7. Хоккей
8. Пингвиндер
Ж?ргізуші:
Жарыс за?ы ежелден -
Же?імпазды аны?тау
Же?імпаз болу шарты сол -
Е?бектену, жалы?пау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта ?алады
Же?ілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымызды? шарттары бойынша ?орытынды шы?арып же?імпаздарды аны?тап, марапаттау с?з ?діл?азылар?а беріледі.
(?діл?азыларды? ?пайларын ты?дау)
І орын "?ыран" тобы (А?ниязовтар отбасы)
ІІ орын "К?к ту" тобы (?ожакелді отбасы)
ІІІ орын "Б?ркіт" тобы (Д?уленовтер отбасы)
Ж?ргізуші:
Уа, хал?ым назар аудар денсаулы??а!
?мірде ба?ыттысы? дені? сау да.
Денсаулы? тере? ба?ыт деген с?зді
??р айтпа?ан ?лы Абай данамыз да демекші
??рметті ?она?тар! Келгендері?ізге к?п-к?п рахмет.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Тола?ай" отбасылар сайысы »
Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайыс. Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Түрі: Эстафеталық ойын. Өтілетін орны: Мектеп спорт кешені. Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, шығыршық т. б. Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың. Жеңімпаз болу оңай ма, Арман болған талайға Болмасаң да ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті мұғалімдер және ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!Көңілді жарысқа 4Г ,4Д сынып оқушылары мен ата-аналарымыз қатысады. Жарысқа қатысатындарды шақырамыз Әр таңды бақытпенен атырамыз Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға Дәуленов, Қожакелді, Ағниязов отбасыларын шақырамыз. (әр отбасы орындарына келіп тұрады) Жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор. «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Ал, құрметті халайық! Жарысты енді көріңдер Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. 1. Тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші Қоңырбаева Лариса
7. Хоккей 8. Пингвиндер. Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді. Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз. «Бүркіт» тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін! «Көк ту»тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты Бәрін жеңіп шықты «Қыран»тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз. Сайыстың бағдарламасы
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден - Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол - Еңбектену, жалықпау Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады Жеңілгендер ренжімей Тараса бізге жарады демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. (Әділқазылардың ұпайларын тыңдау) І орын "Қыран" тобы (Ағниязовтар отбасы) ІІ орын "Көк ту" тобы (Қожакелді отбасы) ІІІ орын "Бүркіт" тобы (Дәуленовтер отбасы)
Жүргізуші: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сау да. Денсаулық терең бақыт деген сөзді Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.
№5 орта мектеп
"Толағай" отбасылар сайысы
Өткізген:
Бастауыш сынып мұғалімі-Берентаева Эльмира
Шалқар қаласы,2014 оқу жылы
"Толағай" отбасылық сайысы
Мақсаты: оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: • Дене шынықтыру залы тақырыпқа сай салтанатты безендірілген. • «Толағай» отбасы сайысы- сабақ тақырыбы баннерда жазылып ілінген • Сыныптың спорт жеңістері спорт жаңалықтары тақтасында жазылған. • Денсаулық туралы нақыл сөздер 1. Спорт- денсаулық кепілі. 2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. 3. Саулық-байлық негізі 4. Музыкалық аппаратура. Сабақта келесі әндер қосылды. • Азиада әнұраны • Анашым әкешім • Гимнастика әні
Барысы: -Ойын залына бірінші болып гимнаст қыздар - Олардан кейін каратист қыздар - 8 АВ сынып оқушылары ойын залында шеңбер өтіп есіктің екі жағалуына екі сынып тізіліп тұрады. Мұғалім: ( Музыка ойнап тұрады ) Уа,халқым назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сау да. Денсаулық терең бақыт деген сөзді Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Кеш жарық құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, көрермен қауым. Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі біздің сайысымызға бес отбасы қатысады.Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз Әр таңды бақытпенен атырамыз Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң Отбасыларымызды шақырамыз. ( Музыка ойнап тұрады) 1. « Қайсар тобы» Қизатовтар жанұясы
2. «Барыс тобы» Байменовтар жанұясы
3. «Қыран тобы» Болатовтар жанұясын
4. «Ақ отау тобы» Есинбаевтар жанұясын
Ал,құрметті халайық! Жарысты енді көріңіздер Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңіздер! Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін. 1. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Боранбаев Еркін Абайұлы 2. Мектеп кәсіподақ ұйымының төрағасы Косубаев Болат Асылзадинович 3. Ата-аналар комитетінің төрағасы Каркен Алпысбай Жүнісұлы. Спорттық сайсымыз 5 баллық жүйемен бағаланады. Сайыстың бағдарламасында
-Топтың аты; -үй тапсырмасы (отбасымен таныстыру 3- 5 минут, өздеріні таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды отбаымен көрсету; 7 тур: - Қаппен жүгіру - Доппен жарыс - Үлкен доппен секіру - Жүгіреміз де секіреміз - Су бетінде секіру - Шарды жару - Дартс. Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді. Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз. Мұғалім: Өнер қуып отбасы өтер дейміз, Бір басына өнері жетер дейміз. Сайысқа келген топтар кезектесіп. Таныстырып өздерін кетер дейміз. 1 турымыз бірінші бөлімі отбасымен таныстыру 1-ші «Қайсар» тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!
2-ші «Қыран»тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты Бәрін жеңіп шықты
3-ші «Барыс»тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,өнер сүйер өренбіз.
5-ші «Ақ отау» тобын шақырамыз Топтың ұраны: Рахмет!Жақсы. 1 турымыздың екінші бөлімі таңертеңгелік жаттығуды көрсету. Жаңағы ретпен отбасылар өздерінің үй тапсырмасын көрсетеді. Дайындықтарыңыз үшін үлкен рахмет, әділ-қазы алқасы бағалағанша, сіздерге 8а сынып қыздарының ән шашуы. Әділ-қазыларға сөз береміз!
Ойнайық, ойнайық та ойлайық! Қатардан артта қалып қоймайық, Белсенді болайық ортада, Уақытты тектен-тек жоймайық! Олай болса, екінші турымызға өтеміз. Қаппен жүгіру, ойынның шарты уақыт санағы басталды деген белгіден бастап алдымен оқушы-баламыз, кейін анасы, соңында әкесі аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу. Сәт сапар, бастаймыз! Жақсы! Керемет! Әділ-қазы алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?! Келесі біздің турымыз үшінші тур алға қойылған бөгеттерден допты секіртіп жүру.Рахмет! Әділ-қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың.
Ойынымызды жалғастырамыз, төртінші турымыз Үлкен доптың үстіне отырып секіру арқылы ойын залының арғы бұрышына жетіп қайта оралу. Әділ-қазылар алқасы, бағаларыңыз! Ойынымызды жалғастырамыз, бесінші турымыз «Жүгіреміз де секіреміз» Қолданыс табатын заттар: 3 волейбол добы, 3 обруч, 3 скакалка (2 әрбір командаға бір бірден). Екі тізесімен әкелер допты қысып, жерде жатқан обручқа дейін жетуі тиіс, оған жеткен соң допты қойып, скакалкамен секіріп келу керек, ал анасы скакалкамен обрусқа дейін секіріп, допты тізесіне қысып орнына дейін келуі тиіс.Папа, зажав между коленями мяч, прыжками перемещается до лежащего обруча, кладет в него мяч, берет скакалку, прыгая через нее, возвращается к команде и передает скакалку маме, және керісінше оқушы қайталайды. Рахмет, ата-аналар! Әділ-қазы алқасына сөз берсек... Ойынымызды жалғастырамыз,алтыншы турымыз «Су бетінде секіру» Қолданыс табатын заттар: 6 обруч (әрбір топқа екі екіден) Бұл жарыста аналар мен балалар ойнайды.. Ойынды судан аясын былғамай өту.Анасының қолына екі обруч беріледі,біріншісін алдына лақтырып соның үстінен лақтырады, сол жерде тұрып екіншісін оның үстіне тұрады...яғни солай орнына қайтып оралғанша жалғаса береді. Рахмет.Әділ-қазы алқасы сіздерді бағалағанша, сіздергі бүгін қолдау үшін қолдау би тобы ортада 8 В сынып қыздары. Әділ-қазы алқасы.. Рахмет.Жақсы.
Келесі біздің жетінші турымыз «Шарды жару» Қолданыстағы заттар: 5шар. Шарты: шарды шешіп алып 1-2 Минутта шарларды отырып жару керек. Жан әке, шертіп сезіп Домбырасын Кеудемді қуанышқа толтырасың Арманның асқарына құлаш ұрсам Алдымда асқар тау боп Сен тұрасың демекші асқар тауға теңелетін жан әкелеріміз келесі турымызда жол сіздерде.. Сонымен келесі соңғы сегізінші турымыз дартс или скалолазание???
Жарыс заңы ежелден- Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол- Еңбектену,жалықпау Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады Жеңілгендер ренжімей Тараса бізге жарады Олай болса біздің әділ –қазыларға соңғы турымызды және қорытынды баға бергенше, сіздерді,яғни отбасыларды қолдап ата-ана ұжымы келіп отыр...ортаға шықарамыз. Әділ-қазы алқасы сіздерге сөз беріледі! Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз! Мараппаттау рәсімі! Біз қазақпыз, Ел үшін атқа мінген. Жанып жатқан лапылдап отқа кірген, Бой тұмар ғып ар-ождан қазынасын, Отбасылар ел қамын сақтап жүрген демеші бүгін алтын уақыттарын қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!
Тақырыбы: «Толағай – отбасылық сайыс» ойыны.
Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Көрнекі құралдар:Толағай жазуы,спортқа байланысты нақыл сөздер, шарлар, спорт энвентарьлары.
Өту барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! «Денсаулық құпияларының бірі – спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: «Толағай» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгінде біздің
мектебіміздің 1 «А» сынып ұлдары мен сүйікті әкелерінің арасында өткелі тұр.
1-жүргізуші: Алдарыңызда 1-ші сынып қыздары денсаулық тақырыбына арнаған өлеңдерін оқып береді. Қабыл алыңыздар!
Сымбат: Жазда суда жүземіз,
Құмда күнге күйеміз,
Жалаң аяқ жүреміз,
Қыста қызып денеміз,
Коньки, шаңғы тебеміз.
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.
С.Ділназ: Су – табиғат байлығы,
Өзен – көлге барғайсың.
Кемі екі рет әр күні,
Суға түсіп алғайсың.
М.Ділназ: Жүйрік болса кім,
Күлімдейді күн.
Жарыста жүгір, алға ұш,
Қане, сапқа тұр.
Допты дәлдеп ұр,
Оң жақтан да, сол жақтан,
Бізде бар мол күш.
Айғаным: Басты байлық – денсаулық,
Бабаң айтқан даналық.
Ол үшін көп қозғалып,
Таза ауа жұт көбірек.
Мерейім: Спорт біздің досымыз,
Күш қайрат сыналған.
Спорт біздің досымыз,
Бала кезден шыңдалған.
1-жүргізуші: Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерін таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңізді таныстырыңыздар.
(Ойыншылар шығып өздерін таныстырады)
2-жүргізуші: Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. Майда Ермековна - директордың құқық жөніндегі орынбасары.
2. Асия Шабдановна - даярлық топ мұғалімі.
3. Мазибек Абдуллаевич – дене шынықтыру мұғалімі.
1-жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
2-жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Күшімізді көрсетейік, сынайық!
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпай, көңілді болып тарайық!
1-жүргізуші: Бүгінгі спорттық сайыс 7 конкурстан тұрады.
1. «Мұртты кенгуру»сайысы.
2.«Пингвин»сайысы.
3.«Қаңбақ шар» сайысы.
4. «Сафари»сайысы.
5. «Футбаскет»сайысы.
6.«Кім көп секіреді?»сайысы.
7.«Желаяқтар»сайысы.
2-жүргізуші: 1 конкурс: «Мұртты кенгуру»сайысы.
Бала қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші
жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп барады да әкесінің
алақанынан ұрып келесі эстафетаны әкесіне береді. Сонан соң әкесі қайталайды.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Апай: Ал енді «Мұртты кенгуру» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.
(Берілген бағалар тыңдалынады)
1-жүргізуші: 2 конкурс: «Пингвин»сайысы.
Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре
сызығына келгенде инструкторлардың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кетеді.
Алдымен ұлдар бастайды да сонан соң әкелерінің алақанынан ұрып эстафетаны береді.
Сонан соң әкелері қайталайды.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Апай: Ал енді «Пингвин» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі
әділ-қазылар өздеріңізде.
(Берілген бағалар тыңдалынады)
2-жүргізуші: 3 конкурс: «Қаңбақ шар»сайысы.
Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан ұрып,
қайтар жолда жүгіріп кету керек. Алдымен ұлдар бастайды да сонан соң әкелерінің
алақанынан ұрып эстафетаны береді. Әкелер қайталайды.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Апай: Ал енді «Қаңбақ шар» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.
(Берілген бағалар тыңдалынады)
1-жүргізуші:4 конкурс: «Сафари»сайысы.
Қаппен секіріп барып себеттегі шарларды шелекке лақтыру. Қайтар жолда тағы
секіріп бару. Алдымен ұлдар бастайды да сонан соң әкелерінің
алақанынан ұрып эстафетаны береді. Әкелер қайталайды.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Апай: Ал енді «Сафари» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.
(Берілген бағалар тыңдалынады)
2-жүргізуші:5 конкурс: «Футбаскет»сайысы.
Балалар допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп барады да, қабырғаға ұрады.
Қайтар жолда жүгіріп келу керек. Әкелері допты баскетболдағыдай жерге ұрып
отырып барады да, қабырғаға ұрады. Қайтар жолда жүгіріп келу керек.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Апай: Ал енді «Футбаскет» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.
(Берілген бағалар тыңдалынады)
1-жүргізуші:6 конкурс: «Кім көп секіреді?»сайысы.
Балалар әкелеріне скакалкамен секіріп барады да скакалканы береді, ал әкелері
скакалканы аяқтарынын астынан өткізіп отырып мәреге секіріп келеді.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Апай: Ал енді «Кім көп секіреді?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.
(Берілген бағалар тыңдалынады)
2-жүргізуші:7 конкурс: «Желаяқтар»сайысы.
Балалар желаяқтар жүрісімен жылдам жүріп барады да, әкелерінің алақандарын
ұрып эстафетаны береді. Қайтар жолда әкелері отырып жылдам мәреге жүріп келу
керек.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Апай: Ал енді «Желаяқтар» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Жалпы ұпай санын тыңдайық. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.
(Берілген бағалар тыңдалынады)
1-жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
2-жүргізуші: Денсаулық-басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Апай: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Толағай» отбасылар сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Алда келе жатқан «Отан қорғаушы» күнімен барлық ер азаматтарды құттықтаймыз! Деніміз сау болсын, ағайын!
Керек құралдар: Кішкене шарлар, доптар, шеңберлер, кедергілер, үлкен доптар, скакалкалар
Өтілетін орын: Спорт зал
Барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Жеңімпаз болу оңай ма? Арман болған талайға. Болмасаңда ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда. «Толағай» әуенімен спортшыларымызды қарсы алу.
II .Негізгі бөлім
Құрметті қонақтар және ата-аналар,әріптестер бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер! Ал құрметті халайық! Жарысты енді көріңдер Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңдер
Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін. 1.__________________________ 2 __________________________ 3.__________________________ Спорттық сайысымыз әр кезең сайынын 5 баллдық жүйемен бағаланады .
Құрметті сайыскерлер!Сіздерге сәт сапар!
Музыка «Толағай» әні Олай болса ортаға «______» « _______» «_____» «______» « _______» «_____» топтарын ортаға шақырамыз. Сайысты бастамас бұрын бағдарламамен таныстырып өтейін. 1-тапсырма «Таныстыру» 2-тапсырма «Кенгуру» 3-тапсырма «Қосаяқ» 4- тапсырма «Мерген» 5-тапсырма «Тәтті жұп» 6-тапсырма « Тасмал» 7-тапсырма «Арба» 8-тапсырма «Сарбаз»
1-тапсырма«Таныстыру»
«_____» тобы ортаға шығады. Тобының ұраны: __________! «_______» тобы ортаға шығады Топтың ұраны:_______. «_______» тобы ортаға шығады Топтың ұраны: ________.
«_____» тобы ортаға шығады. Тобының ұраны: __________! «_______» тобы ортаға шығады Топтың ұраны:_______. «_______» тобы ортаға шығады Топтың ұраны: ________.
2-тапсырма «Кенгуру» Ойынның шарты:
Әр команда мүшесі допқа мініп,кедергілерден өтіп.
Алжапқышқа үш кіші доптарды жинау.
Нәтижесі алжапқышқа жиналған доп пен уақыт.
3-тапсырма «Қосаяқ» Ойынның шарты:
Әр команда мүшесі скакалкамен қосаяқпен кедергілерден өтіп секіру.
Нәтижесі ойын шартын бұзбау және уақыт.
4- тапсырма «Мерген» Ойынның шарты:
Әр команда мүшесі допқа мініп кедергілерден секіріп барып кішкене доптарды қашықтықтан себетке салу.
Әр команда мүшесіне үш мүмкіндік беріледі.
Нәтижесі себетке жиналған доп және ойын тәртібін сақтау.
5-тапсырма «Тәтті жұп» Ойынның шарты:
Әр командадан шеңбердің ішіне екі адамнан жүгіру.
Бала анасымен шеңбермен жұптасып жүгіру.
Анасы әкесімен шеңбермен жұптасып жүгіру.
Нетижесі шеңбермен кедергілерден өту және жылдамдық.
6-тапсырма « Тасмал» Ойынның шарты:
Команданың барлық мүшесі бірге қатысады. Анасы мен әкесі қолдарын баланы отыратындай ыңғайлы етіп,баланы көтеріп кедергілерден өту арқылы жүгіру.
Нәтижесі мәреге бірінші жету.
7-тапсырма «Арба» Ойынның шарты:
Әр команда мүшесі шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау.
8-тапсырма «Сарбаз» Ойынның шарты:
Әр командадан әкелеріміз сайысқа түседі.Олар берілген белгіден кейін противогазды киіп кедергілерден өтіп допты соғып жүгіреді.
Нетижесі допты жоғалтпау және ойын тәртібін сақтау.
III Қорытынды:
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті.
Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау.
I орын_______________ II орын ______________ III орын _____________
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сау да. Денсаулық терең бақыт денген сөзді, Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші сайысымызда өз мәресіне келіп жетті.
Құрметті қонақтар бүгінгі сайыска алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймын. Баршаларыңызға денсаулық тілеймін.Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескеше сау болыңыздар!