kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ына арнап ??рал?ан т?рбие са?атыны? жоспары. О?ушылар?а б?л та?ырыпта к?птеген м?ліметтер жина?ы ?амтыл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы"»

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебі



















Ашық сабақтың тақырыбы:

«Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл»

























Астана 2015 жыл

Күні:

Тақырыбы:

Сыныбы: 3 «Б»

Сабақ мақсаты: Қазақ халқының қалыптасуының маңызын түсіну, құрамын білу, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын түсініп,хандардың ерлік істерін үлгі ету.

Міндеті:

1. Қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының құрылуы туралы түсінік беру.

2. Қазақ хандарының ерлік істеріне тоқталу арқалы елжандылыққа,ерлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

3. Оқушылардың ізденімпаздық және тарихи оқиғалар, құбылыстарды салыстыра білу,өз ойларын еркін жеткізе алу дағдыларын дамытуды жалғастыру.

Негізгі ұғым: Қазақ атауының шығуы. Қазақ жүздері. Қазақ хандығы, хандықтағы әлеуметтік топтар.

Ресурстар: Презентация, компьютер, стикер, оқулық, карта, гүлдер.

уақыт

Жұмыс түрі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы әрекеті

2 мин

 

1.тренинг  «Гүл теремін...»

сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру

 

Оқушыларды қатар

жасап бір-біріне қарап тұруға шақыр-ады

 үстелден бір гүлден алады,

тілек айтып бір-біріне ұсынады

10 мин

2. Тақырыпты қысқаша түсіндіру

 Қазақ халқының өмірі мен тұрмысын,картадан негізгі өмір сүрген аймақтарын көрсетеді.Хандық құрылған аумақты көрсетеді.

картаны қолдана  отырып түсіндіреді

тыңдайды

 

8мин

3.Мәтінмен жұмыс:Жұмыс дәптері Мәтінді пайдалана отырып, торкөздерді толтырады. №1,2тапсыр-

малар

 

Бақылайды

 

 

Мәтінді оқиды,

торкөздерді толтырады.

5мин

4.Картамен жұмыс: слайд.

Картаны пайдаланып Қазақ жүздері-нің мекендеген жерлерін анықта

Қадағалайды,

Анықтайды,

кескін картаға

түсіреді.

2 мин

5. сергіту сәті «Билеп тұрған адам»

 

 

5 мин

6.мәтінмен жұмыс:

Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтарды анықтау

Бағыт-бағдар береді,

бақылайды

бір-біріне көмек-тесіп табады.

4 мин

7.проблемалық жағдай: 

Білімпаздар бөлімін оқы,хан сайлау

дәстүрі мен қазіргі сайлаудың айырмасы қандай?

Тыңдайды,толықтыр-ады

Бірге ойланады,

жауап береді

6 мин

8. Сабақты бекіту: (қосымша№1)

Тарихи диктант

Бақылайды.

Жеке жауап бер-еді.

2 мин

9. Рефлексия :

«Екі жұлдыз,бір тілек»

 

Оқушыларға  стикер

таратады, жауаптары

алынады

 Әркім өз жауабын жазады

1мин

10. Бағалау:

 

Бағаны түсіндіреді,

қажет болса сұрақ-пен толықтырады

 

1мин

11.Үй жұмысы:тақырыпты оқу, оқу-лықтағы сұрақтарға жауап беру.

      

 

 

 

Қосымша№1

1.ұлы жүз тайпалары

4.қазақ   хандығына қоныс берді

2.Кіші жүз тайпалары

5.Шу мен Қозыбасы аймағы

3.орта жүз тайпалары

6.қазақ   хандығына негіз салды

Оқу реті:

1.Керей мен Жәнібек сұлтандар

2.Алғаш хандықтың Ту тіккен жері

3. Жетісуды билеген Есенбұға хан

4.Албан,суан, жалайыр, шанышқылы

5.қоңырат, уақ, арғын,қыпшақ

6.адай,жаппас, тама, алшын


Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cултандар туралы қазақша ашық сабақ Хандықтың құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды. 1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады.. Қазақ хандығының нығаюы. Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті – қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады. Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды: 1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді. 2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын. 3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды. Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті – Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр хан еді. 1468 жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілқайырдың қаза болуы қазақ хандығының ңығайуына және территорияның көлемінің кеңеуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде қиян-кескі феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының» шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Жәнібек бұдан 12 жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қоңысы Шығыс Дешті-Қыпшаққа қайта оралды. Қазақ хандары Әбілхайыр ханың мұрагерлеріне қарсы күресті. Олардың саяси қарсыластары- Ахмед хан мен Махмұд Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан мен сондай-ақ Ноғай одағын билеген мырзалармен одақтасып, бірге күрес жүргізді. Әбілхайыр ханың орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар бұл күресте мүлде жеңіліп, өлтірілді, ал Әбілхайырдың немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд султан Астраханға барып паналады. Әбілқайыр ханның мұрагерлермен күресте толық жеңіске жеткен қазақ хандығы Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті –Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп, қазақ хандығының территориясын әлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты. Алайда, Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани мен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Ол осы соғыстарда бірде Әмір-Темір әулетіне, бірде ноғай мырзаларына, ақырында Моғолстан хандарына сүйенді. XV ғасырдың ақырында Отырар Яса (Түркестан) Орхон, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниге қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Туркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігіне қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы султан Махмұд биледі. Қазақ хандары Дешті –Қыпшақты басып алуға умтылғандардың бірінен соң бірін жеңіп, өз иеліктерін едәуір ұлғайтты. Қазақ хандығының нығайюы Шайбани ханды Шығыс Дешті –Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігінен Мауараннахрға ығысуға мәжбүр етті. Ол 1500 жылы ондағы Әмір Темір әулетін талқандап, Мауараннахрды жаулап алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мауараннахрға енген көшпелі тайпалар бірте – бірте жергілікті отырықшы халыққа сіңіп, олардың тілі мен мәдениетін қабылдап, өздерінің бұрынғы Дешті –Қыпшақтағы өзгешіліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл көшпелі тайпалар Дешті –Қыпшақтан ала келген «өзбек» деген атау бірте-бірте Мауараннахрдың байырғы тұрғындарына жалпыласты. Бірақ олар «өзбек» деген аты болмаса, жергілікті халықтың тұрмыс- тіршілігіне ықпал жасай алмаған. XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті –Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында қолданылған «өзбек- қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Шығыс Дешті –Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды. Источник:

               Ашық сабақ

 

 

          Тақырыбы:

 

      «Қазақ хандығының құрылуы»

 

 

 

          

 Өткізген тарих пәні мұғалімі: Абдиев А.А.

 

 

  Новоселовка орта мектебі

7-сынып.              Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

                          

                              Қазақ хандығының құрылуы.

 

      Сабақтың мақсаты:

      1.Білімділігі: Ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін мекендеген қандас-туыс ру-тайпаларының өзара экономикалық,мәдени және саяси қарым-қатынастары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген тілектері нәтижесінде дүниеге келген тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылу тарихы оқушылардың білімдік сапасын арттырады. Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман-тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.

      2.Дамытушылығы: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру үшін сабақ барысында көрнекі құралдар пайдаланылып,пікір сайыстар ұйымдастырып отыру қажет.

     3.Тәрбиелігі: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу,өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

     Көрнекі құралдар: Қазақ хандығының және Қазақстан Республикасының карталары, Жәнібек-Керей портреттері, түрлі кестелер,карточкалар.

     Сабақтың түрі:Аралас сабақ (пікірсайыс,баяндама)

                                  

                                        Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу.

б) Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

 1.Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай дәрежеде еді?

         ХҮ ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы, Жетісу аймағында Моғол хандығы, Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілқайыр хандығы өмір сүрген.Олар жер және билік үшін бір-бірімен соғысып жатты.Оған қосымша Әмір Темірдің ұрпақтарыда қазақ жеріне шабуылдар жасап жағдай мүлде нашарлады.1428 жылы Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза табуы Ақ Орданың саяси жағдайын мүлде әлсіретеді.Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетеді.Тарихи деректерге қарағанда Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолыга алу үшін 20 жылға жуық күрес жүргізген.Ал Ақ Орданың мұрагерлері Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайырдың билігін мойындамады.Сұлтандардың алдарына қойған басты мақсаты өздерінің жеке ұлттық мемлекетін құру еді.Міне,Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы елдегі саяси жағдай осындай бытыраңқы, аумалы-төкпелі болды.

2.Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай қандай болды?

           Біртұтас ұлттық мемлекеттің құрылуының басты  бір белгісі оның халқының этникалық құрамы бірыңғай болуы тиіс.Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың тілі,ділі,діні,әдет ғұрпы,салт-саналары жағынан ұқсас келуі қажет.Хандықтар арасындағы талас тартысқа ру-тайпалар қарсы болып,елде наразылық туа бастайды.Олар өзара бірігіп,ел болуды көздеген жағдайлар жиі-жиі көрініс табады.Оны Әбілқайыр хандығындағы саяси бытыраңқылыққа қарсы болған ру-тайпалардың Жәнібек пен Керей сұлтандарға бірігіп, Жетісу аумағына ауып кеткен жағдайдане анық байқауға болады.Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы (қыпшақ, арғын, найман, керей, алшын, қоңырат, үйсін,  дулат, жалайыр, албан, суан т.б.) басты үш аймаққа шоғырланды.Олар Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу аймағы, Оңтүстік Қазақстанның Түркістан аумағында орналасты.Көрсетілген ру-тайпаларды ХҮ ғ. өмір сүрген Фазлаллах Ибн Рузбихан қазақтар,олар дүние жүзіндегі ең күшті, саны көп халық деп атаған.Аталған аймақтағы негізгі үш этникалық топ қазақ халқын құрады.

3.Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары жөнінде әңгімеле.

          Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті.Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас тартыстар тоқтамады.Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.

          Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін (хандығын) құрудың негізіг себептері мен алғышарттары еді. 

    ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.          

                                               Сабақтың жоспары:

а) Керей мен Жәнібек сұлтандырдың Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.

б) Қазақ хандығының аумағы мен халқы.

в) Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы.

   

         Отан тарихын игеру барысында оқушының тарихи танымын арттырып,отаншылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеуде жаңа тақырыптың маңызы зор.

1.Қазақ хандығының шаңырақ көтерудің негізін қалаушылар кімдер?

Осы жайында әңгімеле.

1-оқушы. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі елдегі бей-берекетсіздік еді.ХҮ ғасырдың орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болды.ХҮ ғасырдың басында Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде,өз мақсаттарына шебер пайдаланды.Сөйтіп Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпалардың көсеміне айналды.Қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш батсады. Сұлтандардың Жетісуға қарай ойысудағы басты мақсаты – Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру еді.Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне,Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.

        Моғолстан ханы Есен-Бұға Керей,Жәнібек сұлтандарды құшақ жайа қарсы алады.Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы – Шу бойынан қоныс бөліп береді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-Бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып,Қозыбасыға Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп,1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.

 2. Алғашқы Қазақ хандығының алып жатқан аумағы жөнінде не айтасыңдар?

2-оқушы. Хандықтың алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидің хабары бойынша Қозыбасы мен Шу аймағы еді.Бұл аумақ Жетісудың батысы,Қозыбасы тауы,атақты Үшқоңыр жайлауы қырғыз жерімен шектесетін.ХҮ ғ. аяғында қазақ хандығының жері солтүстігінде Балқаш көлінің Қаратал өзенінің құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген.Әбілқайыр ханығынан, Моғолстан хандығынан, Ноғай Ордасынан және Сібір хндығынан Қазақ хандығының құрамына ағылып келіп қосылушы қазақ тайпаларының саны ешқашан тоқтаған жоқ.Бұл жағдай Қазақ хандығының нығаюына және хандықтың жер көлемінің кеңейіп ұлғаюына ықпал етті.

3.Хандық халқының этникалық құрамы қандай ру-тайпалардан тұрды.

3-оқушы. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа,Алтайдан Каспий мен Аралға,Қараталдан Сырдарияға,Тянь-Шаньнан Қаратауға дейінгі кең байтақ,жазық даланы қоныстанған еді.Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін,қаңлы,қоңырат,қыпшақ,найман,керей,маңғыт т.б. көптеген тайпалар болды.Бұл тайпалар түркі дәуірінен кейін қазақ жеріндегі түркі тілдес тайпалармен бірігіп тілі,ділі,наным-сенімі жағынан бір-бірімен араласып кетті.Олар қазақ халқының біртұтас мемлекет болып құрылуына,оның ұлттық этникалық құрамына үлкен үлес қосты.Бұл тайпалар экономикалық әлеуметтік – мәдени жағынан бір-біріне толық сай келген этникалық топтар еді.

4.Алғашқы Қазақ хандығының көрші жатиқан елдермен қарым-қатынасы туралы не білесіңдер?

4-оқушы. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі Моғолстан ханы Есен-бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жайа қарсы алды?ХҮғ. басында Есен-бұға хан Жетісу мен Моғолстанның басқада аудандарын мазалай бастағңан ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.

      Жәнібек пен Керей хандар қырғыз халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатты.Тарихи аңыздарда қырғыздар өздеріне хан болу үшін Жәнібек ханның бір баласын сұрағаны айтылады.Бұл жағдай қырғыздар мен Моғол хандығының арасында қарама-қайшылықтың туындағанын,қырғыздардың Қазақ хандығымен жақсы қарым-қатынас жасаауға бет бұрғандығын байқатады.Қырғыздар мен қазақ ханы Тақырдың кезінде достық қарым-қатынас нығайды.

     Міне,жаңа құрылған  Қазақ хандығының алғашқы кезіндегі өзімен көрші жатқан басқа елдермен қарым-қатынастарының дамуы осындай дәрежеде еді.
  5.Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды?Елді кім басқарды?

5-оқушы.Жаңадан құрылған ҚАзақ хандығының тағына Шыңғысқанның ұрпағы болғандықтан,Керей,Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқылы болды.Бірақ сол кездегі орныққан тәртіп бойынша,хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар,жасының үлкендігі де ескерілген.Сондықтан хан тағына Керей отырып,билік тізгінін қолға алады.Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Жәнібек хан – Барақ ханның бел бласы, Керей хан болса Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы,яғни екеуі немере еді. Керей хан мен Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасыға Орда тігуі ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта үмітін жүзеге асырды. Керей хан хандықтың басқару ісін Жәнібекпен келісе отырып, ойдағыдай жүргізген.

  6.Алғашқы кездегі Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?

6-оқушы.   ХҮ ғ. екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс теуіп, Орда тіккен Жетісу жеріне 200 мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына мынандай тарихи міндеттер қойды:

1)Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру;

2)Шығыс және батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату;

3)Қазақ тайпаларының басын қосып, Қазақтың этникалық аумағын біріктіру.

7.ХҮ ғ. соңғы кезінде Қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды?

 7-оқушы.ХҮ ғ. аяғында – ХҮІ ғ. басында Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі саясим өмірде айтарлықтай тарихи оқиғалар болды. Моғолстан хандығы іс жүзінде бірнеше иеліктерге ыдырай түсті. Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілқайыр билігі жойылды. Қазақстан жеріндегі бір кезде әлемді дүр сілкіндірген Алтын Орда хандығы ыдырап, жаңа мемлекеттер – Сібір хандығы, Қазақ хандығы, Астрахань хандықтары тарих сахнасынан орын алды.ХҮ ғ. 70-жылдарында қазақ хандары  Сырдария бойымен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды. Нәтижесінде Қазақ хандығының жер көлемі әлде қайда ұлғайды, оған тұс-тұстан қазақ тайпалары келіп, қосылып жатты. Сыр бойындағы қалалар Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. Сондықтан қазақ хандары бұл қасиетті-қадірлі жерді басып алуға ұмтылғандарға жол бермеді.

8. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын қалай түсінесіңдер?

8-оқушы. Қазақ халқының тарихында Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының орасан зор маңызы болды.Біріншіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталы. Қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың ерте заманнан басталған өз алдына жеке тәуелсіз ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауды аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды.Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағымызды кеңейтті. Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. Бесіншіден, әлеуметтік экономиалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат,еркін елге айналды.

      

     ІҮ. Бекіту сұрақтары.

 а) Қазақ хандығы қандай саяси жағдайлар нәтижесінде дүниеге келді?

ә) Тұңғыш Қазақ хандығын құрған қай сұлтандар еді?

б) ХҮ ғ. Орта Азия жерлерінде қандай саяси жағдайлар қалыптасты?

в) Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс аударды?

г) Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

         Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде мұғалім пікір алысу тәсілін қолданып, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуде жағдай жасайды.Жәнібек пен Керей ханның жүргізген саясатына баға беру үшін «Жәнібек» сөзжұмбағын қолданамыз.

         Сұрақтары:  1. Қазақ хандығына енген рулардың бірі. (Жалайыр). 2. Шайбани әулетінен шыққан хан (Әбілқайыр). 3. ХІІІ-ХҮ ғ. ауызша поэзия өкілі (Асан қайғы). 4. Қазақстандағы жер атауы (Жетісу). 5. Қазақ хандарымен 30жыл соғсықан Орта Азиялық билеуші (Шайбани). 6. Жәнібекпен бірге Қазақ хандығының шаңырағын көтерген сұлтан (Керей). 7. Қазақтың қаласы (Түркістан).

          Тест алу. Оқушылардың Қазақ хандығының құрылуы тақырыбын қалай меңгергенін тексеру.

    Ү. Қорытындылау.

         Алғаш қазақ тайпаларының басын қосып, мемлекет құрған ұлы сұлтандар Жәнеібек пен Керейдің тарихи қызметіне бүгінгі күн тұрғысынан баға бере келіп, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жалғасын тауып отырған тәуелсіз идеясы мен оын жеңісті жолдары дәлел бола алады.Қазақ хандығының қалыптасу, даму, нығаю кезеңдерін өзара сабақтастықта қарастыра отырып, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының ішкі сыртқы саясатымен, парламентаризм жүйесімен ұштастырса, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың жүзеге асары сөзсіз.

    

     ҮІ. Оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру. 35-36 параграфты оқып келу.



Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі

тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес,

халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Абылай мен Тәуке ханның билік саясатына түсінік беру.

Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік құралдар: Карта, тірек схемалары, Абылай, Тәуке портреттері, әр түрлі кестелер.

Сабақтың түрі: Қайталау, қорыту сабағы

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, зейінді сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Мұғалімнің сөзі: Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарының бірі - Әбілхайыр хандығындағы ру – тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі дағдарыстар, хан ұрпақтарының билік үшін таласы, ойрат тайпаларымен соғыста жеңіліске ұшырауы - халық бұқарасының Әбілхайыр ханға наразылығының өрши түсуіне себепші болды. Сонымен қатар феодалдық езгі мен қанау бұқара халықты ауыр күйзеліске ұшыратты. Көшіп - қону тәртібі жиі бұзылады. Халық бейбіт өмірді аңсады. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайда дер кезінде, өз мақсат - тарына шебер пайдаланды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларының көсеміне айналып, қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Моғолстан ханы Есен - бұға Керей мен Жәнібекті Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алды. Оларға Шу бойынан қоныс бөліп берді.

1465 - 66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды. Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды.

Қазақ мемлекетінің ХVI - XVII ғғ. әлеуметтік - экономикалық жағдайы бір қалыпты болды. Қазақ хандығының құрылымы 7 сатыдан қаланды: ауыл – ауыл басы, ата - аймақты - ақсақал, руды - рубасы, арысты - би, ұлысты - сұлтан, жүзді - хан, хандықты - қаған басқарды.

Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көптеген хандар билік басына келіп өз саясаттарын жүргізді. 1680 - 1715 жж. Хан тағына Тәуке отырды. Ол талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды, «Жеті Жарғы» атты заң жинағын құрастырды. Абылай хан 1771 - 1871 жж. Хан тағына отырды. Қоғамдық қайраткер, қолбасшы, дарынды саясаткер ретінде өзін көрсете білді. Барлық мәселені тек дипломатиялық қатынас арқылы шешті. Ұлтының азаттығы үшін күрескен, өз заманының азаматы.


Картамен жұмыс

1. Қазақ хандығының қай жерде және қашан құрылғанын көрсету.

2. Жәнібек пен Керей сұлтандар Қазақ хандығының шекарасын қай жерге дейін кеңейтуге ұмтылды.

«Тарихи үйірме» атты рөлдік ойын

Сынып екі топқа бөлінеді. 1 - топ Тәуке, 2 - топ Абылай. Әр оқушының атқаратын рөлі болады:

1. Реттеуші – ұйымдастыру(Әр оқушыға сөз беріп отырады).

2. Баяндаушы – топта өткен ой талқысын мұғалімге айтып береді.

3. Бейнелеуші – ол ханды көз алдына қалай елестейтінін, соны сурет арқылы бейнелеп, мінездеме береді.

Абылай хан тобы: ұстамды, жауына қатал, досына адал, қолбасшы, қаhарлы адам.

Тәуке хан тобы: дипломат, данышпан қолбасшы, ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға.

4. Сұрақ қоюшы – ой талқысы болған кезде сұрақтарды қояды.

Абылай хан тобы:

1. Абылай ханның ата тегін ата?

2. Абылай ханның XVIII ғ. әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткері, дипломат болғанын қалай дәлелдеуге болады?

3. Әбілхайыр ханның билігінің әлсіреуінің басты себебі не болды?

4. Қазақ тайпалары Әбілхайыр ханға неліктен наразы болды?

5. Моғолстан ханы Есен - бұға қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керейге қай жерлерден жер бөліп берді?

Тәуке хан тобы:

1. Жеті жарғы қандай заң?

2. Жеті жарғы заңы неше тараудан тұрады?

3. Ұрлық жасағандарға қандай жаза қолданылды?

4. Моғолстан ханы Есен - бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жая қарсы алды?

5. Керей мен Жәнібек хандарының туыстық жақындығы қандай?

6. Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы қандай шаруашылық болды?

7. Қазақ хандығының құрылуының, нығаюының тарихи маңызы қандай?

5. Із қуушы – оқушы даталар бойынша жұмыс істейді.

Абылай хан тобы: 1711 - Абылайдың туған жылы.

1742 жыл Абылайдың Жоңғарларға тұтқынға түсуі.

1771 жыл Абылайдың хан болуы.

1757 - 1777 жж. Пекинге 10 елшілік жіберген.

Тәуке хан тобы: XVII - XVIII ғ. Жеті жарғы заңы шығарылды.

1687 - 88 ж. Орта Азиямен сауда дамытты.

1686 - 1693 жж. орыс - қазақ қатынастарын дамытты.

1718 жыл Тәуке хан қаза тапты.

6. Дәнекер – қазіргі өмірде осы қайраткерлердің алатын орны. (ескерткіштер, кітаптар).

Абылай хан тобы: Абылай хан ескерткіштері Астанада, Алматыда, Қарағандыда орналасқан. Қасиетті Түркістан қаласында 2000 жылы Н. Назарбаевтың пәрменімен Абылай ханның басына орнатылған құлпытасқа М. Жұмабаевтың:

Қиын күн туған алаш басына,

Шұбыртып жапанның сар даласына.

Күндерде сонау – қара топсырған ел.

Сол күнде ел қорғаған Абылайдың

Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына,- деген өшпес өлеңі жазылған.

Тәуке хан тобы: М. Жұмабаев «Түркістан» деп аталатын әйгілі өлеңінде құқық жүйесін жүйелеу ісінің күрделі, қиын және маңызының тарихта зор болғанын былайша суреттейді:

Әділ хан аз болды Назардайын,

Алашқа Есімханның жолы дайын,

Тәукедей данышпан хан құрған екен,

Басында Құлтөбенің Құрылтайын.

Қ. Байболұлының «Төле бидің тарихы» деп аталатын әйгілі дастанында да «Жеті жарғы» туралы айтылады.

7. Іздеуші – оқушының рөлі тақырыптан тыс мәліметтер, деректер келтіру.

Абылай хан тобы: Абылай сонымен қатар күйші болды. Күйлері: «Ақ толқын», «Дүние қалды», «Қайрат елім», «Қоржын қақпай», «Майда жел», «Сары бура».

Абылай жетпіске келіп дүниеден өтер кезде Бұхар жырауды шақырыпты.

Сонда Бұхар жырау Абылайдан былай деп сұрапты: «Не арман – тілегіңіз бар» деген екен?. Жауабы: Абылай жыраулармен мақұлдаса келе, үш арманын айтқан екен:

1. Көп қан төгілді. Мен төкпесем, дұшпан менің қанымды төгетін болды.

2. Халқым жер емшегін еме алмады, қала кент салғызып үлгермедім.

3. Елдің басы бірікпеді, тентегі телесі көп болды.

Тәуке хан тобы: Ақылы асқан Әз - Тәуке хан бұл дүниеден өтер кезде: «Қазақтың ұраны бірлік» деп көзін жұмған екен.

Тәуке ханның елшісі, әрі кеңесшісінің бірі болған Қожаберген жырау «Жеті жарғының» пайда болуы – хақында былай дейді:

Шығайдан соң орнына Тәуке қалды,

Кезінде Әз - Тәуке деп атақ алды,

Қазыбек, Төле, Әйтеке ақылшы боп,

Дейтұғын «Жеті жарғы» заң шығарды.

8. Жазушы – Абылай, Тәуке ханға арнап өлең жолдарын шығару.

9. Сілтеме жасаушы – осы тақырыпта қызықтырған оқиғаларды, мағлұматтарды келтіру.

10. Сөз тапқыш (Осы адамдар туралы мақал - мәтелдер, нақыл сөздер келтіреді).


Сөзжұмбақ шешу:


1. Абылай хан қазақтың қандай мемлекеттігін сақтауды көздеді?(Алаш)

2. Орта жүз ханы (Әбілмәмбет)

3. Үш жүздің өкілдері қол қойған тау аты қалай аталады?(Ұлытау)

4. Қазақтың соңғы ханы? (Уәлихан)

5. Үш жүздің бірі қалай аталады? (Орта)

6. Қазақстандағы өзен аты? (Жайық)


«Анаграмма»

анх, баыалй, әуек, натсул, кейер, аыср, кылса, нғсыыш.


Тарихи сынақ хат


Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарының бірі -................. хандығындағы ру - тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі дағдарыстар,.............. ұрпақтарының билік үшін таласы.

............. сұлтандар қазақ тайпаларын бастап, қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс........... көш бастады. Моғолстан ханы.............. Керей мен Жәнібекке.......... өзеннің бойынан қоныс бөліп берді............. жылдары Қазақ хандығын құрды. Хан тағына.............. отырды. Қазақ хандығының құрылымы........... сатыдан қаланды. Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы.............. шаруашылығы болды.


Қорытынды:

Тақырыпты қалай меңгергенін білу үшін, шығу парағын пайдаланамыз. Әр оқушыға шығупарағы таратылады, сол параққа олар бүгінгі тақырыптан не түсінді, барлығын қағазға жазып, тақтадағы ілініп тұрған конвертке апарып салады.

Бағалау. Жеңімпаздарды анықтап, баға қою.

Үй тапсырмасы: «Егер мен хан болсам.....» деген тақырыпта ой толғау жазу.





Қазақ хандығының құрылуы

Жарияланды 7-04-2013, 18:46 Категориясы: Тарих

Қазақ хандығының құрылуы.

Сабақтың мақсаты:

1. Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;

2. Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру;

3. Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін - жерін қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ойын элементтері, «Алтын қақпа» ойыны

Көрнекілігі: видеопроектр, карта, суреттер, сызба - нұсқалар


І. Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты 3 топқа бөлу.

І топ. «Хандар»

ІІ топ. «Батырлар»

ІІІ топ. «Билер»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Алтын қақпа» ойыны

Тас қақпаның сұрағы:

Күміс қақпа

Алтын қақпа


«Хандар» тобына Рухани мәдениетке не жатады?

Қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарған ру - тайпалар?

Әбілқайыр хандығының әлсіреу себебі?


«Батырлар» тобына

ХІҮ ғ сәулет өнерінің ескерткіштері?

«Қазақ» сөзі қай ғасырда этникалық мағынаға ие бола бастады? Қазақ хандығының құрылуына қандай факторлар әсер етті?


«Билер» тобына

Шыңғысханның ұлыстары?

Қожа Ахмет Иассауи кесенесін кім және қандай мақсатпен салдырды салдырды?

ХV ғасырда қандай мемлекеттер өмір сүрді?


ІІІ. Жаңа сабақ

Өткен сабақпен байланыстыру

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14 - 15 ғғ. болған әлеуметтік - экономикалық және этникалық - саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Әсіресе Әбілхайыр (1428 - 1468) Жошы - Шайбан - Дәулет - Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді.

1457 ж. Үз - Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деген өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.

Қазақ хандығының құрылуына себеп болған тағы бір жағдай Қыпшақ Қобыланды батырдың Арғын биі Ақжолды өлтіруі болды.


1466 жылы Жәнібек пен Керей Қозыбасы жерінде Қазақ хандығының негізін қалады.

Шыңғыс хан - Жошы хан - Тоқай Темір - Өз Темір - Қожа – Бәдіғұл - Орыс хан

Тоқтақия

Болат Құйыршық

Керей Жәнібек

Қазақ хандығы

Ақсүйектер Қарасүйектер

Видеопроектр арқылы суреттер көрсету.


Топтарға тапсырма беру.

І топ. «Хандар»

Қазақ хандығының құрылу процесі

ІІ топ. «Батырлар»

Қазақ хандығының аумағы мен халқы

ІІІ топ. «Билер»

Қазақ хандығының сыртқы саясаты

(Электронды оқулықтан картаны көрсету)


ІV. Бекіту кезеңінің сұрақтары:

1. Венн диаграммасы

«Хандар» тобы Керей мен Жәнібекті Н. Назарбаевпен салыстырады

«Батырлар» тобы Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады

«Билер» тобы Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыстырады

2. Ой - толғау

«Хандар» тобы ханның рөлі

«Батырлар» тобы батырлардың алатын орны

«Билер» тобы билердің рөлі

3. Математикалық ойын

4000/2 - 532= (Әбілқайыр ханның қайтыс болған жылы)

400х3+148= (Моғолстанның құрылған жылы)

2800+105 - 1500= (Әмір Темірдің қайтыс болған жылы)

728х2+0= (Қазақ хандығының құрылған жылы)

4000+221 - 3000= (Шыңғысханның Орта Азияны жаулауды аяқтауы)

500х2+395= (Тоқтамыс пен Темірдің шешуші шайқасы)

3800/2 - 91= (ҚР - ның Тәуелсіздік алған жылы)


V. Қорытындылау

Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.


VI. Үйге

1. Қазақ хандығының құрылуы процесін сызбаға түсіру

2. Атластағы кескін карта тапсырмасын орындау

3. Керей мен Жәнібек хандар туралы реферат жазу

VII. Бағалау




Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (I бөлім)

Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба  деректердің  бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда  сол кездегі саяси жағдайға байланысты  Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз  еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.
Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының  негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына    1457-жылдан кейін Керей  мен  Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне  қоныс аударуы мұрындық болды. 
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған  қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары  (1465—1466)  билей бастады...».
Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері,  Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді.  Ежелден осы алапты мекендеген  тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті.  Әбілхайыр хандығындағы аласапыран   соғыс салдарынан күйзелген  қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле   бастады.  Мұны көрген  Дешті-Қыпшақ  қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп  жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі  әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының,  Моғолстанның,  Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал   Әбілхайыр хан  болса өзіне қарсы   шығып,  Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген  тайпалардың  ағылып барып жатқанына  азуын  басып,  қылышын  қайрап отырды.  
Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына,  яғни  батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы   кең   өріс-қонысты   керек  етті. Сонымен қатар   көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария   жағалауыңдағы   қалалармен   сауда-саттык  қарым-қатынасқа   қолайлы жағдай жасау  маңызды мәселеге айналды. Бұл  қарым-қатынастьң  оңалуына тек  көшпелі ел   ғана емес   отырықшы аймақтардағы  халықтар да  мүдделі болды.  Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында  үлкен тарихи міндеттер тұрды.  
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді). 
2. Шығыс пен батыс  сауда керуен жолы үстіне  орнаған  Сырдария  жағасындағы  Сығанақ,   Созақ, Отырар, Яса  (Түркістан)   т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді. 
3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық  территориясын 
біріктіру.
Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ  жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан  біріге отырып  қорғануға  мүмкіндік берді. 
1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын киратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайыр хан өлгеннен соң  өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының  нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды.  Өзбек ұлысының  үлкен бөлігі Керей  мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың  ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары - Ахмет хан мен Махмұд хан,  батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және  Ноғай  мырзалармен одақтаса отырып  күрес жүргізді.
Әбілхайыр ханның  мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты.    Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте  Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті - Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XY-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.
Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды  Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды.  
Сыр бойы  калалары үшін Қазақ хандары өте  қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның  немересі Мұхаммед Шайбани  Түркістан аймағына келіп,  Мұхаммед Мәзит Тарханды  паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан  Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы  — Созақ және  Сауран  қалалары  Қазақ хандығының  құрамына  кірді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы"

Автор: Ж?сіпбек Сабина Жалтынбек?ызы

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327136


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства