаққа да ыңғайлы болуын ойластырып арқа тіреседі ме,жоқ денесі бос ұстауға емін-еркін тұру қажет пе,оны әр жұп өзі шешеді.Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады (ата-аналардың баласы пайда болады).Оны қай жерге және қалай орналастыру керек екенін әр жұп өзі табуы керек.Жаттығу оңай бола салмайды,біреулерге ыңғайлы болады,ал келесілерге қысымы сенумен байланысты болуы да мүмкін.


9. «Нәресте» жаттығуы.

Бұл жаттығу қойылым түрінде жүреді.Үш қатысушыны орындайды.Оның екеуі-әкесі мен анасы,ал үшіншісі-нәресте.Ол әлі сөйлей алмайды,тек төсекте жатыр.Ол тек ымшара және дыбыс арқылы ғана жауап бере алады.Ата-аналар нәрестеге жақындап,онымен ойнайды,тамақтандырады,жаялығын ауыстырады,оның нені қажет ететінін түсінуге тырысады.Бес минуттан соң қатысушылар рөлдерімен ауысады.Ойынның барысында жетекші отбасының өмірінде болатын қандай да бір жағдайда ойластыруы мүмкін,мысалы,телефон соғады немесе қонақ келеді. «Нәресте» бірдеңе қажет еткен уақытты алуға болады.Жаттығу аяқталған соң,әр «отбасы мүшелері» өз пікірлерімен бөліседі.Содан соң қойылымды басқа қатысушылар ойнайды.


10. «Отбасы өмірінен жағдай» жаттығуы.

Қатысушылар екі топқа бөлінеді де кез-келген өмірлік жағдайға қойылым ойнайды.Бұл бұрынғыдан немесе болашақтан алынған жағдай болуы мүмкін.Сөзді қолдануға да,қолданбауға да болады.Ең бірінші ымишара,қимыл-әрекетке көңіл бөлінеді,яғни қатынас пен сезімнің дене қимылдары арқылы берілуіне үлкен мән беріледі.Сөзбен айтылатын бөліктерінде қатысушылар ойланып табатындай етіп жасырын сөздермен айтуына болады.Қойылым ойналып болған соң көрермендер мен жетекші оны талқылайды.Көрермендер орын ауысып,басқа жағдай туралы көрініс қоюды ойластырады.


11. «Отбасылық оқиға» жаттығуы.

«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасымен жайғасады.Олар отбасындағы рөлдерін анықтап алады да,жетекші оларға қандай да,бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады,мысалы, «Сіздің отбасыңыз лотореядан үлкен ақша ұтып алды» немесе «Әкесі аяғын сындырып алды»,оларға пікірталас жүргізу ұсынылады.Жетекші көрермендерге алдын-ала «отбасы» қаншалықты мәселені бірлесе отырып шешетінін бақылауға нұсқау береді.Немесе әр көрерменге нақты «отбасы мүшесінің» мінез-құлқын бақылауды ұсынуға болады.Мысалы,ұтыс жағдайында отбасы мүшелері неге ақшаны жұмсауды қалайды:оқуға,саяхатқа,бір нарсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді қаншалықты ұтымды түрде ұсына алады.

Талқылаудан кейін,бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да,басқа тақырыпты талқылайды.

Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады.Мысалы,анасының әкесі ауылда тұрады,оның өз үйі және шаруашылығы бар,ол ауырып қалды,бірақ қалаға келгісі келмейді.Отбасы не істейтінін шешуі қажет.Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады.Мысалы,анасы ауылға кеткісі келеді,өз шаруашылығымен айналысқысы келеді,әкесі мұны қаламайды,өйткені қалада жақсы жұмысы бар,үлкен ұлының да барғысы келмейді,өйткені оқуға түспек ойы бар,кіші ұлының барғысы келеді,өйткені ол жерде жазда шомылуға,қыста шаңғы тебуге болады.Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кім ,«ата-аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма,келісімге келе алды ма,сол сияқты мәселелерге көңіл бөлуі қажет.


11. «Сұраңыз-жауап береміз» жаттығуы.

Бұл жаттығуды орындау барысында әр қатысушы өздеріне қарама-қарсы жыныс өкілінен қыз бен ұл арасындағы қатынас жайлы пікірлері мен көзқарастары қандай екені туралы пікірлерін салыстырып талдайды.Ұл балалар бұл сұрақты қыздар қалай талқылайтыны туралы өз пікірлерін,ал керісінше қыздар ұл балалар пікірін өзінше талдайды.

Әр қатысушы парақ бетіне бір сұрақтан жазады.Сұрақ тақырыптары-ұл балалар мен қыз балалардың қатынасы және кездесу.Мысалы,кездесу кезінде не істеуді ұнатасың? Біреуге ұнайтыныңды қалай білесің? Ұл балалардың (қыз балалардың) киім киісінің қандай стилі ұнайды?» Ер балалар мен қыз балалар топтары екі жаққа тарайды да біріге отырып сұрақтар тізімін жасайды.Әр сұрақ жеке параққа жазылып,парақтар екі қорабшаға немесе кәрзеңкеге салынады.Сұрақтарды талқылауды қыздар бастайды.Біріншіден,қыз балаларда сөйлеу әрекеті жақсы дамыған,сұрақтарды талқылау бірден қызықты пікірталасқа айналады.Екіншіден,жеткіншек қыз балалар ұл балаларға қарағанда «ересектеу» болып саналады.Демек қыз балалар,ұл балаларға үлгі бола алады.

Қыз балалар жерге шеңбер бойымен отырады,ал ұл балалар олардың артына орындықта отырып,пікірталасты бақылап отырады.Қыздар кезекпен сұрақтарды бір-біреуден қорабшадан шығарып,оны дауыстап оқып,талқылайды және оған жауап береді.Егер ұл балалардың біреуі бір нәрсені нақтылағысы келсе,қолын көтеріп,сөз берілгенше күтеді.Сұрақтардың барлығы талқыланғаннан кейін,ұл балалар ортаға отырып қыз балалардың сұрақтарын талқылайды,ал қыздар болса жетекшілер рұқсат бергенше сөйлей алмайды.


























Ата-аналарға жүргізілетін тесттер. «Отбасыңыздағы жағдай Сізді қанағаттандырады ма?» әдістемесі.

Мақсаты:отбасындағы қалыптасқан жағдайға қанағаттанып,өзіңізді бақытты адаммын деп есептейтініңізді бағалау.

Орындау ережесі.Төменде берілген тапсырмаларды мұқият оқып шығып әр сұраққа берілген «а», «б» және «в» деп белгіленген жауап варианттарының ішінен дұрыс дегеніңізді белгілеңіз.


Тапсырмалар

1.Өзіңіздің шешуіңізге қиналған мәселе жөнінде жұбайыңыздан пікір алмасқанда қандай сезім басым болады.

А сенім білдіру;

б айтуға қиналасыз;

в түсінеді деген үмітте боласыз.


  1. Жұбайыңызбен ұрсып қалғаңызға кейіннен өкінесіз бе?

А жиі;

б кейде;

в өте сирек.

  1. Отбасындағы өмірдің эмоционалдық көрінісін қандай түр-түспенен белгілер едіңіз ?

А ашық түстермен;

б қара-қоңыр түстермен ;

в ең ашықтан қара-қоңрға дейін барлық түстермен.


4.Отбасы өміріне адамгершілік пен имандылықты орнатуға әрқайсыңыздың қосқан үлестеріңізді қалай бағалайсыз?

А екеуімізде отбасының қамын жейміз;

б жұбайымның қосқан үлесі өте үлкен;

в өзіңізді жетекші рөль атқардым деп есептейсіз.


5.Жұмыстан үйге қайтқанда қандай сезім басым болады ?

А үйге барғыңыз келмейді;

б қуаныш сезімі;

в жағдайға байланысты.


  1. Отбасында құнды мәселелерді талдайсыздар ма және оны қалай жүргізесіздер ?

А өте сирек;

б отбасы кеңесінде талдаймыз;

в бұл мәселе қызу пікірталас тудырады.


7.Жақын адамыңызды басқаларға жөнсіз өызғану сізге қасиет пе?

А сіз оған сенім білдіресіз;

б иә;

в кейде.


8.Сіз өзіңізді қақпанға түскендей сезініп ол аудан құтылтыңыз келгендей сезімге бөленесіз бе ?

А иә, ондай кез болады;

б ондай болғанымен отбасы өміріне оның ешқандай қатысы жоқ;

в жоқ.


  1. Некеге тұрғаныңыз Сіздің қоғамдық жұмыстарыңыз бен мансапқа жетуіңізге қандай әсерін тигізді ?

А кедергі жасап жүр ;

б қосымша күш қуат беріп жүр;

в айтуға қыйаламын.


10.Араларыңыздағы сырластық қатынастық сапасы қандай ?

А әртүрлі болады;

б екеуімізді де қанағаттандырмайды;

в өте жақсы.

Бағалау шкаласы келесі кестеде берілген. Берілген жауаптарыңызды осы кесте бойынша «+», «-» және «0» деп бағалалап шығыңыз. Мысалы, 1тапсырмаға берген жауабыңыз «а» болса оны «+» деп есептейсіз, «б» жауапты белгілесеңіз оны «-» , ал «в» жауапты таңдасаңыз – “0” деп бағалайсыз.


Бағалау шкаласы

Жауап варианты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

«а»

+

-

+

+

-

0

+

-

-

0

«б»

-

0

-

0

+

+

-

0

+

-

«в»

0

+

0

-

0

-

0

+

0

+



Нәтижесін талдау

Барлық жинаған «+», «-» және «0» сандарын санап шығыңыз .

Жауаптарыңызды талдағанда «-» белгілер көп болып шықса отбас өмірі үйлесімсіз болғаны.Теріс белгі қанша басым болса отбасы праблемасы сонша тереңдеген. Сіз отбасындағы қалыптасқан жағдай туралы ойлауыңыз керек. Мүмкін оны жұбайыңызбен талдап отбасыдағы келіспеушіліктің себебін тапқаныңыз дұрыс болатын шығар. Немесе психологтан кеңес сұрап,отбасындағы психологиялық жағдайды түзету жолдарын іздеу керек.

Жауаптарыіызды талдағанда «+» берілген басым болса - отбасы өмірі жақсы қалыптасқан, бұл жанұя мүшелері арасында түсінушілік,сүйіспеншілік, тілектестік, ізгі ниеттік қарам-қатынасы жетекші болып отыр. Барлық проблемаларды бірге шешіп бір-біріңізге сүйеніш болуға дайарсыздар.

Жауаптарды талдағнда «0» берілген басым болса сіз өзіңіздін некелескен адаммен қандай қатынаста екеніңізді анықтауға шамаңыз келмегені. Отбасы өмірінде сізге ұнамайтын, қобалжытатын нәрсе бар. Бұл жағдайға өзіңіз кінәлі шығарсыз? Неге көңіліңіз толмай жүргенің жұбайыңызбен бірге талдап, ол жағдайды нықтап алсаңыз отбасы өмірі үйлесімді болып кетуі мүмкін. Ойланып көріңіз.



2.«Отбасылық қобалжуды анықтау» әдістемесі

Авторлары Э.Г. Эйдемиллер және В. Юстицкий.

Мақсаты: жеке тұлғаның жалпы қобалжуын бағалау, оның отбасына деген көзқарасы және отбасының оны қалай қабылдайтының анықтау.

«Отбасылық қобалжу» дегенде отбасының бір үшесі үшін психологиялық жағдайдың ынғайсыз болғаны, оны қалған мүшелері бейсаналы түрде төмен бағалауы және осы жағдайды ол адамныі уайымдап жүргені. Әбірдеген адам өз пкірін оған айтуға немесе жағдайын жақсартуға мүмкіндігі болмаған кезде қобалжу байкалады.

Орындау ережесі. Төмендегі тапсырмаларды мұқият оқып олардың әрқайсысына «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.


Тапсырмалар

  1. Не істесем де бәрібір менің айтқаным болмайтынын сеземін.

  2. Менің болмысыма отбасымдағылардың ризаемес екенін, көңілдері толмайтының білемін.

  3. Мен көп нәрсені уақытында орындай алмай, үлгермей жүрмін.

  4. Отбасында болатын ыңғайсыз жағдайға, неге екенін білмеймін, барлық уақытта мен кінәлі болып шығамын.

  5. Мен өзімнің әлсіз болып жүргенімді жиі сезінемін.

  6. Отбасында мен көп күйгелектенемін.

  7. Үйге келгенде өзімді икемсіз және ыңғайсыз сезінемін.

  8. Отбасының кейбір мүшелері мені ақымақ деп ойлайды.

  9. Үйде болған кезімде мен әйтеуір бір нәрсені уайымдап жүремін.

  10. Отбасы мүшелерінің маған деген теріс көзқарасын жиі сезінемін.

  11. Үйге келе жатқанда: «мен жоқ кезде үйде не болып жатыр екен» - деп қорқамын.

  12. Үйде жүргенде мен үй жұмысының барлығын өзім істеуім керек, деп сезенемін.

  13. Өз үйімде өзімді артық (бөтен) сезінетін кезім жиі болады.

  14. Үйдегі жағдайдың күрделілігі сонша, кейде қимылдауға ешқандай күшім болмай қалады.

  15. Біздің үйде болатын көп жағдайларда мен өзімді мекем ұстап отыруым қажет.

  16. Егер де мен жоқ болып кетсем де мені шкім іздемейтін сияқты.

  17. Үйге келе жатқанда орындайтын жұмысымның барлығы жоспарлап келемін, ал үйге кіргеннен кейін оларды ұмытып, тіпті басқа жұмыстарға кірісіп кетемін.

  18. Отбасындағы жағдайымды ойласам болды, мен қобалжи бастаймын.

  19. Отбасымның мүшелері мен үшін өзелердің алдында ұялатын сияқты.

  20. Көп уақытта барлық тірлікті жаөсы орындағым келеді, ал нәтижесінде бәрі керісінше нашар шығады.

  21. Маған үйде көп нәрсе ұнамайды, бірақ мен оны жасырып жүремін.



Бағалау шкаласы

«иә» деген жауаптар1 баллмен бағаланады.


Нәтижесін талдау

Жауаптар үш шкала бойынша бағаланады:

В-шкала-кінәлау;

Т-шкала-қобалжу;

Н-шкала-қысым көру;



В-кінәлау шкала бойынша (өзінің сәтсіздіктеріне отбасы мүшелерін кінәләуы)келесі тапсырмаларға берілген «иә» жауап санымен бағаланады: толмастан, болып жатқан оқиғаларға өзінің жауапкершілігін сезінбейді және жауапкершілікті өз мойнына алмайтындығын көрсетеді.

Т-қобалжу шкаласы бойынша келесі тапсырмаларға берілген «иә» жауап санымен бағаланады: 2,5,8,11,17,20. Зерттелінушінің өзі қанша күш жұмсаса да отбасындағы жағдайды өзгертуге шамам келмейді деп түсінуі. Нәтижесінде өзіне деген сенімі төмендеп, мазасыздануы жоғарылайды.

Н-қысым көру (отбасындағы қарым -қатынас барысында ішкі кернеуінің жоғарылау) шкаласы бойынша келесі тапсырмаларға берілген «иә» жауап санымен бағаланады: 3,6,9,12,15,18,21. Зерттелінуші отбасындағы өзінің міндеттерін орындауға қиналып, ол міндеттерді орындауды үлкендердің көрсеткен зәбірі деп түсінеді.

Қайсы шкала бойынша бес сұраққа «иә» деп жауап сол шкала бойынша

жағдайы болмай жүргені анықталады. Соңынан барлық шкалалар бойынша жинаған баллдарды бір-бірін салыстырып, отбасында қай шкала бойынша психологиялық теріс әсер ететін фактор басым екенін анықтауға болады.


3.«Отбасылық социограмма» тесті.

Мақсаты:зерттеушінің отбасындағы қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері мен тұлғааралық қатынастағы оның хал-ахуалын тікелей және жанама т.рде «қазір және осы жерде» анықтау.

Орындау ережесі.Бұл әдіс суретті талдау әдістемелерге жатады.Зерттеушілерге жауап жазылатын іс-қағазы беріледі.Ол парақта диаметрі 110 мм шеңбер сызылған.Тестті орындау барысы түсіндіріледі.Таратылған парақта салынған шеңбердің ішіне алдымен өзін кішірек шеібер ретінде түсіріп,оның ішіне «Мен» деп жазу керек.Соннан сон отбасы мүшелерінің әрқайсысы шеіберлермен белгілеп шығып,ол шеңберлердің әрқайсысы кімді білетінін анықтау үшін олардың ішіне отбасы мүшелерінің аттарын немесе аттарының бас әріптерін жазып қойю тапсырылады.Олар тапсырманы орындағанда бір-бірімен кеңеспеген іс-қағазды жеке дара отырып толтыруы керек.

Нәтижесін талдау.

Бірінші белгі бойынша талдау:отбасы мүшелерінің кеңістікте орналасқаны талданады.Адамдардың барлығы бір қатарға қойып салу-шынайы өмірдегі олардың арасындағы қатынастың біркелкі болғанын көрсетеді.Отбасы мүшелерінің бір-бірімен қақтығыста болып,жанұяда ауызбіршілік болмаса онда осы жағдайға кінәлі деп жүрген алам шеңберге кірмей,оның сыртында қалады немесе бір жануалдың аты салынады.

Екінші белгі бойынша талдау:дөңгелектердің көлеміне қарай жүргізіледі.Егер кімде-кім өзін үлкен шеңбер етіп салса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары,ал дәл ортасына өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытынын көрсетеді.Ал төмен жағына салғаны-өзіндік бағалауы төмен болғанын көрсетеді.

Үшінші белгіде дқңгелектердің орналасу тәртібі талданады.Отбасы мүшелерінің кім-кіммен жақын екендігі,ерекше маңызды орында екені анықталады.Шеңбердің ішінде орналасу басқамен салыстырғанда үлкен шеңберде болса,зерттеуші көзқарасы бойынша ол аса сыйлы,маңызды адам қатарына жатады.

Төртінші белгі,бір-бірінің үстіне орналасқан.Отбасында дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығын көрсетеді.Ең үстінде орналасқан адамның отбасындағы орны ерекше,ол барлық басқа мүшелерге билігін жүргізіп,өктемдік көрсететінінің белгісі.Немесе суреттің авторының сол адамды барлығы ерекше сыйлайды деп түсінуін білдіреді.Отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді.

4. «Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау» әдістемесі.

Мақсаты:отбасындағы баланың эмоционалды қатынасы мен көзқарасын анықтау.

Орындау ережесі.Е.Бене және Д.Антонии ұсынған бұл тесттің көмегімен отбасы мүшелеріне деген баланың сезімін,қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға болады.Сонымен қатар баланың неше түрлі жағдайларды өзін-өзі қандай психологиялық қорғану типін қолданып жүргенін анықтауға болады.

Әдістеме 20 фигурадан тұрады.Оның ішіндегі фигуралар барлық жас кезеңіндегі адамдардың түрін,жынысын,бойын,толықтығын және басқажасқа және жынысқа байланысты белгілері бейнеленеді.Мұндай жинақ жасаудың себебі отбасы мүшелерінің барлығының орнын көрсетуге мүмкіндік береді.

Зерттеу барысында әдістемені жүргізуге арналған сұрақтардың әрқайсысы жеке жолақ қағазға жазылған болады.Кіші жастағы балаға сұрақтарды ретімен оқып беріп,сол сөздер кімге арналатындығын байқап,сол адамды белгілейтін фигурамен бірге жәшікке салуды өтінеді.Әдістемені жүргізу міндеті-баланың отбасындағы әр келесі субъектіні көргендегі эмоционалды жағдайын бақылау арқылы жүргізіледі.Баланы ыңғайлы дене күйінде сақтайтындай жағдайда отырғызып,отбасы мүшелерін көрсететін фигураларға жақын жерге орналастырады.Балаға фигураларды таңдау ұсынылады,ал психолог одан отбасы мүшелерінің қайсысы жақсы көрінетінін сұрайды.Мұндай жағдайда баланың фигуралармен жасаған қатынасы отбасы мүшелерімен жасаған қатынастың ретінде қарастырылады.

Әдістеменің екі варианты бар:бірінші варианты -4-6(8) кіші жастағы балаларды зерттеуге арналған;екінші варианты - 6-10 жас аралығындағы балалар және жеткіншектер үшін пайдаланылады.

1.Кішкентай балаларға арналған варианты бала қатынасы келесі мазмұнда талдауға мүмкіндік береді;

- баланың отбасы мүшелерімен қатынастағы жақсы сезімін,өзгелерден алынатын жағымды сезімін бағалау;

- баланың отбасы мүшесімен қатынасы нәтижесінде жағымсыз сезімнің пайда болуын,өзгеден шығатын күйзелісті қайталаудан бағалау;

- баланың өзгелерге тәуелді болуын бағалау.

2.Жасы үлкен балаларға арналған варианты отбасының қалыптасқан қарым-қатынасы ерекшеліетерін зерттеуге арналған.Бқл жас кезеңіндегілерді зерттеуде олар үшін қарым-қатынастың келесі көріністері бағаланады:

- қатынас екі түрлі жағымды сезімдерді туғызады:әлсіз және күшті.Әлсіз сезім достықты мақұлдау және қабылдаумен байланысты,ал күшті сезім жыныстық күйзелістен,ол жекелік жыныстық байланыс және айлаамалдан тұрады,

- жағымсыз қатынастың көрініс беруі екі түрге бөлініп қарастырылады:әлсіз және күшті.Әлсіз қатынас-достықты қабылдамау мен мақұлдамаудан тұрады,ал күштіліе еке сақтау мен қастасу қатынасқа жақындығын көрсетеді.

Отбасындағы ата-ана мен бала қатынасын басқа отбасы мүшелерінің бөлек,өз алдына қарастыру керек.Өйткені ата-анамен баласының арасындағы түсінбеушіліетердің себебі баланың отбасындағы басқа адамдарға қатынасы және оларды бағалаумен байланысты болуы мүмкін.

Отбасында эмоционалды қатынасты анықтауға арналған әдістемені пайдалану барысында келесі сұрақтардың әрқайсысы номерлерімен бірге жеке қағаз жолақтарына жазылады.Сұрақтар келесі төрт топқа жинақталған:

А.Баланың нәзік сезімдері;

Б.Баланың күшті жағымды жыныстық ерекшелікке байланысты сезімдері;

С.Баланың жағымсыз әлсіз сезімдері.



Д.Баланың жағымсыз,күшті кек сақтау сезімі.




А.Баланың нәзік сезімдері:

0.Бұл өте жақсы отбасы мүшесі.

1.Бұл өте көңілді отбасы мүшесі.

2.Бұл басқаға көмек беретін отбасы мүшесі.

3.Бұл үлкен мүмкіндігі бар отбасы мүшесі.

4.Бұл қандай жағдайда да тастап кетпейтін отбасы мүшесі.

5.Бұл өте әзілқой отбасы мүшесі.

6.Бұл жақсы сыйлық алуға лайықты отбасы мүшесі.

7.Бұл жақсы спортпен шұғылданушы отбасы мүшесі.

8.Бұл жақсы ойын көтеретін отбасы мүшесі.\

9.Бұл өте мейірімді отбасы мүшесі.


Б.Баланың күшті жағымды жыныстық ерекшелікке байланысты сезімдер:

10.Мен отбасы мүшесінен,осы адамға сүйеніп еркелегенде ұнатамын.

11.Мені осы отбасы мүшесінің иіскелегені ұнайды.

12.Маған отбасында кейде осы адамның қасында бірге төсекте жатқан ұнайды.

13.Менің қалайтыным,осы отбасы мүшесі барлық уақытта менімен бірге болса деймін.

14.маған осы отбасы мүшесі басқаға қарағанда,көбірек қолдау көрсетіп,қамқорлығына алса деймін.

15.Менің қалауымша болашақ жарым,осы отбасы мүшесіне ұқсаса деймін.

16.Маған осы отбасы мүшесінің қытықтап күлдірткені ұнайды.

17.Маған осы отбасы мүшесін құшақтаған ұнайды.


С.Баланың жағымсыз әлсіз сезімдері:

20.Осы отбасы мүшесі кейде қатты абыржиды.

21.Осы отбасы мүшесі кейде соқтығады.

22.Осы отбасы мүшесін бөтен ермектер бұзады.

23.Осы отбасы мүшесін қызба.

24.Осы отбасы мүшесі нашар көңіл-күйде жүреді.

25.Осы отбасы мүшесі ашушаң.

26.Осы отбасы мүшесі әкімді сылтаусыз ренжітеді.

27.Осы отбасы мүшесі барлық уақытта қанағаттанбай жүреді.

28.Осы отбасы мүшесі шыдамсыз.

29.Осы отбасы мүшесі қатты ашулы.


Д.Баланың жағымсыз,күшті кек сақтау сезімі.

30.Кейде мен осы отбасы мүшесін өлтіріп тастағым келеді.

31.Кейде мен осы адам көз алдымнан құрыса деп армандаймын.

32.Кейде мен осы отбасы мүшесін қатты жек көремін.


33.Кейде мен осы отбасы мүшесін ұрып жатқанымды көз алдыма елестетемін.

34.Кейде мен,егерде осы отбасы мүшесі болсам,баұытты болатын едік деп ойлаймын.

35.Кейде осы адам мені жететін жеріне жеткізді деп ашуланамын.

36.Кейде мен осы отбасы мүшесін,тек ренжіту үшін бірдеңе істеуді қалаймын.

37.Осы отбасы мүшесі мені қатты ашуландыруы мүмкін.


Әдістемені жүргізу ерекшелігі.

Психолог психодиагностикалық зерттеу жүргізуді бастамай тұрып,алдымен балалармен танысып,олармен жаттығулар және басқа іс-шаралар ұйымдастырып өзіне үйретіп алуы керек.Өйткені балалар бөтен адамнан жатырқап,ұялып,сұрақтарға жауап берместен мелшейіп тұрып алуы мүмкін.Сондыұтан олардың сеніміне ие болудың мағынасы терең.Тест өтілетін бөлмеде үстел,тапсырмаларды отырып орындайтын орындықтар болуы қажет.Тест жүргізіп болғаннан кейін оның нәтижелерін талдау,қорытынды шығару үшін тиісті жағдай болуы керек.Өйткені онда тесттің 20 фигурасын бір ретке келтіріп орналастыруға мүмкіндік болуы керек.Барлық фигуралар балаға жақсы көрінетін жерге қойылып,ондағы кейіпкердің келесі тәртіппен орналастырылуы қажет:4-әр жастағы әйелдер,4- әр жастағы еркектер,5- әр жастағы қыз балалар,5- әржастағы ұл балалар,кемпір,шал фигуралары.

Балаға отбасы мүшелері және құрамы жайлы түсінік беріледі.Отбасы құрамын психолог біліп алуы үшін алдымен келесі сұрақтарды қояды: «сенімен бірге тұратын адамдар туралы айтып берші», «Сенің отбасында қанша адам бар?» Баланың жауаптары хаттамаға тіркеліп отырылады.Тест нәтижесін шығару үшін отбасы құрамына келесі сипаттама беріледі: толық немесе толық емес отбасы ма.Отбасының барлық ерекшеліктері туралы толық мәлімет жтнаған дұрыс.Отбасы толық емес болса оның себебін анықтау.Анасы қайтыс болып әкесі екінші рет үйленген жағдайда бала өз тілінде менің екі анам бар деп жауап беруі мүмкін.Ондай жағдайда екі анасын да тестке қосу керек.Қазір бала кімнің қолында тұрып жатыр,оның іні-қарындастары бар ма,олардың жас шамалары қаншада?Егер бала олардың неше жаста екенін білмесе,онда психолог жетелеу сұрақтарын қояды,ол сеннен үлкен бе,кіші ме?Ол мектепке барады ма? т.б. Егер итін,мысығын және басқа жануарларды қосып айтса,оны тек тыңдау қажет,ол тестті талдау барысында есептелмейді.


Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері

Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері

Тек өз күштерін біріктіру арқылы ғана мектеп пен отбасы өздеріне жүктелген егемен Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін абыроймен орындап шыға алады.

Қазіргі мектеп отбасының қолдауына бұрынғыдан да күштірек мұқтаж, бұл жерде сөз терең түсіністік пен өзара құрметке құрылған серіктстік жайында болып отыр. Педагогтің ата-аналармен жұмысы ынтымақтастық болмайынша, ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне белсенді тартпайынша мүмкін емес.

Қарым-қатынас принциптері:

  • өзара сенім мен құрмет

  • өзара қолдау мен көмек

  • бір-біріне төзімділік пен шыдамдылық таныту

Бұл педагог пен ата-аналарға балаларда өзін-өзі тани білу және таныта білуге қажетті сапалар мен қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік жасау үшін күштерін біріктіруге көмектеседі.

Өзара қарым-қатынастағы сынып жетекшісінің негізгі функциялары:

  1. ата-аналарды мектеп ұйымдастыратын оқу-әдістемелік процестің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру

  2. ата-аналарды психологиялық-педагогикалық жағынан хабардар ету.

  3. ата-аналарды балалармен бірге жасалатын әрекеттерге тарту

  4. жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиесіне түзету енгізу

  5. ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен қарым-қатынаста болу



Есте болсын!



Педагогтердің, ата-аналар мен балалардың бірлескен әрекеті табысты болу үшін барлығы да бірлескен іске оң көзқарас танытып, ұйымдаса, бірлескен жоспарларды жүзеге асырып, ол әрекеттің қорытындысын шығарып отыруы тиіс. Қарым-қатынас балаға бірыңғай талап қою, бірлескен әрекеттерді ұйымдастыру баланың отбасындағы және мектептегі жүріс-тұрысын зерттеу, оның даму бағдарламасын жасаудан да тұрады.



Педагогтердің, отбасымен қарым-қатынас сипаты жіктелімді болып келеді. Сынып жетекшісі барлығына бірдей қарым-қатынас формасын артпайды, ата-аналардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбие ерекшеліктеріне бағдарланавды, ата-аналарды мектеп, сынып істеріне араласытыруда асқан төзімділік танытады.

Отбасымен жұмыс жасаудың негізгі формалары-топтық және даралық.

Даралық формалары: бала тәрбиесі мәселелеріне байланысты әңгімелесу, кеңес беру, отбасына бару. Отбасына барғанда төмендегідей шарттар сақталуы тиіс:

  • отбасына алдын ала ескертусіз бармау

  • ол үйде 5-10 минуттан артық болуды жоспарламау (мазаларын алмау үшін)

  • кіреберісте түрегеп тұрып немесе сырт киімді шешінбей тұрып әңгімені бастамау керек.

  • әңгімелескенде жұлқына сөйлеуден аулақ болу керек.

  • Ата-аналарға ақыл үйретпей, кеңес түрінде айтқан жөн

  • Мүмкін болса, баланың көзінше әңгімелескен дұрыс

Топтық формалары: ата-аналар жиналысы, ата-аналар клубы, ата-аналар дәрісханасы, ата-аналар білімі, жекелеген тәрбие мәселелеріне арналған конференциялар (медиктермен, психологтармен, заңгерлермен) кездесулер.

  • қарым-қатынаста педагогтердің ата-аналар жиалысындағы қарым-қатынас жасау стилінің маңызы зор.

  • Жиналыста монолог ата-аналармен жүргізілетін диалогтан азырақ болғаны жөн.

  • Жиналыс балалардың жасы мен сынып ерекшеліктеріне байланысты айына немесе төрттікте бір рет өткізіледі.

Оқу жылының басында, ата-аналармен бірінші рет кездескенде, апта күні мен уақытын дұрыс тыңдап, оқу жылына арналған кездесу тақырыбын келісіп алған дұрыс. Ата –аналар жиналысының тақырыбын сынып жетекшісі жасап, ата-аналар комитетінде талқыланады. Кезекті жиналыс тақырыбын барлық ата-аналар тыңдап алады.

Ата-аналар жиналысының түрлері: ұйымдастырушылық, ата-аналар оқуының жоспары бойынша жиналыс, пікірталас жиналыстар, қорытынды (төрттік) жиналыстары т.б.

Ата-аналар жиналысын даярлау және өткізу кезінде мыналар ескерілуі тиіс:

  1. баланың мінез-құлқы мен тәртібіндегі плюстерді күшейтіп, минустерін азайтуды жүзеге асыру жолында мектеп пен отбасының ынтымақтастық атмосферасы.

  2. жиналыс интонациясы: кеңес береміз, бірге ойласамыз.

  3. педагогтің кәсіби дайындамасы-білімі, біліктілігі (әр баланың мектептегі ғана емес, одан тыс жердегі өмірін білуі, оның қажеттіліктерінің деңгейін, денсаулық жағдайын, балалар ұжымымен қарым-қатынасынан хабардарлығы)

  4. жақсы, сенімді қарым-қатынас болуы (ақжарқындық, шынайлылық, өзара түсіністік, өзара көмекке әзір тұрушылық)

  5. ата-аналар жиналысы ата-аналардың қателіктерін, балалардың оқудағы сәтсіздіктерін көрсетуге емес, ата-аналарды хабардар етуге бағытталуы тиіс.

  6. жиналыс тақырыбы балалардың жасына байланысты ерекшеліктерін ескеру керек.

  7. жиналыс теориялық қана емес, практикалық та сипатта болуы керек. Жағдайда талдау жасау, тренингтер, пікірталастар т.б.

  8. жиналыс оқушылардың жеке бастарын талқылаумен және айыптаумен айналыспауы тиіс.

  9. ата-аналар жиналысы тиімділігінің басты көрсеткіштері-ата-аналардың белсене қатысуы, қойылған мәселелерді белсене талқылау атмосферасының болуы, тәжірибе алмасу, кеңес және ұсыныстар беру

Бірінші күннен бастап, балалар ата-аналарымен достық, серіктестік, қатынас орнату керек. Өйткені баланың тәрбиелігінің бастауы отбасында жатыр, мектепке ол отбасында алған азды-көпті тәрбиесімен келеді.

Өкінішке орай, мектеп пен отбасы, мұғалімдер мен ата-аналардың қарым-қатынасы әзірге талапқа сай емес. Көбіне олар балаларға әсер ету біріншілігі үшін күресетін қарсыластар болып келеді. Баланың қандай болып өсетіндігі көбіне отбасылық қатынастардағы жағдайына байланысты. Ал бұл жағдай түрлі-түрлі болады: отбасы, ата-аналар балаға қажетті қамқорлық көрсетіп, оның жасына, жеке басына қатысты ерекшеліктерін ескеріп отырса, ол жақсы, баланы сыйласа, ол да басқаларды сыйлайды. Ал шектен тыс ескелетіп жіберген бала отбасын өз уысында ұстағысы келеді немесе шеттетіп өсірген бала арамшөп сияқты болады, немесе отбасылық істерге қатысы жоқ «пәтерші» болып шығады.

Отбасы мен мектептің қарым-қатынасы мектеп өмірінің барлық кезеңдерінде маңызды, дегенмен бастауыш мектептерде ол әсіресе өзекті. Бұл кезде бала әлі отбасымен тығыз байланысты ол әлі өзінің сезімін, өзінің тәртібін басқара алатындай қабілетке ие бола қоймаған, өзінің мінез-құлқымен еріксіз мектептен өзіне керегін іздеуге тырысатын кезі. Егер отбасындағы қарым-қатынас ақылды, қайырымды болса жақсы, онда бала да мектепте қайырымдылық пен ақылдылығын қосады. Ал егер оның отбасындағы жағдайы дұрыс болмаша ше? Онда бала отбасындағы қарым-қатынастарға керісінше жақсы адам болып шығуы үшін мектеп бұл рухани жетіспеушіліктің орнын толтыруы тиіс. Осы үшін де оған ата-аналармен тату серіктестік қарым-қатынас орнатуы керек.

Мектеп пен отбасының байланысы нақты қай түрде көрінуі керек? Отбасылық тәрбие кемшіндігінің бір себебі ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениеттерінің төмендігі, балалардың жасына байланысты типологиялық заңдылықтарын білмеуі, балаларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауы, балаларының оқуда, құрдастарымен қарым-қатынасында қиындықтар пайда болған кезде қалай көмектесу керектігін білмеуі болып саналады.

Мектеп ата-аналар байланысы достық және өзара құрметтеушілікке құрылған болса, мұғалімдерге төмендегі ережелерді сақтау керек:

  1. ешқашан ата-аналарға олардың балаларының үстінен шағын айтып, «тиісті шара» қолдануларын талап етуге болмайды. Ата-аналармен кездесу іскерлік, достық жағдайында, оқушы тәртібіне байланысты немесе оның жеке басының сапаларын дамытуға қажетті кейбір мәселелерді талқылау түрінде өтуі тиіс. Мұғалімдер оқушының күнделігіне ескерту жазбауы керек, тіпті бала «екі» алса да, оны күнделікке түсірмеуі тиіс.

  2. ата-аналар жиналысын пікірлесетер кездесуі түрінде өткізу керек. Мұғалім өткен кезеңде сыныпта қандай жұмыстар атқарылды, әрбір пән бойынша не өтілді, оқушылар қандай проблемалар және қиындықтармен бетпе-бет келді, және ата-аналар өз балаларына қалай көмектесе алады деген мәселелерді сөз етуі керек. Жақын арада қандай оқу қандай оқу тақырыптары өтіледі, қандай шаралар белгіленуде, және оларды өткізуде ата-аналар қандай көмек көрсете алатынын хабарлауы тиіс. Мұндай кездесулерде оқушылардың жеке басына қатысты мәселелер сөз болмайды. Олар тек мұғалімдердің ата-аналармен оңаша әңгімелесуі кезінде ғана талқыланады. Тек оңаша кезде ғана ата-аналарға балаларының психодиагностикалық нәтижелерін хабарлап, оның жеке басының қиыншылықтарын айтуға, оны жеңу жолдары мен қажетті сапаларын дамыту жайлы сөз етуге болады.

  3. мұғалімдер баланың өмір сүретін ортасы, отбасындағы қарым-қатынастар сипатын, ата-аналарының ерекшеліктері жайлы білуі керек.

  4. балалардың өз ата-аналарын, туыстары мен жақындарын құрметтеуін, өзінің ата-баба шежіресін, олардың айналысқан істерін зерттеуге қызығушылығын тәрбиелеу керек.

Ата-аналар жиналысының үлгі құрылымы: (жиналыс ұзақтығы 1-1,5 сағат)

  1. сынып жетекшісінің кіріспе сөзі (қонақтарды таныстыру 5 мин)

  2. ата-аналар анкетасына талдау жасау (5-7 мин)

  3. тақырып бойынша сөз: маман немесе сынып жетекшісі (10-15 мин)

  4. ата-аналармен проблемаларды талқылау (20 мин)

  5. сынып жетекшісі сынып үлгеріміне талдау жасайды. Тек жақсы нәтижелерді айту.

Кездесудің қорытынды бөлімінде сынып жетекшісі ата-аналарға бірлескен жұмысы үшін алғыс айтады, болған кездесуден естелік алуға ұсыныс жасайды. Балаларының оқуында, тәртібінде кемшілігі бар ата-ааналардың қалуын өтініп, себебін бірге іздесіп, оны жою шешімдерін бірлесіп табуға ұсыныс жасайды.

Сынып бөлмесін әшекейлеуге ертерек дайындалу керек (шығармашылық жұмыстар көрмесін жасау, арнайы тақырыптық газет шығару, ата-аналарға лайық әдебиеттерді, тақырыпқа сай балалар шығармаларынан, өлеңдерінен үзінділер таңадап алу)

Бала мектепке алғаш келгенде-ақ әрбір отбасына қағазға басылып, әдемі әшекейленген, отбасылық тәрбиенің негізгі ережелері түсінікті етіп жазылған «Ата-аналарға жаднама» табыс етілуі керек.

Ата-аналарға сауалнама:

Қолыңыздан келе ме:

  1. кез келген сәтте бар жұмысыңызды тоқтатып, тек баламен айналысу?

  2. жасына қарамастан, баламен ақылдасып отыру?

  3. балаға байланысты жіберген кемшілігіңізді өзіне мойындау?

  4. қателескен болсаңыз, баладан кешірім сұрау?

  5. баланың қылығы шектен шығып кетсе де сабырлы қалпыңызды сақтап қалу?

  6. өзіңізді баланың орнына қойып көру?

  7. бір сәтке болса да өзіңізді қайырымды періште немесе көркем ханзада деп сенуге?

  8. өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсететін, тағлым аларлық бабалық кезіңізден бір оқиғаны айтып беру?

  9. баланың көңіліне келуі мүмкін ызалы сөздер мен дауыс көтеруден тыйылу?

  10. бала не істегісі келсе соны істейтін, бірақ сіз ештеңеге араласпайтын бір күнді белгілеу?

  11. егер балаңыз жолдасын, құрдасын ұрып, итеріп жіберсе, немесе жазықсыз жәбірлесе көңіл аудармай қою?

  12. баланың тілегі қисынсыз болса көз жасына да, қыңырлығы мен өтінішіне де құлақ аспай қою?

Оқу жылының соңында мектеп өмірінің жақсы жақтарымен қатар жағымсыз құбылыстарын да анықтау үшін сауалнама жүргізуге болады.

Сауалнама әрбір мұғалімге қойылады:

  1. сіз мектептегі қандай жақсы құбылысты атар едіңіз?

  2. сіз қандай теріс құбылысты байқадыңыз? Оны қалай өзгертуге болады?

  3. қандай проблемалар бар және оларды қалай шешуді ұсынасыз?

  4. сіздің ойыңызша, қандай мәселелерді педкеңес мәжілістерінде, психологиялық-педагогикалық семинарларда, директор алдындағы жиналыста щешу қажет деп ойлайсыз? Қандай мәселе бойынша сіз сындарлы ұсыныстар жасар едіңіз?

  5. өзіңіздің педагогтік шеберлігіңізді жетілдіру үшін сіз не істер едіңіз?

әкелетін Отбасылық тәрбиенің тоғыз парызы: (ата-аналар жиналысынан кейін ата-аналар қолына беруге болады)

  1. Балаңыз қандай болса, сол күйінде қабылдаңыз. Табиғат баланы өте кірпияз әрі күрделі етіп, баланың тұқым қуалаушы гендік жиынтығында оның тікелей ата-аналары ғана емес, ондаған, жүздеген бабаларының сапалары мен қасиеттерін аралас пайдаланады. Сондықтан да бір отбасында көркем

  2. Өз қалауыңызға орай оларға ешқашан бұйырып сөйлемеңіз. Баланың өміріне үнемі араласа беру қауіпті. Жоқтан өзгеге баланы діңкелете беру-оны топастандырып жібереді. Ұзамай ол күрделі әрекетті ұсақ-түйектен айыралмай қалады. Сонымен қатар олардың кінәсін кешіре беруге де болмайды, өйткені бала өз кінәсінің жағымсыз салдарын түсінбей кетеді. Балаға қатесіне өкіну, теріс қылығына өзін кінәлі сезіну пайдалы, кейін біріншісін екіншісінен айыра білуге, қателесуден және кінәлі болудан қорықпауға үйренеді.

  3. Шешімді жалғыз қабылдамаңыз. Шешімді тек ата-аналар арасында келісім болғанда ғана қабылдау керек. әке мен шешенің тең дәрежеде тыйым салу құқығы бар. Мектеп жасына жеткен баланы да отбасы істерін талқылауға қатыстыру керек. Біртіндеп олар отбасылық кеңесте кеңесші ғана емес, шешуші дауыс құқығын да иеленуі керек.

  4. Ата-аналардың мінез-құлқы-бала тәрбиесіндегі басты фактор. Әсіресе отбасындағы дау-жанжалдың зияны көп: одан балалар үлкендерден гөрі көбірек залал шегеді. Жеке бастың үлгісі –түсіндірудің ең жақсы жолы. Егер әкесі темекі шегетін болса, өсіп келе жатқан балаға темекі тартуға тыйым салу қиын. Егер анасы салақ әрі талғамыз киінетін болса, қыз баланың тап-тйнақтай болып өсуі күмәнді. Бұл туралы Лев Толстой былай деп жазған: «біз өзімізді емес, балаларды тәрбиелейтін болсақ, тәрбие күрделі әрі қиын болып қала береді... Егерде өзгелерді өзің арқылы тәрбиелеу керектігін түсінсең, тәрбиелеу жайлы мәсележойылып, өзің қалай өмір сүруің керек деген сұрақ қана қалады. Егер әке, шеше тамақтану, киінуде қарапайымдылықты сақтап, жұмыс істеп, білімін жетілдіретін болса, балалар да соны жасайды... Тәрбие деген өзің жақсы өмір сүру, яғни жақсы жүріп-тұруға ғана келіп тіреледі, адам тек осынысымен ғана өзгелерге әсер ете алады, өзгелерде, өздеріне қарап өсетін балаларды тәрбиелейді.»

  5. Не нәрсежайлы да қорықпай сөз етіп, сізге қарсы қитұрқы сұрақ қойғандарға да сеніммен қараңыз. Балалармен әңгімелесіңіз, оларды өз жұмысыңызды, үй жұмыстарын, ақша жайлы, алда тұрған демалыс жайын талқылауға тартыңыз. Дауласыңыз, бірақ оларды құрметтеңіз, балаларға деген көзқарасыңызды өзгертпеңіз. Олардың сіздікінен бөлек болса да ақылды өзіндік көзқарастары, өз сенімдері барына қуаныңыз. өзіңіздің қатеңізді мойындай біліңіз. Отбасы-баланы әлеуметтік өмірге бейімдейтін алғашқы тәжірибе орны.

  6. Балаларға сыйлық жасауда артық кетуге жол бермеңіз. Көбіне балалар жарнамаға елігіп, қыр соныңыздан қалмай қояды. Ақырында ата-аналар олардың бетін қайтаруды ұмытады, ал бетін қайтарудың пайдасы зор, өйткені керексіз артық нәрседен қажеттіні айыра білуге үйретеді. Артық сыйлық жасау баланы қоғамға қатысты жатыпішерлікке баулиды. Қоғам сыйлық жасамайды-оған адал еңбегіңмен қол жеткізуің қажет. Бұған В.А. Сухомлинский де баса назар аударған болатын.ол бала көзін ашып, есін жиысымен-ақ оған үнемі бірдеңе керек болып тұратынын атап көрсеткен. Қажеттілік-адам өмірінің қозғаушысы. Қажеттіліктен тілек пайда болады. Бала кезінде өзінің тілегін ауыздықтап үйренбеген, оның адамгершілік қажеттілігі мен негізделуін бастап өткермеген бала әлеуметтік сенімсіз болып өседі, ол қоғамдық талаптармен қайшылыққа түседі. Сәби шағынан тұтынушылық бақытқа еркін шомылып өскен бала оқуға ынтасыз болады. Содан кейін одан да қорқынышты қатер-еңбек етуге құлықсыздық бой көрсетеді. Қазіргі кезде адамзат басынан көшіріп жатқан дағдарыс адамдардың өз қажеттіліктерін реттеуге, экологиялық және адамгершілік дағдарысқа алып келетіндерін ауыздықтауға үйренбегендігінен деуге болады.

  7. Қандай да бір қиындық туа қалса, оны балаға түсіндіріп, бірлесе жеңу керек. Отбасындағы міндеттерді бөлісіп атқарған жөн. Анасы үйдегі қызметші емес екенін бала түсінуі тиіс. Баланы тазалыққа ерте жастан әдеттендірген дұрыс. Үй жинаудың белгілі бір ережелерін жасап, оны барлық отбасы мүшелері қатты сақтауы керек. Күн тәртібі сіз үшін де, балалар үшін де орында, мақсатты болғаны жөн. Егер сіз балалардың белгілі бір сағатта түскі асқа жиналуын талап ететін болсаңыз, олар мұндай тәртіптің тамақ дайындау және тамақтан кейін ыдыс-аяқты жинау жұмысын жеңілдетуге, ең бастысы отбасы мүшелері түгел жиналып, өз ойларын, сезімдерін бөлісу үшін қажет екендігін түсінуі тиіс. Егер сіз балалардан желінбеген тамақ қалдырмауды талап ететін болсаңыз, олар мұның ата-аналар ақшасына сатып алынған азық-түлікті ұқыпты пайдалану арқылы олардың еңбегін құрметтеу екенін ұғынуы тиіс.

  8. Үйіңіздің есігі ашық болсын. Бала өзін байлаулы сияқты сезінбесін. Үйдің есігін оның достарына ашық болсын. Балаларға сенім білдіру керек, бірақ олар да еркіндікке үйренуі тиіс, бұл оңай нәрсе емес. Балаларға іс-әрекет, достар таңдау еркіндігіне жауапкершілік сезімі қалыптасуына көмектесу керек. Егер отбасында бір-біріне қайырымдылық, құрметтеушілік қарым-қатынас орнаған болса, ата-аналар тыйымға жүгінбей,сыпайы кеңес берумен шектеліп, барлық отбасылық және балалардың істерін бірлесіп талқылайтын жерде балалар ата-аналарынан ештеңені жасырмайды, ал олар балаларын ойсыз әрекеттерден дер кезінде сақтандырып қала алады.

  9. Дер кезінде шеттей біліңіз. Әрине, балалардың туған ұясын тастап шығуы қашанда мұң шақырады. Бірақ оған кедергі жасамаңыз. Өйткені отбасы міндеттерінің бірі-баланың бойындағы бар жақсылықты анықтап, оны дамыту және қоғам иелігіне ұсыну ғой. Ата-аналарынан дербес тіршілікке бөлініп шыққан бала ешқашан таусылмайтын жаңа өмір циклін бастайды.

Қарым –қатынас мазмұны мен формалары оқу жылының басында ата-аналар мен балалардың бірлескен әрекетін жоспарлау процесінде анықталады. Сынып жетекшісінің басты міндеттерінің бірі-отбасының бірлігіне, ынтымақтастығына ықпал ету, ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын орнықтыру, бала үшін қолайлы жағдай жасау. Балаңызға отбасылық тәрбие беру ісінде сіздің еңбегіңізге табыс тілейміз. Ол сізге тек қана қуаныш пен бақыт болсын.



Сынып жетекшілерінің портфолиосы

  • оқушылар тізім

  • өткен оқу жылына талдау

  • сынып ұжымына психологиялық және педагогикалық мінездеме

  • сынып оқушыларына жеке психологиялық және педагогикалық мінездеме

  • сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері

  • сыныптың статистикалық мағлұматтары

  • сынып белсенділері

  • сыныптың пән бойынша үлгерімнің диагностикалық картасы

  • жетекшілік ететін сынып сабақтарына қатысу графигі

  • сыныптың әлеуметтік төлқұжаты (көа балалы, аз қамтылған, жартылай жетім, оралман, қамқорлықтағы оқушының тізімі, «қиын» бала)

  • тәрбие жұмысындағы негізгі бағыттар және оның модулі (сынып үшін жасалған тәрбие жұмысының модулі)

  • ата-аналармен жұмыс

  • оқушылардың үйірме, секцияларға қатысуы

  • оқушылар жөнінде мәлімет (нұсқасы өз қалауы бойынша жасалуы мүмкін)



Тәрбие сағатын талдау схемасы

  1. тақырыптың көкейтестігі, тәрбиелік мәні, мақсаты, оқушылардың қызығушылығына, жас ерекшелігіне сәйкестілігі

  2. тәрбие сағатын ұйымдастырушының аты-жөні

  3. тәрбие сағаты қай сыныпта, қандай мектепте өтті?

  4. тәрбие сағатының формасы (кеш, конференция, пікірталас, әңгіме, жиын, жиналыс)

  5. тәрбие сағаттарының міндеттері өткізіліп отырған сынып ұжымының мүддесіне сай келе ме?

  6. тәрбие сағатына дайындық өткізу кезеңіндегі оқушылар, сынып активі және ұйымдастырушының белсенділік деңгейі қандай?

  7. тәрбие сағатын өткізу барысында қолданылған әдістер, көрнекіліктер, техникалық құралдар, музыкалық шығармалардың маңызы, оларды қолданудағы сынып жетекшілерінің шеберлігі қандай?

  8. тәрбие сағатының мазмұны оның тақырыбы мен мақсатына сай келе ме?

  9. тәрбие сағатының жоспарында көрсетілген кезеңдердің жүйелік, бірізділік принцпі сақталған ба?

  10. тәрбие сағатының өту барысында аудиториялық көңіл күй қандай болды?

  11. тәрбие сағаты сынып ұжымына қалай әсер етті? Себебін көрсетіңіз

  12. тәрбие сағатын дайындау барысында қандай кемшіліктер болды? Алдағы уақытта ол кемшіліктерді қалай болдырмауға болады?

  13. тәрбие сағатында қолданылған көрнекіліктердің тартымдылығы, оқушылар ұжымына ықпалы қандай дәрежеде болды?

  14. келешекте осы сынып ұжымымен өткізілген тәрбиелік шаралардың мазмұны және бағыты қалай болуы керек деп ойлайсыз?

Мінез-құлық ауытқуларына бейім балалармен жүргізілетін психологиялық түзеу жұмыстарының ерекшеліктері

06.05.2011 Просмотров: 894 Комментариев: 2

Қазіргі нарықтық қоғамда оқушылар арасындағы ұлғайып кеткен тәртіп бұзушылық пен бұзақылықтың алдын қалай алуға болады деген мың сан сұрақтар, проблемалар туындап отыр.
Бұлардың бәріне шешім табу, оқушылардың әр жас деңгейіндегі психикалық даму мүмкіндіктерін анықтау, белгілеу және дер кезінде көмек көрсету мектеп психологының ең негізгі міндеттерінің бірі.
Сондықтан, мектеп психологтары психологиялық анықтау жұмыстарын дер кезінде және білікті түрде жүргізуі қажет.
Психологиялық анықтау нәтижесі бойынша жүргізілетін түзеу жұмыстары мақсатты түрде және ұзақ мерзім бойында, әртүрлі адекватты әдістемелерді қолдану арқылы орындалады.
Эмоционалды ерік аясы бұзылған балалардың мінез құлқындағы ауытқуларды түзеу жұмыстары барысында шағын бағдарламалар қолданылады. Бұл бағдарламалар балалардың бойында қоршаған ортаға деген сенімділікті қалыптастыруға, өздігімен басындағы мәселені шеше білуге , эмоционалдық реакцияларын дұрыстауға, мінез-құлық стереотиптерін жоюға, «мен» бейнесінің үйлесімді болуына үйретеді.
Түзету жұмыстары барысында келесі әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады:
1.Мінез-құлық бұзылуы және тұлға аралық қарым-қатынастың бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер
-гештальттренинг, арттерапия, психодрамалық әдістер: әсіресе «айна» техникасы мен рольдерді ауыстыру әдісі.
-рольдерді ауыстыру арқылы агрессивтікті азайтуға арналған тренингтер.
-кеңестер беру,әңгімелесу. Мінез- құлық түрлері және олардың акцентуациясы туралы әңгімелесу.
-кәсіптік бағдарлау- бағыттау бойынша жүргізілетін жаттығулар мен ойындар.
2.Коммуникативтік аясының бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер
-өзін -өзі бағалауды көтеруге бағытталған тренингтер
-қарым-қатынас тобын ұйымдас-
тыру арқылы тілдің коммуникативтік жағын дамыту
-күнделікті мәдениеттану сабақтарын өткізу
-жеке тұлға типологиясы бойынша және конфликтер түрлері бойынша әңгімелесулер,лекциялар өткізу
-жеке кеңестер өткізу.
3.Оқыту процесінің бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер
-мектептік тақырыпта ойын тренингтерін жүргізу,осы тақырыптар бойынша рольдер ауыстыру арқылы психодрама ұйымдастыру
-қарым-қатынасты жақсарту тренингтері
-өзін-өзі бағалауды көтеруге және үрей, қобалжу күйлерін азайтуға бағытталған тренингтер
-топтық басқару, кәсіптік таңдау туралы әңгімелесу,кеңес беру.
4.Қаңғырып кетіп қалуға бейімділікті түзеуге бағытталған әдістер
-өзін-өзі бағалауды көтеруге бағытталған тренингтер
-рольдерді ауыстыру психодрамасы
-жанұялық тақырыптағы «айна» техникасы
-қарым-қатынасты жақсарту тренингтері
-қобалжу және өзін-өзі кінәләу сезімін жоюға арналған жеке жұмыс-
тар
-оқыту тренингтері
-жеке тұлға типологиясы бойынша және конфликтер түрлері бойынша әңгімелесулер,лекциялар өткізу
5.Ата-анамен қарым-қатынастың бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер
-өзін -өзі бағалауын көтеруге бағытталған тренингтер
-ертегілер материалында жүргізілетін «психологиялық театр» әдісі
-қарым-қатынасты жақсарту тренингтері
-жанұядағы қарым-қатынас түрлері туралы әңгімелесу,пікір таластыру
-жеке түрде дараланған кеңестер беру
-бала мен ата-ана бірлескен топтық тренингтер
6.Эмоционалдық аясының бұзылуы
-қобалжуды азайтуға,жоюға бағытталған тренингтер
-релаксация және өзін-өзі басқару дағдыларына үйрету
-арттерапия
-агрессивті күйді шешуге бағытталған белсенді ойындар мен жаттығулар
-қорқыныш сезімін жоюға бағытталған ойын терапиясы
-психогимнастика
Психологиялық түзеу жұмыстары барысында тренингтердің алатын орны ерекше. Тренинг барысында талданатын мәселелер күнделікті өмірде кездесетін қарапайым мәселе болуы керек. Мысалы: мектепте сені не толғандырады? Ата-аналармен қарым-қатынаста қиындық неліктен туындайды? Неге біз көп ашуланамыз? Өз бойымызда қандай жағымды қасиеттерді дамытқымыз келеді? т.с.с.
Сонымен қатар тренингтер барысында қатты әсер,сезім туғызатын және кері байланыс туғызатын жаттығулар қолданылады. Тренинг кезінде психолог әр баланы толығымен тануға мүмкіндік алады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде топтық ұйымшылдық артады, балалар арасындағы кикілжіңдер азаяды, өз құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынасы жақсарады. Жалпы айтқанда тренинг жұмыстарынан кейін көптеген жағымды нәтижелер көрініс береді.

Designed by Web Design Services.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Тренинг-сабақ "Өмір бір-ақ рет беріледі"

Автор: Тнымбаева Кумис Арабековна

Дата: 17.02.2017

Номер свидетельства: 392810


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства